Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



жүктеу 7,41 Mb.
бет3/9
Дата18.12.2017
өлшемі7,41 Mb.
#4651
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.5 сурет. Қаңқалы ғимарат желісі: 1- сыртқы қатар тіреулері (бағаналар);

2- ішкі тіреулер (бағаналар); 3-қаңқа белағашы (арқалық); 4- жабын панельдері;5-қабырғалар
Қабырғалар бұл жағдайда өзін өзі көтеруші де, көтермейтін де бола алады. Өзін өзі көтеруші қабырғаларда (салыстырма ауыр материалдардан, мысалы кірпіштен қаланған) қаңқа күшті тек жабындар мен жабулардан қабылдайды, ал қабырғалар бөлек іргетасқа немесе іргетас арқалығына ұштарымен іргетас бағана-ларына сүйеніп орналастырылады.

Өзін өзі көтермейтін (аспалы) қабырғалар әрбір қабатта қаңқаның шеткі (бүйір) элементтеріне бекітіледі және сөйтіп өзінің салмағын сыртқы қатар тіреулеріне береді

Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттары өзінің конструктивті шешімдері бойынша көп жағдайларда ­азаматтық ғимараттардан да, көп қабатты өнеркәсіп ғимараттарынан да едәуір ерекшеленеді. Бұл едәуір мөлшерде, оларда болатын технологиялық процестердің ерекшелігімен ескеріледі. ­ Бірқабатты өнеркәсіп ғимараттарына келесі мінездемелер тән: ірігабаритті қондырғылар мен бұйымдарды орналастыру үшін қажетті үлкен және биік бөлмелер; ғимарат ішіндегі арнайы көтеру-көлік жабдықтар; керек болған жағдайда кең бөлмелерді жоғарғы жарықпен (күн тартарлар арқылы) жарықтандыруды қамтамасыз ететін шатырсыз жабулар.

Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттары, аралықтар ені 36 м дейін және одан жоғары, және бағалардың бой қадамы 6, 12 м дейін және одан жоғары болса, бір аралықты және көп аралықты болады. Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттарының биіктігі сондай-ақ кең шектерде (3,6-дан 30 м дейін) қолданылады.



Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттарда жабулардың көтеруші элементтерінен, сондай-ақ кран жабдықтарынан түсетін динамикалық (тік және көлденең) шоғыр-ланған салмақ күштері едәуір мөлшерге жетеді. Сондықтан бұндай ғимараттарда көтеруші қаңқа үлкен кеңістік қаттылыққа ие болуы тиісті, және іс жүзінде қаңқа жүйесінде қолданылады.






1.7сурет. Бірқабатты біраралықты өнеркәсіп ғимараттарының көлденең қималары: а –аспалы краны бар қаңқалы; 6 –көпірлі кранмен жабдықталған қаңқалы; в –көтеруші қабырғалы, қаңқасыз; 1 – бағаналар іргетастары; 2 – қаңқа бағаналары; 3 – жабудың көтеруші конструкциясы (бөрене); 4 - жабудың көтеруші конструкциясы, (ферма); 5 – шатырсыз жабу; 6 - қабырғалар; 7- іргетас бөренелері; 8 – кранасты бөренелері; 9 – байлау бөренелері; 10 – көтеруші қабырға; 11 - аспалы кран-бөрене; 12 – көпірлі кран

Бір қабатты, аспалы көтеру-көлікпен жабдықталған ғимараттың үлгісі 1.7,а суретте, ал бір қабатты, көпірлі кранмен жабдықталған ғимараттың үлгісі 1.7, б су-ретте келтірілген.

Бұндай ғимараттардың қаңқасы темірбетон немесе, ауыр крандардың, көте-руші жабу конструкцияларының көлденең бағытта өзара байланыстырылған болат бағаналарынан (тіреулерден) түзеледі. Бұл жағдайда тіреулер мен көтеруші жабу элементтері (бағаналар, фермалар) қаңқаның бой бағытында өзара байланысқан көлденең раманы құрастырады. Бұндай бой байланыстары, жабу элементтері – тақталар, прогондар, арнайы «жел» байланыстары, ал сыртқы қабырға кеңістігінде – көпір крандарының рельстерін орналастыратын кран асты бағаналар, сонымен қатар қабырға толтырғыштарын сүйемелдейтін, байланыс бағаналар (1.7, а суре-тіне қара) болып табылады. Бұл жағдайда қабырғаның астыңғы бөлігі іргетасқа сүйенеді.

1.7, а суретте көрсетілген үлгіден, 1.7, б суреттің айырмашылығы, сыртқы қабырға өзінің жүктеуін темірбетон бағаналарға бермей, іргетас бөренелері арқы-лы іргетас бағаналарына (немесе кейде дербес іргетасқа) сүйеніп, өзін-өзі көтеру-ші болып табылады. Қабырғаның тұрақтылығы оның қаңқа тіреулерімен байланыстыру арқылы ­қамтамасыз етіледі .







1.8. сурет. Көпаралық бір қабатты ғимарат: 1- бағананың іргетастары; 2 - сыртқы бағаналар қаңқасы; 3 - ішкі бағаналар қаңқасы; 4 -көтеруші жабу контрукциялары; 5 - жабудың қоршау бөлімдер тақталары; 6 - өзін өзі көтеруші қабырға; 7- іргетас бөренелері; 8 - кран асты бөренелері; 9 – қабырғаның бүйір жақ бағаналары



1.9 сурет. Темірбетон қаңқалы көп аралық ғимараттың көлденең кесіндісі: акөп құламалы төбемен; б - жалпақ төбемен; 1- іргетастар; 2- қаңқа бағаналары; 3- жабудың көтеруші элементтері; 4- кран асты бөренелер; 5- қабырғалар; 6 іргетас бағаналары; 7- шатырсыз жабу; 8- ішкі су ағарлар; 9- көпірлі крандар; 10- коммуникацияларды өткізуге арналған тесік; Н- бөлменің толық биіктігі; Нs- еден деңгейінен кран асты рельстің үстіңгі деңгейіне дейінгі биіктік
Кейбір жағдайларда ҚР құрылыс жөніндегі Комитетінің рұқсатымен аралығы 12 м аспайтын крансыз ғимараттар қаңқасыз көтеруші сыртқы қабырғалы болып жобалануы мүмкін (1.7, в сурет). Керек болған жағдайда бұндай қабырғалар жабулар көтеруші элементтерінің сүйенетін жерлерінде орналасатын жуандаулар-мен (пилястрлармен) күшейтіледі.

Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттарда жүретін технологиялық процестер ерек-шеліктеріне байланысты, кейде өте кең цехтер салу қажет болады. Осы жағдайда көп аралық ғимараттарды салу тиімді болып табылады. Олардың үлгілері 1.8 және 1.9 суреттерде келтірілген. Бұндай ғимараттардың жабуы көп құламалы немесе жайпақ болып жасалады. Су жабындардан арнайы шұңқырлар арқылы және ішкі су ағатын құбырлармен нөсерлі канализациялық жүйелерге ағызып жіберіледі.

Бір қабатты өнеркәсіп ғимарат әр түрлі ен аралықты және биіктікті болуы мүмкін. Металлургиялық, химиялық және басқа саладағы цехтер арасына арнал-ған, бұндай конструктивті желі, технология және жабдықтарды орналастыру та-лаптарына тән қасиет. Сонымен бірге ол бөлмелерді желдетуге (әсіресе үлкен өн-дірістік жылу, түтін немесе газ шығаратын цехтерге маңызды) қолайлы жағдай жасайды.


жүктеу 7,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау