Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет43/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   147

101 
 
Ғасырлар  қойнауында  ұлы  бабалардың  ұлы  арманы  болған  тәуелсіздікке 
ХХІ ғасыр ұрпағы қол жеткізді. Алайда оның алдында сол елдің ұлылығын, ұлы 
тарихын  жаһанға  мойындату  міндеті  тұр.  Жас  ұрпақтың  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуында осы міндетті бойына сіңдіру - бүгінгі ұстаздар алдындағы басты 
парыз.  
Білім  сапасы  -  мұғалімдер  қызметінің  сапасы.  Мұғалім  оқушыны  «қалай 
оқыту  керек?»  деген  сауалға  жауапты  үнемі  іздеп  жүруі  керек.  Бұл  сауалдың 
жауабын  тек  мұғалімнің  кәсіби  даярлығынан,  ӛз  ісін  кәсіби  түрде  жоспарлай 
алуынан,  сонымен  қатар  нақты  мақсаттарды  болжап,  кӛре  алуынан,  баланың 
әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек. 
Қазақтың XX ғасырдағы белгілі ағартушысы Ж.Аймауытов  «Қазіргі қазақ 
мектебіне қажеттісі - тек білім беруші мұғалім ғана емес, ….баланы ӛмір сүруге 
үйретуші ұстаз!» -деген еді.  
Ал  А.Байтұрсынов  1914  жылы  «Қазақ  газетінде»  жарық  кӛрген  «Мектеп 
керектері»  деген  мақаласында:  «…  Ең  әуелі  мектепке  керегі  -  білімді, 
педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім» - деген екен.  
ХХ ғасырдың басында қазақ ағарту қоғамы үшін жарық жұлдыз болған бұл 
тұлғалардың сӛздері арада бір ғасыр ӛтсе де тағылымдық мәнін жойған жоқ.  
Бұдан бұрын қазақтың бас ақыны А.Құнанбаев: «Ұстаздық еткен жалықпас 
үйретуден  балаға»  деп,  шын  мәнінде  мұғалім  қалай  болу  керектігін  нақты 
айтып кӛрсетіп кеткен еді.  
ХХІ  ғасырдың  бәсекеге  қабілетті  тұлғасын  дайындауда  білім  сапасын 
кӛтеру мақсаты басты назарда келеді. Бұл істің игілігі ӛз кезегінде мұғаліммен 
тікелей байланысты.  
Осыған сәйкес білім саласын Стратегиялық дамыту жоспарында тӛмендегі 
бағыттар белгіленді:  
1. Қандай да бір ел ӛзінің адами ресурстарының дамуын ұзақ мерзімді даму 
стратегиясының аса жоғары басымдылығы ретінде айқындайды.  
2. Сауатты 
адамдарсыз  заманауи  инфрақұрлымды  дамыту,  тиімді 
мемлекеттік  аппаратты  құру,  қолайлы  бизнес  ортаны  қамтамасыз  ету  мүмкін 
емес.  
3. Білім  беру  жүйесін  жетілдіру,  ең  алдымен  оның  сапасын  арттыру  - 
мемлекеттің  таяу  онжылдықтағы  басты  басымдықтарының  бірі  болып 
табылады.  
Сонымен  қатар,  «Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
Мемлекеттік  Бағдарламасында»  білім  сапасын  қамтасыз  ету  басымдылық 
ретінде белгіленіп отыр.  
XXI  ғасыр  ғылым  мен  білімнің  қарыштап  дамыған  ғасыры  болады  деп 
күтілуде.  Сондықтан  бүгінгі  ұстаз  шәкіртіне  ғылым  негіздерінен  мәліметтер 
беріп  қана  қоймай,  оны  дүниежүзілік  білім,  ақпарат,  экономика  кеңістігіне 
шығуға, қатаң бәсеке жағдайында ӛмір сүріп, еңбек етуге дайындауы тиіс. Бұл - 
ақпараттар  ғасырының  талабы.  Ӛз  пәнінің  шеңберінде  қалып  қойған  мұғалім 
балаға  білім,  тәрбие  берудегі  биік  мақсаттарға  жете  алмайтыны  анық. 
Сондықтан ХХІ ғасыр мұғаліміне керекті бірінші талап - жан-жақты болу. 


102 
 
Жан-жақтылық  мұғалімде  дарынды  мұғалім  моделін  қалыптастыруда 
жетекші  роль  атқарады.  Бұлай  дейтін  себебіміз,  қазіргі  заман  тәсілінің  негізгі 
ерекшелігі, оқушылардың алған білімдерін игеріп қана қоймай, оларды орынды 
жерінде  дұрыс  қолдана  білуіне  басты  назар  аударып  отыр.  Пән  мұғалімдері 
ӛздеріне  тапсырылған  міндеттемелерге  жауапкершілікпен  қарап,  оқушының 
білім  сапасы  мен  дағдысын  дамытуға  ғана  кӛңіл  аударып  қоюмен  шектелмей, 
білімін  барынша  жетілдіріп,баланың  бойында  қалай  оқу  керектігін  үйренуді 
қалыптастыру  арқылы  оны  жеке  тұлға  ретінде  дамытуға  икемділік  танытылуы 
тиіс.  
Осы  мақсатта  мұғалімді  оқыту  ортасын  құру  керек,  соның  арқасында 
оқушылар  оқу  үдерісіне  белсенді  қатысатын  болады.  Негізгі  алғышарт 
мұғалімдердің  ӛздігінен  реттелетін  оқуын  дамытуға  ықпал  ететіндігі  болып 
табылады.  
Екінші  талап  -  мұғалімінің  кәсіби  шеберлігі,  біліктілік  деңгейі. 
Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі,  зерттеушілік  қызметі  мұғалімдік  жұмысқа 
дайындық  барысында,  іс-  тәжірибеде  және  қайта  даярлау  кезінде  қалыптасып 
тәрбиеленеді. 
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал 
біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. 
«Біліктілік»  деп  қандайда  бір  еңбектің  түріне  дайындалудың,  дайындық 
дәрежесінің  деңгейін  айтады.  Кез-келген  қызметкер  біліктілігін  ұдайы 
жетілдіріп отыруы қажет. 
Білім  сапасының  арттырудың  кілті  педагог  қолында  десек,  оның  білімін 
жетілдіру  басты  роль  атқармақ.  Егер  педагог  мамандардың  біліктілігін  жүйелі 
арттырса,  онда  үлкен  жетістікке  қол  жеткізуге  болары  анық.  Мұғалімдердің 
біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс: 
1. Мұғалімнің  кәсіптік  жұмысының  мәнін  үйлесімді  ӛзгерту,  яғни  басты 
қызметтік  нұсқауды  орындау  емес,  күтетін  нәтижеге  жету  үшін  оқу  үрдісін 
шығармашылықпен үйлестіру. 
2. Білім  беру  асында  мұғалімнің  зерттеушілік  бағыттағы  қызметін 
күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету. 
Біліктілікті  арттырудың  негізгі  аспектілерінің  ішінен  мыналарды  бӛліп 
алуға болады:  
1.  Қызметтік  (мақсаты,  міндеті,  жұмыс  мазмұны,  формасы,  әдістер  және 
нәтижесі); 
2. Мазмұндық (әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана 
білуге жағдай туғызу; 
3. Басқарушылық (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу). 
Осы  3  аспект  бойынша  біліктілігін  жетілдірген  маман  ӛз  қызметіне  талап 
деңгейінде қарайтыны белгілі. 
Қазіргі  нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылар  үшінші  талап  -  бәсекеге 
қабілеттілігі.  
Жаңа  ғасырдың  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  бағытында  білім  беру 
мәселесі  басты  назарда  болып  отырғандықтан,  елімізде  білім  берудің  жаңа 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау