27
Төменгі каскадты табақшаның астынан кокс камерасының кокстеунің өнімі
беріледі.Рециркулят байытылған жəне қосымша қыздырылып шикізат К-1 төменгі бөлігінен,
реакционды змеевик пештерінен кокс камераларына жіберіледі. Қондыры төрт камерадан
тұрады. Олар қос-қостан жұмыс істейді П-2 арқылы П-1немесе П-2 қос камерасына
жіберіледі. Камераның бу тəрізді өнімдері кокстеу режимінде К-1 ге жіберіліп оның
жоғарғы бөлігінде кокстеу өнімінің фракцияларға бөлінуі жүреді К-1 жоғарғы жағынан
бензин буы мен газ алынады.К-1 жоғарғы өнімі Е-1 газ сепараторында газ бен бензин бөлініп
өз ағынымен газ блогына барады. К-1 қаптауынан алынған газойль фракциясы К-2
калонасының
булану сексиясына келіп, онда жеңіл фраксияларға ажыратылып қондығыдан шығарылады.
Операция ұзақтығы,сағат:
Шикізат берілуі ...................................................................24
Камераны қайта қосу ,камераны
су буымен қыздыру ..............................................................9
кокста бұрғылау,коксты сумен тесу ....................................6
камераны қыздыру..................................................................9
I – шикі зат; II – көмірсутекті газ; III – тұрақтандыру басы; IV – тұрақталған бензин; V
– керосин-газойль фракциясы; VI – жеңіл газойль; VII – ауыр газойль; VIII – су буы; IX – су
1.6 сурет – Жəй кокстеу қондырғының сызбанұсқасы
Техникалық режим:
Температура
о
С К-1кіретін шикізат ..............................................370-375
К-1 шыққан шикізат қоспасымен рециркулят .............................380-400
П-1-П-4 кіретін шикізат .................................................................480-520
о
С
П-1-П-4 аралығында шыққан кокстеу өнімдері ..........................420-430
о
С
Қысым кг*с/см
2
Кокс камерасында........................................................................... 1.7-6.1
Коксты кесуге берілген су............................................................... 150
Материалдық баланс
28
Кірген гудрон
қалдық
Шикізат
100 100
Алынды:
Көмірсутек газ 5.9 5.0
Тұрақтану басы 2.7 2.2
Бензин 13.1 5.5
Керосинді газойль
Жеңіл 25.5 25.8
Ауыр 25.9 28.5
Кокс 24 33
25 мм кейін фракциялар 10.0 11.8
25 мм төмен фракциялар 14.0 21.2
Барлығы: 100 100
Шығын көрсеткіші (1 т шикізатқа)
Су буы Гккалл 0.5 0.6
Энергиясы Кв*сағ 15 20
Айналған су
Негізгі əдебиеттер 1 [147-168]
Қосымша əдебиеттер 3 [26-33], 4 [15-19]
Бақылау сұрақтары:
1.Кокс тұзілуі неге байланысты?
2.Кокс қайда қолданылады?
3. Кокс шығуына қысым мен температураның əсері?
4. Жалған сұйық қабатта кокстеудің мақсаты?
5. Байяу кокстеу процесінің ерекшілігі?
8 Дəріс тақырыбы. Мұнай шикізатын пиролиздеу
Пиролиз – мұнай мен газ шикі заттарын термиялық крекингледің ең қатаң түрі, оны
750-900
0
С құрамында қанықпаған көмірсутегі басым (этилен, пропилен, бутилендер,
бутадиен) газдар газдар алу үшін жүргізеді. Газдармен қабат бұл процесте аздап сұйық өнім
– шайыр да түзіледі, онын құрамында көп мөлшерде бірсақиналы (бензол, толуол,
ксилолдар) жəне көп сақиналы (нафталин, антрацен) ароматикалық көмірсутектері болады.
Пиролизде шайырлар шығымы шикі зат ауыр болған сайын көп болады.
Пиролиз шикі заты əртүрлі. Пиролизге газ түріндегі көмірсутектерді (этан, пропан,
бутан жəне олардың қоспасы) жəне сұйық (төменоктанды бензинді, керосин-газойл
фракцияларын, мұнай қалдықтарын) салады.Шикі затты таңдау пиролиз мақсатында жəне
оның қорына байланысты.
Нормалды алкандарды пиролиздеуде мынадай занджылықтар байқалады: этан
толықша этиленге айналады, пропан мен бутаннан шағымы жоғары этилен мен пропилен,
көміртегі атомдар саны 4 көп алкандардан 45-50% эхтилен, пропилен жəне С
4
пен одан
жоғары қанықпаған көмірсутектер алады.
Пиролиз қондырғыларында өндірістік тəжрибеде газ түріндегі (этан, пропан, бутан
жəне олардың қоспасын) жəне сұйық мұнай фракцияларын (тура айдау, рафинат-бензинін)
пайдаланады. Соңғы жылдары үлкен қуатты этилен қондырғыларында бензин фракциясын
пайдалану, төмен молекулалы алкендер алумен қатар, құнды ароматикалық көмірсутектерін,
техникалық көміртегі мен нафталин өңдіру үшін шикі зат алуға мүмкіндік береді.
Процесс параметрлері. Процестің негізгі параметрлері температура, жаңасу уақыты
жəне қысым болып саналады. Параметрлерді таңдау қондырғыда өңделуші шикі зат
табиғатына жəне соңғы алынатын өнімдер қатынасына байланысты. Əрбір шикі зат түріне