25
бусұйық қоспасы екіге бөлінеді: бу мен сұйыққа. Сұйық бөлігі (крекинг–қалдық) өз
ағынымен 9 төменгі қысымды буландырғышқа түседі, онда қысымның төмендеуінің
нəтижесінде газойл фракциясының буларының бөлінуі орын алады.
I – шикі зат; II – химиялық тазаланған су; III - конденсат; IV – су буы; V – висбрекинг
қалдығы; VI - газойль; VII - бензин; VIII – көмірсутекті газ; IX – қышқыл су; X – ДЭА
регенерацияланған ертіндісі ; XI - ДЭА қаныққан ертіндісі.
1.5 сурет – Висбрекинг қондырғысының жүйесі
3 колонна сияқты 9 буландырғыш бітеу 9 төменгі бөлігінде крекинг–қалдықтан
бөлінгеннен соң бітеу табақша арқылы жоғары бөлігіне түседі, одан оған қарсы қозғалушы
сұйық шикі затпен кездеседі. Шикі затпен жанасып газойл фракцмясының буы аздап
конденсацияланады.
Газойлдің конденсацияланбаған бөлігі 9 жоғарысының шығып 15 конденсатр –
тоңазытқыш арқылы 16 рефлюкс сыйымдылығынв туседі. 16 газойлдің бір бөлігі 9 ағым
есебінде қайта беріледі, ал балансты мөлшері қондырғыдан шығарылады.
Рекция өнімдері бу фазасы 14 буландырғыштан 3 ретификациялық колоннаға
жіберіледі. 3 жоғарысынан бензин фракциясы мен газ булары шцғады. 4
конденсацияланғаннан кейін конденсацияланған бензин мен газ қоспасы 5 сепараторға
түседі, одан бензин мен газ əрқайсысы өз алдына ағын есебінде шығарылады. Бензин 18
колоннада тұрақтандырылады да қондырғыдан шығарылады.
3 бүйірлі ағыны – шикі заттың жеңіл бөлігі мен реакцияласпаған газойл – 12 пешке, ал
төменгі өнім – шикі заттың ауыр бөлігі мен қайта берілуші крекинг–қалдық – 11 пешке
жіберіледі.
Технологиялық режим. Мына төменде мазуттан мөлдір дистилляттар мен газдар
алумен істейтұғын термиялық крекинг қондырғысының технологиялық режимі келтірілген:
Температура,
0
С
Қысым, МПа
11 ауыр шикі зат пеші:
кіруде
шығуда
390-410
460-480
4,5-5,0
2,2-2,7
12 жеңіл шикі зат пеші:
кіруде
шығуда
290-320
530-545
5,5-6,5
2,2-2,8
3 ретификациялау колоннасы:
төменгі
шикі затты аккумуляциялаушы бөлігі
жоғарғысы
390-410
280-320
210-220
0,8-1,2
9 төмен қысымды буландырғыш:
26
төмені
шикі затты аккумуляциялаушы бөлігі
жоғарысы
410-415
280-300
120-200
0,15-0,30
Техникалық көміртіген (күйе) өндіру үшін шикі зат дайындайтын қондырғыларда
қатаңдау жағдайлар қолданады – 11 шығатын жердегі температура 500
0
С дейін көтереді, ал
12 щығарда – 550
0
С дейін. 11 қысым 5,6 МПа дейін жəне 12 - 7,0 МПа дейін көтеріледі.
Термиялық қондырғыларындағы аппараттарда қысым жоғары болады. Жоғары қысым
колонналар мен буландырғыштарда жоғары температура ұстап тұруға, ол өз кезегінде пешке
қайта берілетін ағынның температурасын көтеруге мүмкіндік береді де оны крекинг
температурасына дейін қыздыруға тын шығынын кемітеді. Жоғары қысым болғандықтан
аппараттардың мөлшері азаяды.
Крекинг реакцияларының жүруін тоқтату ушін, құбырлы пештен немесе өз алдына
тұрған реакциялық имекқұбырдан шығарда крекинг өнімдерінің бусұйық қоспасының
желісіне 160-165
0
С температурамен суытылған өнім беріледі.
Негізгі əдебиеттер 1 [99-12135],
Қосымша əдебиеттер 3 [21-26], 4 [15-20]
Бақылау сұрақтары:
1. Термиялық процестерінің негізгі мақсаты?
2. Термиялық крекинглеуде негізгі аппарат болып не табылады?
3. Төмен тұтқырлы қазан отыны алуда процесті қандай температурада жұргізеді?
4. Термиялық крекингіге қандай шикізат тұрлерің қолданады?
5. Термиялық крекинг қондырғысында алынған өнімдер қалай сипатталады?
7 Дəріс тақырыбы. Кокстеу процесінің технологиясы
Кокстеу мақсаты. Мұнай коксын алу жəне кең құрамды дистиляттар алу. Мұнай
коксі химиялық технологияда қалпына келтіретін ретінде қолданады,металургияда анод
алуда, берилий карбидін, титанды көмірсутек алуда,авиациялық жəне ракеталық
техникада,химиялық аппараттар мен қондырғыларды қаптауда. Таза атомды реакторларда
нейтронды баяулатқыш ретінде қолданады. Мұнай коксі көп мөлшерде көміртектен тұратын
қатты зат тығыздығы 1.4-1.5 г/см
3
тығыздығы болатын қатты зат.
Шикізаты бензинсізденген мұнайлар, мазуттар, жартылай гудрон, крекин
қалдықтары, каталиттік крекинг процесінің ауыр газойлі, пиролиз процесінің шайыры,
табиғи асфальттар жəне май өндіру қалдықтары.
Процестің 3 модификациясы бар:
1.Периодты кубта кокстеу
2.Қыздырылмайтын камерада баяу кокстеу
3.Ұнтақ тəрізді жалған сұйылу қабатында кокстеу
Алынатын өнімдер:
- мұнай коксі
-газ
-бензин
-орта жəне ауыр кокс дистиляты
Алынатын кокстың сапасы мен шығынының химиялық жəне фракциялық құрамына
жəне химиялық кокстеу шартына байланысты. Бірінші айдадан шыққан қалдықты кокстеуде
кокс шығыны 15-25%,ал екіншілік шикізат кокстеуде 30-35%. Неғұрлым кокстеу шығыны
көп болса,соғұрлым кокс өнімі көп болады.
Кокстеу қондырғысынан алынған кокс тұтынушы талабына толығымен сай келмейді.
Байытуды қажет етеді. Байыту процестері арнайы пештерде темиялық қыздырумен жүреді.
Кокс сапасына қойылатын негізгі талап -10-20%.
Техникалық сызбанұсқа жобасы.
П-1, П-2 қондырғылары шикізат К-1
ректификациялық колонсының төменгі бөлігінде жоғарғы каскадтты табақшаға беріледі.