Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф 15-38/2-1-051
Элективті пәндер каталогы
Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент
451 беттің 202 беті
СМЖ «Оқу-әдістемелік»
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 2. Дана №1
Пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілі ,Фонетика, Лексикология, Грамматика.
Постреквизиттер: Әдеби тіл тарихы, Когнитивті лингвистика, Лингвомәдениеттану
Орыс және қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматикасы т.б.
Қалыптасатын құзыреттіліктер: кәсіптің жаһандануы, интернационализациялануы және аймақтануы
аясында алуан түрлі физикалық-географиялық, әлуметтік-экономикалық, саяси- географиялық және
мәдени аспектілердің түйінді проблемаларын қазіргі әлемнің серпінді дамуындағы кәсіби мәселелермен
ұштастыра отырып, шешуді меңгеруі.
Пәннің мазмұны: Филолог – студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл
теориясының ӛзекті мәселелері бойынша білімдерін жинақтау.Тіл білімі ғылымының қалыптасу және
дамуын, сонымен қатар лингвистикалық зерттеу мен талдаудың әдістерін меңгерту.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: Жазылбаева С.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.( Казахская литература начала ХХ века. Kazakh literature of
the XX century )
Пререквизиттері: Халық ауыз әдебиеті, әдебиеттануға кіріспе, ежелгі дәуір әдебиеті, хандық дәуір
әдебиеті, ХІХ ғ. әдебиеті, поэтика, драма тарихы, тарихи эпос, орыс әдебиеті, әуезовтану, кӛркем
мәтінді әдеби талдау, абайтану, драма поэтикасы, шетел әдебиетінің тарихы.
Постреквизиттер: Қазіргі қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, айтыс ӛнері, қазақ лиро-
эпосы, әдеби аударма негіздері, әдебиет және миф, кӛркем әдебиеттегі психологизм, мәтінтану, қазақ
әдебиетінің жалпылама курсы, алаш және әдебиет, әдебиет теориясы.
Қалыптасатын құзыреттіліктер: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді
меңгеруі, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері
мен дағдыларын меңгеруі.
Пәннің мазмұны: ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның тарихи сипатын, саяси-әлеуметтік жағдайы,
оның түрлі кӛзқарас- бағыттағы әдебиет пен мәдениет үлгілерінің тууына ықпалы мен әсері. Ұлттық
ӛркендеу бағытын алдыңғы кезекке қойған қайраткерлердің мақсат ұстанымдары басты назарға
алынады. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетi тарихында жәдит, Алаш құбылыстары ағартушылық
жолындағы ұлттық қозғалыс аясында кӛрiндi. Сонымен қабат осы кезеңде әдеби-рухани күш пен саяси
қайраткерлiктiң бiртұтасқанын да байқауға болады. Мұндай процесс әлем тарихына ортақ екенiн
ұмытпағанымыз жӛн. Ендеше, тұстастары мен замандастары ―Абайдан кейiнгi әдебиеттiң ұйтқысы һәм
жаңа кезеңнiң басы‖ ретiнде таныған Ахмет Байтұрсынұлының ұлт-азаттық күрестiң жуан ортасында
жүруi, ақын-лирик Мағжан Жұмабайұлының 1917 жылы Мәскеуде ӛткен Мұсылмандар съезiне
қатынасуы және ӛзге де ӛз шағының саяси шараларынан шет қалмауы, тағы басқа нақты тарихи
фактылар аталған уақыт әдебиетiн милләттiк қозғалыстан тыс қарастырудың бiржақты болатынын
аңғартады. Сондай-ақ ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық концепцияларда, кӛзқарастарда саяси
сипаттың айқын кӛрiнуi ―олар таза әдебиеттен жырақ‖ деген қорытынды жасатпауы тиiс.
Пән мазмұнын алаш қайраткерлері жасаған алаш ұранды әдебиет, түрлі тақырыпқа арналған түрлі
идеялық мақсатты кӛздеген, ұлт тағдырына қатысты сын алуан мәселені кӛтерген еңбектер мен
шығармалар құрайды.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: Әбдіқадырова Т.Р., п.ғ.д., профессор
ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. (Казахские романы начало ХХ века. Kazakh novels beginning
of the twentieth century)
Пререквизиттері: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, қазіргі кезең әдебиеті.
Постреквизиттер: ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның тарихи сипатын, саяси-әлеуметтік жағдайы,
оның түрлі кӛзқарас- бағыттағы әдебиет пен мәдениет үлгілерінің тууына ықпалы мен әсері. Ұлттық
ӛркендеу бағытын алдыңғы кезекке қойған қайраткерлердің мақсат ұстанымдары басты назарға
алынады. Осы пәнді оқуда аталмыш мәселелердің прозада орын алғандығына ғылыми дәлеледер
келтіріледі.
Қалыптасатын құзыреттіліктер: оларға еңбек нарықының ӛзгеруіне бейімделу үшін қажетті, және
оларға белсенді және жауапты азамат болуларына мүмкіндік туғызатын білім алушылардың
құзыреттіктерін дамытуға кӛмектесетін нәтиже мен ұтқырлыққа бағытталған, оқуға қабілетті болуы.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф 15-38/2-1-051
Элективті пәндер каталогы
Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент
451 беттің 203 беті
СМЖ «Оқу-әдістемелік»
ҮК НҮ 07-2011
Баспа 2. Дана №1
Пәннің мазмұны: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетi тарихында алғаш рет роман жанры дүниеге
келді. Оны алаш қайраткері М.Дулатов жазыд. Ал жалпы осы кезеңдегі прозалық романдар Алаш
құбылыстары ағартушылық жолындағы ұлттық қозғалыс аясында кӛрiндi. Сонымен қабат осы кезеңде
әдеби-рухани күш пен саяси қайраткерлiктiң бiртұтасқанын да байқауға болады. Мұндай процесс әлем
тарихына ортақ екенiн ұмытпағанымыз жӛн. Ендеше, тұстастары мен замандастары ―Абайдан кейiнгi
әдебиеттiң ұйтқысы һәм жаңа кезеңнiң басы‖ ретiнде таныған Ахмет Байтұрсынұлының ұлт-азаттық
күрестiң жуан ортасында жүруi, ақын-лирик Мағжан Жұмабайұлының 1917 жылы Мәскеуде ӛткен
Мұсылмандар съезiне қатынасуы және ӛзге де ӛз шағының саяси шараларынан шет қалмауы, тағы басқа
нақты тарихи фактылар аталған уақыт әдебиетiн милләттiк қозғалыстан тыс қарастырудың бiржақты
болатынын аңғартады.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: Исматова С., ф.ғ.к., доцент м.а.
Абайтану. (Абаеведение. Abai study)
Пререквизиттер: орта мектептің қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану курстары.
Постреквизиттер: осы пәнді оқу кезінде алған білімдерің қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің тарихы,
ежелгі дәуір әдебиеті, қазақ әдебиетінің сыны, әдебиет теориясы негіздерін меңгеруге негіз болады.
Қалыптасатын құзыреттіліктер: дүниеге кӛзқарастық, әлеуметтік және жеке тұлғалардың маңызды
философиялық проблемаларын талдау қабілеттері.
Пәннің мазмұны: Абай мұраларының және оны зерттеген ғалымдардың ірі ғылыми еңбектерінің
негіздерін оқып меңгеру арқылы олар ұлы ақынның шығармашылығымен, олардың маңызымен терең
танысады, белгілі тақырыпқа зерттеу жүргізу арқылы ғылыммен айналысудың негіздерін үйренеді,
ғалымдардың еңбектерін талдау арқылы ӛздерінің сыни кӛзқарастарын қалыптастырады. Абайтану
ғылымына қатысты зерттеу еңбектерді меңгеріп, дүниетанымын тереңдетеді, ӛзіндік кӛзқарасын, ой-
пікірін дәлелді жеткізуге, теориялық білім-біліктері арқылы таным-түсінігін басқа ғылымдармен
байланыстыра дамытуға дағдыланады. Бұл пән студенттерге әдебиеттану ғылымының бір саласы –
Абайтану ғылымының ғылыми тұрғысынан қалыптасу, даму жолдарымен таныстырады, сол арқылы
қазақ баспасӛзінің тарихымен сабақтаса оқытылып, жеке шығармашылық иесінің тұңғыш рет әдебиет
тарихына әсері, М. Әуезовтен бастап, бірнеше кезеңге бӛлінетін бұл ғылыми пәннің негізгі мақсат-
міндеттерін оқытып, негізгі принциптерін, оның даму жолдарын, кезеңдерін таныстырады.
Пәнді оқыту барысында Абайтану пәні Абайтану тарихы пәні мен әдебиет тарихы, эстетика, тіл,
әдебиет теориясы, библиография, тарих және мәдениет т.б. теориясына қатысты ірі зерттеу
еңбектерімен байланысын, Абайтанудың қалыптасуына сүбелі еңбек еткен ғалымдардың
монографиялық еңбектерін, зерттеулерді де толық қарастырып, студент талдау жұмыстарын жүргізеді.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: Саламатова Р.М. ф.ғ.к., доцент м.а.
Жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы (Творчество местных поэтов-писателей.
Creativity of local poets and writers )
Пререквизиттері: Жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы
Постреквизиттер: Қазақ әдеби сын тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы, түркі халықтар әдебиеті, әдебиет
теориясы
Қалыптасатын құзыреттіліктер: білім алушылардың әлеуметтендіру мен кәсіби ӛзін-ӛзі анықтау
үдерісін педагогикалық сүйемелдеуді іске асыра білуі, білім беру ортасының мүмкіндіктерін әмбебап
оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру қабілетінің болуы, сапалы оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз ету үшін
қолдана білу қабілеттінің болуы.
Пәннің мазмұны: Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлі ауыз әдебиетінің
авторлары ұмытылып кеткенімен, халық поэзиясын шығарушы ақын-жыраулардың есімі ел есінде
сақталып қалған. Халық ақындары Бармақ, Сауытбек, Қылышбай, Жидебай, Жиынбай, Балқыбек,
Қайрақбай, Әтібек, И.Байзақов, К.Әзірбаев, Ж.Жабаев шығармалары халық жадында ұмытылмайды.
Жергілікті ақын-жазушылар шығармаларындағы жалпы халықтық әдебиет үлгілеріне тән мазмұн мен
түр мәселелерін егжей-тегжейлі ашып кӛрсету негіз болмақ.
Оқыту тілі: қазақ
Бағдарламаның жетекшісі: Исматова С., ф.ғ.к., доцент м.а.