Біз, 1 ай көлемінде қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-
тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, тілді үйретудің әдіс-
тәсілдерін, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білудің егжей-тегжейін
үйрендік.
Курстан алған әсеріміз өте көп. Біз үшін 20 күн көзді ашып-жұмғандай
тез өтті де кетті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп
білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойыма оралып отыр. Біздің білімге
деген ықыласымызды оятып, дәріс берген тренеріміз Мұхтаров Аманғали
ағайға алғысымыз шексіз. Аманғали ағай өте білімді, өз ісінің шебері, өте
еңбекқор, сонымен қатар талапшыл ұстаз маман екендігін көрсете білді.
Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер ерекше: шиыршықты оқытудың
мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар
құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым,
тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің
педагогикалық білімімізді тереңдете түсті. Білім алудан еш жалықпадық.
Пән мұғалімдері жаңашылдықпен танысып қана қоймай, тәжірибе жүзінде
өзар сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасып уақыттарын қызықты әрі
пайдалы өткізді.
Өзге ұлттың баласы неге қазақ тілін білмейді деген сауалдың жауабын
ұстазымыздың «Мұғалім өзіне де, оқушыға да талап қоя білгенде ғана
білімде сапа болады», - деген пікірінен тапқандаймыз.
Курс барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз бойымыздан
өткізіп, сындарлы оқытуға негізделген технологияның әдіс- тәсілдерін
меңгердік. Мұғалімдер бір-бірімен тәжірбие алмасуға, өз білімі мен
шеберлігін көрсетуге, өзгеден үйренуге көп мүмкіндіктер алады. Мұндай
мүмкіндік ұжымды бір-біріне таныту үшін әркімнің ұжымда өз орны, өз ойы,
пайдасы бар екенін, әр қайсысы бір-бірін сыйлауға, өзгемен санасуға,
ынтымақтастыққа тәрбиелейтін әдіс оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл - топтық
жұмыс арқылы іске асады. Осы курстың барысында топпен жұмыстың
барлық қыр-сырларын көріп білдім. Топпен жұмыста топтың әр мүшесіне өз
білімін, ойын, пікірін айтуға немесе білмегенін басқалардан үйренуге өзгені
тыңдап, өзін тыңдатуға, өзінің басқаларға керек екенін, ұжымда өз орны бар
екенін сезінуге оқушылар үшін көп мүмкіндік берілетінін мен бірінші бетпе-
бет кезеңінде өз бойымнан өткізуде « оқушылармен осылай жұмыс істесем
олар өздерін қалай сезінер еді? », « мүмкін ашыла алмай жүрген балалар кіші
топтарда мүмкіндік алар еді » деген ойлар келді. Топпен жұмыс істеу бұл
мұғалімге де, оқушыға да тиімді. Оқушылар қаз-қатар тізілген партада
отырғаннан гөрі, бір-біріне қарап отырғанда өздерін еркін сезінеді.
Оқушылардың өз білмегендерін құрбыларынан сұрауға қысылмайтынын мен
өз сабақтарымда байқадым. Өйткені дәстүрлі сабақтарда барлық оқушының
білмегенін мұғалімнен сұрауға батылы бармайды. Себебі мұғалім нашар баға
қоюы мүмкін деп ойлап отыра береді.
...«Ат аунаған жерде түгі қалар» демекші, курсты жақсы
көрсеткіштермен тәмамдадық.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына алғысымыз шексіз.
71
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында
табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз
еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз
мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп
санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де,
үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер
сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса»
деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп,
оқушыларды болашаққа жетелеп, кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып
отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
ХХІ ҒАСЫР-ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ МЕН АҚПАРАТТАНДЫРУ
ҒАСЫРЫ
Минетаева Ж.Е.
Алматы облысы, Іле ауданы, Комсомол ауылы №31 ОМ
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең
елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін
еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым
бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның
жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Білім мен
ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың
негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты-білім
мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан 2050 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық
моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік
білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік
тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша
оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман
талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру
жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру
бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген.
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін
жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру,
біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі
таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен
жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы
ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың
жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына
ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің
қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне
72
Достарыңызбен бөлісу: |