мүмкіндік туғызып, сондай үйлесімнің нәтижесінде тақырып мазмұнын кең
аша білудің маңызы зор.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Деңгейлеп
оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғалық әлеуетін арттырып,
шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Оқушының жан-
жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне,
топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдіс. Оны
меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық
және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы
және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді,
түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойланады, т.б. таным
әрекеттерін жасайды.
Осы орайда, сабақтың сапасын арттыру үшін мүмкіншілігіне қарай,
мультимедиялық проекторды пайдаланып отырса, мұғалімнің ұтары мол.
Яғни, қазақ тілі сабақтарын түрлендіріп, тартымды слайдтар қолдану арқылы
өткізсек,
әр
сабағымыздың
өзінде
оқушыларды
тілге
деген
қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. Тек оларды тиімді, жүйелі
түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге
асырылуы мүмкін. Бұл құралды пайдаланудың тиімді тұстары:
-
оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
-
танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
-
оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
-
мұғалімнің уақытын үнемдейді;
-
қосымша мәліметтер береді.
Біз өз тәжірибемізде көз жеткізген деңгейлеп оқыту технологиясының
мынадай мысалдарын ортаға салуды жөн санадық.
Мысалы, сыныптағы оқушылар өз деңгейіне сәйкес тапсырма таңдап
алады. Бұл тапсырмалар оқушының білім деңгейін бағалауға,
мүмкіншіліктерін байқауға, мұғалімнің әрі қарай қандай жұмыс атқару
керектігін көрсетіп береді.
Осы мақсатта оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін, сөйлеу тілін
дамыту үшін мәтінмен жұмыс түрлерін әзірлеу керек болады.
Ол оқушының функционалдық сауаттылығын көтеруге септігін тигізеді.
Балалардың
функционалдық
сауаттылығын
арттыру
мақсатында
дайындалған тапсырмалар үлгісі мынадай:
Мына мәтінге сәйкес келетін сөйлемді таңда.
Бүкіл адамзатты алға сүйрейтін ұлы күш – еңбек. Әлемдегі талантты
адамдардың барлығы сол талантын үнемі дамытып отыратын қажырлы
еңбектің арқасында табысқа жеткен. Еңбек әрбір адамның өмір сүру салты
болуы тиіс.
«Менің әкем көп еңбек етеді», «Қол еңбегі көп күшті талап етеді», «Еңбек –
бәрін де жеңбек», «Еңбекпен тапқан нан тәтті».
Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз:
12
Мен биыл Алматыда универсиада ойындарын тамашаладым.
Биыл Алматыда универсиада мен ойындарын тамашаладым.
Мен ойындарын тамашаладым биыл Алматыда универсиада.
Алматыда универсиада мен ойындарын тамашаладым биыл.
Өткен шақ есімшенің жұрнағын қойыңыз.
Керекті қосымшалар: -ған,-қан,-ген.
Көп көр... адам көсем болады, көп сөйле..... адам шешен болады.
Әркімнің оқы... кітабынан, оқыма... кітабы көп.
Досын сат... адам – опасыз адам.
Көп оқы... адам білімді болады.
Сөйлемдерді жалғастырыңыз.
Мен Астанадан ұшақпен келдім.
Сен ______ ____________ _________.
Сіз ______ ____________ _________.
Ол ______ ____________ _________.
Біз ______ ____________ _________.
Сендер ______ ____________ _________.
Сіздер ______ ____________ _________.
Олар ______ ____________ _________.
Жоғарғы сыныптарда белгілі бір мәтін бойынша бұдан күрделі жұмыс
түрлерін жасатуға болады. Мысалы, мәтін бойынша сай келмейтін ақпарат
пен сәйкес ақпаратты табу, сұраққа мәтін бойынша дұрыс жауапты табу,
қандай тірек сөздер бар, асты сызылған сөздердің мағынасын ашыңыз тәрізді
тапсырмалар беруге болады. Сол сияқты суреттерді сөйлетеміз сияқты да
тапсырмалар болады. Бұл жоғары сынып оқушыларынң қызығушылығын
оятып, логикалық ойлануына, мәтінді түсінуге жетелейді.
Қазіргі заманғы әдіс-тәсілдердің ішінде ең қолайлысы, әрі тиімдісі –
компьютерлік технология. Қандай сабақта болмасын компьютерлік
техниканы, интернетті, интерактивті тақтаны, компьютерлік желі,
электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың
білімділігін арттыруға болады.
Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауды
қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму
деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы
мынандай үш құрылымнан тұрады:
-
қызығушылықты ояту;
-
мағынаны тану;
-
ой-толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал,
соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда
оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы
шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Сабақтың қай
құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс
«
Мен не ұқтым?» және «Мен нені білгім келеді?» деген сұрақтарды есінен
шығармауы керек. «Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу
13
Достарыңызбен бөлісу: |