|
Қазақстан республикасы білім жəне ғылым
|
бет | 185/241 | Дата | 12.11.2023 | өлшемі | 5,38 Mb. | | #44224 | түрі | Оқулық |
| Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі
1-тапсырма. Таңдап алған тақырып бойынша білім, біліктілік пен дағдыны кемелдендіру сабағының конспектісін əзірлеу.
Конспект мазмұны келесілерді қамтуы қажет:
Оқу тақырыбының атауы мен сағат саны.
Мақсаттары (білімдік, дамытушылық, тəрбиелік).
Оқыту мазмұнының негізгі түсініктері (түсініктемелік сөздік құрастыру ұсынылады).
Оқушыларды алдын ала дайындау (дəрістің оқу материа- лының мазмұнын меңгеруге негіз болатын білім, біліктілік пен дағдылар сипатталады).
Мұғалімнің алдын ала дайындығы (мұғалім дəріске дай- ындалу барысында қарастыратын практикалық тапсырмалар анықталады).
Оқыту құралдары (келесі бөлімдерге бөлінген əдебиеттер
тізімі: оқушылар үшін оқулықтар мен оқу құралдары, мұғалім үшін құралдар мен əдістемелік нұсқаулықтар, қосымша əдебиет; техникалық жəне программалық құралдар; дидактикалық материалдар, оның ішінде замануи техникалық құралдар көмегімен əзірленген демонстрациялар жиынтығы).
Уақыт шығыны ескерілген сабақтың қадамдық жоспары.
Оқыту мазмұны (міндетті түрде оқушылар жұмыс дəптерлеріне жазып алатын мəліметтер белгіленіп көрсетілуі керек жəне қолданылған əдебиеттерге сілтемелер қойылсын).
Сабақтың қорытындысы.
Ескерту. Егер қарапайым сынып тақтасы қолдану жоспарланған болса, онда тақтада салынатын бейнелер жиынтығы жазылу ретіне қарай ұсынылуы керек.
Білім, біліктілік пен дағдыны кемелдендіру сабағының ерекшелігін ескеру қажет жəне сабақтың келесі негізгі дидактикалық міндеттерін шешудің əдістемелік ерекшеліктері конспектіде келтіріледі: жаңа білімді жүйелеу жəне жалпылау; бұрын меңгерілген білімді қайталау жəне бекіту; бұрын меңгерілген білімді тереңдету жəне кеңіту үшін білімді тəжірибеде қолдану; біліктілік пен дағдыны қалыптастыру; оқу материалын меңгеру барысын бақылау жəне білім, біліктілік пен дағдыны кемелдендіру.
Программалау бойынша білім, біліктілік пен дағдыны кемелдендіру сабақтарының тақырыптары:
№1. Құрылымдық əдіс негізінде алгоритмдерді əзірлеу.
№2. Паскаль тілі сипаттамасының синтаксистік диаграммалары.
№3. Итерациялық циклдік үдерістер.
№4. Процедуралар. Қоршаған ортамен өзара қатынас.
№5. Функциялар. Рекурсиялар.
№6. Программаларды жобалаудың объектілі-бағытталған техно- логиясы.
№7. Кластар мен объектілер өзара қатынасы механизмдерін жасақтау.
№8. Турбо Паскальдағы объектілер мен кластар сипаттамасы.
№9. Виртуалдық жəне динамикалық əдістер.
№10. Логикалық программалау: шешімді іздеу жəне программа- ны өңдеу.
№11. Пролог тілінде модульдық программалау.
№12. Пролог тілінде программаларды əзірлеу əдістері мен құралдары.
№13. Логикалық есептерді шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|