Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға нұсқаулар



жүктеу 5,38 Mb.
бет139/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға нұсқаулар


Бұл тақырыпты ең төменгі деңгейде оқып-үйренудің басты міндеті – электрондық кестелердің көмегімен есептеулерді ұйымдастырудың негізгі əдістерін үйрену. Ол үшін оқушылар электрондық кесте ортасындағы жұмыстың мынандай тəжірибелік тəсілдерін меңгеруі керек:



  • кестелік курсорды жылжытуды жүзеге асыру, курсорды қажет ұяшыққа орналастыру;

  • мəліметтерді енгізу: сандар, мəтіндер, формулалар.

  • ұяшықтардағы мəліметтерді редакторлау;

  • ұяшықтардағы ақпараттарды көшіру;

  • жолдар мен бағандарды қою жəне жою.

Бірінші кезеңде неғұрлым қиындықтар тудыратын теориялық сұрақтар – формулаларды жазу ережелері жəне салыстырмалы адрестеу принципін түсіну. Оларды тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бекітуге болады.
Салыстырмалы адрестеу принципі – электрондық кестенің қызметінің негізгі принциптерінің бірі. Формулаларда қолданы- латын ұяшықтар адрестері формуланың орналасу орнына қатысты анықталады. Бұл принциптің мағынасын мысалдар арқылы түсіндіруге болады. 14.1-кестесінде С1 ұяшығындағы формуланы кестелік процессор былайша қабылдайды: 2 тор көз солға қарай орналасқан ұяшықтың мəніне берілген формуладан 1 тор көз сол жақта орналасқан ұяшықтың мəнін қосу.


14.1-кесте




А

В

С

1

5

3

=A1+B1

Кестелерде формулалар MS Excel ережелеріне сəйкес жазылады.




14.2-кесте




A

B

C

D

E

F

1

5

3

=A1+B1

=B1+C1

=C1+D1

=D1+E1







A

B

C

D

E

F

1

5

3

8

11

19

30

Формуланы басқа ұяшықтарға орналастыру барысында (көшіру, үзінділерді қою жəне жою барысында) формуланың алдындағы мағынасы сақталып қалады. Мысалы: С1 ұяшығынан формуланы С2 ұяшығына көшіруде формула А2+В2 түріне ие болады. F6 ұяшығына көшірген кезде F4+ F5 түріне ауысады.


Салыстырмалы адрестеу принципін түсінуді бекіту мақсатында бірнеше тапсырмаларды орындауға болады. Ұсынылатын тапсыр- малардың шарттары мынандай болуы мүмкін: электрондық кестенің үзіндісі берілген.
С2 ұяшығынан формуланы D1:F1 ұяшықтар блогына көшіретін болса, онда осы ұяшықтарда қандай формулалар болады? Бұл тапсырманың орындалу нəтижесі формулаларды бейнелеу режимі жəне мəндердің бейнелену режимі 14.3-кестеде көрсетілген. Оқушылардың электрондық кестелерде шешіп үйрену керек есептеулердің негізгі типтері:

  1. күрделі емес есептеулер тізімдемелерін алу;

  2. сандық кестелерді статистикалық өңдеу;

  3. кестелік мəліметтер бойынша диаграммаларды тұрғызу;

  4. параметр (баған) мəні кестені сұрыптау;

  5. функцияны табуляциялау.

14.3-кесте





жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау