49
•
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың əдістемелік жүйесі.
•
Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы инновациялық технологиялар: түрлері,
ерекшеліктері, сипаты.
•
Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы интерактивтік əдістер. Қазақ тілін оқытудың
формалары мен түрлері.
•
Грамматиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту əдістемесі.
•
Сөйлесім əрекеті – қазақ тілін деңгейлік оқытудың тетігі.
•
Тыңдалым əрекетін қалыптастырудың əдістемесі.
•
Оқылым əрекетін қалыптастырудың əдістемесі.
•
Жазылым əрекетін қалыптастырудың əдістемесі.
•
Айтылым əрекетін қалыптастырудың əдістемесі.
•
Тілдесім əрекетін қалыптастырудың əдістемесі.
•
Қазақ тілінен меңгерген білімді бағалау жүйесі мен өлшемдері (индикаторлар).
Қазақ тілін оқыту əдістемесі дəрістер, практикалық сабақтар, студенттердің
оқытушының жетекшілігімен орындайтын жұмысы, студенттердің жеке жұмысы,
студенттердің шығармашылық жұмысы, арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар
барысында меңгертіледі. Сонымен бірге, білім алушының ғылыми жоба, ғылыми
баяндама, бақылау жұмысы, реферат, дипломдық жұмыс жазуы арқылы əдістемелік білімі
жетілдіріледі.
Студенттердің теориялық білімдерін нақты тəжірибе жүзінде бекіту мақсатында
мектептермен байланыс орнатылып, олардың мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысуы
жоспарланады. Студенттерге тілді меңгертуге, соның ішінде қазақ тілін игертуге
байланысты ғылыми-əдістемелік əдебиеттер, оқулықтар мен оқу құралдарының тізімін
дайындау тапсырылады.
Дəрісте қазақ тілін деңгейлік оқытудың теориялық жəне əдіснамалық мəселелері
қарастырылып, практикалық сабақтарда қазақ тілін меңгертудің əдістемелері мен оқу-
əдістемелік əдебиеттерді саралау, қазақ тілі сабақтарын мазмұндық-құрылымдық жағынан
талдау, сабақ жоспарын дайындау, сабақ жүргізу жұмыстары ұйымдастырылады.
Студенттер қазақ тілін оқыту əдістемесін оқу үдерісінде қазақ тілі мұғаліміне тəн
іскерліктерді игереді. Қазақ тілі мұғаліміне тəн негізгі іскерліктерге мыналар жатады:
•
мектепте тіл үйретудің əр деңгейінде қазақ тілін меңгертудің мақсат-міндеттерін
анықтай алу іскерлігі;
•
қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуде өзге тілді оқушылардың психологиясы
мен жас ерекшелігін, физиологиялық ерекшелігін жеке бас қабілетімен байланыстыра
алу біліктілігі;
•
əрбір қазақ тілі сабағының білімдік, тəрбиелік, дамытушылық міндеттерін толыққанды
жүзеге асыру іскерлігі;
•
сөйлесім əрекетінің түрлері: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесімді əр
сабақ сайын жүйелі, кешенді жүргізе алу дағдысы;
•
фонетика, лексика, грамматикадан берілетін білімді қазақ тілінде ауызша жəне
жазбаша қарым-қатынасқа жетудің жолы ретінде меңгерту біліктілігі;
•
оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының қатысымдық
қабілетін, тілін дамытатын, танымын кеңейтетін, ойлауын жетілдіретін əдістер мен
тəсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;
•
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі маңызын ескеріп оқыту іскерлігі;
•
оқушының қазақ тілін үйренуге деген мотивтерін анықтап, оны дамыта білу іскерлігі;
•
сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу
іскерлігі;
•
тіл үйретудегі жаңа əдістерді сабақтарда қолдана алу іскерлігі.
50
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін деңгейлік оқыту əдістемесінен
жүргізілетін дəрістік курс
Қазақ тілін деңгейлік оқыту əдістемесі: əдіснамалық негіздері
Өзге тілді мектептердегі қазақ тілін оқыту əдістемесі – жеке ғылым саласы. Қазақ
тілін оқыту əдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пəні, мақсаты, міндеттері. Қазақ
тілін оқыту əдістемесін зерттеудің эмпирикалық жəне теориялық түрлері. Қазақ тілін
оқыту əдістемесінің ғылыми-теориялық жүйесі жəне оны меңгерту жолдары.
Қазақ тілін оқыту əдістемесінің тарихы, қалыптасуы жəне даму жолдары.
Əдістемелік мұра жəне оны танып-талдау əдістері мен жолдары. Қазақ тілін оқыту
əдістемесінің негізін қалаған ғалымдар – Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы,
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев, Ы.Маманов т.б.
еңбектерінің маңызы.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі – өзге тілді мектепте оқылатын негізгі
пəндердің бірі. Өзге тілді мектептерде қазақ тілі пəнінің мемлекеттік тіл ретінде оқытылу
ерекшелігі мен заңдылықтары. Қазақ тілі пəнінің білімдік, тəрбиелік, дамытушылық
маңызы.
Қазақ тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс білім, білік, дағдылар.
Дəстүрлі жəне инновациялық əдістерді қолдану дағдылары.
Қазақ тілі пəнінің басқа пəндермен байланысы: ана тілі, əдебиет, математика, шет
тілі, химия, физика, биология, музыка, сурет, информатика т.б.
Лингводидактиканың дамуындағы психологиялық тұжырымдар. Ойлау мен сөйлеудің
байланысы. Тіл үйрену процесінде жүретін психологиялық, физиологиялық ерекшеліктер.
Тіл үйретудегі мотивтердің (əлеуметтік жəне танымдық) маңызы.
Өзге тілді мектептерде қазақ тілін меңгертуде басшылыққа алынатын
жалпыдидактикалық (дамыта оқыту, ғылымилық, жүйелілік, оқу мотивтерін ескеру,
түсініктілік, т.б.) жəне арнайы бағыттар (қатысымдық тұрғыдан оқыту, əрекеттік бағыт,
құзіреттілік бағыт, т.б. ұстанымдар).
Қазақ тілін үйретудің əлеуметтік мəні. Дара тұлғаға тəн тілдік дағдылар, оларды
əлеуметтік ортада орынды пайдалану. Қоғамдық-əлеуметтік ортаның əсері.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту əдістемесінің
лингвистикалық, лингвомəдениеттанымдық, психологиялық, педагогикалық, əлеуметтік,
когнитивтік негізі.
Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту əдістемесінің лингвистика іліміне
негізделуі. Қазақ тілін үйрету əдістемесінің тіл білімі ғылымының негізінде іске асуы.
Қазақша (ауызша жəне жазбаша) тілдік қатынасты меңгертуде функционалдық
грамматика мен ғылыми грамматиканың рөлі.
Қазақ
тілінде
оқытпайтын
мектептерде
қазақ тілін
үйрету
барысында
лингвомəденитанымдық аспектілердің алатын орны. Өзге тілді мектептерде қазақ
халқының мəдениетін, рухани жəне материалдық құндылықтарын тіл арқылы игерту.
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары,
қағидалары мен бағыттары
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары
мен бағыттары Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді заманауи талаптарға сай
оқыту қажеттігіне орай айқындалды. Бұл əлемдік тəжірибедегі екінші тілді оқыту
əдістемесінің басым бағыттарымен сəйкестендірілді.
Тілдік қатынас – тіл үйренушінің ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну,
пікірлесу жəне т.б. əрекеттерінің жиынтығы. Тілдік қатынас – ойлау мен сөйлеудің
қатысы арқылы тілдік бірліктердің таңбалық жүйесі мен дыбысталуы нəтижесінде жүзеге
асатын, қатысымдық бірліктердің түрлі мағыналық реңктері арқылы берілетін,
адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тəн күрделі қоғамдық-