Тарих ғылымы саласындағы жаңаша пайымдаудың қалыптасуы жағдайында білім
мазмұнын түбегейлі өзгерту, оқытушыларлардың дүние жүзіндегі қазіргі заманға сай
тұлғалық-плюралистік бағыттағы концепциялық-мазмұнды ұстанымын жасап және
игеруіне итермелеп отыр.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы сабағын оқып-үйрету барысында Отандық
тарихымыздың дамуының аса ірі әрі күрделі бағыттарын көршілес елдердің халықтарының
тарихы мен мәдениетімен ғылымның жетістіктері және қазіргі замандағы қалыптасқан
жаһандану мәселелерімен тығыз байланыста қараған жөн.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсы аяқталғаннан соң студент
ұғымы болуы қажет:
- тарихи қоғамның ұстанымы және заңдылықтарының дамуын;
- қоғам тарихи кездерінің дамуын, Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи
кезендерін;
- тарих көздері, оның тарихи танымның анық-қанығының дәрежесіндегі рөлі
- Дүниежүзілік және Еуразияның тарихында Қазақстанның қазіргі заман тарихының
орны.
білу:
- қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейін оқып
игереді
- қазақстанның қазіргі заман тарихы курсы нақты деректік материалдар негізінде
меңгеріледі.
қолынан келетіні:
- берілген мерзім ішінде міндетті түрде өз бетінше ізденіп дайындаған 3 семестрлік
жұмыс жазады
- жан-жақты, бай ақпараттарды сүзгіден өткізіп зерттеу тәжірибесін игеру
- қазақстан тарихы курсының негізгі мазмұнын оқытушының басшылығымен оқып-
игеру
- қойылған сұрақтарға ретімен жауап беріп, орындаған семестрлік жұмыстарын
қорғау және пікір білдіруді де білу керек
- қазіргі кездегі тарихи деректемелерге жан-жақты сыни сараптама жасау
3.4 Пәннің қайта деректемелері: Мектеп бағдарламасының деңгейінде тарих,
география, жалпыгуманитарлық қажетті білімі болу керек
3.5. Пәннің кейінгі деректемелері: Әлеуметтану,
Саясаттану, Құқық негіздері.
4. Пәннің құрылымы және мазмұны
4.1 Теориялық дайындық (30 сағ.)
Тақырып
Тақырып (модулдер, бөлімдер)
Дерек көзі
1.
«Қазақстан тарихына кіріспе» 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,13,14
2.
*
Кеңестік
Қазақстанның
тарихи
бастаулары:
қазақтандыру
қиыншылықтары
Дәріс,
1,4,7,8,11,13
3.
*
Кеңестік
тоталитарлық
Қазақстанның қалыптасуы:
сипаты,
шаралары, сабақтары 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,11,13
4.
Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың
ерлігі мен қасіреті 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,11,13
5.
*
Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық» 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,13,14
6.
Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және
экологиялық дағдарыстар 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,13,14
7.
Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,13,14
8.
Қазақстан мемлекеттінің қалыптасуы 2 сағат
Дәріс,
1,2,4,7,8,
9.
*
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі 2 сағат
Дәріс,
1,2, 4,7,8
10.
Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер 2 сағат
Дәріс,
1,4,5,7,8,10,12
11.
*
Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы 3
сағат
Дәріс,
1,4,5,7,8,10,12
12.
*
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің нығаюы 3 сағат
Дәріс,
1,4,5,7,8,10,12
Ескерту: белгіленген тақырыптарды * сыртқы бөлім студенттері оқып-үйренеді,
қалғандары СӨЖ көлемінде оқиды.
Кіріспе
Қазақстан тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері. Қазақстан тарихы пәнінің жас
ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы маңызы мен орны. Қазақстан патриотизмін
қалыптастыру – Қазақстан тарихының басты міндеттерінің бірі. Тарихты объективті оқып-
үйрену және оны түсіндіру – бүгінгі білім беру жүйесінің маңызды міндеттері.
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлудің негіздері. Қазақстан тарихын оқып-үйренудегі
формациялық және өркениеттік ұстанымдар.
Қазақстан тарихы бойынша деректер, олардың түрлері мен ерекшеліктері. Заттай,
этнографиялық, лингвистикалық, ауызша, жазбаша деректер. Электронды ресурстар қазіргі
заманның дерек көзі ретінде және оның ерекшеліктері. Мемлекеттік «Мәдени мұра»
бағдарламасының отан тарихын оқып-үйренуде дерек көздерін жетілдірудегі рөлі.
Қазақстан тарихының тарихнамасы. Қысқаша шолу: революцияға дейінгі тарихнама,
кеңестік кезең тарихнамасы және Егемен Қазақстан Республикасы кезеңдерінің
тарихнамасы.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Блок 1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА: ДАМУ ФАЗАЛАРЫ
МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ.
1-тақырып. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай –тәуелсіздік үшін
күрестің алғышарттары
Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандыру
ісінің қарқын алуы, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныстандыру
мекемелері жүйесінің құрылуы, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау.
Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер. Әкімшілік орындарының
қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары, осы мақсатта қолданған
әдістері. Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі.
Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық
сипаты. Ұсақ өнеркәсіп. Транспорт. Сауда. Банкі жүйесі. Еуропалық капиталдың енуі.
Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы. Қазақ жұмысшыларын
кемсіту және қанау ұстанымы
2 - тақырып. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар
Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Ұлттық қозғалыс түрлерін
сипаттау. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік