Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
4-лекция. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері
Жоспар:
Қазақ тілі сабақтары.
Қазақ тілін тереңдете оқыту.
Қазақ тілі бағдарламасы.
Қазақ тілі оқулығы.
Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы.
Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері мен ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін оқытудың басқа да түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы түсінік беру. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасауда оқушының даму ерекшеліктері негізге алынады. Тереңдете оқытуда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мазмұны ескеріледі. Қазақ тілі бағдарламасы- мемлекеттік құжат болып табылады. Қазақ тілі оқулығы оқушы үшін негізгі қажетті құрал. Оқулықтың жасалу теориясы және жүйелілік- құрылымдық сипаты ескеріледі. Қазақ тілі оқулықтарының өзіндік даму жолдары бар. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері мен қолданылуы да мұғалімнің назарында болады. Лингвистикалық теориялық материалдарды оқу мақсатында сипаттаудың лингводидактикалық негіздері туралы түсінік беріледі. Қазіргі сабақ туралы көптеген монографиялық еңбектер жекелеген ғылыми және практикалық сипаттағы мақалалар жарық көрді. Огородников.И.Т, Сарокин.Ю.К, Р.Т Лембер мынадай оқыту жүйесін ұсынады:
1) Ауызша: әңгіме, әңгіме кеңес, лекция, кітаппен жұмыс.
2) Көрнекілік: суретпен сипаттау, демонстрация.
3) Практикалық-лабороториялық жұмыстар, практикалық жұмыстар.
Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмудов төмендегіше берген. Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диофильм, көрсету. Теориялық мәліметтерді оқушылардың ізденісі, еңбектенуі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады. Ә) Білім мен іскерлікті, дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша- жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, лабораториялық жұмыс, экскурсия сабағы жатады. Б) Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.
Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не сынақпен қорытындыланады. М.Махмутов сабақтың әдістемелік құрылысы тұрақты емес, сабақтың мақсатына жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер әрқашанда ауыспалы сипатта болады, деп айта келіп, сабақтың дидактикалық құрылымы оның түрлері мен типтері үнемі ортақ болады деп көрсетеді. Б.Т.Панов сабақ типтерін төрт топқа бөледі. Ә.Исабаев қазақ тілінен өтетін сабақтарды төмендегідей жіктейді. Олар: жаңа сабақ, біріккен сабақ және лекция сабақ.
Қазіргі сабақ түрлерінде талап оқу мазмұнын байытып, оқыту бағытын интеграциялау арқылы экономикалық, қоғамдық, саяси, әлеуметтік, мәдени өмірдің әр түрлі салаларынан мәлімет бере отырып оқыту арқылы оқушыларды болашақ қоғамға, өмірге дайындау қажет болып отыр. Бұған жаңа білім мазмұнының тұжырымдамасы, стандарты, қазақ тілінің бағдарламасы, оқу жоспары, оқулығы және оқу құралымен мұғалім жете түсініп меңгергенде ойдағыдай нәтижеге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |