1 Курстық жұмысты орындау әдістемесі
Курстық жұмыстар оқытушының студенттерге жеке тапсырмасы нәтижесінде орындалады. Студентке сұрақты толық, терең қарастыру үшін, тақырып бойынша белгілі бір зерттеулер және есептеулер жүргізу үшін алдын ала беріледі, сабақ басталғаннан кейін бірінші айда.
Студент курстық жұмысты өздігінен орындау кезінде теориялық және практикалық білімін қолдана білу керек. Сонымен бірге программалаудың жұмыс дағдысын меңгеру.
Курстық жұмыс «Деректер базалары және сараптық жүйелер» пәні бойынша тереңдету мақсатында теориялық және практикалық білімді тәжірибемен ұштастыру. Курстық жұмыс тақырыптарын ашу үшін зертеу нәтижесінде болған нәтижелерге көңіл бөлу керек.
Тақырыппен жұмыс мынандай бөлімдерден тұрады:
а) мақсатты анықтау және қалыптастыру;
б) курстық жұмыс жоспарын құрастыру;
в) зерттеудің дұрыс жүруін және әдістемесін оқу;
г) зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыларды, қолданылған әдебиеттерді жалпылау;
д) курстық жұмысты дайындау.
Курстық жұмыстардың жеке бөлімдерінің жазу әдістемесі.
1.1 Аңдатпа – курстық жұмысқа қысқаша түсінік беру.
Мазмұны — тақырып бойынша курстық жұмыстың бөлімдері беттерімен беріледі.
Кіріспе.
Жалпы тақырып бойынша міндеттерді анықтау олардың маңызы мен алатын ролін және тақырыптың ерекшелігін ашу.
1.2 Әдебиеттерге шолу.
Бұл бөлімде автордың атымен қолданылғен әдебиеттерге нұсқама жасайды. Зерттеліп отырған тақырып бойынша қазіргі кездегі ғалымдардың еңбектеріне шолу жазылады. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша практикалық және технологиялық үрдістерге көңіл бөлініп сипаттама беріледі. Сонымен бірге жұмыс мазмұны бойынша берілген тапсырмалар деңгейінде осыған дейін істелген зерттеу жұмыстарына шолу жасалынады.
1.3 Өз зерттеулері.
Негізгі бөлімге кіретіндер: мақсаты, зертеу объектісі мен әдістемесі.
Берілген жұмыстағы зерттеудің мақсатын айқындау, зерттеу объектісі туралы толық мәліметтер беру, программалаудағы қолданылған әдістерді сипаттау, программалау ортанын қолданғаны туралы мәлімет:
- бағдарламалау технологиясының негіздері, прогаммалау стилі (Dbase, DataBase, MS Access, MySql т.б. деректер қорының негізінде);
программалу тілінің стандартты функциялары туралы жалпы мағлұматтар;
объекті-бағытталған бағдарламалаудың ортасы (Delphi, Си++ Bulder т.б.).
әр түрлі алгоритмдердің құрылымдық сызбасын құрастыру;
есептің талабы бойынша қажет мәліметтер құрылымын ұымдастыру;
1.5 Зертеу нәтижелері және қорытынды
Студенттің өз зертеулеріне берілген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулерге (программалауда) қорытынды жасау керек.
Қорытындыларға талдау: алынған мәліметерді терең талдау және қазіргі кезде жүргізіліп жатқан зерттеулермен салыстыру.
1.6 Қорытынды
Бұл бөлімде студенттің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып беріледі.
1.7 Әдебиеттер тізімі
Ең бірінші үкмет орындарының үкімдері келтіріледі. Содан кейін алфавитті ретпен (автор тегі) әдебиеттер келесі формада жасалынады: тегі аты жөні; жұмыс аты; шыққан жері, шыққан жылы.
2 Курстық жұмысты дайындау талаптары
Суреттер мен қосымшалар (егер болса) курстық жұмыстың аяғында кетіріледі. Олар нөмірленеді, міндетті түрде сурет немесе кесте аты және беті қойылады.
Курстық жұмыстың мәтіні А-4 форматында, сол жағы 3 см, оң жағы 1см, төменгі және жоғарғы жағы 2 см. Бет номірі араб цифрымен жоғары он бұрышына қойылады. Беттің абзацы 1,25 см орын қалдырылады.
Сыртқы парағы белгілі бір талаптарға сәйкес жасылынады (қосымша А) орындаушы жазылады. Сыртқы парақтан кейін аңдатпа парағы қойылады. Мәтінде кесте келтірілгенде кесте нөмірленеді. Сонымен бірге кесте аты жазылады. Курстық жұмыс суретке сипаттама берілсе жақша ішіне сурет нөмірі, аты көрсетіледі.
Курстық жұмыс көлемі 25-30 бет. Жұмыс аяғында қолданылған әдебиеттер беріледі. Өз еркімен жасалынып белгілі бір талап бойынша жазылмаса жұмыс қабылданбайды. Мәтінде түзету болмауы керек. Орындалған курстық жұмыс топтың және комиссия мүшелерінің алдында қорғалады. Жұмыс талқыланғаннан кейін сапасы тексеріліп бағаланады. Әрбір жұмыс келесі критерилер бойынша бағаланады.
1 Курстық жұмыстың құрастырудың және безендендірудің жұмыс талаптарына сәйкес келуі.
2 Көрсеткіштік
3 Көрсеткішті материалдардын безендіру және қолдану мәдениеті.
4 Сөз мәдениеті.
5 Қауымдық қорғау мәдениеті.
6 Курстық жұмысты қорғауда көрінетін білімділік.
7 Регламент немесе шектеу уақытың сақтау.
8 Автордың жеке үлесі.
9 Практикаға жақсартуды енгізу.
Курстық жұмыс қорғалғаннан кейін студенттер емтиханға жіберіледі. Курстық жұмысқа бағдарламалық өнім қоса өткізіледі.
4 Курстық жұмыс тақырыптары
1. Нақты ДББЖ ортасында ДБ мен «Туристік агенттік» сараптық жүйені әзірлеу.
2. Нақты ДББЖ ортасында ДБ мен «Отандық тауар өндірушілер (Мысалы: Павлодар облысы) » сараптық жүйені әзірлеу.
3. Нақты ДББЖ ортасында ДБ мен «Сақтандыру кампаниясы» сараптық жүйені әзірлеу.
4. Нақты ДББЖ ортасында ДБ мен «Құрылыс материалдары қоймасы» сараптық жүйені әзірлеу.
5. Нақты ДББЖ ортасында ДБ мен «Автобөлшектер дүкені» сараптық жүйені әзірлеу.
6. Нақты ДББЖ ортасында ДБ мен «Тұрмыстық техника дүкені» сараптық жүйені әзірлеу.
7. Нақты ДББЖ ортасында ДБ мен «Кинотеатрлар желісі» сараптық жүйені әзірлеу.
Қолданатын әдебиеттер тізімі
Балдин К.В., Уткин В.Б, Информатика. Учебник для вузов.- М.: Проект, 2003. С.304
Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Специальная информатика: универсальный курс. – М.: АСТ – Пресс; Инфорком – Пресс, 1999. –480с.
Симонович С., Евсеев Г. Практическая информатика: универсальный курс. – М.: АСТ – Пресс; Инфорком – Пресс, 1999. –480с.
Острейковский В.А. Информатика: учебник для ВУЗов. – М., Высшая школа, 1999. –511с.:ил.
Зайцева Л.В., Новицкий Л.П., Грибкова В.А. Разработка и применение автоматизированных обучающих систем на базе ЭВМ. –Рига, Зинатне, 1989, -174 с.
Экспертные системы: принципы работы и примеры. //под ред. Р. Форсайта. –М.: Радио и связь, 1987. –223 с.
Д. Поспелов . "Справочник по ИИ том-2".
Люгер, Джордж, Ф. Искусственный интеллект: стратегии и методы решения сложных проблем, 4-е издание. : Пер. с англ. - М.: Издательский дом "Вильяме", 2003. - 864 с.-С. 777-840.
Достарыңызбен бөлісу: |