Тапсырмалар нұсқалары
тапсырма. Зерттеу тапсырмаларын біріктіретін оқу-əдіс- темелік жобаны орындаңыз:
Информатикадан оқыған ғылыми, арнайы, əдістемелік жəне оқу əдебиеттерін талдау негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптардағы информатиканың бір бөлімі бойынша оқытудың мазмұнын əзірлеңіз. Оқыту мазмұнының мақсаттары мен міндеттерін анықтаңыз. Оқушыларға жəне мұғалімдерге арналған əдебиеттер тізімдерін құрастырыңыз.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып- тар оқушыларының білім, біліктілігі мен дағдыларына қойылатын талаптарды тұжырымдаңыз. Оқыту мазмұнының теориялық жəне практикалық бөлімдерін анықтаңыздар. Əрбір тақырып бойынша оқыту мақсаттарын нақтылап, оқу материалының тақырыптық жо- спарын əзірлеңіз.
Оқу үдерісінде келесі педагогикалық əрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін дидактикалық материалдарды əзірлеңіз:
а) оқу тақырыбының практикалық материалын меңгеруге бағытталған оқушының əрекеттерін ұйымдастыру (негізгі қағидасы тапсырмаларды біртіндеп қиындату арқылы құрастыруға негізделген өзара байланысты тапсырмалар жүйесі);
ə) бекіту кезеңінде оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру (өзін тексеруге арналған сұрақтар, практикалық есеп- тер, тест тапсырмалары, пəнаралық мазмұндағы тапсырмалар);
б) қорытынды бақылау шараларын жүргізу (нұсқалы бақылау жұмыстары, тестілеу, оқу жобалары, іскер жəне рөлдік ойындар).
Нақты тақырып бойынша оқыту əдістемесін əзірлеңіз: мақсаттары, оқу материалының мазмұнын баяндау, оқыту форма- лары мен əдістері, оқыту құралдарының қысқаша сипаттамасы, мұғалім үшін əдістемелік нұсқаулар.
Бөлімдер тақырыптары
Мəтіндік процессор ортасында мəтінді өңдеу.
Компьютерлік графика жəне презентациялар.
Кестелік процессордың функционалдық толықтырылымы.
МҚБЖ ақпараттық жүйелер əзірлеу құралы ретінде.
Мультимедиялық жүйелер мен қондырғылар.
Компьютерлік телекоммуникациялардың мүмкіндіктері мен болашағы.
Автоматтандырылған жобалау жүйелері.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелермен танысу.
Мəліметтерді компьютерлік өңдеу жəне статистикалық тал- дау.
Машиналық аударманың программалық құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: |