Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы


Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері



жүктеу 1,77 Mb.
бет8/9
Дата18.12.2017
өлшемі1,77 Mb.
#5042
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері

Лауазымдық міндеттері. Барлық типтегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ұйым) әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Білім беру процесінің нәтижесін ұйымдық-әдістемелік алып жүруді, талдауды және бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені топтастырып, таратуды қамтамасыз етеді. Педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби жетілуіне көмек береді. Ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Әдістемелік және ақпараттық материалдар әзірлеуге, диагностика жасауға, педагог кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды болжауға және жоспарлауға қатысады. Ұйымның педагог қызметкерлеріне қосымша білім берудің оқу бағдарламасының мазмұнын, нысанын, әдістері мен оқыту құралдарын анықтауға, ұйымның білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Балаларға қосымша білім беру ұйымындағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Білім беру процесіне арналған оқыту-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды және т.б. әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Ұйымның эксперименталдық жұмысының нәтижесін талдайды және жинақтайды. Педагог қызметкерлердің мейлінше инновациялық, нәтижелі тәжірибелерін жинақтайды және тарату шараларын қабылдайды. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктернің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға тиісті қызмет ету бағыты бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Қызметкерлердің тиісті бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға арналған тапсырыстың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады. Балаларға қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбиелеу технологиялары, отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты қорытындылайды және таратады. Конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттама әзірлеп, ұйымдастырады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелендіруді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сараптауға, қолданыстағысын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттама әзірлеуге қатысады.

Білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің жұмысына, сондай-ақ әдістемелік бірлестік қызметі мен әдістемелік жұмыстың өзге де түріне қатысады. Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережені орындайды. Білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының білімін дамытудың басым бағыттарын, дидактика принциптерін, педагогиканың, жас ерекшелік психологиясының негіздерін, білім беру процесін немесе қызмет бағытын әдістемелік қамтамасыз ету принципін, білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру жүйесін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманың үлгілік тізбелерін әзірлеу принципі мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың элективті нысандары мен әдістерін анықтау, топтастыру және тарату әдістемесін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және мазмұны принципін, баспалармен жұмыс жүргізу негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін, аудиовизуалды және интерактивтік оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын, құзыреттілік қатынасты іске асыру, даулы жағдайлардың себебін диагностикалау технологиясы, олардың алдын алу және шешу жолдары, экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, электрондық пошта және браузерлер, мультимедиялық құралдар жұмысының негіздерін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім, білім беру жүйесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі немесе тиісті бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.
Қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк

орталығының (ҚБ ОӘО) әдіскері
Лауазымдық міндеттері. Аналитикалық қызмет: қызмет бағыттары бойынша балаларға қосымша бiлiм беру жүйесiнiң бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз етілу жағдайын зерделейді және талдайды, оның тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарының кадрлық құрамы мен әдiстемелiк корпусының шығармашылық әлеуеті туралы деректер базасын жинап, талдайды. Балаларға қосымша бiлiм беру жүйесінде іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнім банкін, педагогикалық ақпарат банкін (нормативтік құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, әдiстемелiк және т.б.) қалыптастырады. Республикадағы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарында іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімді жүйелейді.

Ғылыми-әдiстемелiк қызмет: тұлғаның даму міндеттерін шешудің озық инновациялық тәсілдерін анықтайды және насихаттайды. Әдiстемелiк және ақпараттық материалдар, диагностика, болжау және педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жоспарлауға қатысады. Ұйымдардың эксперименталды және зерттеу жұмысының нәтижелерін талдап, жалпылайды. Балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметінің практикасына ғылыми зерттеулерді, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдайды және жалпылайды, педагогтердің ғылыми және теориялық құзыреттіліктерін қамтамасыз етеді. Әртүрлі типтегі бағдарламаларды (білімдік, мәдениеттік, эксперименттік жұмыс бағдарламалары) және әдістемелік өнімдердің түрлерін (әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдамалар, құралдар және т.б.) әзірлеу технологияларын жасайды. Түрлі типті оқу-әдістемелік өнімдерді және әдістемелік қосымшаларды әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды. Балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді басып шығаруға дайындықты жүзеге асырады. Тиісті қызметтік бағыттары бойынша, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс беру жоспарын әзірлеуге қатысады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады. Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік және отандық тәжірибе, алдыңғы қатарлы оқу және тәрбиелеу технологиялары туралы ақпаратты таратады және жалпылайды.

Конкурс, көрме, олимпиада, слет, жарыс және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлейді және ұйымдастырады. Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Сараптамалық қызметті: балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының республикалық конкурстарға ұсынатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімдеріне (бағыттары бойынша) бейінді сараптама ұйымдастырады. Сараптаманы өтінімдер бойынша жүзеге асырады (бiлiм беру ұйымдары, жеке тұлғалар).

Консалтингті қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби дамуына ықпал етеді. Балаларға қосымша бiлiм беру оқу бағдарламаларының мазмұнын, нысанын, әдісін және оқу құралын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруда ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Қосымша бiлiм беру саласында оқу-тәрбиенiң инновациялық технологиялары, алдыңғы қатарлы отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жалпылайды және таратады. Педагогикалық жетiстiктерді (мастер-кластар, педагогикалық шеберлік, шығармашылық семинарлар және т.б. ұйымдастыру арқылы) насихаттайды. Балаларға қосымша бiлiм беру ұйымында бiлiм беру процесін жетiлдiру бойынша ұсыныс енгiзедi.

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да білім беру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасында бiлiм беруді дамытудың басым бағыттарын, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін немесе қызметтік бағытын әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру жүйесін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу принциптері мен тәртібін, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттамалардың үлгілік тізбелерін, педагогикалық жұмыстың тиімді түрлері мен мазмұнын анықтау, жалпылау және тарату әдістерін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктері жұмысының мазмұны және ұйымның қағидаларын, баспалармен жұмыс негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру қағидаларын, оқытудың аудио бейнелік және интерактивтік құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары, құзыреттік тәсілдерді іске асыруды, даулы жағдайларының себептерін диагностикалау, оларды шешу және алдын алу технологияларын, экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактормен, электрондық кестемен, электрондық поштамен және браузермен, мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу негіздерін, еңбек заңнамасын, білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша жұмыс өтiлi кемінде 2 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі екiншi санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бiрiншi санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; жарияланған әдiстемелiк материалдардың болуы;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл; жарияланған әдiстемелiк материалдардың болуы;
Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары (бұдан әрі – ҚБ ОӘО)
Лауазымдық міндеттері. ҚБОӘО жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқарады. ҚБОӘО оқу, ғылыми, әдістемелік қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Өткізілетін іс-шаралардың ақпараттық әдістемелік қамтылу дайындығын басқаруды және бақылауды жүзеге асырады. Баспалық қызметті басқарады. Құрылымдық бөлімшелерге кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және ҚБОӘО директорына ұсынады. ҚБОӘО құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауды, аумақтық құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес беруді жүзеге асырады. Әдістемелік құрамды аттестаттау жұмысын ұйымдастырады. ҚБОӘО қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындап, ақпараттық материалдарды жүйелейді және жасайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзірлеп, рецензиялайды және бекітуге дайындайды, аумақтық орталықтар, эксперименттік алаңдар қызметінің нәтижесін талдайды және жалпылайды. Қажетті есептерді дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады.

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негiздерiн, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетiстiктерін, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заң негiздерiн.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.


Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары
Біліктілікті арттыру институттары
Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) директоры
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біліктілікті арттыру институтының (бұдан әрі – Институт) оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін дамытады. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес Институт қызметінің ағымдағы және келешек жоспарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру, жетекші жоғары оқу орындарымен, алыс және жақын шетел ғалымдарымен білім беру мәселесі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңйту шараларын жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Институттың басқару құрылымын айқындайды. Институттың Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, курстардың, семинарлардың оқу-тақырыптық жоспарларын, штаттық кестені, Институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Басқа да оқу іс-шараларын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Білім беру қызметін жүргізуге берілген лицензияға сәйкес тыңдаушылар үшін біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау курстарының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады, оған қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде Институт мүлігі мен құралдарына иелік етеді. Есеп-қисап, оқу-материалдық базаның түгелдігін және үнемі толықтыруын, Институттың жұмыс тәртібінің және ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби деңгейінің өсуіне жағдай жасайды. Институттың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық жасайды.

Мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарда Институт атынан өкілдік етеді, қажетті есеп-кисаптың дайындалуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары және білім берудің келешегі мен даму жолдарын айқындайтын басқа да нормативтік құқылық актілерді, педагогика және психология негіздерін, білім берудің, андрогогиканың, синергетиканың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, менеджмент негіздерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметтің негіздерін, еңбек туралы заңнама, еңбек қорғау нормалалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы және білім беру ұйымдарында немесе білім беруді басқару органдарында басшылық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.


Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге және Біліктілікті арттыру институтының (бұдан әрі – Институт) жарғысына сәйкес Институт құрылымдарының қызметіне басшылық етеді. Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және қадағалайды. Курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеуге басшылық және қадағалау жүргізеді. Баспа ісіне басшылық жасайды. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ыңтымақтастықты ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының және әдістемелік қызметтердің, білім беру ұйымдарының барлық деңгейіндегі ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының, басшыларының біліктілігін арттырудың үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етуд3 қадағалайды. Институттың құрылымдық бөлімшелеріне кадрлар іріктеуді іске асырып, оларды Институт басшылығына ұсынады. Кафедра, әдістемелік кабинеттер және басқа да құрылымдар қызметкерлеріне консультация береді, олардың жұмысын үйлестіреді, әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Қажетті есеп-қисаптың ұйымдастырылуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және білім берудің келешегі мен даму жолдарын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, андрогогика, синергетика, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, еңбек қорғау нормалалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы және білім беру ұйымдарында немесе білім беруді басқару органдарында басшылық қызметтегі ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
Біліктілікті арттыру институтының (БАИ) әдіскері

Лауазымдық міндеттері: Курстардың, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық оқулардың, конкурстардың, көрмелердің сараланған жабдықталуын және өткізілуін ұйымдастырады. Курстарға оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді. Зертханалық-практикалық сабақтарды, тренингтерді, тиісті санаттардың біліктілігін арттырудың (бұдан әрі – БА) өзекті мәселелері бойынша іскерлік ойындарды даярлап, өткізілуін қамтамасыз етеді. Жаңа тиімді технологияларды енгізу бойынша арнаулы проблемалық курстарды ұйымдастырады. БА курстарына арналған жаңа оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды әзірлейді. Білім беру қызметкерлерінің үздіксіз БА әртүрлі топтарының курстық дайындықтарының тиімділігін анықтайтын педагогикалық инструментарий жұмысын, педагогикалық диагностика, түзетуді іске асыру әдістерін жетілдіру, әдістемелік жұмысты үлгілеу бойынша заманауи әдістерді енгізу жұмысын үйлестіреді. Білім беру ұйымдарының дыбыс-бейне және интерактивті оқыту құралдарына мұқтаждығын, қазіргі педагогикалық деректер банкісінің ахуалын саралайды. БА курстарының әдістемелік және тәжірибелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Біліктілік арттыру жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, кабинет бейіні бойынша педагог кадрлардың сапалық құрамына мониторингті жүзеге асырады. Авторларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеңдердің мақұлдануына, авторлық курстар, семинарлар ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсетеді. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижелерін саралайды және жалпылайды. Білім беру ұйымдары педагогтарының, әдіскерлерінің, басшыларының нәтижелі жұмыс тәжірибесін зерттеп, жалпылайды және таратады. Білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік кабинеттерге консультативтік, әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Курсаралық жұмыстар мен әртүрлі байқаулар, конкурстар, слеттер, олимпиадалар өткізеді. Педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерттеп, насихаттайды. Педагогика ғылымының заманауи жетістіктерін, педагогикалық әдебиеттің жаңалықтарын қадағалап, олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік кабинеттерді хабардар етеді. БА жүйесінде маркетингтік зерттеулер және баспа қызметін жүзеге асырады.

Аймақтық деңгейде жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін қадағалайды. Педагогтердің, білім беру ұйымдарының инновациялық, тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарының және өзіндік зерттеу (ізденіс) қызметінің нәтижелерін жалпылау негізінде ғылым және практиканың ықпалдасу идеяларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді. Республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру мәселелеріне байланысты материалдар жариялайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек колдексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, дидактика прициптерін, педагогика негіздері және жас ерекшелігі психиологиясын, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін, баспамен жұмыс негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі мен принциптерін, пән бойынша жаңа және балама оқулықтар мазмұны, алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын, ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: БАИ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ақпаратты компьютерлік өңдеу технологиясын, педагогикалық саралау әдістерін меңгеруі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі, оның ішінде біліктілік арттыру жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ БАИ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылай және тарата білуі, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және БА жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 7 (жеті) жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыс дағдыларына ие болуы, білім беру процесінің өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтар жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, БА жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 9 (тоғыз) жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыс әдістерін меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі: алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша ақпарат таратуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, БА жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 10 (он) жыл және жарияланған әдістемелік материалдары болуы керек.


жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау