Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф 15-38/2-1-051
Элективті пәндер каталогы
Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент
451 беттің 196 беті
СМЖ «Оқу-әдістемелік»
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 2. Дана №1
Қазіргі қазақ тілі сӛзжасамы және морфология (Словообразование и морфология казахского
языка. Word formation and morphology of the Kazakh language)
Пререквизиттері: « Практикалық қазақ тілі », «Нормативті қазақ тілі»
Постреквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі, синтаксис », «Қазақ әдеби тілі», «Қазақ диалектологиясы», «
Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
Қалыптасатын құзыреттіліктер: ӛзінің келешекте алатын кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсінуі,
кәсіби қызметті іске асыру мотивациясының болуы.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: « Қазіргі қазақ тілі сӛзжасамы және морфологиясы » пәнінің
негізгі зерттеу нысанына қазіргі қазақ тілінің сӛзжасам жүйесі, грамматикалық мағыналар мен олардың
берілу, жарыққа шығу жолдары, амал- тәсілдері, грамматикалық категориялар жатады. Бағдарлама
бойынша пән қазақ тіліндегі сӛзжасамдық бірліктер мен сӛздердің лексика- грамматикалық топтарын,
тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми- теориялық білімді жүйелі
жүргізудің негізгі бағыт- бағдарын ұсынады. Пәннің бағдарламасы студенттерге терең теориялық білім
беру мақсатын кӛздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология
пәнінің ғылыми негізін түсіну міндетін қояды. Басқаша айтқанда, бұл курстың ғылыми негіздері мен
сипаттары теориялық- танымдық жағынан оларды біліп, меңгеріп қоюмен қатар, сол танымдық білімді
іс жүзінде, практикада іске асырып, тілдік элементтердің ерекшеліктерін кӛрсете, талдай білуді
міндеттейді.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: К.М.Қарымбаева, ф.ғ.к., доцент.
Қазақ тілінің морфемалар жүйесі (Морфемный состав казахского языка. Morphemic structure of
the Kazakh language)
Пререквизиттері: « Практикалық қазақ тілі », «Нормативті қазақ тілі»
Постреквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі, синтаксис », «Қазақ әдеби тілі», «Қазақ диалектологиясы», «
Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
Қалыптасатын құзыреттіліктер: кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық
идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын
меңгеруі;
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: К.М.Қарымбаева, ф.ғ.к., доцент.
Қазақ тіліндегі аналитикалық етістіктер (Аналитические форманты казахского языка. Analytical
formant of the Kazakh language)
Пререквизиттері: « Практикалық қазақ тілі », «Нормативті қазақ тілі»
Постреквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі, синтаксис », «Қазақ әдеби тілі», «Қазақ диалектологиясы», «
Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
Қалыптасатын құзыреттіліктер: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық
психологиясы саласындағы білімдерді меңгеруі.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: «Қазақ тіл біліміндегі аналитикалық форманттар» пәні бойынша
лекция барысында қазақ тілінің грамматикалық құрылысы мәселесі қазіргі заманғы ғылымның дамуына
сай жаңа технология бойынша модульдік жүйемен беріліп қарастырылады. Пәннің әр модулі қазақ тіл
біліміндегі аналитикалық етістіктің ең ірі-ірі мәселелеріне арналады да, сӛздің грамматикалық
қасиеттері, грамматиканың салалары, грамматикалық ұғымдар, сӛз таптары жайынан толық мәліметтер
ұсынылып, әрбір тақырыпты ӛзіндік ерекшеліктерімен таныстыру жүргізіледі.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: К.М.Қарымбаева, ф.ғ.к., доцент.
Хандық дәуір және ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.( Казахская литература ХІХ века. Kazakh
literature of the XIX century)
Пререквизиттері: орта мектептің қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің тарихы, ежелгі дәуір әдебиеті
курстары.
Постреквизиттер: осы пәнді оқу кезінде алған білімдерің қазақ әдебиет, қазақ әдебиеті тарихы, ежелгі
дәуір әдебиеті, қазақ әдебиетінің сыны, әдебиет теориясы негіздерін меңгеруге негіз болады.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф 15-38/2-1-051
Элективті пәндер каталогы
Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент
451 беттің 197 беті
СМЖ «Оқу-әдістемелік»
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 2. Дана №1
Қалыптасатын құзыреттіліктер: ӛзінің келешекте алатын кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсінуі,
кәсіби қызметті іске асыру мотивациясының болуы.
Пәннің мазмұны: Соңғы жылдары жоғарғы оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті
мамандықтарында ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихыныпәні терең оқытыла бастады. Пән қазақ
халқының ХІХ ғасырдағы әдебиеті, тілін танып- білуде студенттерге кӛп кӛмегін тигізеді. Себебі
қазақ әдебиетінде соңғы кезеңдерде ХІХ ғасырдағы әдебиеттін әдеби және тілдік тұрғыдан зерттеу ісі
едәуір алға басты. ХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихын зерттеу саласында әдебиеттану ғылымы зор
табыстарға жетті. ХІХ ғасырдағы әдебитті бұрынға жүйе бойынша екі кезеңге бӛліп қарастырып жүрміз.
Олар ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет және ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.
Ал танымал әдебиетші ғалым М. Мырзахметұлы ХІХ ғасырдағы әдебиетті үш кезеңге бӛліп оқытуы
ұсынып жүр. Олар: сұлтан правительдік кезеңдегі әдебиет, аға сұлтандық кездегі әдебиет және датқалық
кезеңдегі әдебиет. Біз ендігі жерде әдебиеттегі дәуірлеу мәселесінің ұтымды тұстарын пайдалануды
мақсат етеміз.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: Исматова С., ф.ғк. доцент м.а.
Инклюзивті білім беру. Инклюзивное образование. Inclusion education.
Пререквизиттер: «Психопатология», «Анатомия, физиология және есту, кӛру, сӛйлеу мүшелерінің
патологиясы», «Нормативтік қолдау арнайы білім беруде», «Әлеуметтану», «Мәдениеттану».
Постреквизиттер: «Арнайы педагогика», «Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен
әдістемесі», «Арнайы мектепке дейінгі педагогика».
Құзыреттері: Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері мен құндылықтарын біледі және сипаттай
алады; қоғамның мәні бағдар мен мемлекеттің ӛзгеруі логикалы мүгедектердің инклюзивті білім беру
қажеттілігін түсіндіреді, оның жасына қарай әр баланың білім алу қажеттіліктерін талдау, сенсорлық
және интеллектуалдық қабілеттерін, құнсызданған және қалыпты дамуы бар балаларды бірлескен оқыту
үшін инклюзивті білім беру ортасын жобалау, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әр түрлі оқу
- әдістемелік және технология саласында мамандарды пәнаралық командасында талқылады.
Курстың қысқаша мазмұны: Әлеуметтік және білім беру саясатының маңызды құбылысы ретінде
инклюзивтік білім беру. Нормативтік қолдау инклюзивті білім беру. Модельдер, формалар және
инклюзивті білім беру түрлері. Инклюзивті білім беру тұрғысынан мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқыту және тәрбиелеу. Психология-педагогикалық мәселелері. Мүмкіндігі шектеулі балаларды және
оның отбасымен психология-педагогикалық технологиялар мүмкіндігін дамыту. Инклюзивті білім беру
үрдісін ұйымдастыруда арнайы педагогтар мен психологтардың ӛзара іс-қимылы.
Оқыту тілі: қазақ
Курсқа жауапты: Мордвинцева И.Ю., Бекембетова Л.И.
Нормативті қазақ тілі (Нормативный казахский язык. Standard Kazakh language)
Пререквизиттері: орта мектептің қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі
курстары.
Постреквизиттер: осы пәнді оқу кезінде алған білімдерің қазіргі қазақ тілі фонетикасы, лексикасы,
морфологиясы, синаксисі курстарын, қазақ тілінің тарихи грамматикасын, жалпы тіл білімінін меңгеруге
негіз болады.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Бұл пән практикалық сабақтар түрінде ӛтетін болғандықтан,
студент әрбір сабаққа дайындалып келуі керек. Сабақтарда мектеп курсында ӛтілген тілдік талдау
тереңдетіле, сатылай комплексті талдау ретінде меңгертіледі. Болашақ сауатты тіл маманын
қалыптастыру үшін берілген талдау алгоритмдері бойынша қосымша жаттығулар орындау талап етіледі.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: Жұмабаева А.М., ф.ғ.к.
Қазақ тілі практикумы (Практикум казахского языка. Practical work of the Kazakh language)
Пререквизиттері: орта мектептің қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі
курстары.