Азаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 242,31 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі242,31 Kb.
#5634

МУ 042-18-3.1.29/04-2016

Басылым №3______

-бет беттен



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

МУ


МУ 042-18-3.1.29/04-2016

Әдістемелік нұсқау

«Қаржылық есеп І» пәнінен курстық жұмысты орындаудың

әдістемелік нұсқаулары

Басылым №3 _________





«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП І» пәнінен ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

және курстық жұмысты орындаудың

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы студенттері үшін


Семей


2016
1 ӘЗІРЛЕНДІ

Әзірлеуші _________ Ахунова Динара Зиятқызы, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама № ____ «____» ___________ 2016 жыл
Кафедра меңгерушісі ___________ А.Зейнуллина
2.2 Экономика және құқық факультетінің Оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде.

Хаттама № ____ «____» ____________ 2016 жыл


ОӘБ төрайымы ______________ Н.Ғазизова

МАЗМҰНЫ

1 Пәннің мақсаты және оның құрамдас бөлімдері ........................................... 5


2 «Қаржылық есеп І» пәннің жұмыс жоспары .................................................. 5
3 «Қаржылық есеп І» пәнінің жұмыс бағдарламасы ........................................ 6
4 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері ................................................. 9
5 Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі ................................ 9
6 Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар .................................... 10
7 Курстық жұмыстың мазмұны ......................................................................... 11

8 Курстық жұмысты қорғау және бағалау ....................................................... 11


9 Курстық жұмыстың тақырыптары ................................................................ 12
10 Пайдаланылатын әдебиетттер тізімі ............................................................. 12


11 Қосымшалар ..................................................................................................... 15




  1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС

БӨЛІМДЕРІ
«Қаржылық есеп І» пәні оқу жұмыс жоспары бойынша КП/МК категориясына жатады. Аталмыш пән бойынша бағдарламасы оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібін сақтап келесідей құжаттарды негізге ала отырып құрастырылды:

  • Білім берудің аталмыш деңгейіндегі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 23.08.2012 №1080 (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының №292 13.05.2016 жылғы басылымымен).

  • Типтік оқу бағдарламасы. Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде 2014 жылы 22-қазанында хаттама шешімімен бекітілді, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаменті 2014 жылдың 3-қарашасында №03-3/529 бұйрығы негізінде енгізілді.

«Қаржылық есеп І» пәні бухгалтерлік есеп бойынша маманданатын студенттер үшін дайындалған. Бұл курста кәсіби ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін іргелі тақырыптар оқытылады.
Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты

Қаржылық есеп сыртқы пайдаланушыларға олардың потенциалды инвесторларының, акционерлерінің, кредиторларының қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында дұрыс та, оптимальді шешімдерді қабылдауы үшін, сол сияқты мемлекеттік, статистикалық, салық қызметтерінің және басқа сыртқы пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін анық та, сенімді ақпараттарды ұсыну болып табылыады.
Курстың мақсаты

Пәнді оқып-үйрену мақсаты, ұйымның қаржылық есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастыруға қажетті ақпараттарды жинау, тіркеу жəне өңдеу дағдыларына ие болу.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері

Пәнді оқытудың міндеттері курс бойынша халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын үйренуді қарастыратын тақырыптарды меңгеруден тұрады, оның ішінде ақша қаражаттарының, дебиторлық берешектердің, қорлардың, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің, міндеттемелер мен меншікті капиталдың есебі, қаржылық есептілікті ұсыну.


Жалпы құзіреттіліктер (оқыту нәтижелері):

Берілген курсты оқыту нәтижесінде студент



білуі керек:

  • Қаржылық есептің жүргізілу тәртібін;

  • Қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын;

  • Ұйымдардың ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебінің жүргізілу тәртібін;

  • Кәсіпорындардың міндеттемелерінің есебінің ұйымдастырылуын;

  • Ұйымдардағы капиталдың есебінің жүргізілу ретін;

  • Қаржылық есептіліктің элементтерін;

  • Қаржылық есептілікті дайындауды.

орындай алуы керек:

  • Ұйымдардағы кəсіпорын қаражаттары есебін ұйымдастыру жəне жүргізу техникасын;

  • Кəсіпорын қаражаттарының құралу көздерінің есебін ұйымдастыру тəртібін;

  • Табыстар мен шығыстардың есебін жүргізу ретін;

  • Қаржылық есептіліктің нысандарын жасауды.

дағдылануы керек:

  • Қаржылық есепті ұйымдастырудың жүйесінің негіздемесін;

  • Қаржылық есептің терминологиясын үйренуі;

  • Қаржылық есептіліктің негізгі қағидаларын үйренуі;

  • Бухгалтерлік есептің әдісі мен ұйымдастыруын меңгеруі керек.

құзіретті болуы:

  • Қаржылық есептің тұжырымдамалары мен негізгі қағидаларын;

  • Қаржылық есептің стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің барлық нысандарын дайындауға;

  • Ақшаның уақытша құны теориясын қолдануға;

  • Корпорациялардағы капитал есебі;

  • Қаржылық құралдар бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдылары болуы керек.



2 «ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП І» ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Тақырыптар


Сағаттар саны

Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

1- модуль: «Қысқа мерзімді активтер есебі»

Ақша қаражаттары және олардың баламаларының есебі

3

1

Ақшаның уақыттық құны

2

1

Дебиторлық берешектер және өзге де активтердің есебі

3

2

Қорлар есебі (ҚЕХС 2)

3

2

2- модуль: «Ұзақ мерзімді активтер есебі және олардың құнсыздануы»

Негізгі құралдардың есебі (ҚЕХС 16)

3

2

Материалдық емес активтер есебі (ҚЕХС 38)

3

1

Активтердің құнсыздануы (ҚЕХС 36)

2

1

3-модуль: «Міндеттемелер және капитал есебі. Табыстар мен шығындарды тану»

Ұйымның міндеттемелерінің есебі

3

2

Түсім, кірістер мен шығыстарды тану

3

1

Капитал мен резервтер есебі

3

1

Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)

2

1

Жиыны


30

15


3 «ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП І» ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Тақырып 1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларының есебі

Ақша қаражаттары және олардың баламаларын тану. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру. Кассадағы нақты ақшаның есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркелімдері және синтетикалық есебі. Банктегі ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркелімдері және синтетикалық есебі. Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары және олардың есебі, ақша баламаларының есебі. Ақша қаражаттарын қолдануға шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау.


Тақырып 2. Ақшаның уақыттық құны



Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар. Ақшаның болашақ құны.

Ақшаның ағымдағы құны. Ануитеттер, олардың түрлері.


Тақырып 3. Дебиторлық берешектер және өзге де активтердің есебі

Дебиторлық берешектердің жіктелуіжәне оларды тану. Бастапқы бағалау.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі. Жеңілдіктер және тауарларды қайтару. Күмәнді дебиторлық берешектер түсінігі және оларды есептен шығару. Күмәнді берешектер бойынша резервтерді бағалау әдістері.

Еншілес, қауымдасқан компаниялардың және филиалдардың дебиторлық берешектерінің есебі. Қызметкерлердің берешектері, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар және басқа да дебиторлық берешектер.

Өзге де қысқа мерзімді активтер есебі: салықтық активтер, берілген аванстар, алдағы кезең шығындары.

Тақырып 4. Қорлар есебі (ҚЕХС 2)
Қорлардың анықтамасы және жіктелуі. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау.

Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалаудың әдістері. Қорларды сатудың таза құны бойынша бағалау.Қорлар есебінің жүйелері (2 ХҚЕС және ҚЕҰС). Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелерінің айырмашылықтары.

Қорлардың синтетикалық және талдамалық есебі.

Тақырып 5. Негізгі құралдар есебі (ҚЕХС 16)



Негізгі құралдарды тану критерийлері. Негізгі құралдарды бастапқы бағалау. Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркелімдері және синтетикалық есебі.

Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қолдану мерзімдері және есептеу әдістері, есепте бейнеленуі. Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары. Негізгі құралдарды кейінгі бағалау.

Негізгі құралдардың шығыс етілуі: бастапқы құжаттары, есептік тіркелімдері және синтетикалық есебі. Негізгі құралдар туралы ақпараттарды ашып көрсету.


Тақырып 6. Материалдық емес активтер есебі (ҚЕХС 38)

Материалдық емес активтерді тану: бірегейлендіру, бақылау, болашақ экономикалық тиімділік. Материалдық емес активтердің келіп түсуі: бастапқы құжаттары, есептік тіркелімдері және синтетикалық есебі.Ұйым ішінде құрастырылған материалдық емес активтердің өзіндік құны. Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі бағалау: бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі, қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі.

Пайдалы қызмет ету мерзімі. Пайдалы қызмет ету мерзімі шектелмеген материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің амортизациясы. Материалдық есмес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.



Тақырып 7. Активтердің құнсыздануы (ҚЕХС 36)

Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік.



Құнсызданудан алынатын зиянды тану. Құнсызданудан алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (реверсирование). Активтердің құнсыздануының синтетикалық есебі.

Тақырып 8. Ұйымның міндеттемелерінің есебі

Қаржы міндеттемелеінің есебі: банктік және басқа да несиелер, дивидендтермен қатысушылардың кірістері. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі.

Кредиторлық берешектер есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; төленуге тиісті сыйақы бойынша; заемдар бойынша шығындарды тану (23 ҚЕХС).

Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 ҚЕХС).Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылатын топтың міндеттемелері, басқа да міндеттемелер.



Тақырып 9. Түсім, кірістер мен шығыстарды тану

Түсім тану критерийі (18 ҚЕХС). Мәмлені бірегейлендіру. Тауарларды сатудан; қызмет көрсетуден алынатын; пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивидендтер түріндегі түсімді тану.

Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі. Қаржыландырудан алынатын кірістер. Өзге де кірістер есебі. Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының есебі. Кезең шығындарының есебі. Өзге де шығыстар есебі.

Қортынды пайданы немесе залалды тану; жабылушы өткізбелер; корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі.



Тақырып 10. Капитал мен резервтер есебі
Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 ҚЕХС).

Меншікті және қарызға алынған капиталға бөлу. Жарғылық капитал есебі: шығарылған капитал акционерлік капитал; салымдар мен пайлар. Төленбеген капитал есебі.

Қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар. Эмиссиондық кіріс есебі. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал; активтерді қайта бағалау резервтері, шетел валютасын қайта есептеу резервтері және басқа резервтер.

Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған залалды есепте және қаржы есептілігінде бейнелеу.



Тақырып 11. Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)

Қаржы есептілігінің мақсаты. Қаржы есептілігіндегі мәнділік және агрегирование. Баланс баптарының өзара есепке алынуы. Қаржылық жағдай туралы (бухгалтерлік баланс) есепті ұсыну. Баланс баптарын ұсынуға ең аз талаптар. Жалпы толық кіріс туралы (пайда және залал туралы есеп) есепке қойылатын талаптар. Пайда және залал туралы есептің екі нысаны: шығындар сипаты бойынша және шығындар функциясы бойынша. Басқа да жиынтық пайда.

Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері.. Түсіндірме жазбаларда ақпаратты ашып көрсету.

Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.

Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар: түзетілуші және түзетілмейтін.


4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Курстық жұмыс іс жүзіндегі жеткілікті тәжірибелік материалдар негізінде материалдар негізінде жазылады. «Қаржылық есеп І» пәнінен курстық жұмыс осы пән бойынша толық курс оқылып біткеннен кейін барып орындалады: Курстық жұмыстың мақсаты:


  • теориялық білімді кеңейту мен тереңдету;

  • пәнді игерудің сұрақтарын бірізділікке сала отырып, өзінідік жұмыс жасау, қортындыларды түйіндеу;

  • пән бойынша материалды жан-жақты, теориялық және тәжірибелік тұрғыда талдап, өз ойын жүйелі түрде жеткізу.

Курстық жұмыстың мазмұны, егер автор тәжірибеде өз ұсыныстарын қолданып, ол шаралардан экономикалық тиімділік көрсетіп жатса, тіпті арта түседі. Студент курстық жұмысты жазу барысында таңдаған тақырыпты жан-жақты қарастырып, оның бүгінгі күндегі өзекті мәселелеріне тоқталуы керек.

Курстық жұмысты жазу барысында студент Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын, ғылым-оқу әдебиеттерін, үкіметтің нормативті-құқықтық құжаттарын және баспасөз материалдарын қарауы керек.



  1. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ МЕН БЕКІТУ ТӘРТІБІ

Курстық жұмысты тақырыптарын оқытушы құрастырып, оны кафедра мәжілісінде бекітеді. Курстық жұмыстардың тақырыптарына «Қаржылық есеп І» курсы бойынша өзекті тақырыптар алынған.

Студент таңдалған тақырып бойынша «Қаржылық есеп І» пәнінен алынған білімдерін, оны ұйымдастыру мен әдістемесіне қатысты сұрақтармен толықтырып, болашақта алатын мамандығына байланысты білімін жетілдіре түседі.

Курстық жұмыстың тақырыптары студенттермен таңдалған соң, оқытушы ол тақырыпты сол студентке бекітеді. Топтағы бір студентпен таңдалған тақырыпты, екінші студент жазуға болмайды. Одан соң студент тақырып бойынша жоспар жасап, оқытушымен әрі қарай жұмыс жасауға келіседі. Жоспар бекітілгеннен кейін студент курстық жұмысты жазуға кіріседі. Оқытушы студентке курстық жұмыстың мазмұны мен безендірілуі бойынша кеңес береді. Тақырыпты таңдау кезінде студенттің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығына көңіл бөлінеді.



6 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Курстық жұмыс жоғары теориялық деңгейде жазылуы керек. Курстық жұмыс стандартты формат беттеріне жазылуы керек. Жұмыс машиналық жазба тәсілмен орындалады.

Курстық жұмыс электронды есептеу машиналарында орындалғанда Microsoft Win Wort (версия 6.0), KZ Times New Roman шрифтымен, №14 кегльда жазылуы керек. Жұмыс машиналық тәсілде 30-40 бет көлемінде болуы керек.

Курстық жұмысты жазғанда текст мына тәртіпте болады. Беттің сол жағында - 25 мм, оң жағында - 15 мм, жоғарғы жағында - 25 мм, төменгі жағында - 25 мм орын қалуы керек.

Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тараудың бірнеше бөлімдері болуы мүмкін. Тараулардың араб цифрымен жазылған реттік номері болады. Бөлімдердің де сәйкес номерлері тарау номері және нүкте арқылы көрсетіледі. Мысалы: 1.тарау аты



  1. бөлім аты

  2. бөлім аты

Әрбір тарау жаңа беттен басталады. Ал, бөлім аяқталғаннан соң екі жол қалдырып, қайтадан жалғастырылады. Жұмыстың әрбір беті толық болуы керек. Бос кеңестікке жол берілмейді. Курстық жұмыс тиянақты, мұқият жазылуы қажет.

Курстық жұмыстың материалы мына тәртіпте орналасады:

- титульдік бет;

- мазмұны;

- кіріспе, жұмыстың тараулары, қорытынды;

- пайдаланған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Текстте цитаталар тырнақшаға алынады, беттің соңында қайнар көз көрсетіледі, (автор, жұмыстың аты, тарау, параграф, бет) сілтемелер номерлермен белгіленеді.

Текстте мемлекеттік стандарт пен қазақ орфографиясында рұқсат етілген сөздерден басқа сөздер қысқартылмайды. Сандық шамаларды ондық, жүздік мөлшерде дөңгелектеп жазуға болады.

Текстегі әрбір кестенің номері мен аты жазылады. Содан кейін ғана кесте сызылады. Кесте барлық жағынан шектелген.

Курстық жұмыстың беттері номерленеді. Титульдік бет, мазмұны, кіріспенің бірінші беті есептеледі, бірақ номерленбейді.

7 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Курстық жұмыс мазмұнына сәйкес жасалады. Әрбір тараудың сұрақтары дәйекті қарастырылады.

Кіріспеде студент курстық жұмыстың мақсатын, міндеттерін, тақырыптың өзектілігін екі-үш бетте жазады.

Бірінші тарау теориялық сипатта жазылады. Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбынан тәуелсіз түрде, онда қазіргі уақыттағы кәсіпорындағы ілгерлемелі қаржылық есепті ұйымдастыру, қаржылық құралдардың есебі, бизнасті біріктірудің сұрақтары қарастырылады. Материалды статистикалық анықтама деректерімен, монография, журнал статьялары және басқа да қайнар көздер деректерімен иллюстрациялауға болады.

Екінші тарау нақты бір тақырыптың өзекті түйінін ашуға арналады. Тақырыптың маңызды сұрақтары қарастырылады.

Үшінші тарауға қаржылық есепті жетілдіру бойынша шаралар кешені ұсынылады.

Курстық жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болуы керек. Материалдар бір ізді баяндалып, біріншісінен екіншісіне логикалық түрде ауысып отырады.

Қорытындыда бүкіл жұмыс бойынша түйіндер жасалып, нақты ұсыныстар көрсетіледі. Олар жалпы сипатта емес жекелеген әрбір түрде болғаны дұрыс. Ұсыныстар орынды болғаны жөн. Енгізілген шаралардан болатын экономикалық тиімділіктің көрсетілуі жұмыс мазмұнын аша түседі.



  1. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Орындалған жұмыс кафедраға өткізіліп, арнаулы журналға тіркеледі. Оқытушы жұмысты тексереді. Дұрыс орындалмаған, өңделмеген жұмыс қайтадан студентке қайтарылады. Тексерілген жұмыстарға пікір жазылып, қорғауға жіберіледі (босатылады).

Курстық жұмысты студенттер кафедрада бекіткен арнаулы комиссия алдында қорғайды. Кафедра шешімі бойынша курстық жұмыстарды бір оқытушы қабылдауы мүмкін. Студент бүкіл жұмыс бойынша дайындалып, сұрақтарға жауап береді.

Қорғау кезінде студент өз ойын жетік баяндап, негізгі түйіндерге тоқталады, қосымша сұрақтарға жауап береді.



Курстық жұмысты бағалау мына кезде жүргізіледі, егер автор:

  • зерттеу мақсатын дұрыс айқындап, өзекті мәселені айқындап білсе;

  • жоспарда тақырыптың негізгі сұрақтарын ашса;

  • жұмыста теориялық материалды тәжірибелік деректермен ұштастыра білсе;

  • сәйкес қорытындылар мен түйіндер жасаса;

  • жұмысты жақсы безендіріліп, таза, қатесіз жазса.

Курстық жұмыстың бағасын мына жағдайларда төмендетіледі:

  • курстық жұмыс жоспары тақырыптың өзекті сұрақтарын ашпаса;

  • жұмыста тақырыпқа сараптама жасамай, тек теориялық негізде орындаса;

  • қарапайым бақылау нормалары сақталмаса.

Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, бағасы қойылады.

9 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


    1. Ақша қаражаттарының есебі

    2. Валюталық операциялар есебі

    3. Қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру

    4. Капитал есебі

    5. Қорлар есебі

    6. Материалдық емес активтер есебі

    7. Ұзақ мерзімді активтер есебі

    8. Қаржылық нәтижелер есебі

    9. Негізгі құралдар есебі

    10. Ұйымның шығыстарының есебі

    11. Дебиторлық берешектер есебі

    12. Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

    13. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі

    14. Кредиторлық берешектер есебі

    15. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

    16. Экспорттық және импорттық операциялар есебі

    17. Займдар бойынша шығындар есебі

    18. Активтердің құнсыздануы

    19. Түсім, кірістер мен шығыстарды тану

    20. Қаржы есептілігін ұсыну

    21. Бухгалтерлік баланстағы ашып көрсетулер

    22. Пайда мен зияндар туралы есептегі ашып көрсетулер

    23. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептегі ашып көрсетулер

    24. Капитал қозғалысы туралы есептегі ашып көрсетулер

    25. Түсіндірме жазбалардағы ашып көрсетулер

    26. Есеп саясатының түсінігі мен құрылымы

    27. Салықтар бойынша міндеттемелердің есебі

    28. Ұйымның резервтерінің есебі

    29. Қаржыландырудан алынатын кірістер есебі

    30. Өнімдерді сатып өткізу мен қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі



10 ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер



Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық І -Қарағанды, 2009



Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық ІІ.-Қарағанды, 2009



Джангалиева К.К Курс лекций по бухгалтерскому учету, 2002 г



Кеулимжаев К.К. Финансовый учет на предприятии. Учебник -Алматы: Экономика, 2005.



Попова Л.А. Финансовый учет (план счетов бухгалтерского учета, основанный на Международных стандартах финансовой отчетности ) - Караганда, 2007 г.



Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004 жыл



Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: Экономикс, 2003 жыл



Кеулімжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006 жыл



Тасмағамбетов Т.А. және басқалар. Қаржы есебі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 жыл.



Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.- Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002



Баймұханова, С.Б. Қаржылық есеп.- Алматы, 2007



Баймуханова, С.Б. Финансовый учет:.- Алматы, 2008



Радостовец В.К, Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии, Алматы, 1998г.



Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов / Под ред. Н.К. Мамырова – Алматы, 2005 г.



Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет.- Караганда, 2004 г.



Финансовый учет на предприятии. Учебник /Под ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы, 2003г.,

Қосымша әдебиеттер




Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» - Астана 2007 год.



Международные стандарты финансовой отчетности



Бабаев Ю.А. Теория бухгалтерского учета. Москва. Аудит, 1999г



Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008.



Качалин В.В. Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP Москва, 2000г..



Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета, Алматы, 2000г.



Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет, ситуации и примеры, Москва,1996г



Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет/ Под общ. ред.Н.К. Мамырова.- Алматы, 2000г.



Куттер М.И. Теория и принципы бухгалтерского учета. М., Финансы и статистика, 1997г



Инструкция (основа) по разработке рабочего плана счетов бухгалтерского учета для организаций, составляющих финансовую отчетность в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности от 22 декабря 2005 года № 427



Методические рекомендации к стандартам финансовой отчетности / Разработаны Департаментом методологии бухгалтерского учета и аудита Министерства финансов Республики Казахстан. Астана, 2005



Разъяснения Международных стандартов финансовой отчетности (МСФО). Комитет по Международным стандартам Финансовой Отчетности. 2001г.



Первый шаг к МСФО. Практическое пособие /Под общей редакцией Скала В.И.-Алматы, ТОО «Издательство LEM» - 2006г.



Палий В.Ф. Комментарий к международным стандартам финансовой отчетности. Москва, Аскери-АССА, 1999г.


11 ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Есеп және аудит» кафедрасы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы __________________________________________________

Орындаған ______________________________

(студенттің аты-жөні, тобы)

Тексерген _______________________________ (оқытушының аты-жөні, қызметі)



Семей

2016



жүктеу 242,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау