Мектеп
|
«Қайрат негізгі орта мектебі»КММ
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Алданбердиев Талгат Маратұлы
|
Сынып
|
7 «А»
|
Күні
|
08.04.2021
|
Қатысушылар саны:
|
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Бөлім
|
7-бөлім. Ойынардағы түсінік пен дағдыларды дамыту
|
Сабақтың тақырыбы
|
Кеңістікте бағдарлау және допты беру дағдыларын дамыту.
|
Оқу мақсаттары
|
7.1.2.2 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау
|
Сабақ мақсаттары
|
Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі
|
Бағалау критерийі
|
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді. Жаттығуларды ретімен орындайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: шабуылдау және команда түзуші ойныдардың шеңберінде өздерінің дағдылары мен түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуылдау ойындары; шабуыл, қорғаныс; адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс; кеңістікте бағдарлану; төреші, ойыншылар; командалық жұмыс; тактика, стратегиялар; жүгіру, жылдамдықты/бағытты өзгерту; қолмен/аяқпен жүргізу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- шабуылдау ойындары дегеніміз не?
- қорғаушы ойыншыны ойыннан шығарудың үздік тәсілі қандай?
- сендер команда ретінде есепті қалай тиімді жүргізе аласыңдар?
- сендерге ойын алаңымен қозғалуды, сондай-ақ шабуылға шыққан кезде бір-біріңмен қарым-қатынасты жақсарту не үшін қажет?
- неліктен өз назарыңды бір ойыншыға бір рет шоғырландырған дұрыс немесе әрбір қарсыласты белгілеген жақсы ма?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ұялы телефон, планшет, ноутбук
|
Бастапқы білім
|
|
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Сабақтың кезеңдері
|
Оқушының әрекеті
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқу ресурстары
|
Сабақтың
басы
10 минут
|
Дайындық бөлімі: Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
|
. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
|
Ойын алаңы, баскетбол добы, бор
|
Сабақтың
ортасы
25 минут
|
Ойнаушы оқушылардың әрбір бестігі үшін алаңның төрттен бірі бөлінe әдісін көрсету. Өз алаңының шегінен шығуға болмайды. Команда ішінде: біреуінде 3 ойыншы – шабуылдаушылар, басқасында 2-еуі – қорғаушылар. Шабуылдаушылар футбол добын аяқтарымен бір-біріне бере отырып, допты барынша ұзақ ұстап қалуға тырысады, ал қорғаушылар допты иеленуге тырысады. Допты беру кезінде қателік жасаған шабуылдаушы қорғаушымен ауысады.
|
Оқушылар өздері құған жауап әрекеттерінің алдын алу/қарсыласу тәсілдерін әзірлеп, талқылайды, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалайды. Сұраңыз: Жылдамдықты немесе бағытты өзгерту неліктен сендерге қорғаушыдан айырылуға көмектесетінін айта аласыңдар ма? Ендер пайдаланған басқа тактикалық әрекеттер неліктен жақсы іске асты?
|
Жеке-жеке доппен жаттығыңыз. Әрқайсыңыз жеке доппен жұмыс жасау барысында, допты дәлдікке тебу, допты түзу қақпаға тебу, белгіден көтеріп тебу жұмыстарын орындаңыз.
Дескриптор
- доппен жеке жаттығады;
- допты дәлдікке тебеді;
- допты қақпаға түзу тебеді;
- допты белгіден көтеріп тебеді;
- ойын ережесін сақтайды.
|
|
|
Сабақтың
соңы
5 минут
|
Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
|
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
|
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
|
Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
|
Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
|
Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
|
Достарыңызбен бөлісу: |