55
алушының жеке бас ерекшелігін ескереді жəне ол үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың
қолайлы шарттарын туғызады. Осы оқыту технологиясы білім алушының психологиялық,
физиологиялық күйіне негізделуі тиіс.
Оқытуды ізгілендіру технологиясы – қазақ тілін меңгертуде жиі қолданылатын
технология. Ізгілендіру технологиясының түпкі мақсаты – білім алу барысында жеке
тұлғаның ерік-жігерімен өмір сүруге бейімдеп, кез келген жағдайлардан жол таба алатын,
өз пікірін ұсына жəне қорғай алатын гуманист азамат қалыптастыру.
Проблемалық оқыту тіл үйренушінің репродуктивті, продуктивті жəне
шығармашылық қызметін жетілдіруді көздейді. Проблемалық жағдаят тіл үйренушінің
ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен шешім қабылдауға жетелейді. Бұл технология тіл
үйренушілердің өз бетінше іздену əрекеттерін дамытуға ықпал етеді.
Ақпараттық-компьютерлік
технологиялар.
Ақпараттық
технологияларда
бейнероликтерді, ғаламтор ресурстарын, мультимедиалық құралдарды, үн жəне бейне
таспаларды,
ақпараттық
технология
құралдарын,
электронды
оқулықтарды,
компьютерлерді, лингафондық аппараттар қолданылады.
Жобалау технологиясының мақсаты – білім алушының шығармашылық-
зерттеушілік қабілетін дамыту. Сөйлеуге төселдіруде құзіреттілік қатынас аясында білім
алушылардың өз бетімен іздену құзіреттілігін қалыптастыруға, əрекеттік, танымдық,
креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жобалық технологияларды орынды
қолданудың маңызыды.
Білім беру технологияларын қазақ тілін деңгейлік оқытуда ұтымды қолдану білім
алушының практикалық дағдыларынан бөлек оқу, талдау жəне мəтін материалын жүйелеу
барысында мəтінде берілген мəселелерді сыни тұрғыдан түсіну қабілеті мен
интеллектуалдық дағдыларын жетілдіреді.
Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы интерактивтік əдістер. Қазақ тілін
оқытудың формалары
Интерактивті əдістер білім алушылардың түрлі топтық, жұптық, ұжымдық
тапсырмаларды орындау барысындағы өзара əрекетін ұйымдастырудың тиімді жолы
ретінде қолданылады.
Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді,
рөлдік ойындарды пайдалануды, мəселені бірлесіп шешуді көздейді. Мұнда оқу үдерісінде
белгілі бір тұлғаның немесе идея иесінің тілді білу деңгейі мен қабілетіне мəн беріледі.
Тіл үйренуші өз ұстанымы бар əрекет субъектісіне айналады.
Интерактивті оқыту кезінде білім алушының тілді меңгеру барсындағы ойлау
жүйесіне, қоршаған ортаны қабылдау, пайымдау, талдау бағамына көңіл бөлінеді.
Интерактивті əдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін
атқарады. Мұғалім жаңа білім берумен бірге білім алушыларды өз беттерінше ізденуге
жетелейді. Мұғалім белсенділігі тіл үйренушінің ойлау белсенділігімен алмастырылып,
оның міндеті сөйлесім əрекетінің барлық түрлерін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай
тудыру болып табылады.
Білім алушыларға қазақ тілін меңгерту бағытындағы ұйымдастырылатын жұмыс
түрлері тіл үйренушілердің санына, оқыту мақсатына қарай үш топқа жіктеледі: дербес,
топтық, ұжымдық. Ұжымдық жұмыстарда «Дөңгелек үстел», ойталқы, пікіралмасу,
іскерлік ойындар қамтылады. Топтық жұмыстар аясында рөлдік ойындар, ойкөкпар,
пікірсайыс, тренинг ұйымдастырылады. Ал дербес орындалатын жұмыстар жүйесіне
синектика, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыстар, шығармашылық жұмыстар
біріктіріледі.
Қазақ тілді емес мектептерде тілді деңгейлік оқыту аясында интерактивті əдістер
білім алушылардың тілді үйренуін қамтамасыз етіп, олардың оқу мотивтерін,
қажеттіктерін, қызығушылықтарын, құндылық бағдарларын қалыптастыруға мүмкіндік
беретін мұндай əдістер сабақ сапасын арттырады. Бұл əдістер шығармашылық,
проблемалық жəне жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас түрлері, креативтік, іскерлік
56
ойындар, синектика, «ойға шабуыл» жəне т.б. əрекеттік жұмыстар арқылы іске
асырылады.
Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері жəне ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін
оқытудың басқа түрлері жəне оларды жүгізу ерекшеліктері: факультативтік сабақ жəне
сабақтан тыс жұмыстар.
Өзге тілді мектептерде қазақ тілін тереңдете оқыту. Қазақ тілін тереңдете
оқытудың мақсаты мен міндеттері. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын
жасаудағы оқушының даму ерекшеліктерін негізге алу. Тереңдете оқытудағы
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мазмұны. Орта мектепте оқылатын қазақ
тілі бағдарламасымен байланыстылығы.
Сөйлесім əрекеті – қазақ тілін деңгейлік оқытудың тетігі
Қазақ тілін оқыту сөйлесім əрекетінің түрлерін сабақта тұтас бірлікте қолданумен
байланыстылығы. Сөйлесім əрекетінің тілдік жүйемен жəне қарым-қатынас жағдаятына
негізделген хабарды беру жəне қабылдау, шығармашылық жəне рецепция үдерісі екендігі.
Ол тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім секілді негізгі сөйлесім əрекетінің
түрлері арқылы іске асады.
Сөйлесім əрекетінің түрлерін оқытудың нəтижесі: айта алу, тыңдай алу, оқи алу жəне
жаза алу сөйлеу біліктіліктері болып табылады. Сөйлеу біліктіліктері – қарым-қатынас
үдерісінде сөйлесім əрекетін орындай алу қабілеті. Кез-келген адам тілді меңгере алады,
бірақ тілді меңгеру деңгейі (сөздік қордың көлемі, грамматикалық құралдарды меңгеру
деңгейі, стильдерді жəне т.б. меңгеру) əр түрлі болады.
Сөйлеу біліктілігі сөйлеу дағдысының нəтижесінде қалыптастады. Сөйлеу
дағдысының оқушылардың сөйлеу операцияларын автоматты түрде орындай алу
қабілетін білдіретіндігі.
Сөйлесім əрекеті түрлерін қалыптастыру əдістемесі
Сөйлесім əрекетінің түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім)
қатысымдық бағытта өзара сабақтастыра қолдану, білім алушының қазақша дұрыс
сөйлеуі мен сауатты жазуына ықпал етеді.
Тыңдалым бойынша білім алушы оқытушының сөзін, сабақты түсіндіруін жəне
тіл үйренушілердің əртүрлі хабарламаларын тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі жəне
қосымша ақпараттарды түсіне алады. Мысалы, мəтінмен жұмыс кезінде мəтінге баға
беріп,
мəтінді
қолдау,
ризашылығын
(қарсылығын)
білдіру,
таңданысын,
қызығушылығын, мақтаныш сезімін, өкінішін, қуанышын, ренішін, қорқынышын, үмітін
білдіру жəне т.б. əрекеттерді жүзеге асырады.
Оқылым бойынша білім алушы берілген тапсырмаға қатысты мəліметтерді алуға
болатын əдебиеттерді, материалдарды жəне ұсынылған тапсырмаларды оқып, оның
мазмұнын жəне негізгі тақырыбын түсінуге дағдыланады.
Айтылым бойынша тіл үйренуші түсінгенін ауызша айтып, берілген сұрақтарға
жауап беруге, сұрақ қоя білуге, өз ойын айта білуге, түсінгенін өз сөзімен əңгімелеп
беруге жаттығады. Сонымен қатар мəлімдеме, баяндама жəне т.б. жасайды, баяншыны
қоштауға не қарсы пікірін дəлелдеуге дағдыланады. Білім алушы берілген тақырып
бойынша пікір айтып, оқыған немесе тыңдағаны бойынша жаттығулар орындайды.
Мəтінде берілген тұжырым, пікірлерге жəне т.б. қатысты өз көзқарасын айта білуге
дағдыланады.
Жазылым бойынша білім алушы тапсырма мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен
жазбаша баяндай білуге, осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын жазбаша
сауатты жеткізуге, жиналған ақпараттар туралы өзінің пікірін хабарлап, қорытындылауға,
ашықхат, реферат, тезис, баяндама жəне т.б. жазуға үйренеді.
Тілдесім бойынша адамдармен толыққанды тілдік қарым-қатынас жасауға, топ