Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет33/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122

байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі 
өзгерістерге  ұшырауда.  Соған  орай  оқытудың  парадигмасы  өзгерді.  Білім 
берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңаша  көзқарас  пайда  болды.  Осыған 
байланысты  ұстаздар  алдында  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жаңартып 
отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. 
Жаңа  бағдарлама  бойынша  жаңаша  көзқарас  қалыптасып,  білім  деңгейі 
биікке көтеріліп келеді.  
Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге 
басты  талапқа  айналып,  осы  әдістерді  жетілдіре  түсу  қажеттігі  күшейіп 
келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз 
белсенділігін  туғыза  алмаса,  берілген  білім  күткен  нәтиже  бермейді. 
Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. 
Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне 
ие.  Негізгі  мектеп  үшін,  барлық  мектептердегі  оқыту  стандарттарын 
Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  деңгейіне  дейін  жақсарту  қажет. 
Жоғарғы  мектеп  түлектері  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  меңгеріп 
шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу 
және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс. Қазіргі мемлекеттік 
бағдарламаларда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім берудегі озық іс-
тәжірибелерінің ең үздік үлгілерін еліміздің барлық білім беру мекемелерінде 
кіріктіру көзделген. 
Соңғы  жылдары  педагогикалық  теорияда  және  оқу-тәрбие  үдерісінде 
айтарлықтай    өзгерістер  болып  жатыр.  Білім  берудегі  жаңғырту  мен 
инновациялық үрдістердің жалғасуына  ықпал етудің маңызды факторының 
бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне  
пәндік,  дидактикалық,  әдістемелік,  психология-педагогикалық  білім  мен 
дағды  ғана  емес,  педогогтің  жеке  тұлғалық  потенциалы,  кәсіби 
құндылықтары  да  жатады.  ҚР-ның  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 
арттыруға  арналған  үш  айлық    курс  бағдарламалары,  білім  беру  жүйесінде 
педагогтар  алдына  жаңа  міндеттер  қойып,  оларға    үн  тастады    десек  те 
болады.    Білім  мазмұнын  жаңарту  тікелей  шығармашылық  ізденістегі 
мұғалімнің  кәсіби  шеберлігіне  байланысты.  «Мұғалім  көп  әдісті  білуге 
тырысуы  керек.  Оны  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдануы 
керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім 
беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. 
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы 
да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында 
«Шиыршық  әдісімен»  орналастырылған  және  бір  –бірімен  тығыз 
байланысты.  Яғни,  жыл  бойына  бірнеше  рет  қайталанып  отырады  және 
сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. 
Бүгінгі  күні  барлық  елдер  жоғары  сапалы  білім  жүйесімен  жұмыс 
істеуде.  Өйткені  қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның 
азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі 
болашақтың  талабына  сәйкес  дамуы  тиіс.  Оқушыларды  заманауи  әдіс  –
73 
 


тәсілдермен  оқытып,  ой  –өрісі  кең,  саналы,  еркін  азамат  етіп  тәрбиелеу  
қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. 
Қазіргі  таңда  пәнді  жақсы,  терең  білетін,  күнделікті  сабақтағы 
тақырыпты  толық  қамтитын,  оны  оқушыға  жеткізе  алатын,  әр  түрлі 
деңгейдегі  тапсырмаларды  білу  іскерлігі,  оқытудың  дәстүрлі  және  ғылыми 
жетілдірілген  әдіс-амалдарын,  құралдарын  еркін  меңгеретін,  оқушылардың 
пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-
зерттеу  бағытындағы  тапсырмалар  жүйесін  ұсыну  өмір  талабы.  Ал  оның 
негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр 
сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім 
сапасын арттыру ең басты мәселе. 
Бағалау  жүйесі  де  түбегейлі  өзгеріске  ұшырап,  критериялық  бағалау 
жүйесіне  өтеді.  Критериалды  бағалау  кезінде  оқушылардың  үлгерімі  алдын 
ала  белгіленген  критерийлердің  нақты  жиынтығымен  өлшенеді. 
Оқушылардың  пән  бойынша  үлгерімі  екі  тәсілмен  бағаланады: 
қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау.  Бұл  бағалау  түрлері 
баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі 
Филиппин,  Сингапур,  Жапония,  Франция,  Финляндия  сынды  дамыған 
елдерде  пайдаланылады.  Бұл  бағалау  жүйесінің  артықшылығы,  баланың 
ойлау  қабілетін  дамытып,  ғылыммен  айналысуына  ықыласын  туғызады. 
Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту  мен  оқу  үдерісінің  ажырамас 
бөлігі  болып  табылады  және  тоқсан  бойы  жүйелі  түрде  өткізіледі. 
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім 
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан 
оқу  үдерісін  түзетіп  отыруға  мүмкіндік  береді.  Жиынтық  бағалау  оқу 
бағдарламасынның  бөлімдерін  (ортақ  тақырыптарын  және  белгілі  бір  оқу 
кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі 
туралы  ақпарат  алу  мақсатында  балл  және  баға  қою  арқылы  өткізіледі. 
Қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау  барлық  пәндер  бойынша 
қолданылады. 
 
Қазіргі мектептердің мақсаты - жоғары білімді, шығармашыл адамның 
үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз 
білімінің  нәтижесінде  оқушы  бойында  сын  тұғысынан  ойлау,  білімін 
шығармашылықпен  пайдалана  білу,  зерттеушілік  дағдылары,  АКТ 
дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған 
міндеттер  мен  күрделі  мәселелерді  шеше  білу  дағдылары  қалыптасады. 
Мектеп  бағдарламасына  кіріктірілген  пәндерді  енгізу  оқушының  жалпы 
дамуына  және  тақырыпты  сабақта  тереңірек  зерттеп,  әлем  туралы  тұтас 
ұғымының  қалыптасуына  септігін  тигізеді.Бағдарламаның  мақсаты: 
Жаңартылған  оқу  бағдарламасының  құрылымын,  мақсат-міндеттерін 
меңгерту.  Курста  жаңартылған  оқу  бағдарламасы,  оқу  жоспарлары,  тілдік 
дағдылар,  педагогикалық  әдіс-тәсілдер  және  белсенді  оқыту  техникалары 
қарастырылды.Ұстаздарға  үлкен  жауапкершілік  міндеттелді.  Оқушылардың 
бойына  ХХІ  ғасырда  өмірдің  барлық  салаларында  табысты  болу  үшін, 
қажетті  дағдыларды  дарыту  үшін,  мұғалімдер  тынымсыз  еңбектену  керек. 
74 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау