Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет99/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Символдық ақпараттарды ұсыну. Қазіргі таңда ЭЕМ-нің көптеген қосымшаларының бірі мəтінмен жұмыс жасау болып табы- лады. «мəтіндік ақпарат» жəне «символдық ақпарат» терминдері си- нонимдер ретінде қолданылады. Информатикада бұл мəтіндер нақты алфавиттерден құралған кез келген символдардың жүйелілігімен түсіндіріледі.
Бұлар арнайы бір табиғи тілдердегі (ағылшын, орыс жəне т.б.) мəтіндердің бірі болу шарт емес. Олар математикалық немесе химиялық формулалар, телефон нөмірлері, сандық кестелер жəне тағы басқалай болуы мүмкін. Мəтіндерді сырттай ұсыну үшін ЭЕМ- да қолданылатын символдар жиынын компьютердің символдық алфавиті деп атаймыз.
Бастапқы міндет – оқушыларды компьютердің символдық алфавитімен таныстыру. Олар:

  • компьютердің алфавиті 256 символдан тұратынын;

  • жадыда əрбір символ 1 байт орын алатынын білуі тиіс.

Ары қарай кодтау кестелері туралы ұғымды қарастыруымызға болады. Кодтау кестесі – бұл əрбір алфавит символына өзінің реттік нөмірі сəйкес құрылатын стандарт. Ең кіші нөмір – 0, ең үлкен – 256. Символдың екілік коды – бұл екілік санау жүйесіндегі оның реттік нөмірі. Басқаша айтқанда, кодтау кестесі компьютердің сыртқы символдық алфавиті мен ішкі екілік көрсетілім арасында
байланыс орнатады.
ASCII кестесі дербес компьютерлер үшiн халықаралық стандарт- та болды. Практикада басқа да, əлемдік компьютерлік желілерде, Unix операциялық жүйесімен басқарылып жұмыс жасайтын ЭЕМ- да қолданылатын – ААК-8 (Ақпаратпен Алмасу Коды) кестелерімен кездесуімізге болады.
Оқушылардан символдардың кодтарын есте сақтап алуын талап етудің қажеті жоқ. Дегенмен кодтау кестелерінің кейбір ұйымдастыру принциптерін бiлуi керек. Анықтамалар жинағы мен оқулықтар
қатарында берілген ASCII кодының кестесін оқушылармен бірге қарастыру керек. Оқулықтарды жəне анықтамалардағы қатар келтiрiлген кестесiн оқушылармен бiрге қарап шығу керек. Ол екi бөлiкке бөлінеді. Оның тек бірінші бөлігі ғана Халықаралық стан- дартты болып табылады, яғни 0-ден 127-ге дейінгі нөмірлермен берілген символдар. Бұған латын алфавитінің кіші жəне бас əріптері, ондық цифрлар, тыныс белгілері, барлық жақшалар түрі, коммерциялық жəне басқа символдар кіредi.
0-ден 31-ге дейінгі нөмірлермен берілгенсимволдарды басқарушы деп атау қабылданған. Олардың функциясы – мəтін нəтижесін экранға немесе қағазға шығару, дыбыстық сигналдарды беру, мəтінді белгілеу жəне тағы басқа үдерісімен басқару болып табылады. 32-ші нөмір символы – бос орын, яғни мəтіндегі бос позиция. Қалған барлығы нақты таңбамен көрсетіледі. Оқушылардың назарын ла- тын алфавитінің əріптерін, сонымен бірге цифрларды орналасты- руда жүйелі кодтау принципін бұзбауға аудару керек. Бұл принцип- те оқушылардың алғаш рет мəліметтер қорымен жұмыс жасауда кездесетін ақпараттарды сұрыптау мүмкіндіктері негізделеді.
Кодтық кестенің екінші бөлігі əр түрлі нұсқаларда болуы мүмкін. Ең алдымен ол латын, ұлттық алфавиттерін орналастыру үшін қолданылады. Орыс алфавиті – кирилицаны кодтау үшін кестелердің əртүрлі нұсқалары қолданылғандықтан, орыс мəтіндерін бір ком- пьютерден басқа компьютерге, бір программалау жүйесінен басқа
жүйеге тасымалдауда мəселелер жиі туындайды.
128-255 аралығындағы кодтау кестесінің символдары кодтық бет деп аталатынын жəне оның нұсқасының өзіндік нөмірі болатынын оқушыларға жеткізуге болады. Мысалы, MS-DOS-та нөмірі 866-шы кодтық беті, ал Windows-та 1251 нөмірі қолданылады.
Қосымша ақпарат ретінде символдық кодтарды стандарттау мəселелері Unicode деп аталатын жаңа халықаралық стандартты енгізумен шешілетінін айтуға болады.
Бұл 16-разрядтық кодтау, яғни онда əрбір символға жадының 2 байт орны беріліп отырады. Əрине, мұндайда жадтың көлемі 2 есе ұлғаяды. Бірақ мұндай кодтық кесте 65536 символға дейін енгізуге жол ашады. Онда алуан түрлі ұлттық алфавиттерді кіргізуге болады. Графикалық ақпараттарды ұсыну. Компьютерде суретті ұсыну мəселесін шешудің екі тəсілі бар: растрлық жəне векторлық.
Декомпозициялауда екі тəсілдің де мəні бір, яғни оңай сипаттауға болатын суреттің бөліктерге бөлінуі.
Растрлық тəсіл – кішкентай бір түсті элементтер мен бейнепиксельдердің қосылып ортақ бір суретті беретін кескіндердің жиынтығы.
Мұндай жағдайда бейнеақпарат осы элементтердің нақты бір түсін қарастыруда өзін көрсетеді. Векторлық тəсіл бұл – сызық, доға, шеңбер жəне тік төртбұрыш тағы басқа сияқты геометриялық элементтер жинағынан тұратын кескіндер. Мұндай тəсілде бейнеақпарат – бұл аталған элементтердің экран дисплейіне қатысты координаттар жүйесінде математикалық сипатталуы.
Векторлық тəсілді көбінесе сызба, сұлба жіңішке сызықты су- реттерде қолданылады.
Бұл жерде вектор дегеніміз – осы объектілерді сипаттайтын мəліметтер жиынтығы.
Растрлық тəсілдің əмбебап екенін түсіну қиын емес, яғни суреттің сипатына қарамастан жұмыс жасай береді. Кез келген дискретті (пиксельді) сурет құрылымы монитор экранында, бейнежадта растрлық түрде ұсынылады. Қазіргі кездегі ДК-де тек кескіндерді жол сайын жазатын принцип бойынша жұмыс жасайтын растрлық дисплейлер қолданылады.
Бейнежадтағы ақпарат экранның əрбір пикселінің түсінің кодтарының жиынтығын ұсынады. Бұдан кескінді ұсыну туралы сұрақтардың түстерді кодтау əдістерімен байланысты екенін ұғамыз. Дисплей экранындағы əр түрлі түстерді алудың физикалық принципі үш негізгі қызыл, жасыл жəне көк түстердің (RGB-моделі) араласуымен анықталады. Демек, пиксель кодымен алынған ақпарат оны құрайтын əрбір түстің қандай болатыны туралы мəліметтерден
тұруы керек.
Түс кодының разряды-b мен түстің санының-K байланысы K=2b формуласымен анықталады. Компьютерлік графика əдебиеттерінде b шамасын түстің биттік тереңдігі деп атау қабылданған.
Осылай аталатын түстердің табиғи палитрасы b=24 тең болғанда пайда болады. Палитра мұндай бит тереңдiгi үшiн 16 миллион түстер енгізеді.
Векторлық тəсілде суреттер графикалық қарапайым элементтер: түзу сызықтар, доғалар, шеңберлер, эллипстер, тік төртбұрыштардың жиынтығы ретінде қаралады. Графикалық ақпарат – бірмəнді кескінді құрайтын, барлық графикалық қарапайымдарды анықтайтын мəліметтер.
Графикалық қарапайымдардың формасы мен орналасу жағдайы экранмен байланысқан графикалық координаталар жүйесінде беріледі. Əдетте координатаның басы экранның сол жағында орналасқан. Пиксельдердің торы координаталық тормен сəйкес келеді. Көлденең Х өсі солдан оңға; тiк Y өсі – жоғарыдан төменге қарай бағытталған.

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау