Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет114/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122

артикуляция  мүшелерінің  құрылысын  мұқият  тексеріп,  дыбыстың 
артикуляциясын түсіндірген жөн. «Ң» дыбысының артикуляциясы: 
1. 
Еріндер  алдыңғы  немесе  соңында  қосылып  айтылатын  дауысты 
дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: аң, оң, ұң. 
2. 
үстіңгі және астыңғы тістер арасында белгілі бір қашықтық сақталады; 
3. 
тілдің ұшы төмен түседі, тілдің арты таңдайдың түбіне жабысады; 
4. 
ауа мұрын жолы арқылы шығады.  
«Ң» дауыссыз, үнді, мұрын жолды дыбыс.  
Екінші  тәсіл,  «ң»  дыбысын  дұрыс  айтқызу  үшін,  оқушыдан  «н» 
дыбысын  созып  айтуды  сұраймыз.  Шпательдің  немесе  логопедиялық 
зондтың көмегімен тілді итеріп, түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру 
қажет. Сөйтіп, «ң» дыбысын жеке айтуға дағдыланады. 
Үшінші  тәсіл,  оқушыға  «м»  дыбысын  айтқызу  кезінде  ерінді  екі 
саусақпен ашып ұстап тұру арқылы да, «ң» дыбысын шығаруға болады.  
Төртінші  тәсіл,  ұқсас  дыбыстармен  буындарды  қайталау  арқылы  «ң» 
дыбысын айтуға дағдыландыру. Мысалы: аң-ан, оң-он, ің-ін, мың-мын және 
т.б. Оқушыларға дыбыстар дұрыс айтылмаған жағдайда, сөздердің мағынасы 
өзгеретінін түсіндіру керек. 
«Ң» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыруда алдымен буында, сөзде, 
сөз тіркестерінде,соңында сөйлемдерде машықтандырылады. Буында тұйық, 
бітеу  буындарда,  ашық  буындарда  машықтандырып,  сөздерде  сөздің 
аяғында,  сөздің  ортасында  (аң,  шаң,  әңгіме,  еңбек  және  т.б.),  сөз 
тіркестерінде (қалың қар, ақ жаңбыр т.б.), сөйлемдерде (Аңшы аңға шықты. 
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей т.б.) анық айтқызып, қайталату 
керек.  
Сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың айтылуындағы бұзылыстарды  түзетуде 
арнайы  мұғалім-логопедпен  жұмыс  жасау  қажет.  Мұғалім-логопед 
оқушының  немесе  өзге  тіл  өкілінің  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
тиімді  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  арқылы  дыбыстардың  айтылуындағы 
бұзылыстарды түзетеді. 
Жас  және  педагогикалық  психологияда  әр  мектеп  жасының  өзіндік 
орны  бар.  Бұл  жаста  оқу  іс-әрекетін  меңгереді,  психикалық  функцияның 
еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, 
ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды.   
Бастауыш  мектептің  оқу  жұмысының  әр  саласына  бейімделу  балада 
бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына 
дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін 
оқу  іс-әрекеті  шешуші  рольді  атқарады.  Осыған  орай  баланың  психикалық 
дамуы  үлкен  өзгерістерге  ұшырайды.  Себебі:  ойынға  қарағанда  оқу  талабы 
бала  үшін  қиын.  Сонымен  қатар,  жаңа  ортаға  үйреніп,  мұғаліммен, 
құрбыларымен  қарым-қатынас  жасауына  психологиялық  көмек  қажет. 
Бастауыш  мектептің  оқу  жұмысының  әр  саласына  бейімделу  балада  бірден 
қалыптаспайды.  Осыған  біраз  мерзім  үйрену  керек.  Сонымен  қатар 
балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.  
245 
 


Бастауыш  сынып  оқушылары  көпке  дейін  тапсырманы  қалай 
орындаудың  тәсілін  жақсы  білмейді.  Олар  берілген  тапсырманы  жаттап 
алғысы  келіп  тұрады.  Осылай  болуы  олардың  жаттауға  икемділігінің 
молдығынан  емес,  оқуға  әлі  төселмегендігінен,  қалай  жұмыс  істеуге  ешкім 
оны  үйретпегендігінен  кездеседі.  М.М.Мұқанов  өзінің  «Жас  және 
педагогикалық  психология»  еңбегінде  бастауыш  мектепте  тапсырманың 
балаларға  екі  түрлі  жолмен  берілетінін  көрсетті:  біріншіден,  берілген 
тапсырманы  орындау  үшін  жауапты  бала  өздігінен  іздестіреді.  Екіншіден, 
тапсырма  жауап  іздестіру  ретінде  берілмейді.  Оны  орындау  үшін  соның 
үлгісі  беріледі,  мысалы,  тақпақты  жаттау  үшін  соның  тексі  беріледі.  Осы 
текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны 
жаттап  алады.  Баланың  оқу  әрекеті  арқылы  әрекеті  әрекеттеніп,  яғни 
мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді. 
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш 
оқушыларының  психикасын  дамыту  мәселесі.  Бала  психикасының  дамуын 
зерттейтін констатациялық серияның міндеттері: 
1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау. 
2. Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау. 
3.  Көрнекті  көріністің  алдында  заттарды  бағалау  мен  сөздік  ой-пікірлердің 
байланысын зерттеу. 
Әл-Фараби еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды: ―қандайда 
бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. 
Бізге  осы  ерекше  мәндердің,  кейбіреулерін  ұғыну    жеткілікті,  ал  қалған 
көпшілігін сезінудің өзі тиімді. Осы жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, 
ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән ролді 
атқара  бастайды.  Бастауыш  мектептегі  оқыту  процесінде  мұғалім  баланың 
танымдық  іс-әрекетін  дамытуға  әсер  ете  отырып,  біріккен  іс-әрекет 
барысында олардың  ойлау  күрделеніп,  есте  сақтауы  мен  зейіні  тұрақталып, 
шоғырланады.  Оқыту  процесі  баланың  зейінінің  дамуына  көмектеседі. 
Адамның  психикалық  дамуы  оқыту  процесі  әсерінен  тыс  болмайды. 
Интеллектуалды  даму  деңгейі  оқытудың  сапасымен  мазмұнымен  және  оны 
меңгеру процесімен анықталады. 
К.Д.Ушинский:  «…ең  кіші  сыныптан  бастап  оқушылардың  жасына 
қолайлы өзінің жинақталған көзкарасы болуы керек… Әрбір жыл сайын бүл 
көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс» , — деп жазған. Яғни, 
оқушының  танымдық  әрекеті  оның  дамуындағы  басты  шарт  болатынын 
анықтады.  Ол  даму  оқушының  танымдық  әрекеті  арқылы  жүреді,  яғни, 
оқушы өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асырады.  
Әр  жастағы,  оның  ішінде  бірінші  сынып  жасындағы  баланың 
психологиялық  ерекшеліктері  бірден  қалыптаспайды,  керісінше,  бұл 
ерекшеліктер  баланың  бұдан  18  бұрынғы  дамуында  жинақталып,  оны  өз 
кезегімен  дамудың  келесі  сатысына  көшуге  даярлап  отырады,  Сондықтан 
бастауыш  мектеп  мұғалімі  бастауыш  сынып  оқушысының  ерекшеліктерін 
зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепте дейінгі шағында қалыптасқан 
ерекшеліктерден  бөлек  алып  қарамайды  және  бұдан  былайғы  даму 
246 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау