177
№28 Зертханалық жұмыс
33-тапсырма. Белгілі жоспар бойынша шолулық жалпы
географиялық картадан берілген ауданды сипаттау.
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Тапсырма келесі
жоспар арқылы орындалады:
Жоспар:
– Ауданның географиялық орны, территориясы, пішіні мен көлемі.
– Аудан табиғатының ерекшеліктері: жер бедері пішіні, суы,
грунты, жер бедерінің грунтпен және сулармен байланысы.
– Әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері: саяси-әкімшілік
бөліну элементтері, елді-мекендер, олардың типі, халқы, қоныстану
ерекшеліктері, қатынас жолдарының типтері, көлік торабының пішіні,
қатынас жолдарының жер бедерімен байланысы.
№29 Зертханалық жұмыс
34-тапсырма. Мектептік географиялық атласты берілген жоспар
бойынша талдап, оған баға беру.
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Тапсырма келесі
жоспар арқылы орындалады:
Жоспар:
1) Басты мәліметтер (атауы, баспаға шығарған орны, жылы, карта
бетінің саны, жалпы беттер саны);
2) Атлас құрылымы:
А) әдістемелік және анықтамалық
бөлімдердің болуы;
Б) Карталар жіктелетін негізгі бөлімдер;
В) Әрбір бөлім, карталардың құрамы және мазмұны бойынша
атлас типі;
Г) Атласты пайдалануды жеңілдететін қосымша сипаттама
элементтері;
3) Картаның математикалық элементтері (масштабы, проекциясы,
бұрмалану түрлері);
4) Картаның географиялық мазмұнының негізгі элементтері мен
оларды көрсету тәсілдері;
5) Атластың негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы.
№30 Зертханалық жұмыс
35-тапсырма. Екі мектеп атластарын салыстыру.
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. №28 зертханалық
жұмыста берілген жоспар бойынша 7-8-9-10-сынып атластарын
салыстырады.
178
ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Картография міндеттері:
A)
Карталарды жүйелеу (жіктеу), оларға талдау жасау, бағалау,
сақтау және
тарату мәселелерімен айналысу;
B)
Картада географиялық объектілердің орналасуын нақты
көрсетуді қамтамасыз ету міндетін шешу;
C)
Карта бойынша өлшеу
әдістерін құрастыру;
D)
Ірі масштабты карталарды салу мақсатымен жергілікті жерді
зерттеудің географиялық және геометриялық әдістерін құрастыру;
E)
Табиғи және қоғамдық құбылыстарды географиялық карталарда
және тағы басқа шығармаларда көрсету, осы бейнелердің қасиеттерін
сипаттау, оларды құрастыру және пайдалану әдістерін жасау.
2. Топография міндеттері:
A) Каталарды жүйелеу (жіктеу), оларға талдау жасау, бағалау,
сақтау және тарату мәселелерімен айналысу;
B) Картада географиялық объектілердің орналасуын нақты
көрсетуді қамтамасыз ету міндетін шешу;
C) Карта бойынша
өлшеу әдістерін құрастыру;
D) Ірі масштабты карталарды салу мақсатымен жергілікті жерді
зерттеудің географиялық және геометриялық әдістерін құрастыру;
E) Табиғи және қоғамдық құбылыстарды географиялық карталарда
және тағы басқа шығармаларда көрсету, осы бейнелердің қасиеттерін
сипаттау, оларда құрастыру және пайдалану әдістерін жасау.
3. Картографиялық бейне дегеніміз …
A) Жер бедерінің кедір-бұдырлы беті
B) Тік сызыкка перпендикулярлы болып келетін және материктер
астына шартты түрде жалғасатын Дүние жүзілік
мұхиттің беті;
C) Жер эллипсоиды бетінің жазықтада бейнелеудің математикалық
әдісі;
D) Жер бетінің кіші осі бойы айналу нәтижесінде пайда болған
жер беті;
E) Картада шынайы объектілер мен құбылыстарды бейнелеудің
шартты белгілері.
4. План дегеніміз…
A) Ірі масштабпен жазықтықта ортогонды проекциясында бейнелеу;
B) Эллипсоидтің бетін жазықтыкпен алмастыру;
C) Белгілі бір нақтылыкпен жазықтық деп алынған бөлікшенің
өлшемдерін бейнелеу;
D) Барлығы дұрыс;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
179
5. Жазықтықта жер шарының немесе жер эллипсоидының бетін
бейнелеу әдісі қалай аталады:
A) Меридиандар торы;
B) Картографиялық
проекция;
C) Картографиялық генерализация (жалпылау);
D) Картографиялық тор;
E) Параллелдер торы.
6. Карта
бойынша
кез
келген
нүктенің
географиялық
координаталарын анықтауға мүмкіндік беретін сызықтар жүйесі:
A) Меридиандар торы;
B) Картографиялық проекция;
C) Картографиялық генерализация (жалпылау);
D) Картографиялық тор;
E) Параллелдер торы.
7. Экватор нүктесінен шеңбер градустары арқылы көрсетілген
қашықтықты анықтауға мүмкіндік беретін картадағы сызықтар:
A) Меридиандар торы
B) Картографиялық проекция;
C) Картографиялық генерализация (жалпылау);
D) Картографиялық тор;
E) Параллелдер торы.
8. Ендікті анықтауға мүмкіндік беретін картадағы сызықтар:
A) Меридиандар торы
B) Картографиялық проекция;
C) Картографиялық генерализация (жалпылау);
D) Картографиялық тор;
E) Параллелдер торы.
9. Эллипс немесе жер шары бетінің аудандық өлшемдерінің
картаға түсіру барысында қанша санға кішіретілгенін көрсететін
қатынасы қалай аталады:
A) Бұрыштардың нольдік
бұрмалану сызығы;
B) Аудандардың басты масштабы;
C) Басты масштаб;
D) Аудандардың жеке масштабы ;
E) Ұзындықтардың нольдік бұрмалану сызығы.
10. Картаға түсіргенде бұрыштардың бұрмалануын есепке алмайтын
проекция:
A) Теңірі;
B) Тең аралық;
C) Кез келген;
D) Тең бұрышты;
E) Тең масштабты.