2-тапсырма. Грузия азаматының өтініші.
Кеңес үкіметінің кезінде Валиева деген азаматша Беладзе деген азаматпен Нальчик қаласында некеге тұрады. Біраз уақыт өткеннен кейін жұбайлар Грузияға көшіп кетті. В. Грузия елінің азаматшасы болып табылады, ал Б. өзінің Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалды. Абхазиядағы шиеленістің кезінде Б. хабар-ошарсыз жоғалып кетті. В. деген азаматша балаларымен Б-ны өлді деп танығанын қалады. Б-ның Грузияда мүлкі болған.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Осы секілді сұрақтарды реттейтін Қазақстан Республикасы мен Грузияның арасында жасалған халықаралық шарт бар ма? Қай мемлекеттің мекемесіне жүгінген жөн? Осындай жағдайда кандай заңнама қолдануы тиіс еді?
3-тапсырма. Неміс оралманының мүлкі.
Ақмола облысында тұрып жатқан, ұлты неміс, Казақстан Республикасынын Рейх деген азаматы тұрақты түрде тұруға Германияға кетті және онда «оралман» мәртебесіне ие болды. Оның Қазақстан Республикасында аудандық жерде үйі, гаражы және жылжитын мүлкі (автокөлік, т.б.) қалып қойды. Тұрғын үйге деген меншік құқығына байланысты Германияда Рейх пен оның туысқандарының арасында дау пайда болды. Осы талап арыз неміс сотының қарауына берілді.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Рейхтың мүлікке меншігі сақтала ма, ол біреуге сыйға бере ала ма, сата ала ма, не болмаса мұраға қалдыра ала ма? Рейхтың мүлікке, меншігіне қатысты қай елдің заңнамасы қолданылады? Ақмола облысындағы тұрғын үйге байланысты дауды шешуге қай елдің құқығын қолданылады? Неміс соты нені негізге алу керек? Осындай сұрақтарды реттейтін Қазақстан Республикасы мен Германияның арасында халықаралық шарт бар ма?
4-тапсырма. Түрік фирмасының еңбек шарттары.
Қазақстан Республикасында құрылған, түрік құрылыс фирмасына жататын, шетелдік инвестициясы бар мекеме Ақмола облысының аумағында обьектіні қайта құруды жүзеге асырады. Ол құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін әртүрлі мамандыққа байланысты шетелдік азаматтардың белгілі бір тобын жұмысқа тартты.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Шетелдік азаматтармен еңбек шартын жасау кезінде жұмыс беруі қандай шарттарды алдын ала жүзеге асыру керек? Ресми түрде босқындар деп танылған шетел азаматтарына жұмыс бергенде осы шарттарды жұмыс берушінің орындауы талап етіле ме? Шетелдік жұмысшы қай органнан және қандай құжат алуы керек? Шетелдік азаматтардың еңбек талаптарын, еңбегін қорғауды, олардың саяси нормаларына сүйеніп шешуіміз қажет пе?
5-тапсырма. Польша азаматының еңбек қызметі.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнында білім алу үшін Польша елінің В. деген азаматы осы елге келеді. Содан соң Қазақстан Республикасының Т. деген азаматшасына үйленіп, тұрақты түрде Алматыда тұрады. Ол жұмыс істеп жүрген мекемесінің әкімшілігі одан еңбек ету құқығын куәландыратын құжатты талап еткен.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Осы жағдайда әкімшіліктің талап етуі заңға сәйкес пе?
6-тапсырма. Гельфельдің ісі.
1904 жылы қазан айында Орыс үкіметінің өкілі Германия азаматы Гельфельдтен қару-жарақ сатып алады. Гельфельдтің осы мақсатқа сәйкес сатып алынған «Ангольт» кемесімен Гамбургтен Порт-Артурға жіберіледі, бірақ мүлік Ресейге жіберілмей, Гельфельдтің тапсырысымен Циндоада ұсталады. Оның айтуы бойынша Ресей өкілі одан сатып алынған қару-жараққа ақы төлемеген. Гельфельд пен Ресей үкіметі арасында 3 млн. марка тұратын қару-жарақтарды сату жөнінде жоғарыда көрсетілген сатып алуға қатысты келіссөздер жүргізіледі. Алайда олардың арасында қару-жарақтарды сату жөнінде жүргізілген келіссөздер ешқандай нәтиже бермеген және ешқандай келісім болмаған. Алдымен Ресей үкіметі өзінің мүлкін дипломатиялық жолмен алуды көздеп, кейін өзінің талаптарымен Циндаодағы Германиянын консулдық сотына жүгінуге мәжбүр болды.
Гельфельд Ресей үкіметіне қарсы 3 млн. марка көлемінде талап арызын ұсынды. Талап арыз жоғарыда көрсетілген қару-жарақ сату туралы жалған мәмілеге негізделген, олардың айтуы бойынша талап арыз затқа байланысты емес. Ресей үкіметі бұл талап-арыздың қаралуына қарсы болды.
1906 жылы қарашада өзінің алғашқы шешіміне қарсы талап арызды қарауға қарсылығын білдірді, алайда бұл шешім кері қайтарылды. Бұл қарсы талап арыз Германиялық консулдық соттарда бірнеше рет қаралғандықтан, Ресей Үкіметі соттылыққа жатпайды деген арызына қарамастан, Қытайда 1909 жылы қарсы талап арызды қанағаттандырды.
Ресей үкіметі Гельфельдке 3 млн. марка төлейтін болды. Гельфельд Ресей үкіметінің Берлин банкісінде ірі мөлшерде ақша сомалары бар екенін біліп, Берлин сотында осы салымдарына арест салуын және ол жөнінде шешім шығарылуына қол жеткізді (15.02.1909ж.).
Тыйым салу жөнінде бұйрық банкке жіберілді, бірақ соңғысы Гельфельдтің өкіліне ақша төлемеді, себебі шет мемлекеттегі шотқа арест салу мүмкін емес. Шетел мемлекетінің мүлкіне тыйым салуға болмайтындығын дипломатиялық наразылығында Ресей өкілеттілігі айтып кеткен.
Сот істің шешілуін тоқтата тұрды және ол іс Пруссияның мамандандырылған сотына жіберілді. Сот шешімін талқылау үшін ғалым зангерлердің, ол Франция, Швейцария және басқа да мемлекеттердің 14 қорытындысын қолданды. Гельфельдтің ісі бойынша сот (25.07.1910ж.). Ресей үкіметінің банктегі шотына тыйым салуды тағайындамауды шешеді.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Абсолюттік иммунитеттегі классикалық теорияның мәні неде? Герман сотында иммунитеттің қандай түрлері шешімде қарастырылды?
4-тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы меншік құқығы
ТЕСТ
1. Жылжитын мүлікке байланысты қолданылатын коллизиялық байлам формуласы:
A. lex personalis;
B. lex rei sitae;
C. lex societatus;
D. lex contractus.
Мүлік жолда бұзылса қандай коллизиялық байлам формуласы қолданылады?
A. lex expedicionis;
B. lex causae;
C. lex rei sitae;
D. lex fori.
3. Бір объектіні жеке меншіктен мемлекеттік меншікке айналдыру:
A. Экспатрияция;
B. Экспроприация;
C. Экссестрияция;
D. Репатриация.
Тақырыпқа қатысты тапсырмалар
1-тапсырма. Фанера туралы ic.
1920ж. тамыз айында РСФСР-дің сыртқы сауда комитеті «Сегор» ағылшын фирмасына фанера партиясын сатқан. Ұлттандыруға дейін фанера «Лютер» акционерлік қоғамының меншігінде болған. Ұлттандырылған тауар ұлттандыру сәтінде Новгородтағы «Лютер» кәсіпорыны қоғамының қоймасында болған. Фанера Ұлыбританияға жеткеннен кейін «Лютер» қоғамының бұрынғы иелері «Сегор» фирмасына фанераны қайтару туралы талап қойған. Алғашында ол талап қанағаттандырылды. Бірақ істі екінші рет қарағанда, 1921 ж. РСФСР мен Ұлыбритания арасында бірінші сауда шарты жасалғаннан кейін, ағылшын соты талаптан бас тартты. Судья Скретон: «Егер Л.Б.Красин (Кеңес сауда делегациясының басшысы) тауарларды Англияға өз үкіметінің атынан жеткізсе және тауарлар соңғысына тиесілі болса, онда ешбір ағылшын соты мұндай арызды тексере алмайды» - деп айтып өтті. Судья Вашингтон жариялағандай, сот «актілердің жарамдылығы туралы мәселеге» қатыса алмайды. Сол актілермен даулы тауарға меншік құқығы талапкерден жауапкерге өткен. Судья талапкердің ұлттандыру туралы кеңес зандарының әділдік пен мораль қағидаларына қайшы келмейтінін, сондықтан олардың әрекет етуі Ұлыбританияда танылмайтындығы жөніндегі дәлелдерін қабылдаған жоқ.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
КСРО үшін бұл іс бойынша шешім басқа мемлекеттер арасындағы қарым-қатынаста қандай рөл атқарды? Ұлттандырылған мүлікке қатысты мәселелер қарастырылғанда шетел соттарымен қай елдің құқығы қолданылуы тиіс еді?
2-тапсырма. Жапон өнер туындылары.
1980 ж. Ағылшын сотымен қарастырылған даудың пәні Ұлыбританияда ұрланып, содан кейін Италияға әкелінген жапон өнер туындыларының жинағы болды. Италияда бұл туындылар оның ұрланғанын білмеген адал иеленушімен сатылып алынады.
Иеленуші оны сатуға ұсынылған Лондондағы «Кристи» фирмасына аукционға жібереді. Бұл туралы осы туындыларды ұрланғанға дейін иеленген меншік иесі білгеннен кейін «Кристи» фирмасынан да, итальяндық адал иеленушіден де туындыларды қайтаруды немесе олардың аукционға сатылған құнын төлеуді талап етеді.
Сот lex rei sitae қағидаларына сүйене отырып, мәдени құндылықтар иеленушіге берген сәтте сол елде болғандықтан, мемлекеттік құқық ретінде италия құқығын қолданады. Италияның АК-нің 1153-бабына сәйкес, ұрланған заттарға қатысты адал иелену мүмкіндігіне жол берілгендіктен, жауапкер құқыққа сай меншік иесі болып танылуы мүмкін еді. Сондықтан талап арыздан бас тартылды.
Басқа жағдайда, меншік иесінің мүддесін қорғауға американдық билік араласады. 1973 ж. Италия үкіметі Италиядан Нью-Йорктің «Метрополитен» мұражайынан жасырын түрде алынып кетілген әйгілі «Галукс Кратер» құмырасының қайтарылуын талап етеді. Мұражай құмыраны сатушыдан 1 млн. долларға сатып алады, ал соңғысы оны Бейрутте құмыраны 5 жылдан астам уақыт иеленген антиквардан сатып алады. Құмыраны қайтарудан бас тарту, оның заңды иеленгендігіне сілтеме жасаумен дәлелденді.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Өнер туындыларын иеленудің адалдығын анықтау барысында қай мемлекеттің заңын қолдануға жатады? Жеке құқықты унификациялау жөніндегі халықаралық институт (бұдан әрі ЮНИДРУА) Конвенциясы бойынша адал иелену мәселесі қалай шешіледі?
3-тапсырма. К.Малевич картиналарының тағдыры.
1927 жылдың көктемі мен жазында Германияда өткізілген көрмеге әйгілі суретші К.Малевич өзінің суреттерін әкеледі. Көрмеге оның 70 картинасы, жиырмадан астам суреттері мен модельдері қойылды. Малевич Ленинградқа кетер алдында өзінің туындыларын бірнеше жылдан кейін басқа көрме өтетіндіктен, Германиядағы досы архитектор Г-ға қалдырып кетеді. 1935 ж. суретші қайтыс болды.
Соның салдарынан, Г.Малевичтің отбасымен хабарласуға тырысқанымен, бұл нәтижесіз болады. Картиналар сақталған көркем сурет мектебінің ғимараты соғыс кезінде қиратылады, бірақ Г.Малевичтің туындылары салынған жәшіктерді, өзінің отанына, Германияның басқа бөлігіне алып кетуге үлгереді. Малевичтің Берлинде қалдырылған мұрағаттық (архивтік) материалдары бомбалаудан аман қалады.
1951 ж. Амстердамдағы мұражайдың директоры Стеделик Г-ға жолығады. Архитектор өзінің досының туындыларын мұражайға бергісі келмейді, бірақ ұзақ сөйлесулерден кейін 1956 ж. келіседі. Осы уақытта ол қатты ауырып жүреді. Г. қайтыс болар алдында өзінде сақталған «Малевич қорын» Нидерландтағы мұражайға сатып жібереді. Мұражай өзінің туындыларды иеленгендігі туралы хабарламайды, алайда иеленудің ескіру мерзімі өткеннен кейін ол жөнінде жариялап және бұл туындыларды өз экспозициясына қосып, Малевич туындыларының әйгілі иеленушілерінің бірі болады.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Мұражайдың меншік құқығын немен дәлелдеуге болады? Аталмыш жағдайда меншік құқығы пайда болуы үшін қай мемлекеттердің ескіру мерзімі туралы Ережесі қолданылуға жатты? Суретші К. Малевичтің суреттерін қайтарып алуға мүмкіндік болды ма? Осы сұраққа жауап беру кезінде, 1950-жылдарда Куйбышев қаласында (Самара) тұрған суретшінің қызы сол уақыттағы КСРО-нің Мәдениет министрлігіне суреттерді мемлекеттің меншігіне өткізуді ұсына отырып, олар жөнінде сұрақтар қойған болатын.
4-тапсырма. Польшадағы жерге жеке меншік құқық.
Жылжымайтын мүлікті шетелдіктердің иеленуі туралы 1920 ж. 2 наурызда қабылданған Польша заңы 1996 ж. түбегейлі өзгерілді. Бірақ негізгі қағида өзгертусіз қалды: шетелдіктердің жылжымайтын мүлікке ие болуы қатал түрде мемлекетпен реттеледі. Шетел азаматы жылжымайтын мүлікке ие болуы үшін, Қорғаныс министрімен келісілген Ішкі істер министрінің рұқсаты қажет, ал ауыл шаруашылық жер учаскелеріне қатысты - Ауыл шаруашылық министрінің рұқсаты қажет. Осы жүйенің тәжірибелі түрде қолданылуын келесі мәліметтер куәландырады.
1995 ж. 1342 өтініш бойынша рұқсат берілді, негізінде бұл кәсіпорындар болды. Жер учаскелерін алуға негізінде Германия, ТМД мемлекеттері, Швеция және Австрияның жеке тұлғалары рұқсат алған, 1990-1993 жж. аралығында шетел азаматтары 8118 га жерді алу туралы өтініштер берді (427 өтініш). Рұқсат 321 га жерді алуға байланысты тек 71 өтінішке берілді. Алу үшін негіз ретінде, азаматтық заңмен (өсиет бойынша мұрагерлік және ие болу мерзімінің ескеруі негізінде сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту және т.б.) көзделген барлық мәмілелер танылады.
Жаңа 1996 ж. енгізілген ережеге сәйкес («е» тармағы), шетел азаматының жерге ие болу кезінде ол жылжымайтын мүліктің иесі болып табылады, Польша аумағында орналасқан сауда серіктестігінің бөлігі немесе акциясы берілген кезде ішкі істер министрлігінің рұқсаты қажет. Яғни, жылжымайтын мүлікке ие болу нәтижесінде серіктестер капиталының 50%-ы шетелдікке айналады. Бұрын мұндай норма заңда қарастырылмаған.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Шетел азаматы Польшадағы жаңа редакциядағы заң қабылданғанға дейін жылжымайтын мүлікке ие болудың рұқсат тәртібін қарастыратын ережесін келесі жолмен айналып өтуге мүмкіншілігі болды ма: польшалық азамат серіктестік құрып, оған өзінің салымы ретінде шетел азаматы ие болуға қызығып жүрген жылжымайтын мүлікке құқығын енгізеді, ал соңғысы польшалық қатысушының бөлігін алып, жылжымайтын мүліктің иегеріне айналды?
1992 ж. Еуропалық қоғамдастық пен оның мүше мемлекеттері бip жағынан, екінші жағынан - Польша Республикасы арасында ассоциация туралы келісім жасалғаны жөнінде белгілі. Осы келісімнің 4-бабына сәйкес, Польша аумағында орналасуға жіберілген мүлікті сатып алуға, қолдануға және сатуға құқылы, егер бұл құқықтар олармен тікелей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолданылса. Польшаның заңымен белгіленген қатал рұқсат жүйесін, осы келісіммен анықталған, мемлекеттік және шетелдік субъектілердің тең құқылық қағидасына қарама-қайшы немесе сәйкес келмейтіндігі жөнінде қарастыруға бола ма?
5-тапсырма. Литвадан жер алу құқығы.
1996 ж. Литва Конституциясының 47-бабына толықтыру енгізіліп, сол уақытта шаруашылық мақсатта емес жер телімдерін алу тәртібіне, шартына және шектеулеріне қатысты мәселелерді қарастыратын конституциялық заң қабылданды. Осы құқықтық актілерге сәйкес, шетел субъектілеріне ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін сатып алуға және басқа да кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жағдайында рұқсат етіледі. Шетел субъектілері болып Литвада заңды тұлға ретінде тіркелген, басқармасы Литвада орналасқан және оған қатысты «effecttive» бақылауды шетел кәсіпорыны немесе шетел азаматтары, сонымен қатар бөлімдері өкілеттері Литвада орналасқан шетел кәсіпорындары табылады.
Жерді курорттардан, теңіз жағалауларынан, ұлттық парктер аумағынан алуға тыйым салынады. Жерді тек Еуропалық және «трансконтиненталдық талаптарға» жауап беретін шетел субъектілеріне, яғни Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерге немесе Еуропалық Одақпен ассоциация жөнінде келісім бекіткен немесе Экономикалық достастық және даму ұйымының (OECD) немесе Солтүстік Атлантикалық пактінің (НАТО) мүшелеріне сатуға рұқсат етіледі.
Осы тізімде жерді Қазақстан және ТМД-нің басқа мемлекеттерінің тұлғаларынын сатып алуына тыйым салынатындығы туралы тұжырымдама шығады.
Тапсырмаға қатысты сұрақтар:
Егер Қазақстанда шетел кәсіпорындарына жер учаскелері ешқандай жағдайда сатылмаса, онда қазақстандық субъектілерге қатысты жоғарыда көрсетілген Литваның заңында жерге жеке меншік құқығының бір шетел субъектісіне қатысты берілуі, бірақ басқаларға қатысты берілмейтіндігі жөніндегі ережелерді дискриминация ретінде қарастыруға бола ма? Осы сұраққа жауап беру барысында, Қазақстанда жерге жеке меншік құқығының шетел субъектілеріне қатысты мойындалмайтындығы, тек жерді жалдау кезінде мойындалатындығы туралы мән-жайдың маңызы бар ма? Халықаралық жеке құқықта «материалдық өзара түсіністік» және «формалдық өзара түсіністік» түсініктерінен нені аңғаруға болады? Осы қарастырылып отырған жағдайда «материалдық өзара түсіністік» қағидасынан шығуға бола ма?
5,6,7 тақырыптар. Сыртқы экономикалық мәмілелер. Халықаралық сатып алу – сату шарты.
Жүкті және жолаушыларды халықаралық тасымалдау.
ТЕСТ
1. Ресми сауда терминдерін талқылау жөніндегі ереже:
Инкотермс;
Индексация;
Индоссамент;
Индивид.
2. FAS термині нені білдіреді?
Кеменің жанына алып келу;
Кеменің ішіне кіргізу;
Кемеден тауар алып кету;
Кемеден шығару.
3. Шарттың нысанына байланысты қандай байлам формуласы қолданылады?
Lex loci solitionis;
Lex fori;
Lex loci contrastus;
Legas formam regit actum.
4. Кемеден тауар алып кету бойынша қай термин қолданылады?
DDP;
DEQ;
FAS;
FOB.
5. Белгіленген жерге дейін тауарды жеткізу және төлеу:
СРТ;
СКР;
CКF;
CFR.
Тақырыпқа қатысты тапсырмалар.
1-тапсырма. Кипрде орналасқан фирмамен жасалған контракт.
