VPN артықшылықтары мен қауіптері. Виртуальдық жеке желілер бизнесте географиялық қиыншылықтар тудырмайды. Олар серіктестік қызметшілеріне үйде жұмыс істеуіне, іссапардағы адамдарға офиспен тікелей байланыста болуына, ал фирманың өзіне жабдықтаушы мен серіктестіктерге қауіпсіз қосылуға мүмкіндік береді. Көбінесе байланыс желілерге қарағанда, VPN-ды қолдану тиімдірек. Бірақ VPN-ды қолдану корпоративті ақпаратты қауіпсіздік жүйесінде қауіптердің пайда болуына əкеледі.
Егер корпоративті ресурстарға қауіпсіз қосылатын пайдалану- шылар саны кенеттен өссе, онда бір уақытта VPN бос порттардың болмауы да мүмкін. Web-серверді IPSec негізінде қосымшалар серверіне қосу керек, ал қосымшалар серверін SSL қолдануымен
желіаралық экран арқылы мəліметтер қорының серверімен қосу керек. Арнайы белгіленген серверді қолдану арқасында VPN ауқымдылығын жақсартуға мүмкін болады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
жергілікті жəне ауқымды желілер арасындағы айырма- шылықтарды, желі жұмысының негізгі техникалық жəне программалық құралдардың міндеттерін; байланыс арналарын, серверлерді, клиенттерді, хаттамаларды; ауқымды желінің негізгі қызметтерінің түрлерін: электрондық поштаны, телеконференция- ны, файлдық архивтерді, интернетті, WWW-бүкіл дүниежүзілік өрмектің пайдаланушыға ұсынатын мүмкіндіктерін жəне т.б білуі керек;
пошталық клиент-программа көмегімен электрондық пошта- дан хат жіберу-қабылдауды жүзеге асыруды; браузердің көмегімен веб-беттерді карауды жұзеге асыруды; Интернетте іздеу программа- сымен жұмыс жасауда; архивтеу программаларының бірімен жұмыс жасай білуі керек.
танымдық жəне коммуникативті есептерді шешу үшін ин- тернет ресурстарын қолданып, алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар
Информатиканың негізгі курсында желілік ақпаратттық тех- нологияларды енгізудің қажеттілігі неде?
Оқу үдерісінде жергілікті желіні қолданудың артықшылығы неде?
Ауқымды желінің құрылғылары жəне жұмысы туралы түсіндіру барысында қандай аналогтарды қолдануға болады?
Ауқымды желі тақырыбын оқушыларға түсіндіру барысында қандай негізгі ұғымдарды беру керек?
Электрондық поштаның кəдімгі поштадан артықшылығы неде?
«Сервер-клиент» технологиясынының мəнін қалай түсіндіру керек?
«Желілік хаттамалар» ұғымын қалай түсіндіру керек?
Интертнетте жұмысқа байланысты оқушыларға қандай тəжірибелік тапсырмаларды ұсынуға болады?
Негізгі курстан Интернет туралы не беру керек?
Достарыңызбен бөлісу: |