6
ТҮСІНІК ХАТ
Бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесі түбегейлі
өзгерістерге ұшырап отыр. Оның бағыты əлемдік білім беру кеңістігіне
енуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы білім берудің жаңа
жүйесінің қалыптасуымен анықталады. Жүріп жатқан өзгерістер Қазақстан
республикасындағы бастауыш мектептер үшін болашақ мамандарды
даярлаудың мазмұнын қайта қарауды жəне жаңартуды талап етеді. Қазіргі
кезеңде бастауыш мектептер педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға
теориялық жəне практикалық даярлығы бар, педагогикалық бағыттарды
ерікті таңдап алудың өскелең жағдайында сенімді бағдар ала алатын, пайда
болған өзгерістерді жүйелі, тұтас қарауға қабілетті, барлық жаңалықты
қабылдауға, өзбетімен жаңа білім алуға, дəстүрлі емес жағдайларда шешім
қабылдауға қабілетті мұғалімге мұқтаж. Сондықтан да 5В010200 –
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі» мамандығы бойынша
«Педагогика» базалық пəн ретінде бакалаврлардың кəсіби дайындығында
шешуші курс болып табылады. Бұл пəнді оқу бакалаврларға педагогиканың
əдіснамалық негізін, негізгі педагогикалық ұғымдарды, педагогиканың
құрылымын, оқу мен тəрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдарын, тəрбие
мен оқытудың мазмұнын, əдістерін, құралдарын, формаларын игеруге,
балалардың жас ерекшеліктерімен танысуға, бастауыш сыныптағы
педагогикалық үдерістің жүруі мен нəтижелерін шартты анықтайтын
тəуелділіктерді ашуға, бастауыш мектеп мұғалімдері алдында тұрған
міндеттерді игеруге мүмкіндік береді.
«Педагогика» пəні базалық пəндер модуліндегі міндетті компонентке
жатады. Ол философия, психология, білім берудегі менеджмент, бастауыш
мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі сияқты іргелес
пəндермен байланыста оқытылады.
Пререквизиттер: оқушылардың даму физиологиясы.
Постреквизиттер: бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы
мен əдістемесі, критериальды бағалау технологиясы, білім берудегі
менеджмент, математиканы оқыту əдістемесі, бастауыш мектептегі пəндерді
оқыту əдістемесі, практиканың барлық түрі, студенттердің ғылыми-зерттеу
жұмыстары.
«Педагогика» пəнінің тақырыптық жоспары
1 бөлім. Педагогиканың жалпы негіздері
1-тақырып. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде.
Педагогиканың əдіснамалық негіздері.
2-тақырып. Бастауыш мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс.
7
3-тақырып. Оқушы тұлғасы - тəрбиенің объектісі жəне субъектісі.
4-тақырып. Дамудың жас жəне жекелік ерекшеліктері.
5-тақырып. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі.
2 бөлім. Тəрбие теориясы
6-тақырып. Тəрбие қоғамдық-тарихи үдеріс жəне педагогика пəні
ретінде.
7-тақырып.
Бастауыш
мектеп
оқушыларын
тəрбиелеудің
заңдылықтары мен ұстанымдары.
8-тақырып. Тəрбие үдерісінде бастауыш мектеп оқушысының
тұлғасын қалыптастыру.
9-тақырып. Қазіргі педагогикадағы тəрбиенің əдістері, құралдары
жəне формалары.
10-тақырып. Ұжым жəне отбасы тұлғаны тəрбиелеу мен əлеуметтендіру
жүйесінде.
3 бөлім. Оқыту теориясы
11-тақырып.
Дидактика-педагогикалық
ғылым.
Оқытудың
заңдылықтары жəне ұстанымдары.
12-тақырып. ҚР-да қазіргі бастауыш білім берудің мазмұны.
13-тақырып. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың əдістері,
құралдары жəне ұйымдастыру формалары.
14-тақырып. Оқыту үдерісінің сапасын педагогикалық бақылау жəне
бастауыш мектеп оқушыларының оқуын мотивациялау.
15-тақырып.
Бастауыш
білім
берудің
қазіргі
педагогикалық
технологиялары.
II. «Педагогика» пəнінің мазмұны
Кіріспе
Пəннің мақсаты студенттерде білім берудің бастауыш сатысындағы
қазіргі педагогикалық үдерістің негізгі міндеттер тобын шешуге бағытталған
базалық кəсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік туғызу
болып табылады:
-
кіші мектеп жасындағы оқушылардың жас жəне жеке ерекшеліктерін,
олардың қажеттіліктерін ескере отырып тұлғасын дамытуға бағытталған білім
беру үдерісін құру;
-
дамытушы ортаны (мектептің, сыныптың жəне білім беру үдерісінің
басқа да субъектілерінің білім беру кеңістігі) педагогикалық мақсатта құру
жəне қолдану;
- кəсіби жағынан өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай
жасау.
Пəнді оқытудың міндеттері:
8
1.
педагогикалық сана қалыптастыруға ықпал ету;
2.
кəсіби педагогикалық қызмет саласында бакалаврдың кəсіби өзін-өзі
анықтау жəне өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау.
Пəннің нысаны - педагогикалық дүниетаным болашақ бастауыш сынып
мұғалімінің жоғары педагогикалық кəсіби білімінің құрамдас бөлігі ретінде
«Педагогика» курсының пəні - болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің кəсіби педагогикалық дағдысын қалыптастыру үдерісі
Пəнді оқыту əдістері – əртүрлі көздерден ақпараттар алу, ғылыми-
педагогикалық
жəне
арнайы
əдебиеттермен
жұмыс,
бақылау
мен
педагогикалық экспериментті ұйымдастыру жəне жүргізу; озат педагогикалық
тəжірибені жинақтау жəне қорыту, əңгімелесу, сауалнама, тестілеу жəне т.б.
Педагогиканы оқу барысында студент:
білім беру саласындағы кəсіби қызметінің құндылық негіздерін;
педагогикалық қызмет жəне білім беруді жүзеге асырудың құқықтық
нормаларын;
білім беру үдерісінің мəні мен құрылымын;
баланы тəрбиелеу мен оқытудың теориясы мен технологиясын;
кіші мектеп оқушыларын педагогикалық зерделеудің амалдарын;
педагогикалық үдерістің əртүрлі субьектілерімен педагогтың өзара əрекет
амалдарын;
өзін-өзі кəсіби дамыту амалдарын;
Қазақстан Республикасы жəне əлемде білім беруді дамытудың қазіргі
кезеңінің ерекшеліктерін білуі тиіс.
білім беру тұжырымдамаларын таңдау жəне жүйелі талдауды;
əртүрлі кəсіби міндеттерді шешуде педагогикалық диагностикалау əдістерін
қолдануды;
оқушылардың əртүрлі ерекшеліктерін педагогикалық өзара əрекетте
ескеруді;
қазіргі технологияларды пайдалана отырып, білім беру үдерісін жобалауды;
педагогикалық үдерістің əртүрлі субъектілерімен қақтығыссыз қарым-
қытынас жасауды меңгеруі тиіс.
Бұл курстың құрылымы төмендегідей логикаға бағынады:
Бірінші бөлім - педагогиканың жалпы негіздері - мұнда
педагогиканың пəні мен міндеттері, педагогиканың теориялық -əдіснамалық
негіздері, тұтас педагогикалық үдеріс, балалардың жас ерекшелігіне сай