1993 жылдың мамыр айында қазақстандық ұйым (сатушы) мен Кипрде орналасқан фирма (сатып алушы) арасында жасалған контрактіге сәйкес, сатушы сатып алушыға партия тауар жеткізуге міндеттенеді. Алайда жеткізілім жүзеге аспау нәтижесінде, талаптар арасындағы контракт бұзылады. Сатып алушы өзінің Мәскеу коммерциялық арбитраж сотына (бұдан әрі МКАС) жазған талап арызында сатушыдан қайтарылмаған алдын-ала төлемдерін, біреудің мүлкін пайдаланғаны үшін пайыздарын, жіберіп алынған пайданы өтеу мен жеткізілімді кешіктіргені үшін айыппұл төлеуді талап етеді. Сатушы сатып алушының талаптарына қарсы шығып, бір уақытта қарсы талап қояды.
Істі шешу барысында, арбитрлар қолданылатын құқықты дәлелдей отырып, қолданылатын құқық контрактінің шарттарында белгіленбесе де дауласқан тараптардың арыздарына, негізгі және қарсы талаптарына қатысты Қазақстан құқығы бойынша қарастырылған контрактілік қатынастарға сәйкес шешті.
Тапсырмаға қатысты сұрақтар:
Халықаралық жеке құқықта екі жақтың автономиялық еркіндігін қалай түсінуге болады? Бұл қағида Қазақстанның қолданыстағы қай заңнамасында қарастырылған? Қазақстан заңнанамасы тараптардың автономиялық еркіндігіне қандай да бір тікелей шектеулерді қоя ма? Тараптар қандай негізде олармен жасалған құқықты таңдауды белгілей алады? Бұл таңдау міндетті түрде контрактіде жазылуы тиіс пе?
Тараптармен таңдалған құқық қандай көлемде (қандай сұрақтарға қатысты) қолданылады? Қолданылатын құқық жөнінде тараптардың келісіміне қандай талапттар қойылуы тиіс?
Қолданылатын құқық туралы келісімге қойылатын талаптың арбитраждық келісімге қойылатын талаптан айырмашылығы неде ?
Қолданылатын құқық туралы келісімнің нысаны жөніндегі мәселені қалай шешуге болады? Шартта мазмұндалған келісімге шартты толық жарамсыз дeп тaнy қандай әсерін тигізуі мумкін?
Жоғарыда келтірілген жағдайда бастауышқа сілтеу, тараптардың пікірі бойынша, құқықты қолдану жөнінде жазбаша материалдық істерінде мазмұндалған (талап арыз бен қарсы талапта). Қолданылатын құқыққа сәйкес, тараптар МКАС-та істі қарау барысында өз келісімдерін ауызша түрде білдіре ала ма? Тәжірибеде бұл мәселе қалай шешіледі?
2-тапсырма. Канадалық фирмамен жасалған шарт.
1994 ж. желтоқсан айында қазақстандық ұйым (талапкер) канадалық фирмамен (жауапкер) шарт жасасты. Талап МКАС-қа ұсынылды.
Шартқа сәйкес талапкер жауапкерге 1995 ж. ақпан айында жеткізілуге тиіс тауар құнының 60%-ын құрайтын алдын ала төлем жүргізген. Нақтылы түрде, жауапкер, талапкер жасаған құнның алдын-ала төлем сомасынан неғұрлым төмен болған тауардың белгілі бір бөлігін айтарлықтай кешіктіріп жеткізген.
Талапкер өзі төлеген сома мен нақты түрде алынған тауардың құны арасындағы айырым сомасын және жеткізілім мерзімін бұзу нәтижесінде пайда болған, сондай-ақ толық жеткізбеу салдарынан пайда болған шығындардың орнын толтыруды талап етеді. Өз кезегінде жауапкер, контрактіні орындау кезінде пайда болған қиыншылықтарға және талапкер тауарды жеткізгенге дейін, тауар сомасының қалған 40%-ын төлеу туралы талабының орындамауына сілтеме жасап, талапқа мазмұндама жасады. Сол уақытта, ол тауардың жеткізілмеген бөлігін жеткізуге дайындығын көрсетті. Талапкер жауапкердің қарсылықтарымен келіспеді. Жеткізілмеген тауарды жеткізуге байланысты талапкер шарт жасасқан кезеңнен кейін, оның өндірістік қызметінде маңызды технологиялық өзгерістер болғанын және осыған байланысты оған жауапкермен жеткізілмеген тауардың қалған бөлігін жеткізу қажеттілігі жоқ екендігін атап көрсетті.
МКАС шығарған шешімде келесі қағидалық сәттер жартылай мазмұндалған:
1. Шарт, коммерциялық кәсіпорындары 1980 ж. Вена конвенциясына қатысушы мемлекеттерде орналасқан тараптар арасында жасалғандықтан, ол 1-баптың 1 «а» тармағының күшімен тараптардың құқықтық қатынастарына қатысты қолдануға жатады.
2. Сатып алушының (талапкердің) мерзімінде жеткізілмеген тауарды алудан бас тартуы Конвенцияның 49-бабына негізделген. Сондықтан, оның жеткізілген тауардың құнынан артық болатын бөлігінде алдын ала төлемді қайтару туралы талабы қанағаттандырылуға жатады.
3. Сатушының шартта қарастырылған жеткізілім мерзімін (әрбір кешіктірілген күн үшін) бұзғаны үшін шартпен қарастырылған жауапкершілігі жоғары шекпен шектелген.
Вена конвенциясының 8-бабын басшылыққа ала отырып, сот контрактінің бұл шарты талаптардың алдын ала анықталып белгіленген шығынның мөлшерін бекіту, сатушының сатып алушыға тауар жеткізуді кешіктірген жағдайда өтелуге жататындығы туралы тараптардың келісімі ретінде түсіндірілуі тиіс деп түсіндіреді. Мұндай қорытынды жауапкершілік мөлшерінің жалпы шарт сомасымен байланыстылығымен, сондай-ақ оның белгілі бір бөлігімен шектелгендігімен негізделеді. Шығындардың орнын толтырудың аталған әдісі Вена конвенциясымен қарастырылып жауапкершілік қағидаларына қайшы келмейді.
Сатушының өз міндеттемелерін уақытында орындауымен қамтамасыз етілген себептер жауапкершіліктен босатудың негізі болып таныла алмайды, себебі, ол Вена конвенциясының 79-бабымен қарастырылған негіздердің белгілеріне сай келмейді. Аталғандарға сүйенсек, сондай-ақ жауапкердің жеткізілім бойынша міндеттемелерін уақытылы орындамағанын ескерсек, бұл жағдайлар талапкер үшін экономикалық шығындарға әкеп соққан өндірістік және коммерциялық қиыншылықтар туғызды. Сот жауапкерге жеткізілуінде кешіктірілген жағдайда, шартта қарастырылған мөлшерде талапкерге өтемақы төлеу міндеттерін жүктеді.
4. Талапкердің жеткізілмеген тауар үшін контрактіде жоғары белгіленген тұрақсыздық төлемін өтеуді талап етуіне келсек, ол қанағаттандырылуға жатпайды; себебі бұл санкция жоғарыдағыларды ескере отырып, басшылыққа алынатын жауапкершілік қағидаларына сәйкес келмейді.
Аталған жағдайда, МКАС ұлттық заңдардың субсидиарлық қолдануға жүгінбеген, бірақ оны қолданғанда да, осы нәтижеге қол жеткізер еді. Бұл шартта сатушы – коммерциялық кәсіпорыны Онтарио провинциясында орналасқан канадалық фирма болды. Шарт бойынша, міндеттеме орындалған жер Канада болып табылады. Онтарио провинциясында әрекет ететін заң бойынша шарттық міндеттемелер ағылшын құқығымен (Common Law) реттеледі. Ағылшын құқығында қолданылатын қағидаларға сәйкес, алдын-ала тапсырма істелген шығындар туралы шарттың ережесі («liquidated damages»), егер сот оны солай деп таныса, онда бұл шартта келісілген соманы төлеуді шартты бұзған тарапқа жүктеуге негіз болып табылады. Сонымен қатар, шарттың айыппұл туралы («penalty») ережесі сот арқылы жүзеге асырылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |