2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы
Жалпы сауат ашу тарихында түрлі тәсілдер қолданылған. Олар мыналар:
Әріп теріп оқыту.
Буынға бөліп оқыту.
Сөзді оқыту.
Дыбысты талдай оқыту.
Дыбыстық жинақтау
Талдау-жинақтау әдістері.
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің негізін қалаған - орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский1. Бұл әдіс – сауат ашу жұмысының негізгі мақсатын көздей жасалған. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісін жетілдірудегі басшылыққа алынған жағдайлар- педагогика, психология ғылымдарының, тіл ғылымының жетістіктері мен уақыт талабы.
Дыбыстық талдау – жинақтау әдісі.
Бұл әдістің негізгі талдаудан және жинақтаудан тұрады. Талдау мен жинақтау әдістерін жеке сөз етуге болғанымен, сауат ашу жұмысында екеуі де қолданылады, бірін-бірі ауыстырып, бірін-бірі толықтырып отырады. Көбіне алдымен талдау, содан кейін жинақтау әдісі қолданылады. Бірақ "Әліппе" кезеңіне байланысты жинақтау әдісі бұрын, талдау әдісі аралығында ғана қолданылуы мүмкін. Тек осы екі әдісті ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болатынын мектептер тәжірибесі көрсетуде.
Талдау әдісі.
Сауат ашу кезеңінде оқушыларға жеке дыбыстар таныстырылады да, әріптер сол дыбыстардың шартты белгісі ретінде дыбыстан кейін көрсетіледі.
Дыбыстармен таныстыру үшін әуелі оларды сөз ішінен бөліп, жеке дыбыстау қажет. Ал сөзді дыбысқа бөліп, тұтас дыбыстан машықтанған балалар алғашқы кезде сөздің жекеленген дыбыстардан құралатынын тез меңгере қоймайды. Сондықтан сөз ішінен жеке дыбыстарды ерекшелеп бөлудің түрлі жолын іздестіру қажет. Әрбір сөздің өзіндік буындық және дыбыстық ерекшелігіне байланысты талдау жолы да түрліше болады. Сол жолдардың барлығын сарқа баяндап, мұғалімдерге дайын нұсқау береміз деген пікірден аулақпыз. -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Ушинский К.Д. Изб. пед. соч. Т 11, М, 1932.
Мақсат – сол жолдардың кейбір негізгілеріне тоқталу арқылы мұғалімдердің ізденуіне жол сілтеу. Мысалы, дауысты дыбыстарды бір буынды сөздерден созып айту арқылы оңай бөліп алуға болады. Айталық, ал деген сөздің бірінші дыбысын а-а-а-ал деп созу арқылы а дыбысы анық естіледі. Дауысты дыбыстың жеке өзі буын құрап тұрған сөздерді теріп алып, оны буын жігіне бөлдіріп, жеке дыбысты танытуға болады: а-ла, о-ра, ,а-ра.
Дауыссыз дыбыстардың бір қатарын тұйық және бітеу буынды сөздерден оңай танытуға болады. Олар: м, н, р, ш, т дыбыстары. Бұл дауыссыздардың да кейбіреуін созып айту арқылы бөлдіре аламыз. Сөзді жартылай айтқызу арқылы т сияқты шұғыл дыбыстарды ажыратуға болады. Аттың суретін көрсетіп, ат деген сөзді хормен айтқызғанда, оқушылар а-а-а-а деп айта бастағанда сөзді аяқтатпай тоқтатып қойса оқушылар ат деген сөздің соңғы т деген дыбысты айтып үлгере алмайды. Бұдан кейін мұғалім ат деген сөздің қай дыбысы айтылмай қалғанын оқушылардан сұрайды. Бұлай еткенде оқушылар ат деген сөзбен а деген дыбысты салыстыру арқылы т дыбысын сөзден өздері ажыратады. Қысаң ы дыбысы мен і дыбысын қосымшадан немесе жалаң буыннан ажыратуға болады. Жіңішке дауыстылар жуан сыңарларымен салыстыру арқылы оңай танылады: ал --әл, ор --өр деген сөздерді салыстыру арқылы оқушылар соңғы екі сөздігі ә, ө дыбыстарының а мен о дыбыстарынан ерекшеленетінін білетін болады.
Жинақтау әдісі.
Жоғарыда біз сөз ішінен жеке дыбыстарды ажыратып алу жолдарына тоқталдық. Бұл мақсат жүзеге асып, жеке дыбыс сөз ішінен бөлініп алынғаннан кейін, сол дыбыстың таңбасы - әріп көрсетіледі. Қазақ тілінде оқушылар екі әріпті танығаннан кейін-ақ, білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту мүмкіндігі туады. Яғни, екі әріптің өзінен-ақ сөз құрай алады. Бұл арада талдау процесі жинақтау процессіне ауысады. Талдау әдісінің өзінше қиындығы болса, жинақтаудың да өзіне тән қиындығы бар. Мұнда бұрын жеке дыбыстап оқып, үйренген әріптерден сөз құрап, ол сөзді тұтас әріптерін бір-бірімен үзбей оқу үшін арнаулы машықтану қажет. Түрлі әдістер арқылы, біртіндеп машықтанатын болады1.
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған екі дыбысты, тұйық буынды ал, ат, ас, аш сияқты сөздерді тұтас оқыту онша қиын болмайды. Ол қиындындық туғызған жағдайда жинақтауды талдаумен ұштастыра жүргізу арқылы үйренуге болады. Мысалы, тақтаға аттың суретін іліп қойып, оны ататқаннан кейін, ат сөзінің бірінші, екінші дыбыстарын талдатамыз: а және т таңбаларын танытып, сөз ішінен а және т әріптерінің орнын тапқызамыз. Сөйтіп, екі әріптен ат деген сөзді құратып оқытамыз. Бұл арада әріптерден сөз құрату жинақтау жолы, жинақтау талдаудың ізімен жүргізіліп отыр. Сондықтан оқушылардың көз алдарынан суреттен көрген ат та естерінде және бірінші дыбысы мен екінші дыбысын ажыратып танып алғаннан кейін, екі-ақ әріптен тұратын шағын сөзді оңай қосып оқиды.
Оқушыларға дыбыстарды бір-бірімен жымдастырып оқуға
машықтандырудың тағы бір әдісі - созып дыбыстануға келетін дыбыстарды созып барып, бір-біріне қосу. Мұндайда, бірінші әріпті созып оқып тұрғанда, оқушылар оған жалғас екінші әріпті танып үлгіреді. Бұл әдіс арқылы да оқушылар әріптерді қосып оқуға үйренеді. Мысалы: ала деген сөздерді дұрыс оқуға үйрету үшін әуелі сөздерді буынға бөлдіреміз, а-ла болады. Әрине, жалаң буынды оқушылар қиналмай оқиды. Ал ла деген буынды бірден өздері тұтас оқып кете алмайды. Сондықтан бірінші тұрған л әрпін создырып, ллл деп оқытып, оған ааа деп қостырамыз.
---------------------------------------------------------------------------------------------------
1.Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1987.
Сонда балалар лллааа деп барып ла деген буынды оқиды. Бірте- бірте екі дыбыстан құралған ашық буындарды "Әліппеден" оңай оқитын болады. Шынында, ашық буынды тұтас оқу арқылы сөзді буын жігімен оқуға машықтандырады, буынға бөліп оқу - тұтас оқуға үйренудің негізі болып саналады. Жинақтауға әріп санының сөздің не алдынан, не артынан қосу жолы да жатады. Мысалы, екі құралған ай деген сөздің алдынан біде с әрпін қойып, бірде т әрпін қойып, бірде м әрпін қойып, қосып оқуды талап етсек, олар: сай, тай, май деген сөздерді кеспе әліппеден оңай оқиды. Себебі үш сөздің үшеуінде де ай деген сөз қайталанып отыр. Оқушылар жаңа сөздердің тек біріншісін тануға күш жұмсайды, кейінгі бөлігін бұрын таныс болғандықтан оңай оқиды. Сөйтіп, қиын тиетін үш дыбысты бітеу буынды оңай оқып үйренеді. Ал бітеу буындар үнемі жалаң сөз болып кездесе бермейді. Кейде екі буынды сөздердің құрамында да кездеседі. Мысалы: Марат, Самат, Сағат деген сөздердің соңғы буындары бітеу. Демек, осындай сөздерді буын жігімен оқу үшін, оның құрамындағы қиын дыбысын әуелі кеспе әліппеден құратып оқытып, дайындық жасау керек.
Кейде ұқсас буынды сөздерді құратып оқыту да жинақтаудың бір әдісіне жатады. Мысалы: бірнеше ашық буыннан құралған сөздерді былай тізіп оқытуға болады:
Ша-ға-ла а-ра-ла са-па
Та-ға-ла са-ра-ла тапа т.б.
Оқушылар бірінші сөздің үлгісімен екінші сөзді оңай оқиды. Мұны дайын үлгімен оқу жолы дейміз. Дайын үлгімен оқыту керек, бірақ үнемі бұл әдісті қолдануға болмайды. Балалар жаттап алып оқуға төселіп кетуі мүмкін.
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке - жеке оқымай, бір-бірімен қосып, буын етіп, сөз етіп оқитын болады1.
Талдау – жинақтауда мынадай жұмыстар жүргізіледі.
1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алу не сөз ішіндегі айтылуына жақындатып бөліп айту (дауыссыздарды да даралап айтудан қашпау керек).
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшелініңкіреп созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, "р" дыбыс үйретілуі қажет болғанда "ара" сөзіндегі "а-ра" буындары "а-арра" делініп, "р" дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.
2. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процессімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға "р" дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын
байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары "р" дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтануынан "р" дыбысы шығатынын аңғарады.
Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Рахматова С. Қазақ тілін оқыту методикасы А, 1991.
Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудың тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.
3. Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім "Әліппедегі" шоттың суретін көрсетіп, "шо" дейді де, "мен сөзді дұрыс айтым ба?" - деп сұрайды. Балалар "т" дыбысын қосады. Немесе тонның суретін көрсетіп, "он" деп, "т" дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімнің аты мен айтылған буын ( немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.
4. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы "о" дыбысы мен "ө" дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырылып, сөздерді талдау- жинақтау арқылы үйретіледі.
5. Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, "қ" дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қора, ақ, оқушы сияқты сөздерді айтып, буынға, дыбысқа талданады; "қ" дыбысының қай буынында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында "қ" қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.
6. Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа, буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркілеп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп "қ-а" ... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: "құрастырған сөзіміз қалай еді?" - деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді ( оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсертеді. " Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар," – дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.
7. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы "қара" сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы "а" әрпінің орнына мұғалім орнына "о" қояды, "қора" деп оқиды.
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды1.
Мектепке алғаш келген, бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке жекелеп көз тоқтатады, "оқу аумағы" тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының
қалыптасып жетілуімен қабат баланың "көру, оқу, аумағы" кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балалаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен рөл атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып алуға жұмсайды да, сөздерінің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. А, 1997
айтылуы бірдей сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық келтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни "ақ аю", "сары ала" сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады1.
Сауат алу барысында баланың жазу процесінде де айтарлықтай ерекшеліктер кездеседі. Алғашқы кезде бала ежіктеп оқыған сияқты, әр әріпті таңбалау барысында оның дыбысын дауыстап отырады.
Сауатты адамдар жазғанда есіне тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты (импульсті) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс іске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысына (таяқша, ілмек т.б.) бір-бір импульс жұмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1.Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы А, 1990.
нәтижесінде жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады? Саусақ дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемінің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады ды, оларды жазу тұтас бір акт ретінеде орыдалады.
Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға тиіс: 1) дыбыстардың орын-орнына қойып сөз құрастыру; 2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу; 3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің (ь) айырмашылығын ұғу; 4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу; 5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу; 6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру; 7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу; 8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу1;
Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады: 1) сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу; 2) көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу; 3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу; 4) жазған сөздерін тексеріп отыру; 5) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді: 1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең2. Әр кезеңнің өз мақсаты бар:
Дайындық кезең.
Бұл-«Әліппе» мерзімінің жеделдетуіне, үш айда сауаттандыру ісін аяқтауға байланысты. Дегенмен, осы аз уақыттың өзінде мұғалімдер пайдалы әдіс-тәсілдерді қолдана білсе, оқушыларды мектепте дұрыс жүріп-тұруға, сыныпта отыра білуге төсілдіруге болады.
Дайындық кезеңде оқушыларға ертігі, әңгіме оқып беріп, өлең жаттатып, сурет салғызып, білуге құмарлығын арттыруға, қағаз, қалам ұстауға машықтандыруға болады. «Әліппе» суреттерін падалана отырып, сөйлем, сөйлемнен әңгіме құратуға және сөздерге дыбыстық талдау жасауға машықтандыру керек. Сабақта сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген ұғымдарды оқушылар тәжірибе жүзінде меңгеретін болады.
Сауат ашудың бірінші кезеңі.
Бұл кезеңде дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінуі, ашық естілетіні; дауыссыз дыбыстардың ұяң, созылыңқы,
---------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А, 1991.
2. Бастауыш кластарға қазақ тілін оқыту методикасы А, 1997.
кейбір шұғыл түрлері таныстырылады. Буындардан екі дыбысты тұйық, ашық, үш дыбысты бітеу буындар оқылады. Екі, үш, төрт әріптен құралған сөйлем оқылады.
Сауат ашудың екінші кезеңі.
Екінші кезеңде оқушылар қысаң дауысты дыбыспен танысады, оның жазылу таңбасын үйренеді. Бұрыңғы сабақтарда өткен буын түрлерін қайталайды және негізінен, ашық буынды сөздерге көшеді. Бұл кезеңде үш-төрт буынды сөздер кездеседі. Алғашқы рет шағын әңгімені оқиды. «Әліппедегі» сюжетті суреттерді қарап, сөйлем құрайды, құраған сөйлемдерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді. Кестемен берілген мәтіндерді оқуға машықтанады.
Сауат ашудың үшінші кезеңі.
Бұл кезеңде оқушылар жіңішке дауысты дыбыстарды және сөз ішінде кездесетін к-г тәрізді дауыссыз дыбыстарды сөз ішінен ажыратып, оның әріп таңбасын жазып үйренеді. Бұл кезеңде буын түрлері күрделеніп, буын саны да көбейе түседі.
Сауат ашудың төртінші кезеңі.
Бұл кезеңде тілімізге орыс алфавитінен енген дыбыстар мен олардың әріп таңбаларын жазып үйренеді.
«Әліппеден» кейінгі кезең.
Бұл кезеңде оқушылардың оқу және жазу машықтары жетіле түседі. «Әліппе» соңында бірілген материалдардың білімдік, тәрбиелік жағына мән беріліп, «Әліппемен» қоштасуға арналған өлең, тақпақтарды оқып үйренеді. Бұл кезеңнің ерекшілігін, маңызын жете көрсету үшін, «Әліппе серігін» түрлі суретті кітапшаларды кеңінен пайдалану да ескеріледі.
Дайындық кезеңде бөбектерді бір коллективке ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады1.
¤йткені 6-7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балалар) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше рөл атқарады. (мысалы, шеберхана ойыны.)
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлеу алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады:
1. Балалардың сөздік қорын анықтау;
2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау;
3. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару: тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
4. Мұғалімнің және жолдастарының сөздерін тыңдай білуге дағдылантыра басқару.
5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.
6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т.б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады. 1 сынып оқушылары бір
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, 1991.
нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстарының арасындағы айырмашылық көп болады. (мысалы балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады.). Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекеленген балаларға қалай ықпал жасу жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп, (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. ¤йткені, балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттықанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылпаштар т.б.) жатқа айту, өлеңдер жаттау, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.
Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4-6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып кетуінде.
Дайындық кезеңінде мектеп тәртібі, оқу-құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады.
Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен таныстырып таңбасын жасатып үйрету де пайдалы (мысалы, «А» үш таяқшадан турады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең тұрады т.с.с.).
Кеспе әріптердің кассасын жасату және оның пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. ¤йткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгере алмай қалады.
Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады:
«Сөйлем және сөз» тақырыбына арналған сабақ (ауызша).
1. Мұғалімнің ертедегі айтып беруі (немесе әңгіме оқып беруі).
2. Айтылған ертегі (немесе оқылған әңгіме) бойынша сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу.
3. Тыңдағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.
4. Әңгімені сөйлемге ажырату.
5. Сөйлемдердегі сөздерді табу.
6. Ертегідегі (немесе әңгімедегі) ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу.
«Сөз және буын» тақырыбы бойынша сабақ (ауызша).
1. Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.
2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
3. Сөйлемдерді сөзге талдау.
4. Сөздерді буынға талдау.
5. Сөздің басқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға табқызу.
6. Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе пластилиннен жасату.
Дыбыспен таныстыру сабағы.
1. Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешгізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.
2. Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.
3. Дыбыспен таныстыру (Мысалы, а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т.б. сөздерді талдай отырып, «а» көңіл аударылады.).
4. Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.
5. Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Әріп элементін жазуға үйрену сабағы.
1. Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.
2. Оқушыларды жазуға даярлау. Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.
3. Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.
4. Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.
5. Балаларға дәптерлеріне жазғызу.
Сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу сабағының үлгісі.
Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу.
Көрнекі құралдар: Әліппе кітабының алғашқы беттеріндегі жеке суреттер.
Сабақ барысы: Жеке суреттерді қарап, оларды атау. Сұрақ жауап арқылы суретте көрсетілген заттарды әрқайсысына лайықты сөйлемдер құрату. Мысалы, -Үйрек қайтеді? - Үйрек ұшады деген сөйлемде неше сөз бар? -Үйрек ұшады деген екі сөз бар. – Бірінші сөз қайсы? - Бірінші сөз - үйрек. – Жақсылап тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін. – Үй-рек. Нешеге бөліп айттым? - Екіге бөліп айттыңыз. – Бірінші бөлігі қалай? - Бірінші бөлігі - «үй». - Екінші бөлігі ше? -Екінші бөлігі - «рек».
Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады. Енді бұл сөздерді балалардың өздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі, әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуымен бірге иектің ілгері қарай қозғалатындығы түсіндіріледі. Иектің қозғалысын байқату үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау арқылы тәжірибе жасатып көруге болады. Иек екі буынды сөзде алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың көздері жетеді.
-Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік? - Сөйлем құрастырдық, сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп үйрендік.
- Енді суретке қарап, жақсылап тыңдап отырыңдар Мен сөздің бірінші буынын айтамын, қалған буынды жалғастырып айтып тұрыңдар: би-дай, үй-рек, та-уық т.б.
- Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік? - ¤ткен сабақта біз «Бақша өсімдіктері» туралы әңгімелескенбіз.
- Бақшада не өсірілетін еді?
- Бақшада қауын, қарбыз, т.с.с. өсіріледі.
- «Бақшада қарбыз өседі» деген сөйлемде үш сөз бар.
Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады, сол сөздер буынға талданады.
Үйге екі үш буыннан құралған сөздер ойлап келу және бақшада істеген жұмыстары туралы әңгіме айтуға дайындалу тапсырылады.
Дыбыспен таныстыру сабағының үлгісі
Көрнекі құрал: аттың, ағаштың, алманың суреті және «Әліппедегі» суреттер.
Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, балаларға көздерін жұмып, аз уақыт не естілетініне құлақ салып отыру тапсырылады. Балалар машинаның дүрілі, біреудің даусы т.б. дыбыстар естігенін айтады. Біздің сөйлейтін сөздеріміз де осы сияқты дыбыстардан құралатыны түсіндіріліп, Ажар, апа, Асыл т.б.с. сөздер мысалға келтіріледі, буынға бөлінеді (А-жар, а-па, А-сыл). Бұл сөздердің басында қандай дыбыс естілетіні сұралады. Балалар «а» дыбысының естілетінін айтады. – Осы дыбысты бәрің де айтып көріңдерші. Әлия, сенде. Асқар, сен де барлығымыз айтайық
Суреттерді қарау және олардың атын атау; Атауларды буынға бөлу. Ішінде «а» дыбысы бар сөздер ойлату. «А» дыбысының таңбасымен таныстыру. Кеспе әліппеден «а» әрпін алып, оның екі тік сызықтан және бір көлденең сызықтан құралғанын ажыратып, қосып көрсету. Оқушылар бұл әріпті таяқшадан өздері құрастырады және оқиды.
«А» әрпінің кіші таңбасымен таныстыру. Оны да талдау (сопақшалау келген дөңгелек пен имек таяқшадан тұрады). Оны екі бөлімнен құрастырып көрсету (картоннан жасалып әкелген). Балалар картоннан жасалып әкелінген үлгіні айнала сызу арқылы «а» таңбасын шығарады. Әріп кассасынан бұл таңбаны табады.
-¤ткен сабақта балалардың өздері атын айтып, буынға бөлген еді; бүгін сол сөздерді тағы қайталайық,-деп, мұғалім оқушылар айтқан сөздерді талдау арқылы оның құрамында «а» дыбысының бар жоғына көңіл аудартады.
Үйге құрамында «а» дыбысы бар 3-4 сөз ойлап келу тапсырылады.
Бұл – сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға есітілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгімелер өткізіледі.
Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмыстарын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі1.
Достарыңызбен бөлісу: |