кестелерді тиімді пайдалануға тырысамын. Мысалы: Суреттегі
кейіпкерлермен ертегінің ішкі мазмұны байланыстырыла қаралады. Суретті
талдау кезінде мен оқушыларды монологты сөйлеуге, салыстыру дағдысын
қалыптастыруға машықтандырып отырамын.
Ал, эпостық жырларды оқытуда ауыз әдебиетінің жанр
ерекшеліктеріне қарай бірнеше әдіс-тәсілді қолдануға көп көңіл бөлемін.
Сабақтың кіріспесінде «Алпамыс» жырының өзбек, қазақ, қарақалпақ
халықтарында да бар екендігіне тоқталамын. «Алпамыс» қазақтарға ертеден
таныс көне жырдың бірі, оның бір нұсқасын алғаш рет Жүсіпбек қожа
Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 жылы Қазан қаласында басылғандығын
айтады. Мен «Қазақ эпосына» арналған бояулы илюстрацияларды
салыстырып талдай отырып, оқушылардың көз алдарына батырлар бейнесін,
ондағы оқиға желісін елестетуге назар аударамын.
Бұдан кейін «Ауыз әдебиетінің түрлері» кестесін пайдаланып, эпостық
жырлардың түрлеріне, қалай бөлінетіндігіне тоқталамын. «Алпамыс батыр»
жыры жазылған бейнежазбаны пайдалану арқылы жырдың тақырыбын
ашып, оқиғаның негізгі идеялық желісімен таныстырып, оқушылардың алған
білімдерін жаңа сабақты бекітуге пайдалана отырып күрделі мазмұндық
жоспар жасаймын. Бұл жоспарды жасау барысы оқушыларды ойын
жинақтауға, жүйелеуге үйретеді. Сонымен сабақ кезінде шығарманың
сюжеттік желісінен оқушылар едәуір мағұлмат алып, алдағы сабақтарда
өтілетін кейіпкерлердің іс-әрекетін,бейнесін талдауға біршама дайындалады.
Жырдағы маңызды оқиғаларға жоспар жасалып, кейіпкерлер жағымды,
жағымсыз топтарға бөлінеді, үзінділер оқыттырылып оқушылардың
түсініктері толықтырылады.
Жырдың мазмұнын меңгереннен соң жырдың идеялық мақсатын ашу үшін
оқушыларға мынадай
түрткі сұрақтар беріледі:
-
Жырдың негізгі идеясы не деп ойлайсыңдар?
-
Жырды неге көне жыр деп атаймыз?
-
Жырдағы оқиғалар қандай қоғамдық құрылыс кезінде болған деп
ойлайсыңдар?
Тақырып түгел меңгеріліп болған соң, оқушылардың білімді игеруіне, өз
беттерімен жұмыс жасау қабілеттеріне қарай оларды үш топқа бөліп,
әрқайсысына тапсырма беремін. Бұл топтар Lesson Studu оқушылардың іс-
әрекетін зерттеу жұмыстарының негізінде анықталды. Мысалы:
І топ (материалды қабылдауы жоғары оқушылар): Жырдың ішінен
Алпамыстың жау батырларымен айқасын суреттейтін эпизотты бейнелеу.
ІІ топ (қабылдау деңгейі орта оқушылар): Батырдың аңғал мінезі
суреттелетін тұстарын бейнелеу.
ІІІ топ (қабыдау деңгейі төмен оқушылар): Жырдың мазмұнын жоспар
бойынша оқып келу және жеке кейіпкерлерді сипаттауға дағдылану.
Жаңашыл мұғалімнің сабақтарының өзіндік оқыту тәсілін талап ететін
бір түрі –жазушы өмірбаянын оқыту. Өйткені әдебиет сабағында ақын-
жазушылардың өмірбаяндарын өтудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Жазушының өмірбаянын оқытқан кезде ең алдымен негізгі мәселелерге
18
тоқталу керек. Мысалы: Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың
өмірі мен шығармашылығы. Мен оқушылардан Абай туралы не
білетіндіктерін сұрастырамын. Одан кейін Абай өмірбаянын оқушыларға
қарапайым түсінікті тілмен әңгімелеп беремін. Әңгімемді ең алдымен Абай
өскен ортаны сипаттаудан бастап,оның балалық шағы,қазақтың халық
поэзиясының жас ақынға әсері, әке ықпалымен ел ісіне араласуы, әке арманы,
Абайдың әке жолымен жүрмеуін айтып және Абайдың ақын ретінде
қалыптасуына ауысамын. Осы тұста мен Абай мүсінінің үлкен суретін
көрсету арқылы мынадай ой қозғаймын:
•
Артына өшпес мұра, қымбат қазына қалдырған Абай соқтықпалы
заманда мыңмен жалғыз алысты.
•
Мына мүсінде ұлы ақын сонау алысқа тебірене қарап шын жүрегімен
біздің бақытты заманды сезіп, тыныштық тауып тұрғандай.
Осылай басталған сабақ өзінің эмоциялық күшімен оқушылар
санасына жақсы әсер қалдырады. Өмірбаянды өту цифрлар жиынтығының
тізбегіне айналмауы керек. Сондықтан да ақын- жазушылар өмірінен
хронологиялық кесте жасаған кезде жазушы өмірінен тәрбиелік мәні бар
материалдарды таңдап алуға оқушыларды дағдыландырған дұрыс. Мұндай
жағдайда оқушылар ақын өміріне ойлана үңіледі, оның қоғам дамуына,
қоршаған ортаға көзқарасын анықтауға талпынады.
Сабақ соңында оқушыларға келесі сабаққа дайындалу ретінде бүгінгі
сабақпен ұштастыра отырып әр түрлі тақырыпта сілтемелер беремін;
Мысалы:
•
Абай өмір сүрген қоғамдық орта.
•
Ақынның адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін шығармалары;
Әдебиет сабағынан берілетін теориялық ұғымдар әдебиет тану ғылымында
әдебиет теориясы атқаратын қызметтің зор екендігін көрсете алуы керек.
Оқушы өзі оқып шыққан шығарманың оқиғасын ғана қызықтап, оның
көркемдік әрін жете танымаса, жазушының шебер жасалған бейнелеріне,
суреттеріне сүйсінбей, құр талғамсыз оқыған болса, онда мұндай оқудың
берері аз болады. Сондықтан мен өтілетін шығарманың мазмұнын ғана
ұғындырып қоймай, оқушыларды ондағы кейіпкерлер дүниесіне үңілуге,
олардың іс-әрекет, қылықтарына өзінше баға бере білуге, сондай-ақ
қаламгердің қиялымен жасалған әсерлі суреттеріне, тамаша тапқырлықпен
жасалған ұшқыр теңеу, эпитеттеріне, халық тілінің байлығына шын сүйсіне
білуге баулимын. Осылай өте отырып, көркем шығарманың құнды қасиетін
белгілі шамада жас ұрпақ бойына сіңіре аламын деп ойлаймын. Оқушының
әдебиет теориясынан белгілі дәрежеде білімінің болуы- пән мұғалімінің естен
шығармайтын өзекті мәселелерінің бірі. Әдебиет теориясынан көбірек
хабардар болса, оқушылар көркем әдебиетті де жақсы түсініп оқиды. Бірақ,
теориялық мәліметтерді жеке дара түсіндіріп, оны көркем мәтіннен бөліп
алып оқытудың оқушыларға берері шамалы.
Сондықтан да теориялық ұғымдарды көркем шығарманы оқып талдау
үстінде өткен жөн. Сонымен бірге ол ұғымдарды көрнекі құралдарды
пайдалану арқылы түсіндірген ұтымды болады. Оқушылардың әдебиет
19
Достарыңызбен бөлісу: |