Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Ақпаратты компьютерде өрнектеу



жүктеу 5,38 Mb.
бет98/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Ақпаратты компьютерде өрнектеу




Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сандық ақпараттардың көрсетілімі.

  2. Символдық ақпараттардың көрсетілімі.

  3. Графикалық ақпараттардың көрсетілімі.

  4. Дыбыстық ақпараттардың көрсетілімі.

Компьютер – ақпараттармен жұмыс жасауға арналған əмбебап, программалық-басқарылатын автоматты құрылғы. Компьютер ақпараттық үдерістердің үш негізгі типін: ақпараттарды сақтауды, өңдеуді жəне тасымалдауды жүзеге асырады. Компьютердің жадында сақталған жəне өңдеуге арналған ақпарат мəліметтер деп аталады.
Білім беру стандарты мен информатика бойынша оқу бағдарламасында компьютер жадында ақпараттарды беру қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі информатика оқулықтарында бұл тақырып қамтылған.
7-сынып информатикасында «Ақпаратты компьютерде код- тау» параграфында сандық ақпаратты, бейне мен дыбысты кодтау мəселелері, ASCII коды қарастырылған [3].
Сандық ақпараттарды ұсыну. Компьютерлердің жұмыс жасаған тарихи ақпараттардың ең алғашқы түрі сандар болды. Алғашқы ЭЕМ-дер тек математикалық есептеулер үшін ғана қолданылды. Джон фон Нейманның принциптеріне сəйкес ЭЕМ есептеулерді екiлiк санау жүйесiнде орындайды.
ЭЕМ жадында сандардың қалай берілетінін 16-разрядтық машинаның мысалымен талқылаймыз. ЭЕМ жадындағы сандар екі түрлі форматта сақталады: белгіленген нүктесі бар форматта жəне құбылмалы нүктесі бар форматта. Бұл нүктелерден біз қазір де жəне
ары қарай да сандардың бүтін жəне бөлшек бөлімдеріне бөлінетінін түсінеміз. Белгіленген нүктесі бар форматы жадыда бүтін сандар- ды сақтау үшін қолданылады. Мұндай жағдайда сан жадыдағы бір машиналық сөздің орнын алады. N бүтін оң санының ішкі берілуін белгіленген нүктесі бар форматта шығару үшін:

  1. N санын екілік санау жүйесіне ауыстыру керек;

  2. Алынған нəтижені сол жаққа 0-ден 16 разрядқа дейін толықтыру керек.

Мысалы, N = 160710 = 110010001112. Бұл санның машиналық сөзде ішкі берілуі келесідей болады:
0000 0110 0100 0111
Бұл код қысылған он алтылық формада 0647 түрінде жазылады. Машиналық сөзде екілік разряд оңнан солға қарай 0-ден 15-ке дейін нөмірленеді. Ең үлкен 15-ші разряд кез келген оң сандарды машиналық түрде ұсынуда нөлге тең болады. Сондықтан ең үлкен
бүтін сан мұндай формада жазылады:



0111 1111 1111 1111
= 7FFF = (215- 1) = 32767 .

2 16 10
(-N) теріс бүтін санының ішкі ұсынылуын жазу үшін

  1. N оң санының ішкі берілуін шығару керек;

  2. Бұл санның 0-ден 1-ге жəне 1-ден 0-ге ауыстыратын кері ко- дын алу керек;

  3. Алынған санды 1-ге қосу керек.

Осы ережелер бойынша 160710 санының ішкі берілуін анықтаймыз.

1) 0000 0110 0100 0111


2) 1111 1001 1011 1000
3) +1
1111 1001 1011 1001 – нəтиже.
Нəтиженің он алтылық формасы: F9B9.
Теріс бүтін санды ұсыну əдісі қосымша код деп аталады. Кез келген теріс санды ұсынуда жоғарғы разряд 1-ге тең болады. Демек, ол санның таңбасын көрсеткендіктен ол таңбалы разряд деп аталады. Теріс сандардың ішкі ұсынылуы үшін қосымша кодты қолдану шегеру амалын теріс санды қосу амалына ауыстыруға мүмкіндік
береді:
N – M = N + (-М). Əлбетте, келесі теңдік орындалуы керек: N

+ (-N) = 0. Жоғарыда алған 1607 жəне –1607 сандары үшін мұндай қосындыны орындаймыз:

0000 0110 0100 0111 1607


1111 1001 1011 1001 -1607
10000 0000 0000 0000 0

Қорыта келгенде қосындыдан алынған жоғары разрядтағы бірлік, машина сөзінің разрядтық торлар шекарасынан асып жоғалып кетеді, ал жадыда нөл қалады.


Екілік таңбалардың жады ұяшығының шекарасынан шығуы толып кету деп аталады. Заттық сандар үшін мұндай жағдайлар апаттық болып табылады. Процессор оны тауып, жұмысты тоқтатады (толып кетуді тоқтату). Бірақ бүтін сандарды есептеулерде апаттық жағдайдағы сияқты толып кету болмайды жəне жұмыс тоқтап қалмайды.
Екілік 16-разрядтық 1000 0000 0000 0000 = 215 саны «өзіне-өзі теріс» болып табылады.

1000 0000 0000 0000 215


0111 1111 1111 1111
+1
1000 0000 0000 0000 -215

Бұл код -215 = -32768 таңбасын ұсыну үшін қолданылады. Олай болса, 16-разрядтық машина сөзінде бүтін сандарды ұсыну диапа- зоны:


-32768≤N≤32767.
Жалпы жағдайда k-разрядтық машина сөзі үшін диапазон келесідей болады:
-2k-1≤N≤2k-1 – 1.
Құбылмалы нүктесі бар форматы бүтін жəне бөлшек санды мəндерді ұсыну үшін қолданылады. Математикады мұндай сандар- ды нақты, программалауда – заттық сандар деп атайды.
Құбылмалы нүктесі бар форматы R заттық санының ұсынылуын
(m) мантиссаны (p) дəрежелі (n) санау жүйесінің негізіне көбейту формасында жобалайды:
R=±m×np.
Мантисса ЭЕМ жадында бүтін сан жəне оның тек мəнді цифр- лары ғана (нөл бүтін жəне үтір – сақталмайды) болатын сияқты көрінеді. Олай болса, заттық санды ішкі ұсыну есебі бүтін сандардың жұбы (m) мантисса мен (p) ретті ұсынумен түйістіріледі.
Информатиканың негізгі курсында заттық сандарды ұсыну ту- ралы сұрақтар терең деңгейде қаралады. Осы тақырыпқа арналған теориялық материалдар мен тəжірибелік тапсырмалар оқулықта көрсетілген [9].

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау