Қазақстан республикасы білім жəНЕ


Су қоры. Жер беті және жер асты суының ластануы



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет21/64
Дата06.01.2022
өлшемі7,08 Mb.
#36786
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ПРОБЛЕМАЛАРЫ-2

 
Су қоры. Жер беті және жер асты суының ластануы. 
Су  қорларының  ластануы  бүкіл  адамзат  қауымын 
алаңдатып  отыр.Бұл  мәселе  Қазақстанға  да  тән.  Судың 
ластануы  көп  түрлі  әрі  ең  соңында  су  экожүйесін 
бүлдірумен  аяқталады.  Қазақстанның  жер  бедерінің 


 
54
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
әртүрлі  болуына  байланысты  ішкі  су  да  әркелкі  таралған. 
Шөл  және  шөлейт  зонасында  көлдер  мен  өзендер  аз,  ал 
дала  және  орманды  дала  зонасында  біршама  мол. 
Республика  аймағындағы  ішкі  суларды  бірнеше  түрге 
бөлеміз.Олар  өзендер,  көлдер,  жер  асты  суы,  мұздықтар 
және  бөгендер  мен  каналдар.  Еліміздегі  барлық  өзендер 
Солтүстік  Мұзды  мұхит  және  ішкі  тұйық  көлдер 
алаптарына  құяды.  Солтүстік  Мұзды  мұхиты  алабындағы 
өзендер: 
Ертіс,Есіл,Тобыл.Ішкі 
тұйық 
алаптары: 
Каспий,Арал теңіздері, Балқаш көлі, ұсақ көлдерге құятын 
немесе уақытша ағатын өзендер.  Жер асты сулары қатты, 
сұйық және газ күйінде жердің  су өткізетін қабаты мен су 
өткізбейтін қабаты арасында болатын су. Жер асты сулары 
сол 
жердің 
орографиясына, 
климатына, 
тау 
жыныстарының 
сипатына 
қарай 
әртүрлі 
болады. 
Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен 
терең  қабат  аралық  жер  асты  суының    маңызы 
үлкен.Шөлейт және шөл аймақтарда  негізінен құдық суын 
пайдаланады. 
Бірақ 
шаруашылықтағы 
суға 
деген 
қажеттілікті  жер  асты  суы  қамтамасыз  ете  алмайды. 
Республикамызда  артезиан  алаптары  көп,  оның  ауданы 
Балқаш  көлі  сияқты  70  көлдің  көлеміне  тең.  Олар  су 
өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті 
жер  асты  суы.Қазақстанда  тұщы  артезиан  сулары  50-2700 
м,  ал  тұзды  және  ащы  су  одан  әрі  тереңде 
жатыр.Қазақстанда  14  облыс  орталығы,  200-ден  астам 
аудан  орталықтары,  өнеркәсіп  және  3500-ден  астам 
ауылшаруашылық  кәсіпорындары  мен  елді  мекендері 
қазірдің  өзінде  жер  асты  суымен  қамтамасыз  етіледі.100 
млн  гектардай  жайылымдарды  суландыруға,  50  мың 
гектардай  егістікті  суаруға  мүмкіншілік  болды.  Қазіргі 
кезде  жер  асты  суларын  одан  әрі  кең  пайдалану  жүзеге 


 
 
55 
асырылуда.  Сонымен  бірге  ашық  өзен,  көл  суларымен 
қатар  жер  асты  сулары  да  сарқынды,шайынды  сулармен 
және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. 
Негізгі ластаушы көздері мыналар

 
-
 
өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар

 
-
 
химиялық заттар және тыңайтқыштар

 
-
 
тұрмыстық қалдықтар

 
-
 
жер асты суымен жалғанатын құбырлар

 
-
 
ірі құрылыс учаскелер
і;
 
-
 
сүзгі 
алаңдар,бұрғы-скважиналар 
болып 
табылады. 
Жер  асты  суларында  әр  түрлі  жұқпалы  ауру 
тудыратын 
микробтар,вирустар 
кездеседі.Қазақстан 
жағдайында  өзен-көлдердің  ластануы  көбінесе  өнеркәсіп 
шоғырланған  аймақтарда,полигондар  мен  мұнай-газ 
өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.Өзендердің ішінде 
Ертіс 
су 
алабы 
Өскемен 
қорғасын-мырыш 
комбинаты,Лениногор 
қорғасын 
зауыты, 
Березов 
кені,Зырян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды 
лас суларымен ластануда.Су құрамында қорғасын, мырыш, 
сынап т.б ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі 
байқалады.  Іле-Балқаш  бассейіні  судың  сапасы  да  мәз 
емес.Мұндағы  ластағыш  заттар-ауыр  металдар,мұнай 
өнімдері  мен  фенолдар.  Әсіресе,

Балқашмыс

өндірістік 
бірлестігі,

Балқаш 
балық 
өнеркәсібі

,

Сарыағаш 
ракета 
полигондары

,т.б 
кен 
рудаларын 
байыту 
комбинаттары  Балқаш  көліне  мыңдаған  тонна  зиянды 
заттарды  төгуде.  Іле  өзенінің  ортаңғы  ағысы,  жалпы  өзен 
экожүйесі, 
күріш 
алқаптары 

Ақдала, 
Шарын 
массивтері

және 
Шеңгелді 
массивтерін 
игеруге 
байланысты  минералды  тыңайтқыштар  мен  химиялық 


 
56
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
препараттар  өте  көп  қолданылуына  байланысты  сапалық 
құрамы  төмен.Оның  үстіне  Іле  өзені  арқылы  мұнай 
тасымалдау,Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың 
ластануы  ондағы  экологиялық  жағдайды  ушықтыра 
түсуде.  Сырдария,  Шу,  Талас,  Қаратал,    Ақсу,  Лепсі, 
Тентек,  Көксу  өзендерінің  сулары  біршама  таза  деп 
есептелінеді.Соның  ішінде  Сырдария,  Шу,  Талас  өзендері 
ауыл  шаруашылығын  химияландыру  мен  дренажды 
сулармен  ластануда.  Әсіресе,  Арыс,Келес  өзендері  күріш 
пен  мақта  егісінде  жиі  қолданылатын  пестицидтермен 
ластанып  отыр.Соңғы  жылдары  Каспий  теңізінде  мұнай 
өндіруге  байланысты  және  теңіз  деңгейінің  табиғи 
көтерілуі 
аймақтың 
экологиялық 
тыныс-тіршілігін 
шиеленістіріп  отыр.Теңіздің  көтерілуі  жүздеген  мұнай 
бұрғы-скважиналармен,мұнай  қоймалары  мен  өңдеу 
обьектілерін  істен  шығарды.Қазір  бұл  жерлерде  6  мұнай 
газ  кені,  жүздеген  елді  мекендер,  коммуникациялар, 
өнеркәәсіп  орындары  су  астында  қалды.  Нәтижесінде, 
теңізге  көптеген  мөлшерде  лас  заттар,  мұнай  өнімдері, 
органикалық  қосылыстар,  ауыр  металдар  суға  араласуда. 
Оның  үстіне  Еділ  және  Жайық  өзендерінің  лас  сулары 
теңіз суларын уландыра түсуде.Мәселен,1995-2000 жылдар 
аралығындағы  кәсіптік  балықтар  мен  бағалы  қара 
уылдырық  және  ет  беретін  бекіре  тұқымдас  балықтардың 
азайып кетуі  тіркелді.Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-
30  мың  құстардың  өлуі  теңіз  суының  бүгінгі  сапасының 
көрсеткіші-биоиндикаторы 
болса 
керек.ҚазірКаспий 
мұнайын  игеру  бүкіл  әлемді  дүрліктіріп,шетелдік 
инвестрлер  теңіз  «қара  алтынын  игеруге»  ұмтылуда.  Ал, 
олардың  судың  сапасы  мен  ластануына  көңіл  бөлінуі, 
экологиялық  нормаларды  сақтауы  күмән  туғызып  отыр. 
Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігімен 


 
 
57 
бұрғы-сважиналардың 
бүлінуі,мұнайдың 
жерге,суға 
төгілуі  қоршаған  ортаға  зиянын  тигізуде.Жерге  сіңген 
мұнайдың  қалыңдығы  10  метрге  жетіп  жер  асты  суына 
қосылуда.Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың т.мұнай 
қалдығы,  40  мың  т.  көмірсутегі  жинақталған.  Ақтөбе 
облысындағы  су  айдындарының  да  экологиялық  жайы 
нашар.Мәселен,Елек  өзені  амин  өнеркәсібі  есебінен  және 
бормен  ластануда. Қарағанды металлургия комбинатының 
және 
Теміртау 
қаласындағы 

Карбид

өндірістік 
бірлестігінен  шыққан  сулар  Нұра  өзенін  барынша 
ластауда.Жамбыл  фосфор  зауытының  сарқынды  лас 
сулары  Талас,Асы  өзендері  мен  оның  алқаптарын  фтор 
және  сары    фосформен  ластап  отыр.Оңтүстік  Қазақстан 
облысында ең көп ластану Бадам,Сайрам кен орындарында 
байқалуда.  Әсіресе,  Бадам  өзені  бойындағы  қорғасын, 
фосфор,  химия  өнеркәсіптерінен  бөлінетін  қорғасын-
мырыш,сынап  кей  жерлерде  шекті  мөлшерден  50  есеге 
дейін 
асып 
кететіні 
тіркелген.Су 
ресурстарының 
биологиялық  ластануы  Арал  аймағы  мен  Батыс 
Қазақстанда 
жиірек 
ұшырасуда 
Қазақстанның 
су 
ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау  шараларын 
жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі 
істер жүргізілуде. 

жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау