Тезаурус құруға қажетті ұғымдар:
жобалаудың төмен құлдырау əдісі,
модульдік программалау,
эвристикалар,
декомпозиция,
абстрактілеу,
инкапсуляция,
тұқым қуалаушылық,
полиморфизм.
Тақырыпты мазмұндық əдістемелік талдау
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатика пəнінің соңғы сабақтарында жобалар əдісін қолдану ұсынылады. Оқу жобасы жоғары сынып оқушыларының өз бетінше шығармашылық жұмыстарды орындауына негізделген. Мұндай жұмыстар оқушылардың барлық оқу кезеңдерінде алған білімдерін өзектеп, тəжірибелік дағдыларын көрсетуге арналған тапсырмалар- ды орындаудан тұрады.
Əдетте, жоба-тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жүйелеу əдістерін қолданады, өйткені жоба-тапсырмаларды орын- дау нəтижесінде пəндік тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін сұхбаттық жүйе алынады. Сондықтан жоба-тапсырмаларды орындау барысында кең көлемді программалалар əзірленеді, орындау мерзімі де бір тоқсанға дейін созылуы мүмкін. Қиындығы төменірек бола- тын жоба-тапсырмалар да өзінің əдістемелік тиімділігін көрсетеді.
Жоба-тапсырмаларды орындау үшін жоғары сынып оқушылары топтарға біріктіруге де болады, дегенмен кіші жоба-тапсыр- маларды əр оқушы өзі орындағаны жөн. Бұл мақсатта кіші жоба-тапсырмалардың тақырыптары дұрыс таңдалуы керек, яғни оқушының кəсіби бағдарына негізделген, оны ең қатты қызықтыратын пəндік аумақтың тапсырмалары қарастырылады.
Дидактикалық материалдар
тапсырма. Келесі элементтерді қамтитын кіші жоба- тапсырмаларының бірінің оқу жобасын қою жəне орындау техноло- гиясын əзірлеңіз:
Оқытудың мақсаттары мен құралдары; міндеттің фор- мальды емес қойылуы; жобаны орындаудың оқу сұлбасы; жобаға, нəтижелерді талдау əдістемесіне, есеп беру формасына қойылатын талаптар.
Кіші жоба-тапсырманы ұсынылатын оқу схемасы мен талап- тарды ескере отырып орындау.
тапсырма. Кіші жоба-тапсырманы жүзеге асыратын жоба презентациясының оқу сценарийін əзірлеңіз.
Кіші жоба-тапсырмалардың тақырыптары
№1. Паскаль үшбұрышы.
№2. Улам дастарханы.
№3. Армстронг саны.
№4. Лексикалық жəне синтаксистік талдау.
№5. Биологиялық ритмдер жəне ай күнтізбесі.
№6. Пилотəрізді мəтін.
№7. Гронсфельд шифры.
№8. Лабиринтта жол іздеу.
№9. Ат жүрісімен шахмат тақтасын толық өту.
№10. Сегіз ферза.
№11. Картаны бояу.
Достарыңызбен бөлісу: |