280
әріптестерімен ұйымдастырылатын іс-қимыл жоспары, 2) мектептегі тәжірибе
кезеңіндеі рефлексивтік күнделік жасай алуды үйренеді деп мақсат еттім.
Іс-әрекеттерді жоспарлау - ӛзгерістерді басқару үшін бірлескен жұмыс,
яғни бұл деректерді жинау және пайдалану және іс-тәжірибеде тәжірибе
(эксперимент) жасау осы 3 элементтің арасындағы тепе-теңдікке қол
жеткізілген жағдайда ғана жүзеге асатыны анық.
Кӛздеген әсерге қол жеткізу үшін белгілі тәсілдермен әрекет ету немесе
ӛздігінен жұмыс жасау кӛп жағдайда нәтиже бере қоймайтыны рас, сондықтан,
мұғалімдер ӛз мақсаттарына жету үшін жаңа стратегияларды қолданып, басқа
адамдармен бірге әрекет ету керектігін білуі тиіс.
Мұғалімнің кәсіби мақсатының мәні туралы ойлануына мүмкіндік жасауға
арналған тапсырмаларды ӛзгерту әдістемесін меңгерту мақсатында «Fishbone» -
Фишбоун» әдісі арқылы кӛшбасшы мұғалімнің мектептегі ӛзгерісті енгізудегі
жұмыс алгоритмін жасау құру арқылы талқыланды, яғни ӛзгеріс жасаудағы
кездесетін кедергілер, оларды шешу жолдары, мақсат пен нәтижені
тұжырымдай алуға бағытталғанына кӛз жеткізе отырып, түсінді.
Таратпа
ресурстармен шектелмей әдістерді саралай отырып, қолдану деңгейінде
Фишбоун әдісі арқылы кӛшбасшы мұғалімнің мектептегі ӛзгерісті жасаудағы
жұмыс алгоритмін құрастырды.
Кӛшбасшы мұғалімнің мектептегі ӛзгерісті жасаудағы жұмыс алгоритмін
1) құндылықтар - мақсаты - не кӛргің келеді? 2) міндеттер 3) жоспарлау; 4)
кеңесу; 5) кәсіби ӛсуді дамыту мақсатында қай тұсы аңсап тұр? 6) осы
проблема басқа әріптестермен ой бӛлісу секілді құрастыра отырып, талдау
жүргізілді. Тиімді кӛшбасшылық білім беру жүйесін жетілдірудің басты
элементі болып табылады. Себебі мұғалім ӛз бойында кӛшбасшылығының
сипаттамаларына сай дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы керек.
Мұғалімнің кӛшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін
дамытып, мектеп пен сыныпта ӛзгеріс енгізуге оң әсер ететіні анық.
Тренерлік тәжірибе барысында бірлескен жұмыстың кӛздеген мақсаттары
қаншалықты курс барысында ұйымдастырылып отырған топтық, жұптық
жұмыстарда толығымен қамтылды? -деген сұрақты үнемі ӛз-ӛзіме қоя отырып,
рефлексия жасау арқылы жүргізілді.
Сеcсияларда кері байланыс кӛп берілетіндей орта қалыптастыруды және
жетістіктерге жетелейтін сұрақтар қою тәсілдері арқылы мұғалімдердің ӛзіне
сенімділігі арта түседі.
«Мұғалім ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды,
ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген К.Д.Ушинский
пікірін үнемі назарда ұстауымыз қажет. [3,53.]
Сабақтың сәтті болу құпиясы мұғалімнің ӛз назарын нәтижелерге
шоғырландыруына байланысты оқу үшін бағалау, талқылаулар, оқытудың
сараланған мақсаттары, топтық талқылау осылардың барлығы мақсатқа жетудің
әдіс-тәсілдері болып табылады.
Ричард Дарант анықтаған сәтті сабақты сипаттайтын алты белгіні ұсына
отырып, жұптық жұмыс жүргізілді.
281
«Үздік сабақтың алты белгісі» жұптық жұмыста әр топтан «Үздік» болып
танылған жұптың тұжырымдамалық карта тұрғысында алты белгісін: 1)
белсенді оқу; 2) оқыту орынды, ақпарат беретін, мақсатқа бағытталған; 3)
тапсырмаларды оқушы қызығушылығына сай құрастыру; 4) оқушылардың
табысқа қол жеткізіуі; 5) бағалаудың оқуға әсері; 6) мұғалім сауалнамасы
оқушының ойлау қабілетін ашуға бағытталуы арқылы жұпаралық талдау
жүргізіле отырып, түсінді.
[6].
«Үздік сабақтың алты белгісі» тұжырымдамалық карта
Деңгейлік курсқа келген мұғалімдерімен жұмыс жасауда, бірлескен оқу
ортасын құру үдерісін жақсарту мақсатында тренерлік тәжірибемде бірнеше
тиімді тәсілдерді пайдаландым
Терең ойлану арқылы жоспарланған топтық бірлескен жұмыс арқылы мен
ӛз сабағымдағы да кедергілерімнің азаюына қол жеткізсем, екіншіден алдымда
отырған мұғалімдерге осыны ұсыну арқылы олардың тәжірибелеріне де ықпал
ете алдым. Тәжірибе барысында нақты кӛз жеткізген бір мәселе ол -
тапсырманы орындау туралы нұсқау бермес бұрын, мұғалімдерді топтарға
топтастырып алу, тіпті оларды ересектер деп қараған күнде де, егер сіз
нұсқауды бірінші беретін болсаңыз, олар топтасумен жүріп, сізді тыңдай
алмауы немесе ӛз топтарын анықтап болғанша, ӛздерінің нені іске асыру
керектігін ұмытып кетуі кездері кездесіп отырды. Осыған орай мен ӛз
тәжірибемдегі жақсарту үшін, алдымен тыңдаушыларға топтық жұмысты
неліктен ұйымдастырып отырғаныма негіздеме беріп отыру қажеттігін
түсіндім, себебі мұғалімдер бірлескен оқудың мәнін, пайдасын түсінуі тиіс.
Зерттеуші - мұғалімнің «Левин» циклін қолдану үлгісі таныстырылым
секілді әдістер мен стратегияларды қолдану арқылы ерекшеленді және белсенді
оқыту әдістері арқылы үйренушілердің оқуларында қолдау кӛрсету ортасы
құруға бағытталды.
Әр әдістен соң «Алдағы тәжірибеңде қалай қолдануға болады?» деген
түрткі сұрақ тұрақты қолдандым. Сессияның ӛн бойында жеке жұмысқа арнайы
уақыт бере отырып, жұптық жұмыста талқылауға және топтық жұмыста
маңызды, сыни ойлауға бағытталған идеялардың айтылғаны байқалды.
282
Оқытуды басқару және кӛшбасшылыққа кіретін дағдылар, білім және
түсіну уақыт ӛткен сайын дамиды.
3 деңгей мұғалімдерінің Стандартын «Жаңа тәжірибені енгізу рефлексиясы
және алдағы дамыту үшін оның мәні» саласы бойынша талдауды «Тыңдап
отырған үштік» әдісі бойынша ауызша талданды. Сондай-ақ, «Ӛз түсінгеніңізді
интерпретация тұрғысында жазсаңыз» жазбаша алынған таратпа түсіндірме
арқылы меңгеруге мүмкіндік алды.
«Мұғалімнің айналысатыны үнемі қозғалып, ӛзгеріп, ӛсіп-ӛркендейтін тірі
адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды»
[4,112.] - деген Ж.Аймауытов пікірінің маңыздылығының айқындала түскеніне
кӛз жеткізуге болады.
Үйренушілердің оқуын және ӛз бетімен білім алуын қолдауда
«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», 1 аптаның 4-ші күніндегі «Дипактың
оқиғасы», 4 аптаның 1 күніндегі дәріс материалдар, Стандарт мәтіні, портал,
ғаламтор материалдары қолданылды.
Менің байқағаным осы тӛрт сессия барысында қолданылған әдіс-тәсілдер
мен стратегияларды айқындау, оның шешу жолдары, қажетті қызығушылыққа
қол жеткізу жолдарына мұғалімдердің сенімді болуына деген ұстанымы мен
кӛзқарасының оң шешімін қалыптаса бастағандай болды.
Элейн Уилсонның «Іс-әрекеттегі зерттеу - ӛзгеріс енгізуге түрткі болатын
проблемаларды
қалыптастырып,
оны
шешуді
қамтитын
әлеуметтік
жағдайлардағы оқыту үдерісі» тұжырымының дәледене түскеніне кӛз
жеткіздім.
[2].
Әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей: Тӛртінші
басылым, www.cpm.kz
2. Тренерлерге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей: Тӛртінші
басылым, www.cpm.kz
3. Ушинский К.Д. Теоретические проблемы воспитания и образования. О
пользе педагогической литературы. М.: 1974.
4. Аймауытов Ж. Психология. А.: Атамұра, 1994.
5. Дәріс материалдары, бірінші бетпе-бет кезеңі, 1 апта 4 күн. Issue 1, Date:
09/12/2011.
6. Дәріс материалдары, бірінші бетпе-бет кезеңі, 4 апта 1 күн.. Issue 1, Date:
09/12/2011.
7. hrm.ru/db/hrm
/B7DF9E7C61B1A6D7C32575B1003F1DB2/
print.html
более полное описание цикла Колба.
Достарыңызбен бөлісу: |