Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет36/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   147

85 
 
функциональдық  әзірлеу  тұжырымдамасынан  жеке  тұлғаны  дамыту 
тұжырымдамасына  кӛшу  жүріп  жатыр.  Жаңа  тұжырымдама  білім  берудің 
даралық сипатын кӛздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның 
ӛзін-ӛзі  іске  асыруы  мен  ӛзін-ӛзі  дамытуға  қабілеттілігін  ескеруге  мүмкіндік 
береді».  Менің  субъективтік  пікірім  бойынша  бұл  ұстаным  бүгінгі  күннің 
талабына  сәйкес  келеді.  Себебі  оқытушылық  қызметпен  айналысқан  аз  ғана 
жұмыс  уақыты  ішінде  әр  студенттің  әрқилы  мүмкіндіктері  мен 
қабілеттіліктерін  байқап  үлгердім.  Сӛзімді  растау  мақсатында  мысал  ретінде 
келтіретін  болсам,  бір  студентіме  сабақты  слайд  бойынша  қорғау,  екіншісіне 
нормативтік  құқықтық  актілерден  ізденген,  үшіншісіне  тест  арқылы 
тиянақтаған,  тӛртіншісіне  жазбаша  және  ауызша  сауалнамалар  арқылы 
пысықтаған, бесіншісіне логикалық жағдайлар арқылы саралаған тиімді.  
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің 
инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеру-
маңызды  мәселелердің  бірі.  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан  2030» 
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз ӛсіп, жетіліп, 
кемелденеді,  біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз  онымен  бірге  ер  жетеді. 
Олар ӛз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім ӛрісі биік, денсаулықтары мықты 
ӛкілдері  болады.  Олар  бабаларының  игі  дәстүрлерін  сақтай  отырып,  қазіргі 
заманғы  нарықтық  экономика  жағдайында  жұмыс  істеуге  даяр.  Олар  қазақ, 
орыс,  ағылшын  тілдерін  еркін  меңгереді,  олар  бейбіт,  жылдам  ӛркендету 
үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы ӛз елінің патриоттары болады» [3] деп 
кӛрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гӛрі нұрлы болуына ықпал етіп, 
адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш -білімге тән.  
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуды. Я.А.Коменскийдің, 
И.Гербарттың  дәстүрлі  обьект-субьектілі  педагогикасының  орнын  басқасы 
басты,  ол  балаға  оқу  қызметінің  субьектісі  ретінде,  ӛзін  -  ӛзі  ӛзектілендіруге, 
ӛзін танытуға және ӛзін - ӛзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде 
бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу 
ісіндегі  субьектілар  -  оқытушы  мен  студенттің  тұлғалық  бағытталған  ӛзара 
әрекеті  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының  бір 
ерекшелігі  -  баланың  тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту 
технологияларын  шығаруға  ұмтылуы.  «Педагогика  технологиялар  -  бұл 
білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу 
- тәрбие процесін ұйымдастырудың ӛзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан 
міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен  әдістерінің  күрделі  және  ашық 
жүйелері,  мұнда  әр  позиция  басқаларына  әсер  етіп,  ақыр  аяғында  студенттің 
дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын, 
әдістерін,  технологияларын  таңдауда  кӛп  нұсқалық  қағидасы  бекітілген,  бұл 
білім  мекемелерінің  мұғалімдеріне,  педагогтарына  ӛзіне  оңтайлы  нұсқаны 
қолдануға,  педагогикалық процесті  кез  келген  үлгімен,  тіпті  авторлық  үлгімен 
құруға  мүмкіндік  береді.  Дәстүрлі  сыныптық  -  сабақ  жүйесінің  барлық 
элементернің  және  сабақты  құрастыру  техноглогияларын  қолданумен  қатар, 


86 
 
мұғалім  келесі  педагогикалық  техноглогияларды  пайдалана  алады:  Ойын 
технологиялары,  проблемаларды  оқыту,  оқу  зерттеуін  ұйымдастыру 
технологиясы,  жобалау  әдісі,  ақпараттық-комуникациялық  технологиялар. 
Осылардың  ішіндегі  алдымен  ойын  технологиясы  туралы  айтпақшымын. 
Ойын  -  балалардың  шынайы  және  ойлап  тапқан  шындығына  тез,  еркін  енуіне, 
ӛзіндік  «Менін»  қалыптастыруға  және  шығармашылыққа,  белсенділікке,  ӛзін-
ӛзі  дамытуға  мүмкіндік  береді.  («Мен  студентпін»,  «Мен  және  менің  тобым», 
«Мен  прокурормын»,  «Біз  әріптеспіз»,  «Адамдардың  кәсібі»,  «Мен 
кәсіпкермін»).  Мұндай  ойын  түрлерінің  ерекшелігі  -  жоғары  кӛңіл-күйде 
ойналатын  рӛлдер  шынайы  сезімге,  ойға,  ниетке  толы  болады  және  бала 
үлкендер сияқты прокурор, судья, адвокат, жол кӛрсетуші болғысы келеді. Бұл 
ойындарда  балалардың  мінез-құлықтары  мен  іс-әрекеттері  реттеледі.  Ойын  іс-
әрекетінің  мотивациясы  еркіндікті,  таңдау  мүмкіндігін,  қажеттілігін,  ӛз-ӛзіне 
сенімін, ӛзін-ӛзі дамытуын қамтамасыз етеді.  
Сонымен,  ойын  арқылы  келесі  маңызды  міндеттер:  баланың  қоғамдық 
қатынастарға  бейімделуі,  жалпыадамзаттық  мәдени  құндылықтар  мен  әртүрлі 
ұлт  ӛкілдерінің  мәдениеттерін  меңгеруі;  баланың  шынайы  адамгершілік 
коммуникацияға  енуіне  мүмкіндік  беретін  коммуникативті  іс-әрекеттердің 
кӛрініс  табуы  жүзеге  асырылады.  Мұғалім  ойын  технологияларын  пайдалана 
отырып, баланың әр қырынан кӛрінуіне  (интеллектуалдылық, шығармашылық, 
эмоционалдылық,  коммуникативтік)  және  оның  мінез-құлқында,  қарым-
қатынасында,  оқуында  пайда  болатын  әртүрлі  қиындықтарды  жеңуге  жағдай 
жасайды.  
Атақты  француз  ғалымы  Луй  де  Брайль  былай  дейді:  «ең  қарапайым 
мәселені  қозғайтын  ойындардың  ӛзінде  ғылыми  жұмысқа  ұқсас  жалпы 
элементтер  кӛп  кездеседі.  Екі  жағдайда  да  (ойын  мен  ғылыми  жұмыс)  ең 
бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, 
жаңалықты  ашу  қуаныш.  Міне,  сондықтан  да,  бар  адамдарды,  жасына 
карамастан,  ойын  ӛзіне  тартып  тұрады.»  Оқу  ойыны-бұл  оқуды  ойын  арқылы 
ұйымдастыру.  Зерттеулер  кӛрсеткендей,  дәстүрлі  ұйымдастырылған  оқу 
процесіне  қарағанда,  оқушылар  ойынға  қатыса  отырып,  неғұрлым  аз 
шаршайды,  оқу  қызметінен  жағымды  эмоциялар  алады.  Дидактикалық 
ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар - оқыту мақсатын 
жүзеге  асыруға  арнайы  арналған  ойындар.  Дидактикалық  ойындар 
байқампаздық,  елестету,  есте  сақтау,  сӛйлеу,  ойлау  қабілеттерін,  сенсорлық 
бағдарын  дамытады.  Оның  мақсаты:  Жаңаша  білім  беру  мазмұнына  кӛшу, 
нақты  іс-әрекет  жүргізу,  ізденушілікпен  жұмыс  істейтін  студент  тәрбиелеу. 
Міндеттері:  Студенттің  қызығушылығын  арттыру,  Іскерлік  ойындар 
ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру. Бұл жерде оқытушының  іс-
әрекеті:  Студенттерді  бақылайды,  бақылау  нәтижелерін  ӛңдейді,  алған 
нәтижелерді  хабарлайды.  Студенттің  іс-әрекеті:  Оқуға  оң  кӛзқарас,  жаңаны 
танып  білу,  икемділік  пен  дағдыларын  игеру,  ӛз  жетістіктерін  ӛздері  бақылау. 
Іскер  ойындарының  құрылымы:  Талдауға  проблема  беру,  студенттерді  топқа 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау