Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,58 Mb.
Pdf просмотр
бет34/60
Дата21.11.2018
өлшемі5,58 Mb.
#22628
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60

 
100 
-  табиғи – техникалық карталар. 
Тақырыптық  карталар  сан  алуан  (жалпы  саны  107).  А,Ә  және  Б 
топтамаларындағы  карталардың  жеке  –  дара  аттары  мен  олардың 
үлестік саны тиісінше 63, 35 және 9 екені толық деректелген. 
Арнайы карталар нақтылы шеңбер төңірегіндегі есептерді шығаруға 
немесе  пайдаланушыларға  арналады  да,  көбінесе  техникалық  қызмет 
атқарады. 
Олар былайша топталады. 
Навигациялық (сапар шегудегі) карталар: 
-  әуелік және ғарыштық навигация; 
-  теңіздік навигация; 
-  лоцмандық (кеме жүргізудегі) навигация; 
-  жолдар мен автожолдардың карталары. 
Кадастрлық (мәліметтік) карталар: 
-  жер кадастры; 
-  су кадастры; 
-  қалалық кадастр; 
-  орман-тоғай кадастрының карталары. 
Техникалық карталар: 
-  жер асты коммуникациялары; 
-  инженерлік-құрылыстық карталар. 
Жобалық карталар: 
-  мелиоративтік (жер өңдеу-ылғалдандыру мен құрғату); 
-  орман – тоғайға орналастыру; 
-  жерге орналастыру. 
Карталардың  атқаратын  міндеті  бойынша  жіктелісуін  мына 
карталар құрады: оқулық, үгіт  – ағарту, анықтамалық, экскурсиялық, 
спорттық,  сондай-ақ  соқырлар  мен  көзі  нашар  көретіндерге  арналған 
тактильдік (сезіктік) карталар. 
Бақылау сұрақтары: 
Карталар нышандық белгілеріне қарай қалай бөлінеді? 
Масштабы бойынша карталар қалай бөлінеді? 
Кеңістікті қамтуы бойынша карталар қалай бөлінеді? 
Карталар мазмұнына қарай қалай бөлінеді? 
Мектеп  атластарында  карталардың  қандай  түрлері  жиі 
қолданылады? 
 
22. Тақырыптық карталар 
Топографиялық  карта  (Топографическая  карта)  –  шартты 
белгілермен,  барлық  сызықтарын  белгілі  бір  мөлшерде  бірнеше  есе 
кішірейту  арқылы  жергілікті  жерді  қағаз  бетінде  дәлме-дәл  әрі  жан-


 
101 
жакты  бейнелеу.  Топографиялық  картада  арнаулы  шартты  белгілермен 
жердің  барлық  бөлшектерінің  (бедері мен  заттардың) орналасуы  мен 
өзара  байланысы  көрсетіледі.  Топографиялық  картаны  командирлер 
мен  барлық  дөрежедегі  штабтар  ұрысты  дайындау,  ұйымдастыру,  әр 
түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ қарсыластар мен өз 
әскерлері  туралық,  кабылданған  шешімдер  мен  жауынгерлік 
бүйрықтар  туралы  мөліметтер  бейнеленген  құжат  ретінде  кеңінен 
қолданады.  Карта  бойынша  жергілікті  жерді  бағалауға,  қозғалыс 
бағытын  зерттеуге,  қашықтықты,  бұрышты,  алаңдарды,  биіктікті, 
кеңістікті  анықтауға  байланысты  міндеттер  орындалады,  ұрыстағы 
нысаналар  мен  ракеталардың,  артиллерияның,  т.б.  ұрыс  тәртібі 
анықталады.  Топографиялық  карталар  жалпы  мемлекеттің,  елдің 
қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету  үшін де, халық шаруашылығы 
үшін  де  қажет.Топографиялық  карта  көмегімен  орындалатын 
міндеттердің  сан  алуандығы  әр  түрлі  масштабтағы  карталардың 
болуын керек етеді.  
Жалпы  географиялық  карта  негізінде  тақырыптық  карталар 
жасалады.  Мысалы,  климаттық  белдеулер  картасы,  тектоникалық 
карта және т.б. Тақырыптық карталардың мазмұны жалпыгеографиялық 
карталарға  қарағанда  кеңірек,  үлкен  көлемді  қамтып,  әртүрлі 
мәліметті  береді.  Кез  келген  тақырып  картографиялық  әдістердің 
көмегімен толық ашыла алады. 
Тақырыптық  карталар  –  белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты 
(тақырыпты,  объектті,  құбылыс,  сала)  немесе  бірнеше  тақырыптың 
үйлесуін  көрсететін  карта.  Тақырыптық  карталар  табиғи  (физико-
географиялық)  және  қоғамдық  (саяси-экономикалық)  құбылыстарға, 
сонымен  қатар  олардың  әрекеттесуіне  байланысты  бөлінеді.  Табиғи 
және  қоғамдық  құбылыстар  жөніндегі  барлық  мәліметтер  оның 
тақырыбына  байланысты  белгіленіп,  оның  арнайы  мазмұнына  ие 
болады. 
Тақырыптық карталар өзінің тақырыбының мөлшеріне байланысты 
– жалпы (үлкен тақырыптарға байланысты) және жеке немесе салалық 
(шағын ғана тақырыпқа байланысты) деп бөлінеді.  
Карталар Жер туралы ғылым салаларындағы әр түрлі мәселелерді 
шешу  үшін  арналған.  Қазір  картасыз  ешқандай  жұмыстар  жүргізіле 
алмайды. 
Бұл карталарды екі топқа бөлуге болады: қоғамдық және табиғи 
құбылыстар картасы. 
Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар: 
а) табиғат  құбылыстарының  карталары,  яғни  физико-
географиялық карталар. Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның 
барлық компоненттерін қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, 


 
102 
жер  беті  және  Дүниежүзілік  мұхит  түбінің  бедері  картасы, 
метеорологиялық  және  климаттық,  гидрологиялық,  топырақ  картасы, 
физико-географиялық 
ландшафтану 
мен 
физико-географиялық 
аудандастыру карталары  және т.б. жатады. 
ә) қоғамдық  құбылыстардың  карталары,  яғни  әлеуметтік-
экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи) 
карталар.  
Қоғамдық құбылыстар қарталары  

 
социосфера; 

 
техносфераны қамтиды.  
Олардың тақырыптары әр алуан: халық, экономика мен шаруашылық, 
ғылым, білім және мәдениет, қызмет ету және денсаулық сақтау, дін 
және  саясат,  археология  мен  ұоғамның  даму  тарихы  және  т.б.  Бұл 
топтағы карталар жылдан-жылға өсуде.  
 
Табиғаттық карталар: 
-  физико-географиялық; 
Ландшафтық 
Қоршаған ортаның бұзылуы  
Табиғатты қорғау 
Физико-географиялық аудандастыру 
-  геологиялық; 
тектоникалық және неотектоникалық 
литолого-стратиграфиялық 
гидрогеологиялық 
пайдалы қазбалар 
сейсмикалық және вулканизм 
геологиялық ортаны қорғау 
құрылымдық-геологиялық аудандастыру 
-  геофизикалық; 
гравитациялық өріс 
магниттік өріс 
сейсмометрлік  
электрлік өріс 
жылу энергиясы 
физикалық өлшемдер 
-  жер беті мен мұхит түбінің бедері; 
Гипсометриялық және батиметриялық 
Морфометриялық және морфографиялық 
Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың) 
геоморфологиялық аудандастыру 


жүктеу 5,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау