Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.
Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және
қоғамдық институттарының дамуы. Қазақстан халқының форумы. ҚР-ндағы қоғамдық
қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. «Нұр
Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және
оның маңызы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында»
атты Саяси доктрина - «Нұр Отан» партиясының көшбасшылығының кешенді
бағдарламасы».
Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу,
партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың,
азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы.
Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны
нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы
келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы.
ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. «Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы
Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.
Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.
ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық
кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша
ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру. Демократияландыру және
азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі.
Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы
азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру. Қазақстан Президенті
жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам
құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі. Өлім жазасына мораторий енгізу.
Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар
туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Заңдарды ізгілендіру. Саяси реформалардың
жалпыұлттық бағдарламасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту
тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы –
мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта.
Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Азаматтық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру
саласындағы әлемдік тәжірибе.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында».
14-тақырып. ҚР жастар саясаты және рухани жаңару бағыты
Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары. «Нұр Отанның» жастар қанатының
қызметі. Жастарды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу. 2004 жылғы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы. Жастардың
рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн
әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау,
бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу. ҚР-ның жастар саясаты
туралы «Қазақстан – 2020» даму бағдарламасы.
Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы. Дін тұту бостандығының
заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан
мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ). Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер
көшбасшыларының 2003 ж. 1-ші съезі, 2006 ж. 12-13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі
ІІІ съезі. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
15-тақырып.
Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды
қалыптастыру саясаты
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға
бағытталған шаралар. Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы.
1998 ж. Ұлттық тарих жылы.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу.
Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы.
Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында
қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын
қалыптастыру. Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі
маңызы.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі
бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді
пайдаланылуын қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны
зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде
гуманитарлық білімнің толық бағалы қорын құру.
«Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің
маңызы. Жаңа Қазақстан –ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері.
Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген
салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Көне
түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы
туралы қағида. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени
ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы.
Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ
тіліне аударылып, қайта басылуы. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси
үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері.
16-тақырып. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа
тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы
Ұлттық тарих мәселелеріне арналған «Халық тарих толқынында» арнаулы
бағдарламасының қабылдануы. Қазақстан тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен
әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруы. Қазақтардың ұлттық тарихының
маңызын айшықтау. Ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи деректерді
сараптау. Шет елдердегі зерттеулерді қолдану. Аймақтардағы мұражайлар мен тарихи
орындарды жаңғырту. Халыққа тарихи патриотизмді сіңіру.
17-тақырып. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550
жылдығының» аталып өту маңызы
Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы
ретінде бағалануы. Мәселенің деректік негіздері мен тарихнамасына Қазақ хандығының
құрылуына жаңаша көзқарастың пайда болуы. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ
халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының
қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Қазақ хандарының мемлекеттік
қызметін зерттейтін жаңа еңбектердің жарыққа шығуы. Қазақ хандығының 550 жылдығын
мерекелеуде социомәдени негіздерге байланысты көзқарастардың қайта қаралуы.
Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша
тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса
көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы. Байырғы Қазақ қоғамындағы
батырлар мен билер институтын және қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін