Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет10/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122

теориясынан  алған  бастапқы  ұғымдарын  жоғарғы  сыныптарда  қайтадан 
жаңғыртып,  тереңдетіп  түсіндіреді.  Осының  нәтижесінде  оқушылардың 
көркем    мәтінді  талдап  оқу  тәжірибесі    ұшталады.  Бұл  сабақтарда  әдебиет 
теориясы  ғана  емес,  сондай-ақ  оның  сыны  мен  тарихының  мәселелері 
бойынша да кеңейтілген мәліметтер беріледі. Мәселен: Әдебиет теориясынан 
өтетін  ұғымдарының  ішінен  өлең  және  оның  құрылысы,  өлеңнің  ырғағы, 
тармағы,  шумағы,  ұйқасы,  буыны  секілді  түсініктерді    өту  тәжірибесінен 
қарастырып көрелік;  
 
Үлгі:  Көзімнің қарасы,                      Тапсырма:   Қандай ұйқас?   
         
Көңілімнің сарасы  
         
Бітпейді іштегі 
         
Ғашықтық жарасы  
        
Жауап: Қара өлең ұйқасы 
         
Неше тармақты?                  4 тармақты 
         
Неше буынды                          6 буынды 
         
Неше бунақты?                      2 бунақты 
       
Қай әнмен айтылады             «Анаға сәлем» әнімен 
 
Оқушыларға  көркем  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясы,  кейіпкері, 
мінездемесі, портреті, сондай-ақ композициясы мен сюжеті, оның құрамдас 
бөлшектері  туралы  үлкен  романдарды  оқытуда    жүйелі  білім  беруге  бар 
тәжірибемді қолданамын. Әдетте әдебиеттегі портрет ұғымын өткенде, сурет 
өнері мен көркем әдебиеттегі портреттерді салыстырылады. Сурет өнеріндегі 
портреттің  адам  өмірінің  бір  сәтін  жинақтап  көрсетіп,  оны  қозғалыссыз 
бейнелейтінін еске түсіреді. Ал әдебиеттегі портрет қимыл, қозғалыс  үстінде 
болады.  Адам  бет-бейнесінің    сипаты,  жүріс-тұрысын  оқушы    қиялының 
көмегі  арқылы  көз  алдына  елестетеді.  Әдебиеттегі  портрет  сабақ  үстінде 
өтілген нақтылы материалға сүйене түсіндірілсе, ал сурет өнеріндегі портрет  
суретшілердің еңбектерін ұтымды пайдалана отырып түсіндіріледі. 
Қорыта  келгенде,  әдебиет  пәні  сұлулықты  танытатын  ғылым 
боғандықтан,  оны  қыл  қалам  өнерінің  тылсым  құдіретті  кереметімен 
ұштастыра  өту  сабақтың  сапалы  өтілуіне  бастайтыны  сөзсіз.  Бұл  орайда  әр 
сабақтың мазмұндық ерекшелігіне сай қолданған әдіс-тәсілдерді балалардың 
жас ыңғайына қарай қолданған жөн. 
Әрбір  ұстаз  мектеп  реформасының  биік  талаптарына  сай  тиімді 
әдістерді  пайдаланып  отырса,  әдебиет  пәнінен  сапалы  білім  берілетінін 
осындай  тәжірибелер көрсетіліп отыр. Әрине, бұл жерде әр ұстаздың өзіндік 
ерекшеліктері,  мүмкіндіктері,  методикасы  бар  екендігі  түсінікті.  Сайып 
келгенде,  әрбір  мұғалімнің  сабақ  беру  методикасын  жан-жақты  ізденіспен 
меңгеруі - бүгінгі күн алға қойып отырған негізгі мәселелердің бірі.          
                                                                              
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
М. Ғабдуллин. «Халық ауыз әдебиеті».   
2.
Қ.Жұмалиев. «Әдебиет теориясы».  
20 
 


 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН 
ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛЫ: БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН 
КЕЛЕШЕГІ     
 
Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызы 
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы, «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» 
«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан 
қолдау» кафедрасының аға оқытушысы, 
филология ғылымдарының магистрі 
  
      
Бүгінгі  таңда  өзімізге  болсын,  өзге  ұлт  өкілдеріне  болсын  жаңартылған 
білім  беру  жағдайында  қазақ  тілін  оқытудағы  жалпы  мақсат  -  оқушыларға 
ана  тіліміздің  ғасырлар  бойы  сұрыпталып  келген  көркемдігі  мен  әсем 
өрнегін,  лексикалық  байлығын  таныту,  қазақ  тілінің  қуатын,  құдіретін, 
шешендігін  жас  ұрпақ  бойына  дарыту,  ана  тілімізді  қуатты  әдеби  тіл 
қатарынан  түсірмей,  мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  нұқсан  келтірмеу. 
Сондықтан да заманауи білім көшіндегі көптілде білім беру үдерісі аясында 
қазақ тілі мен әдебиетін компьютерлендіру немесе электронды құралдардың 
көмегімен  оқыту  оқушылардың  оқуға  деген  қызығушылығына  зор  ықпалы 
бар.  "Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты 
әлемдік    стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет"  деп,  ел 
Президенті  Н.Ә.Назарбаев    атап  көрсеткендей,  электронды  оқытудың  әдіс-
тәсілдерін  көптілде  немесе  орыс,  ұйғыр  тілдерінде  оқытатын  мектептерге 
енгізу  —  жаңа  білім  берудің  бірден-бір  шарты.  Ұрпақ  мүддесі  үшін  оқу 
үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді, ал, қазіргі кезенде ең өзекті мәселе 
ретінде  қайта  жалғасын  тауып,  дамуы  тиіс.  Мектепте  жекелеген  пәндерді 
оқыту  кезінде  компьютерді  пайдаланудың  жеке  ұстанымдарын  анықтауға 
мүмкіндік туып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет 
көшінен  қалмау  үшін  қандай  болмасын  мүмкіндіктерді  қарастыру  - 
күттірмейтін нәрсе. Осындай мәселелердің бірі – өзге тілді сыныптарда қазақ 
тілі  мен  әдебиетін  оқыту  үрдісін  компьютерлендіру.   Бүгінгі  таңда 
электрондық  оқулықтар  білімді  ақпараттандырудың  негізгі  факторлары 
болып  табылады.  Барлық  өзге  тілді  сыныптарда  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
пәндерін  компьютерлендіріп,  компьютерлік  бағдарламаларын  пайдаланып, 
соның  нәтижесінде  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға 
күш  салу  керек.   Қазіргі  уақытта  білім  берудің  озық  технологияларын 
меңгермейінше, сауатты да көптілді, жан-жақты болу мүмкін емес. Сонымен, 
оқытуды  ұйымдастырудың  өте  құнды  түрі  -бағдарламалап  компьютермен 
оқыту.Компьютерді  қолданудың  психологиялық  тұрғыда  тиімділігі  -  олар 
өзге  тілде  сөйлеп  өскен  оқушының  қазақ  тілінде    есту,  көру,  сөйлеу,  түрлі 
ойындар  ойнау,  суреттер  салуына  септігін  тигізеді.Компьютермен  оқыту  - 
оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі.Компьютермен 
оқыту  үрдісін  енгізу  оқушылардың  қызығушылығын  арттыратыны 
21 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау