Орта мектептердегі білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты
қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық
жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Атап айтқанда:
• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу;
• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология
бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.
Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны
орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын
теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы
"актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы
теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған
бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу
негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді
төртке бөледі: бірінші деңгей - "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік,
үшінші - эвристикалык, төртінші - шығармашылық.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың
жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік
ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған
жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-
оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс
дәптерлері.
Қазіргі орта мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту
оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық
технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы
қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі
сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет
үстінде өзіндік даңғдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-
зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Жалпы білім беретін орта мектептерде бүгін белең алып отырған
кемшіліктері баршылық:
• білім сапасының төмендігі;
•білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен
оқудың нәтижесінің болмауы;
• директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның
мардымсыздығы;
257
• оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
• оқушылардың және окытушылардың бірлескен шығармашылық
еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде
жаңаша әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын,
талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуіне ықпал жасау болып табылады.
Қазіргі таңда орта мектепте білім берудің басты мақсаты да сол - жан-
жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
258
МАЗМҰНЫ
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мемлекеттік тілді
дамытудың маңызы
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми-
әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының
докторы, доцент, Педагогикалық білімнің халықаралық Ғылым
Академиясының академигі
Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы
3-6
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Мұғалімнің кәсіби
дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының
меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты
Мұхтаров Аманғали Хамидоллаұлы
6-10
Қазақ тілі сабағының сапасын арттыратын инновациялық
технологиялар «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Мұғалімнің
кәсіби
дамуын
психологиялық-педагогикалық
тұрғыдан
қолдау»
кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
Болсынбаева Аманғайша Жолдыханқызы
10-14
«Қазақ тілі» және «Қазақстан тарихы» пәндерін кіріктіріп оқытуда
кездесетін инклюзивті мәселелерді шешу
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №48 орта мектебінің мұғалімі
Клышбеков Бауыржан Сайлаубекович
15-16
Қазақ
әдебиеті
пәнін
оқытуда
ұлттық
құндылықтарды
жаңашылдықпен ұштастыру
Алматы облысы, Ескелді ауданы,Байысов атындағы орта мектебінің қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Амирханова Алима Имашевна
16-20
Жаңартылған білім беру жағдайында қазақ тілін оқытудың
электронды құралы: бүгінгі жағдайы мен келешегі
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы, «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ»,
Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау»
кафедрасының аға оқытушысы,филология ғылымдарының магистрі
Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызы
21-24
Жаңартылған білім беру-заман талабы
Алматы облысы, Талғар ауданы, №21 орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Ажибекова Индира Сейтбековна
25-26
Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама аясында орыс
сыныптарында қазақ тілін оқыту
26-28
259
Достарыңызбен бөлісу: |