Кафедра меңгерушісі ___________ Оспанова Н.Н. 2012 ж. «_»____
ФМжАТ факультетінің ОӘК мақұлданды.
2012 ж. «_____»______________ №____хаттама
ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2012 ж. «____»____________
мақұлданды:
ОӘБ бастығы ____________ Жұманқұлова Е.Н.
2012 ж. «____»_____________
1-тақырып Интернет технологияларына шолу.
Компьютерлік желілер. Ауқымды компьютерлік желілер. Интернеттің пайда болу тарихы. Интернет ақпараттық ресурс (желі) және технология ретінде. Электрондық почта технологиясы. Файлдар алмасу технологиясы (FTP). WWW технологиясы. Интернетте ақпараттарды іздеу.
WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атай береді. Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web – сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web – құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.
WWW мен оның программалық жабдықтары – желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап, браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.
Гиперсілтеме және гипермәтіндер. Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне гиперсілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарды немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Сонымен, гипермәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.
HTML (HyperText Markup Language) – гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді Web-құжат (HTML-құжат) түрінде бейнелеуге арналған тэгтер жиынын анықтайды. HTML тэгтері құжатты туралауға, пішімдеуге және безендіруге мүмкіндік береді. Интернетке арналған мұндай гипермәтінді Web-құжаттар баспаға шығаруға емес, тек монитор экраныныда көруге арналған. Сондай-ақ, HTML тілі Web-құжатқа гипермәтін мен қозғалмайтын объекттерді бейнелеу мүмкіндігін береді.
Қазіргі таңда тек қана HTML тілін пайдаланып, Интернетке арналған Web-құжат құрастыру жеткіліксіз. HTML тілінің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған қосымша технологиялар дамуда. Мұндай технологияларға төмендегілер жатады:
құжатты «логикалық» пішімдеуге арналған CSS – каскадты стильдер кестесі;
JavaScript немесе VBScript тілдерінде жазылған скрипттер;
Java тілінде жазылған апплеттер;
Perl, C++ тілдерінде жазылған CGI-скрипттер;
GIF және Flash-анимациялар;
AVI, MPEG форматындағы видеоклиптер;
WAV, MP3, MIDI форматындағы аудиоклиптер.
Электрондық пошта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы поштаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынуылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі.
Электрондық пошта географиялық адрестеуді қолданбайды. Электрондық поштаның адресі төмендегідей түрде болады:
Тұтынушы__аты @домен__аты.
Мысалы: ibm@mail.ru, ibm@narod.ru
Іздеу серверлері. Жиі қолданылатын іздеу серверлерінің тізімі:
http://www.yahoo.com http://www.rambler.ru
http://www.hotbot.com http://www.yandex.ru
Ұсынылатын әдебиеттер: [2] – 10 - 65 бб., [3] – 10 - 18 бб.,
2-8 тақырып Интернет-өкілдікті құру технологиясы. HTML негіздері. Тізімдермен, сілтемелермен, суреттермен жұмыс. Кестелер. Пішіндер. Стильдер кестелері. Фреймдер.
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар. HTML тілі. HTML тілінің негізгі тәгтері және оларды пайдалану. Мәтінді форматтау тегтері. Тізім. Web беттегі графика. Сілтеме. HTML-де кесте жасау
Барлық ақпарат WWW байттарының негізгі элементі болып келетін Web беті ретінде бейнеленеді.
Web-беттер мультимедия технологиясын қолдап, өзінде әр түрлі ақпараттар түрін біріктіреді. Олар: мәтін, графика, дыбыс, анимация және бейне. Көп жағдайда сол немесе басқа Web-беттердің желідегі жетістігі саналы және әдемі жасалуына байланысты.
Қолданушыылар стильді безендендірілген, анимация және графикамен тым қамтылмаған, тез жүктелетін Web-броузер терезесінде дұрыс бейнеленетін Web беттерін қолдану ұнамды.
HTML тілі бір Web-парақ көлемінде бірнеше құжатты көрсетуге мүмкіндік береді. Көрнекі құралдар көзқарасында HTML тілінің мүмкіндігімен мәтінге графикалық және т.б. объектілерді ендіру ең әсерлі болып табылады. Жұмыс барысында HTML тәгтері құжаттың сәйкес бөліктерін көрсетуге әсерін анықтаймыз. HTML технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар (тәгтер) орналасқан құрылымнан тұрады.Мүнда тәгтердің мәтіннің өлшемін, сызылымын, түсін, мәтіннің орналасуын, беттегі графикалық бейнені мәтіндік құжатқа графикалық бейнені жасанды енгізу мұмкіндігін қарастырамыз. Сонымен жақсы HTML құжатын қалыптастыру үшін, бірқатар қарапайым ережелерді басшылыққа алудың өзі жеткілікті. Web-беттері кең ауқымды тұтынушыларға арналған, сондықтан HTML құжаттарын әзірлеген кезде негізгі ерекшеліктерін ойдан шығармау керек. HTML құжаттарды жасау үшін мәтіндік редакторларды (мысалы, қойын дәптер (блокнот)), мәтіндік процессорлар (Word) және визуалдық HTML редакторларын қолданамыз. Қарапайым HTML құжатты жасаудан бастау үшін қасиеттерін ескеріп және параметрлерін қолдануды үйренсе жетіп жатыр.
Барлық HTML тәгтерін олардың қызметі мен істеу аймағына қарай келесі топтарға бөлуге болады:
құжат құрылымын анықтаушы;
гипермәтін блоктарын безендіру (параграфтар, тізімдер, кестелер, бейнелер);
гипермәтіндік сілтемелер;
диалог ұйымдастыратын формалар;
программалардың шақырылуы.
Гипермәтіндік торап құрылымы гипермәтіндік сілтемелермен беріледі. Гипермәтіндік сілтемелер дегеніміз – басқа HTML құжатының немесе INTERNET ақпарат қорының адресі.
Гипермәтіндік сілтемелерді жазу үшін WWW жүйесінде арнайы форма құрылған болатын. Оның атауы – UNIVERSAL RESOURCE LOCATOR. Осыған мысал ретінде төмендегіні келтіруге болады:
Этот текст содержит гипертекстовую ссылку
Жоғарыда келтірілген мысалда HTML-да якор (anchor) деп аталатын “А” тәгі URL түрінде сілтемені жазу үшін “HREF” (HYPERTEXT REFERENCE) атрибутын қолданады. Бұл жоғарыда көрсетілген сілтеме “http” протоколы арқылы “polyn.net.kiae.su” серверінің “altai” директориясында орналасқан “index.html” құжатына көрсетіп тұр.
HTML-дағы гипермәтіндік сілтемелер екі түрге бөлінеді: контексті және жалпы гипермәтіндік сілтемелер. Контексті гипермәтіндік сілтемелер деп құжатқа енгізілген (ішіне енгізілген) сілтемелерді айтамыз. Ал жалпы гипермәтіндік сілтемелерге бүкіл құжатпен байланысы бар және құжаттың кез-келген бөлігін көрсету мүмкіншілігі бар сілтемелер жатады.
HTML құжаты құрылымы бір-біріне енгізілген контейнерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Алайда, құжаттың өзі де <HTML> тәгімен басталып HTML> тәгімен жабылатын үлкен бір контейнер болып табылады:
<HTML> Содержание документа HTML>
<HTML> контейнер немесе гипермәтіндік құжаттың өзі екі енгізілген контейнерлерден тұрады: құжат басы - <HEAD> және құжат денесі - <BODY>.
Мысал ретінде қарапайым бір құжатты қарастырайық:
Қарапайым құжат
Пример простого документа
Формы HTML-документов
Құжаттың негізгі бөлігін немесе денесін анықтайды
|
--
|
1-ден 6-ға дейінгі тақырып атын анықтайды
|
|
Параграфты анықтайды
|
|
Тіркесті бірлік тасымалдауды қояды
|
|
Көлденең сызықты анықтайды
|
|
Комментарийді анықтайды
|