94
4. Никишина, И.В. Инновационная деятельность современного педагога в
системе общешкольной методической работы - Волгоград, 2007.
5. Седова Н.Е. Основы педагогической педагогики. - М.: ТЦ Сфера, 2008 -
192
6. Сериков
В.В. Образование и личность. Теория и практика
проектирования педагогических систем - М.: Логос, 1999.
ОРТА АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шаматова Венера Куангалиевна,
Ақтӛбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні оқытушысы, Shamatova.Venera@mail.ru
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
ӛзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы ӛзгерді,
білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда
болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,
ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін
қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет
жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен
келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы
қажет. Ӛйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында ӛткен ғасырдың
сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше
ӛзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа
мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға
жетелейді. ‖ Масырова Р.Линчевская Т - ―Жаңару‖ дегенімізді былай деп
түсіндіреді: ―Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме
оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ
тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол ―Инновация,
инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бӛлек
қызметі‖ деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов ―Инновация‖ білімнің
мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда,