Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Ақбота» интеллектуалдық марафонының тапсырмалар жинағы
«Дарын» - 2006
Г. Нұрсұлтанов, Нақышбеков «Жүлдегерлік жүз есеп» Алматы, - 2015
Бакирова Н.К. Логика және тапқырлық. 9-10 сынып оқушылары үшін сабақтан тыс шығаруға арналған математикалық есептер. Шымкент, «Әсем» баспаханасы, 2013
Алиасқаров Д., Бейсеков Ж., Маханбетов О. 10-сыныптағы оқушыларды математикалық олимпиадаға даярлдау: Жалпы білім беретін орта мектептің 10 сыныбына арналған факультативтік курс. Шымкент, 2013
Жакипова Л.К. Математикалық қобдиша, Алматы, Дарын, 2004
Крысин А.Я., Руденко В.Н. 9-10 сыныптарға арналған математикалық ізденіс себептері, М., «Просвещение», 1979
Беркімбаев О.С., Беркімбаева А.О. Арифметика есептері, Алматы, «Рауан», 1996
Интернет ресурстары: www.ustaz.kz, www.match.kz, www.nur.kz, т.б.
«Математикалық статистика» атты үйірме сағатына
ТҮСІНІК ХАТ
Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Осыған орай, математика пәнін тереңдетіп оқытумен бірге, негізгі алған білімді жүйелеуде факультативтік сабақтар, қосымша сабақтар, лицей сағаттарын жүргізудің әсері зор және әр түрлі деңгейлі сайыстарда өз нәтижесін беріп жүр.
«Статистика» атты бұл үйірме бағдарламасы 10-сынып математикасының бағдарламасымен байланыстырылды. Жалпы жылдық сағат саны – 153. Математикалық олимпиада есептері және оларды шешуге баса назар аударылатын бұл бағдарлама ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаның зияткерлік дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету, көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде математиканы игеруге негіз жасау, математикалық логикада дұрыс амалдар қолдана білу, оқушылардың математикалық қабілетін анықтау және дамыту, бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау мақсатына көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |