Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Дәріс № 6 Жаңа заманғы нивелирлер



жүктеу 413,74 Kb.
бет2/2
Дата25.12.2017
өлшемі413,74 Kb.
#6009
1   2

Дәріс № 6

Жаңа заманғы нивелирлер.
1. Нивелирді жұмысқа дайындау:

  • рейкаларды ашып, оларды фиксациялау, оларды нивелир белгісіне орнату, визирлік сәуленің ұзындығы 100 метрден көп алуға болмайды, ал сәуле биіктіктерін-0,2 м аз болмауы керек;

  • белбеуді шешіп, штатив аяқтарын қажетті ұзындыққа қояды;

  • штативті рейкалармен бірдей қашықтықта орнату оның бастарының орналасқан беті горизонталь болып, ал биіктігі бақылаулардың биіктіктеріне (бойына) келетіндей болуы керек;

  • иықтың ұзындығын жіптік дальномерін өлшейді;

  • футлярды ашып, нивелирді асықпай алу;

  • нивелирді штативке бекітіп, көтеру бұрандаларын дөңгелек деңгейлердің көпіршігін 0 пунктке келтіреді;

  • дөңгелек деңгейлердің юстировкасын тексеру.

2. Құралдың техникалық жағдайларын тексеру.

Тексеру нивилердің қатесін тауып, оны уақытпен тексеруге мүмкіндік береді.Нивелерді тексеруді жүргізу реті ПР 50.2.006.94бөліміне сәйкес келеді.

Эксплуатациядағы нивелер периодтық тексеріске 2жылда бір рет жүргізіледі.

3. Сақтау, транспорттау ережесі.

Нивелир +5˚-+40˚C температурада, таза бөлмеде сақталуы керек, ылғалдылық 60% көп емес. 25˚C температура , ылғалдылық 80% қатысты болады. Нивелирмен бір бөлмеде аккумуляторлар, қышқылдар, сілтілер сақтауға болмайды.

Футлярға жинақталған нивелир стелажда немесе шкафта бір қатарға орнатылады. Құралды еденде, пеш жанында және батарея, терезе қастарында сақтауға болмайды.

Жиналған нивелирді жабық транспортпен тасымалдау керек. Нивелир мен рейкаларды байқаусыз соққыдан сақтау керек. Тасымалдау кезінде құралды футлярмен транспорттың алдыңғы жағына бекіту қажет және оған ылғалдылық өтпеуін бақылау керек. Нивелирдің жұмыс істеу мерзімі-6 жыл.



4. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жалпы топография-геодезиялық жұмыстарда қауіпсіздік шаралары тиісті ережелерге сай жүргізіледі:



  • күнге арнайы шынысы болмаған оптикалық құралмен қарауға тыйым салынады, өйткені көзді күйдіріп алуға болады;

  • құралды биік құз шыңның шоқыларға, ойыстарға, тар шың иілімдеріне орнатуға тыйым салынады;

  • электрлік құралдарда тек техникалық қауіпсіздік ережесін білетін, тексерістен өткен мамандар ғана жұмыс істеуге рұқсат алады. Ондай құралдар жарық дальномерлері, радиодальномерлер, лазерлік нивелирлер және тағы басқа. Мұндай құралдармен жұмыс жүргізуде қауіпті жоғары жиілікті электромагнитті өріс пайда болады.

5. Тексеру әдістері.

Өлшеу алдында құралды мұқият қарап тексереді, себебі әр сериямен шығатын аспаптың өзіндік ерекшелігі болады. Алғашқы тексеріс құралдың барлық бұрандаларының жұмыс істеу қабілеті. Нивелир лимбаларының айналмалары қажалып, тербеліп қозғалмай, бір қалыппен айналуы керек. Шкала және жіптік тор бейнесі айқын көрінуі керек. Оптикалық тетікке шаң және кір қонбауын қадағалау керек.



6. Құралдан есеп алу.

Топографиялық пландар мен карталарды, инженерлік жобалауда және құрылыс өстерін жобадан жерге шығару, жер бетіндегі нүктелер биіктіктерін білу қажет. Осы мәселеге байланысты жер бетінде бірқатар геодезиялық жұмыстар орындалады, оны нивелирлеу деп аталады. Нивелирлеу кезінде жер бетінде бірінші нүктелер мен екінші нүктелер аралықты өзара биіктіктер анықталады, содан кейін бастапқы нүктелердің берілген биіктігі арқылы келесі, нүктелердің деңгейін беттен саналатын биіктіктер есептелінеді.

Құралмен есеп алу реті. Алдымен нивелирдің екі жағынан рейкаларды қойып, бірінші рейканың қара жағынан санақ алынады, сосын рейканың қызыл жағына бұрып, дәл сол рейкадан санақ алады, нивелирдің айналу өсін бастапқы бірінші рейкаға бұрып, оның да қызыл жағынан санақ алады. Рейканың қара жағынан алынған санақ негізгі өлшеу үшін қажетті сандарды береді, ал қызыл жағынан алынған санақ тексеру үшін қажет. Алынған санақтарды нивелир журналына жазады.

Дәріс №7

Жаңа заманғы тахеометрлер.
1. Тахеометр түрлері.

«Тахеометрия» грек тілінен аударғанда «тез өлшеу» дегенді білдіреді. Тахеометрлік түсірістер үлкен масштабты кішігірім участікке планын жасауға қолданады. Оған теодолит пен тахеометр жатады.

Қазіргі заманғы жаңа тахеометрлердің шығуына байланысты көбіне, электрондық теометрлер қолданысқа ие болды.

Электрондық тахеометр теодолит, жарықдальномері және микро ЭЕМ-ны біріктіреді, сызықтық және бұрыштық өлшемдер жүргізуге және осы өлшемдердің нәтижелерін өңдеуді орындайды. Сонымен қатар, ол электронды және оптикалық теодолиттердің де міндеттерін атқарады.

Электрондық тахеометрлердің (ЭТ) бөлінуі:


  1. бұрыштық визиуальды есептердің ЭТ;

  2. электронды санағы бар ЭТ (Tctal staticn-универсал станциясы).

Бірінші жағдайда шкалалы микрометр немесе оптикалық микрометр бойынша алынған визиуальды санақ процессорға пернетақта арқылы енгізу жолдарын, ал екіншісінде бұрыштар сандық түрде таблоға шығады.

Бұрыштарды автоматты оқу аналогты-сандық түрлендіргіш көмегімен ауысады. Оның екі түрі қолданылады: кодтық және инкремальді.

Отандық электрондық тахеометр Та 5-2Т5К шкалалы теодолиттердің СТ5 жарықдальномерлерін және микро ЭЕМ-ны біріктіреді. 1 км қашықтықты бір призмадан шағылыстырып өлшеуге мүмкіндік береді.

Электрондық теодолит 31А5 (Уральский оптика-механикалық заводы). Оларды ірі масштабты топографиялық түсірістерін жасауға, жерді тіркеуге алу, жер кадастрын жаңарту мен жасауға, полярлық және тікбұрышты координаттарды өлшеу, жер учаскелерінің аудандарын өлшеуге арналған.

Өлшеу нәтижелері жад карталарында сақталады немесе IBM PС типті жеке компьютерге жіберіледі.

Электрондық тахеометр Та 3 (Агат) конструкциясы кодтық теодолит, жарықдальномері мен микро ЭВМ-ді біріктіреді. 0,5-5м қашықтықты 10мм + 3мм/км дәлдікте өлшеуге мүмкіндік береді. Шетелдік ЭТ әртүрлі фирмалар: Gec Dat Геотроникс фирмасы, Rec-Оптон фирмасы, SDR Sokkia және тағы басқа.

Тахимат ТС-2000-0,5 бұрыштық, сызықтық өлшемдердің жоғары дәлдігін береді. Бұрыш өлшеу бөлігі Teomat Т2000 ЭТ болып табылады. Электрондық тахеометр ДГМ-500 (Nikon корпорациясы) 33 үлкейтілуі мен көру дүрбісі-тура бейнелі. Жады 5000 нүкте. ДГМ500 барлық модельдері екі қызыл жарық сәулесін сәулелендіретін қондырғыдан тұрады.

Тахеометрде есептеу, бақылау және басқару үшін-микропроцессор құрылғысы қолданылады. Таблода процессордың басқару пульті командасы бойынша көлбеу қашықтықтар, горизонталь жүрістер, горизонталь және вертикаль бұрыштар, артулары берілуі мүмкін. ЭТ соңғы модельдегі мәліметтерді енгізуге және шығаруға арналған құрылғы бар, ондағы есте сақтауқұралында ақпарат тіркеліп және оны жинақтауышқа шығарыла алады. Жаңа ЭТ-лер автоматтандырылған картография, жүйелерінің кешендерін, яғни ЭТ, далалық ақпарат жинақтауыш, стационар ЭЕМ және графотұрғызғыштан тұрады.

Электрондық тахеометр келесі есептерді шешуге көмектеседі:

1. полиграфия әдістерін геодезиялық торларды жиілету;

2. трилатирациядағы қабырғаларды өлшеу;

3. пландық-биіктік негізді құру;

4. түсірістерді қиыстыру;

5. топографиялық ірі масштабты жер түсірісі;

6. инженерлік-геодезиялық ізденістер кезіндегі геодезиялық жұмыстар;

7. ғимараттарды және инженерлік ғимараттарды салу кезіндегі жұмыстарды

геодезиялық қамтамасыз ету;

Та 5 ЭТ-нің өлшеу дәлдігі- горизонталь бұрышы-5, вертикаль бұрышы-10, өлшеу қашықтығы-20мм. Та5 ЭТ шкалалы микроскоп пен маятник типті компенсатордан тұрады. Жарықдальномерімен өлшенген арақашықтық нәтижелерін есептікке автоматты түрде енгізіледі. Сандық таблоға горизонталь жүрістер, артулар, тікбұрышты координаталары және тағы басқа шығады.

Құрал жұмыстың төрт режимінде: жекелей, жартылай автоматты, автоматты және аңду (трекинг) режимінде жұмыс істейді. Геодезиялық есептерді шешу кезінде жердің қисығы үшін және рефракция үшін, құралдың штативтерінің әртүрлі биіктіктері мен шағылыстырғыш биіктіктеріне байланысты түзетулер есеп алады.

Өлшеу жүргізу алдында құралды мұқия тексерістен өткізеді. Құралдың электрондық таблодағы мәліметтерін қарастырып, оны жұмысқа дайындайды.

Горизонтальды және вертикальды бұрыштарды өлшегенде механикалық ақаулар болмауы керек. Орындаушы құралды әрқашан бақылап отыруы қажет. Әкелу, апару кезінде құралдың шайқалуын, ылғал, шаң, температура өзгерісінен, күн сәулесінің құралға тура түсуінен, жаңбыр, қардан қорғау қажет.

Құралды тексеру және орнату кезінде түзету бұрандаларын қатайтып тастауға болмайды.

Күн сәулесінің тура түсуінен құралдың ішкі бөліктері қызып, өлшеу және есептеу құрылғыларының, есте сақтау блогтарының қателік жіберуі мүмкін. Тахеометрдің батареясын әрқашан қуаттандырып отыруы керек, әрі жадына ақпарат сыймаған жағдайда оларды уақытымен өшіріп тастау қажет.

Дәріс №8

Жерді қашықтықтан барлауда қолданатын құралдар.
Оптикалық- электронды құралдар. GPS – қабылдағыштар.

Геодезия-жер бетін өлшеу және оны зерттеу жұмыстарын жүргізгендегі мәліметтерді карталар мен пландарға түсіруді зерттейтін ғылым.

Біздің елде соңғы жылдары геодезиялық құралдардың қолданылуы күннен-күнге өсіп келеді. Геодезиялық құралдардың құрылыс жұмыстарында қолданылатын негізгі түрлеріне мыналар жатады: нивелир, теодолит, тахеометр, дальномер, кипрегель, электронды және лазерлі құралдар.

Геодезиялық жер үсті жұмыстары кезінде топографиялық жұмыстар үшін тахеометрді қолдануға болады.

Тахеометрдің қазіргі уақытта орын алатын ерекше қасиеттері болады: оның есеп алу кезінде алынған есеп қортындыларын жадында сақтау қасиеті, шаң мен дымқылдың әсерінен қорғаныс дәрежесінің ұлғаю нәтижесі және т.б. Мұндай тахеометрлер 2003жылдың қыркүйек айында Гамбургдегі INTERGEO халықаралық көрмесінде Sokkia Жапондық компаниясы өздерінің Х030R3 бейнесіз тахеометрін ұсынды.

RED TECH – жаңа технологиямен құрылған дальномердің ескі құралдардан ерекшелігі: арақашықтықты өлшегенде әртүрлі диапазонда қажет етілетін аналогтық- сандық көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш шағылысқан сәуленің аналитикалық қажетті процессі болып есептелінеді.

Leica Geosystems әлемге қолмен басқарылатын лазерлі дальномерді ұсынды. Бұлар басқа лазерлік дальномерден өздерінің габаритті көлемімен және салмағымен ерекшелінеді.

Жаңа заманғы геодезиялық құралдардың басты ерекшеліктері:



  • қазіргі құралдар аз еңбек күшімен жұмыс істеуді жеңілдетті;

  • өлшеу жұмыстарында алынған өлшемдерді жадында сақтау құрылғысымен;

  • әртүрлі табиғат әсерлерінен қорғаныс қасиеті жоғарлатылған;

  • құралдың өлшеу дәлдіктері жоғары, себебі бұрынғы құралдардың өлшеу қателіктері минутпен есептелсе, қазіргі қолданыста жүрген құралдардың өлшеу қателіктері секундпен есептелінеді.

Жоғарыда аталған құралдардың барлығы өздерінің функцияларымен ерекшеленіп, геодезиялық құралдар сериясында үлкен орын алады. Және де біздің елдегі және әлемдегі тұтынушылардың үлкен сұранысына ие. Сонымен қатар осындай басты ерекшеліктеріне қарап, қазіргі кезде жүргізілген өлшемдердің дәл әрі сапалы мәлімет беретіндігіне көзіміз жетеді.

Жапондық Sokkia компониясымен қатар қазіргі уақытта қолданыста жүрген кейбір геодезиялық құралдарды Ресейдің «Экспериментальды оптика-механикалық заводының» өнімі болып табылады. Бұл завод геодезияда, өндірісте, модернизацияда, фотограмметрияда, картографияда және құрылыста қолданылған көптеген техникаларды шығаруда. Заводтың шығарған техникалық құралдары көптеген тұтынушылардың сұранысына ие.

Заводтың негізгі өнімі фотограмметриялық түсті сканер СКФ-ЦМ шығарылды. Сканер қара, ақ және түрлі түсті суреттерді сканерлеуге арналған. Бұл сканердің ескі сканердің айырмашылығы, мұнда автоматты түрде суреттерді жадында сақтап, кезектеп көрсетуге мүмкіндік береді.

Самолетте орналасқан лазерлік локатрде жартылайөткізгіш сәулелендіру лазері орналасқан, ол импульстік режимде жұмыс атқарады. Шағылыстыру нүктесінен локатр координаттарының қашықтығын барлау жүйесінің бағытында көлбеу қашықтықты сканерлеу арқылы анықтайды.

Нысаналаудың әрбір түзуі үшін сканерлеу кезінде түсіріс объектілерінің бірнеше қоспаларының бес шағылысуға дейін алуға болады: өсімдік жапырағын, өткізгіш сымдарынан, жарық бағандарының тіреуіштерінен, ғимарат қабырғаларынан. Жеткізгіш трассасы GPS порттық қабылдағышымен тіркеледі. Алынған мәліметтердің қосындысы объектілердің координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жердегі топографиялық түсірістің GPS лазерлік түсіріс мәліметтерін салыстыру кезінде топографиялық түсіріс масштабымен пикеттердің тығыздығын анықтауға болады және түсіру бригадаларының өнімділігін-бір күнде бірнеше жүздеген пикеттерді салу, дәлдігі 1см жуық. Лазерлік түсіріс кезінде 1м жер бетінде 3-5 лазерлік нүкте сәйкес келеді. Сканердің өнімділігі секундына 50-70 мың өлшеу, дәлдігі 15-30см.

Жергілікті лазерлік сканерлері, лазерлік шағылысудың үлкен дәлдігі мен тығыздығын қамтамасыз етеді. Жергілікті лазерлік сканерлеу көмегімен инженерлік ғимараттардың ішінде түсіріс жүргізуге мүмкіндік береді, кейбір объектілердің сипаттамаларын алуға болады. Жергілікті лазерлік сканерлерді архитектуралық ескерткіштерді түсіру үшін, әртүрлі объектілердің сандық модельдерін алу үшін және осы объектілердің белгілі бір уақыт айырмасы арқылы олардың диформациясын қайталап сканерлеу кезінде қолданылады.

2. Зертханалық жұмыстар
1 Геодезиялық құралтану пәні.

Мақсаты : студенттер картамен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуге үйрету .

Құралдар : атлас, контурлы және топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор

Тапсырмалар :

1. Геодезиялық құралтану пәні мен мақсаты.

2. Геодезиялық құралтанудың міндеттері.

3. Геодезиялык құралдардың, геодезиялық құралтанудың даму тарихы.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.

9. Кузнецов В.П. Геодезические инструментоведение М.


2 Өстік жүйелер және басқада механикалық бөлшектер.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : теодолиттер, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор

Тапсырмалар :

1. Өстік жүйелер және басқада механикалық бөлшектерді жіктеу..

2. Көлденең және тік өстік жүйелердің конструкциялық типтері және

қателіктерін зерттеу.

3. Штативтің құрылуы.

4. Бұрандалы винттер.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.

9. Кузнецов В.П. Геодезические инструментоведение М. 1986.


3 Сызықтық және дөңгелектік шкала.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : ұзындықты өлшейтін аспаптар, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор

Тапсырмалар :

1. Геодезиялық құралдардағы сызықтық және дөңгелектік шкала.

2. Шкаладағы штрихтардын қазіргі заманғы әдістері.

3. Есептік құрылғы.

4. Штрихты микроскоп.

5. Шкалалы микроскоп.

6. Оптикалық микрометр.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
4 Геодезиялық құралдардың негізгі бөлшектерінің жасалуы.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : нивелир, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Геодезиялық құралдарды тексеру.

2. Геодезиялық құралдардың сақталуы.

3. Құралдардың жиналуы, тазалығы және майлануының жалпы ережелері.

4. Геодезиялық құралдармен жұмыс істеген кезде кауіпсіздік ережелері.

5. Геодезиялық құралдарды жобалау.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
5 Қазіргі кездегі теодолиттер.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : теодолиттер, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор

Тапсырмалар :

1. Қазіргі кездегі теодолиттердің жалпы сипаттамасы.

2. Техникалық теодолиттер.

3. Дәл теодолиттер.

4. Өте дәл теодолиттер.

5. Қазіргі кездегі теодолиттердің негізгі құралдық қателері және оларды зерттеу.

6. Кодтық теодолиттер.

7. Лазерлік теодолиттер.

8. Гироскопиялық теодолиттер.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
6 Ұзындықты өлшейтің қазіргі заманғы құралдар.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : тахеометр, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Ұзындықты өлшеудің механикалық құралдары.

2. Қазіргі кездегі жіптік қашықтық өлшейтін аспаптар .

3. Ұзындықты жанама әдіспен өлшеу аспаптары.

4. Ұзындықты өлшейтін ленталар.

5. Жарық және радио арқылы қашықтық өлшеуіш құралдары.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
7 Жаңа заманғы нивелирлер.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : мензула, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Жаңа заманғы нивелирлер түрлері, құрлысы және жалпы сипаттамасы.

2. Нивелирді тексеру, зерттеу және жөндеу .

3. Нивелирлік рейкалар.

4. Лазерлік нивелир.

5. Гидронивелирлік құрал. Микробарометр.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
8 Жаңа заманғы тахеометрлер.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : құралдар, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Қазіргі кездегі тахеометрлердің түрлері мен сипаттамасы.

2. Номограммдық тахеометрлер.

3. Тахеометрлерді тексеру, зерттеу және жөндеу .

4. Электронды-оптикалық тахеометрлер.

5. Leika- тахеометрлері.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.

3. Студенттердің өздік жұмысын ( СӨЖ ) орындау кестесі


Рет, саны

Мазмұны

Бақылау түрі

Орындау мерзімі

1

2



3

Теодолит құралы, құрлысы және түрлері.


Нивелир құралы, құрлысы және түрлері.
Фототопографиялық түсіріс

Баяндама


Баяндама

Реферат


4 – 5 апта

7 – 8 апта

11 – 12 апта





4. Студенттердің өзін - өзі тексеру тапсырмаларының тізімі .
1 Картографиялық проекциялар

2 Картаның номенклатурасы

3 Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер

4 Тахеометр-автоматтар және электронды тахеометрлер

5 Жердiң сандық моделi. Топографиялық ақпаратты алудың және өңдеудiң автоматтандырылған әдiсi

6 Глобалды позициялық жүйе (ГПЖ) және оның қолданылуы

7 Теодолиттiк түсiрiс кезiнде жазық жердегi және құрылыс салынған территориядағы iрi масштабты түсiрiстiң ерекшелiгi

8 Қателер бойынша сызықтық және бұрыштық өлшеулердiң дәлдiгiн бағалау

9 Гаусс-Крюгер проекциясы және тiк бұрышты координаталар

10 Топографиялық түсiрiстiң сапасын бағалау

11 Картада ауылшаруашылық пайдалы жерлердің аудандардын анықтау

12 ¤лшеуге қолайсыз қашықтықтарды анықтау

13 Тең дәлдіксіз өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу

14 1 және 2 полигонометриялық жүрістердің нәтижелерін есептік өңдеу

15 Нивелирлік торлар мен жүрістерді үйлестіру бойынша есептер

5. Емтихан сұрақтары.
1.Геодезиялық құралтану мен геодезиялық құралдардың даму тарихы .

2.Геодезиялық құралдарды жобалау .

3.Нивелирлерге жалпы сипаттама және типтері .

4.Геодезиялық құралдарға қойылатын талаптар .

5.Геодезиялық құралдарды жасау және олардың негізгі жүйелері .

6.Жоғарғы дәлдікті нивелир .

7.Құралдарды жіктеу және стандарттау . Өлшеуді метрологиялық жабдықтау .

8.Геодезиялық құралдарды тексеру .

9.Дәл және техникалық нивелир .

10.Физикалық оптикаға қысқаша сипаттама .

11.Геодезиялық құралдарды қарастыру .

12.Нивелир құралын зерттеу, тексеру және қателер көзі,

13.Геодезиялық құралдардың жүйелері және оптикалық бөлшектері.

14.Құралдардың сақталуы және оларды күту.

15.Нивелир рейкасы .

16.Геодезиялық құралдардың көру дүрбісі.

17.Құралдардың тазалануы, майлануы және жинақталу мен құралуының жалпы ережесі .

18.Лазерлік нивелир .

19.Есептік құрылғы .

20.Ұсақ түзелмейтін қателерді жою .

21.Гидронивелир құралы .

22.Геодезиялық құралдардың сызықтық және дөңгелектік шкаласы, қалыптасуы және оларға қойылатын талап .

23.Геодезиялық құралдармен жұмыс істеу кезіңдегі сақтық шаралары .

24.Микробарометр.

25.Шкаладағы штрихтарды қолданудың қазіргі әдісі .

26.Қазіргі теодолиттердің жалпы мәліметтері .

27.Қашықтықты өлшеудің механикалық құралдары .

28.Штрихтарды қолданудағы қателер түсінігі және аңықтау жолдары .

29.Техникалық теодолит.

30.Жіптік дальномердің ішкі фокустық көру дүрбісі .

31.Верньердің есептік құрылғысы .

32.Дәл теодолит .

33.Қос бейнелі дальномерге сипаттама .

34.Деңгейлік, олардың құрлымдық типтері .

35.Жоғарғы дәлдікті теодолит .

36.Тахеометр және кипрегел типтері және жалпы мәліметтері .

37.Компенсатордың ыңғайлығы .

38.Теодолит құралының негізгі қателері және оларды зерттеу .

39.Қос бейнелі дальномердің авторедукционды тахеометры .

40.Нивелир компенсаторының ыңғайлық жұмысын зерттеу .

41.Кодтық теодолит

42.Номограммдық техеометр және номограммдық кипрегел

43.Вертикал және горизонтал өстік жүйелерінің конструкциялық типтері .

44.Лазерлік теодолит .

45.Жеңілдетілген мензула .

46.Редуциялық және басқада автоматтық құрылғылар .

47.Гироскопиялық теодолитпен автономды бағдарлау .

48.Жаңа геодезиялық құралдар.




жүктеу 413,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау