Электрондық кітапхана – оқырманға кез келген уақытта керек болып қалатын əртүрлі мəтінді (көбінесе əдеби, сонымен қатар басқа тақырыпты, тіпті компьютерлік программалар туралы) жинауға арналған веб-сайт. Шығармалардың электрондық кітапханасында таратылған форматтарды екі категорияға бөлуге болады: онлайн мəтінін оқуға арналған формат жəне оқырманның компьютеріне жа- зып алуға арналған формат.
Электрондық кітапхананың арасынан (Free Computers Book http://www.freecomputerbook.com) жəне программалау мен компью- тер бойынша(http://books.kulichki.net.) кітап қорын ерекшелеуге бо- лады.
Кітапхана информатика, программалау (Delphi,C,C++), операциялық жүйелер (Unix, FreeBSD, Linux, Netware), мəліметтер қоры (SQL,Access), компьютерлік жабдықнама, желілер жəне программалық қамтамасыз ету (Photoshop, Flash MX) бойынша оқулықтардан тұрады. Оларды оқуға да, жазып алуға да болады. Со- нымен қатар, сайттың форумында немесе чатта əртүрлі мəселелерді талқылауға болады.
Қатысушылармен зерттеулерді өткізу үшін виртуалдық мұражай саяхаты секілді интернет ресурстарын қолданудың формасы үлкен мүмкіндікке ие болады. Виртуалдық мұражай (мұражайдың веб- сайты) – мұражай материалдарының экспозициялары үшін ұтымды веб-сайт типі. Қарастырылған мəліметтер əртүрлі аумақтарда, яғни тарихи артефакт пен өнер құралдарынан бастап ата-тектік жəдігерлер мен виртуалдық топтамаға дейін болуы мүмкін. Виртуалдық мұражай экспонаттарды сақтаудың мəселелерін шешу үшін интер- нет-технологияларды қолданудың сəтті мысалы болып табылады.
1991 жылы интернетте алғашқы веб-сайт-мұражайлары шыға бастады. Алғашында шынайы мұражайдың сайты болды, кейіннен виртуалдық мұражайлар да шыға бастады. Алғашқы виртуалдық мұражай 1994 жылы ашылды.
Кез келген құжаттар мен суреттер жиыны веб-сайт мұражайы бола алмайды. Виртуалдық мұражайдың сандық топтамалары екі айрықша сипаттамаларды ұстануға тиісті: виртуалдық саяхат жəне іздестіру жүйесі.
Интернетте мұражайдың көптеген саны бар – виртуалдық мұражай мен шынайы мұражайлардың электрондық көрсетілімдері. Мысалы: виртуалдық компьютерлік мұражайда компьютер дəуіріне дейінгі жарықтандырылатын есептеу тарихы, біздің жəне шетелдердегі есептеу техникасының даму тарихы, электр байланыс- тар тарихы http://computer-museum.ru құжатында жинақталған.
Қатысушылардың іздестіру жұмыстары мен медиабілімдер үшін интернет-басылым қолдануға болады. Бұл интернет арқылы өзінің өнімін тарату бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. Əдетте, дəстүрлі басылымдық жəне эфирлік БАҚ-ның өзінің веб сайттары болады. Олар кейде өзінің мазмұны жағынан толығымен қайталанып келеді, кейде тек мақала анонстарын немесе өткен сандағы мəтіндерді құрайды. Мысалы: «Ашық жүйе» веб-сайт басы- лымынан “Computerwold”, “Cети”, “LAN”, “Windows IT Pro”, “Мир ПК” журналдарының жаңа сандарын табуға болады. Таспалық фор- мада шықпайтын, эфирден жіберілмейтін, тек өзінің веб-сайтында жарияланатын интернет басылымдар да кездеседі.
Веб-порталдар сайты ақпараттық ресурстар ұйымының басқа типі болып табылады. Ол интернет қолданушыға басқа сайттар- дан əрі қарай мəліметтер алуға мүмкіндік береді, басқаша айтқанда көптеген ішкі сілтемелерді құрайды. Ережеге сəйкес, порталдар қолданушыға оның қызығушылығын қанағаттандыратын ақпарат құрылымы мен талғамына сəйкес қосымша мүмкіндіктер тізімін ұсынады.
“Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық техноло- гия” порталы (http://www.ict.edu.ru) федерациялық білім беру порталдар жүйесіне кіреді. Ол қазіргі кездегі ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар аумағында білім берудің кешендік ақпараттық қолдауын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл порталдың сілтемелері электрондық кітапханаға, кітаптар топтама- сына, интернет-ресурс бумасына, конференция материалдарына апа- рады. Порталдың əртүрлі параметр бойынша керекті материалдарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін іздеу жүйесі бар.
Интернет ресурстар ұйымының тағы бір тəсілі тақырыптары ұқсас веб-сайттарды біріктіретін веб-сақина болып табылады. Сондықтан осындай сақинасы бар қатысушының əрбір сайты өзінің веб-беттерінде сақинаның келесі жəне алдыңғы мүшесіне өтетін сілтемелерді орналастырады. Сілтемелерге өту арқылы сақинаның
барлық мүшелерінің сайттарын көруге болады. Веб-сақина іздеу жүйелері жəне каталогтармен интернетте сайттарды бірыңғайлаудың тəсілі болып табылады.
Ақпараттың əртүрлі түрлерін өнімдеуге жəне іздеуге бағытталған оқушылардың ақпараттық қызметі информатиканы оқытуда ме- диа білім беру элементін сабақтастыру кезінде белсенді түрде қолданылуы мүмкін. Медиабілім беру оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуымен, əрі коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ортасында баланың жеке шығармашылық əлеуетін жүзеге асырудың мүмкіндіктерімен байланысты. Информа- тиканы оқытуда медиа білім беру элементтерінің түрі өте көп. Бұл
медиамəтінді құру, виртуалдық экскурсия, көрмелер жəне т.б.
Жасалынған жұмыстар мұғалімдермен жəне басқа оқушылармен талданады, олардан мүмкін болатын қателер ізделінеді. Содан кейін бұл жұмыстар нақтыланады жəне модификацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |