|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ
|
бет | 2/3 | Дата | 02.10.2022 | өлшемі | 2,32 Mb. | | #39467 |
| Мусаев Мәди срс«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ
«ҚазАқпарат» ХАА бағдарламалық мақалада жүктелген міндеттер бойынша атқарылған жұмыстар
- Жоғары оқу орындарының ұсыныстары негізінде 800 атаумен алғашқы оқулықтар тізімі құрастырылды.
- Сараланған критерийлерге сәйкес іріктеу жұмыстары 17 жұмыс тобы арқылы іске асырылды, оған 90-нан астам маман тартылған.
- Басылымдарды қазақ тіліне аударып оқулықтарды таратуды жүзеге асыру үшін «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес қоры құрылды.
- Аударма жұмыстары қысқартулар мен толықтырусыз және түпнұсқа мәтініндегі ойды өзгертпей беруге құрылған. Сонымен қатар, суреттер мен кестелердегі барлық мәтіндер мемлекеттік тілге аударылған.
- 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім саласындағы 18 ең үздік әлемдік оқулықтар мемлекеттік тілге аударылып, CD дискілер арқылы ұсынылды.
- 100kitap.kz жобасының ресми сайты іске қосылды. Сайтта жоба туралы толық ақпараттар мен аударылған кітаптардың тізімі, сондай-ақ жұмыс топтарының құрамы көрсетілген.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАСЫ
- ауыс беру арқылы еліміздің барлық өңірлерінен 302 үміткер ұсынылды. Олар қызметіне сәйкес 6 санат бойынша бөлінді: ғылым – 45, спорт – 42, қоғам – 85, медицина – 46, мәдениет – 37 және бизнес – 47 адам.
- Дауыс беру қорытындысы бойынша 340 мыңнан астам қазақстандық өз үздіктеріне 1 миллион 376 мың дауыс берді. Жалпыхалықтық онлайн дауыс беру «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 102 жеңімпазды анықтады.
- 2017 жылғы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысы Жоба қатысушыларымен кездесті. Кездесуге қатысқандар арасында «Мәдениет», «Ғылым», «Медицина», «Бизнес», «Қоғам» салаларының түрлі өкілдері болды.
«ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ
- «Туған жер» жобасы «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» атты төрт қосымша бағдарламадан тұрады.
- «Тәрбие және білім» – қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
- «Атамекен» – қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін күшейту және атамекенге деген жауапкершілікті күшейту.
- «Рухани Қазына» – туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін құрметтеу.
- «Ақпарат толқыны» – іске асырылатын жобалардың қоғамдық мониторингіне азаматтардың қатысуы үшін ақпараттық инфрақұрылымдар құру.
- Жоба аясында бүкіл ел бойынша 700-ден астам жоба жүзеге асырылды.
- Меценаттар есебінен 51 млрд теңгеден астам демеушілік көмек алынды.
- 2017 жылы өлкетану жұмыстары аясында 735 нысанға абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
- «Туған жер» жобасы аясында барлығы 1438 нысан пайдалануға берілді.
- Жоба Қазақстан мәдениетін шетелге таныстырудың жүйелі жұмысын құруға, мәдени тәжірибе алмасудың тұрақты арналарын қалыптастыруға бағытталған.
- Жоба шеңберінде Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде қалыптасқан жаңашыл, түпнұсқалығымен ерекшеленетін, сондай-ақ заманауи қоғамның эстетикалық және көркемдік талғамдарына сай келетін қазақ мәдениетінің туындыларын жинау және жүйелеу жұмыстары жүргізілді.
- Әдебиет саласында 193 туынды іріктеліп алынды.
- «Театр, кино и хореография» - 56 туынды.
- «Классикалық және дәстүрлі музыка» - 66 орындаушы.
- «Бейнелеу өнері» - әйгілі шеберлер мен заманауи суретшілердің 177 туындысы.
- 2017 жылы Париждегі UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер аясында шетелдік аудиторияға қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарын көрсететін түрлі іс-шаралар өткізілді.
- Классикалық және халық музыкасының жетістіктерін насихаттау мақсатында Еуропа мен Азияның 10 елінде 7 жетекші шығармашылық топтың гастрольдік турлары ұйымдастырылды.
- Dalatunes жобасы іске асырылды. Ол – ең үздік қазақстандық музыкаларға сандық қолжетімділікті қамтамасыз ететін интернет-ресурс. Осы арқылы 2017 жылдың ішінде 13 мың музыкалық шығарма, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккорд жүктелді.
- Отандық және шетел аудиториясын әр түрлі жанрдағы қазақ музыкасымен таныстыратын Dala sazy онлайн-радио жобасы дайындалды, іске қосылудың алдында тұр.
- Қазіргі уақытта әдебиеттегі «проза» және «поэзия» жанрындағы антологияларды ағылшын тіліне аудару жұмыстары қолға алынуда
- Жаңа дарынды авторлар мен туындыларды табуға бағытталған «Рух» тұңғыш Халықаралық әдебиет конкурсы ұйымдастырылды.
- Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі жалпы қорға тиесілі 24 813 бірліктің 13 700 бірлігі цифрландырылды.
- ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында 39 602 бірлік (266 500 бірлік жалпы қор) цифрланды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|