Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет23/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   122

нашар  қалыптасқан.   Мына  жағдайларды  болдырмау  үшін  Кембридж 
бағдарламасы ұсынып отырған әдіс –тәсілдерді сабақта қолданудың маңызы 
зор.Бағдарламаны игерген мұғалімдер оқушылармен кері байланыс жасаудың 
түрлі  тәсілдерін  үйренеді.  «Екі  жұлдыз,  бір  тілек»,  «3-2-1»  т.б. 
түрінде   жүргізілетін   кері  байланыс  оқушылардың  білу,түсіну  деңгейін 
білуге  көмектеседі.  Ынтымақтастық  оқу  -  оқу  мен  оқытудағы  білім  беру 
тәсілі.  Бұл  проблемаларды  шешуде,  тапсырмаларды  орындауда  бірлесіп 
жұмыс істейтін оқушылар тобы. Топтағы оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, 
пікір таластырады,  яғни осы әнгіме арқылы оқуды жүзеге асырады. Ал, топ 
құру әртүрлі әдіспен, ойын түрлері арқылы да жүзеге асырылады. Сол сияқты 
оқушылар  бір-бірімен  диалог  жүргізу  барысында  өзара  пікір  алмасып,  ой 
бөлісіп  және  өз  идеяларын  еркін,  ашық  түрде  жеткізуге  тырысады. 
Сұрақтарға  жауап  беру  барысында  оқушылардың  сөйлеу  мәдениеті  дамып, 
ойларының  шыңдала  түсетіні  айқын. «Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету» 
модулі  сұрақ  қоюдан  және  шешімін  талап  ететін  проблемаларды 
айқындаудан  басталады.  Оқушы  өзі  сұрақ  қойып,  оның  шешімін  өзі 
айқындайды.  «Сыни  тұрғыдан  ойлауды  үйрету»  модулі  бойынша  «Диалог 
арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту » әдісін қолдану арқылы оқушылар 
тыңдаушыдан  белсенді,  ізденуші,  ойланушы  дәрежесіне  дейін  көтеріледі. 
Мұғалім  осы  әрекетті  ұйымдастырушы,  бағыт-бағдар  беруші. Қазіргі  заман 
ағымына  сай  болашақ  ұрпаққа  саналы  тәрбие,терең  білім  беру  еліміздің 
басты мәселесі болып табылады. Жалпы алғанда, жаңа бағдарлама бойынша 
жұмыс істегенде оқушылар бойынан өз-өзіне деген сенімділік байқалып, кез-
келген  ортада  еркін  сөйлеуге,  пікірталас  жүргізе  білуге,  сабақта  белсенді 
шығармашылық пен пәнді терең меңгеруге жұмыс істей білуге дағдыланады 
және сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар әр уақытта белсенді болады.  
 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ- ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАР 
 
МЕН НӘТИЖЕЛЕРДІҢ БАСПАЛДАҒЫ 
                          
Ибраева Жанар Мухаметкалиевна 
«Өрлеу» «БАҰО» филиалы «Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ» 
«
Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету» 
кафедрасының  аға оқытушысы 
 
Тіл  -  қарым-қатынас  құралы  болып  табылады.  Тілді  оқытудың  әдіс-
тәсілдері  оқу  ортасы  мен  мәнмәтіндерді  ескере  отырып,  оқушыны  тиімді 
білім  алу  үшін  ауадай  қажет  болып  табылатын  дербестікке  ұмтылуға  оң 
ықпал  етуі  тиіс.  Қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілі  оқу 
бағдарламасының  бөлімдері  төрт  тілдік  дағдыны  қамтиды;  тыңдалым  және 
айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары.  
Қазақ тілін сапалы меңгерген әрбір оқушы қазақ тілі сабақтарын өз ана 
тілінің  табиғатын  танытатын  процесс  ретінде  де  бағалап,  өз  бетімен  іздене 
алады.  Қазақ  тілін  оқу  пәні  ретінде  меңгеру  процесінде  әрбір  оқушы  қазақ 
51 
 


тілін  сауаттылықпен  өзінің  айналасындағы  адамдармен  күнделікті  қарым-
қатынас  жасау  құралы  ретінде  және  қазақ  тілін  теориялық  тұрғыдан  терең 
тани  отырып,  сол  арқылы  басқа  пәндерді  де  сапалы  меңгерудің  оқу-таным 
құралы  ретінде  пайдаланудың  жоғары  деңгейлерін  игеруге  ұмтылып 
отырады.  
Жаңартылған  бағдарлама  бойынша  жүргізілген  курста  дәріс, 
практикалық 
жұмыс 
және 
тренинг 
кезінде 
тыңдаушылардың 
қызығушылықтары күннен күнге арта түсті.  
Курс барысында Алматы қаласы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімдері  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  түйінді  идеяларын 
түсініп, тың тәсілдермен таныса алды. Топтық жұмыстың да мән-мағынасын 
тез ұғып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.  
Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы  -  оқушы  тұлғасының 
үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, 
зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  тәжірибе  жасау,  АКТ-ны  қолдану, 
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, курс 
барысында ұғындық.  
Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  ерекшелігі:  спиральді 
қағидатпен берілуі.  Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра, тапсырмаларды, 
ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. 
Бағдарламаның  мақсаты  -  қазақ  тілі  пәні  бойынша  білім  беру 
бағдарламасын  жаңарту  және  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу.  Бұл 
бағдарлама  мұғалімге  өз  сабағын  қажетті  мазмұнмен  толтыруға  мүмкіндік 
береді  және  сабақта  әр  түрлі  әдіс-тәсілдер  қолдану  арқылы  оқушылардың 
оқуға деген уәждерін арттырады. Сабаққа деген ынтасы жоғары оқушының  
бойында  сын  тұрғысынан  ойлау,  топпен,  жеке  жұмыс  істей  білу,  тілдік 
дағдылары,  қойылған  міндеттер  мен  күрделі  мәселелерді  шеше  білу 
дағдылары қалыптасады.  
Тренерлік    қызметімде  тыңдаушыларыммен  өткізілген  дәрістер  маған 
не  берді,  мен  не  алдым  немесе  мен  өзгердім  бе?  Әрине,  өмірге  деген 
көзқарасымды  өзгертіп  жібермесе  де  педагогикалық  көзқарасымды  ерекше 
өзгерткені  рас.  Нақты  айтатын  болсақ,  педагогикалық  ұстанымым  мен 
шешімімді,  іс-әрекетімді  өзгертті.  Оның  ішінде  оқушыға  деген  адами 
түсінігім жүз пайызға өзгергені шындық.  
Неге?  Өйткені  мен  осы  курста  өзімді  оқушылардың  орнына  қойып, 
олардың  таным-түсінігін,  әлеуметтік-эмоционалдық  түйсігін,  қалай  білім 
алып,  қалай    оқитынын  көзіммен  көріп,  жүрекпен  сезініп,  барынша  жан-
жақты  ұғындым.  Дәстүрлі  стилдегі  біржақты  көзқарастан,  оқушыға  деген 
басым,  талап  қоюшылықтан,  авторитарлық  стильден  арылдым.  Оқушыны 
қорқыту  немесе  екі  қою  арқылы  оқытудың,  баға  қою  арқылы  тәуелдеудің 
тым  қате  екеніне  көз  жеткіздім.  Сабақ  оқытудағы,  жоспарлаудағы 
стратегияларым түбегейлі өзгерді.  
Менің  жұмысымда  белгілі  бір  реттілік  пен  жүйе  пайда  болды.  Жаңа 
нәрсеге деген құлшыныс, ынтам одан әрі күшейе түсті. Сонымен қатар, менің 
тәжірбиеде  ерекше  өзгерткен  нәрсем  ол  –  бағалау.  Бір  бағалаудың  өзі  – 
52 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау