Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет40/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122

ықпалын  тигізе  айтылады.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі  жуан,  жіңішке,еріндік, 
езулік дауыстылардың сөз ішінде өзара үндесіп айтылуы  сөз сазына келтіріп 
сөйлеуге жатады. Сөз сазы дегеніміз сөйлеу процесінде сөз ішіндегі немесе 
сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, бірін-бірі өз ыңғайына 
иіп алады. Мұның өзі бір жағынан сөйлеу мүшелерінің жұмысын жеңілдету 
көзделсе, екіншіден тыңдаушы  адамның құлағына жұмсақ тиіп, сөзге әуенді 
үн береді. 
       
Сөз  қолдану  мәдениетін  арттыратын  негізгі  шаралардың  бірі  –  тіл 
тазалығы. Тіл тазалығы дегеніміз – айтайын деген ойымызды еркін жеткізу, 
сөйлегенде  бөгде  тілдік  элементтерді  –  диалектілерді,  варваризмдерді 
араластырмай  сөйлеу  халқымыздың  асыл  сөз  қазыналарын  тиімді 
пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу. Абай атамыз: «Сөзінің 
бірі жамау, бірі құрау» деп өзіне дейінгі кейбір ақындарды сынайды. «Тілге 
жеңіл,  жүрекке  жылы  тиіп,  теп  -  тегіс,  жұмыр  келсін  айналасы»  деп,  әрбір 
сөздің  түсінікті,  жеңіл,  мағыналы  болуын  өз  ортасынан  қатаң  талап  етеді. 
Ұлы  ақынның бір  ғасырдан  астам  уақыт  бұрын  тіл  тазалығына  ерекше  мән 
бергендігін көреміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай таза ана тілінде сөйлейтін 
бірде-бір  халық  болмайды.  Тек  ол  сөздер  жергілікті  халықтың  тілдік 
заңдылықтарына  бағынып,  фонетикалық  өзгерістермен  барша  қауымға 
түсінікті жалпы халықтың тілге айналуы керек. 
Ауызша  сөздің  дұрыс  айтылуын  орфоэпия  оқытады.  Орфоэпия 
дегеніміз  тек    қана  дұрыс  ауызша  сөздің  үлгісі  емес  (грамматикалық  және 
сөздің  дұрыс  айтылу  түрі),  бірақ  сонымен  орфоэпикалық  нормаларды 
бекітетін ғылым. 
        
Сөздердің  дұрыс  айтылуы  тек  ауызекі  сөйлеуге  ғана  қатысты  емес. 
Орфоэпияның заңдылығын барьнша мұқият сақтау ауызша сөйлеудің барльқ 
салаларында да Орфографиялық норма бойынша жекелеген сөздер ғана емес, 
сөз  тіркестері  де  белгілі  бір  заңдылыққа  байланысты  айтылады.  Сөздердің 
және  сөз  ішіндегі,  сөз  тіркестерінің  құрамындағы  бір  немесе  бірнеше 
дыбыстардың  басқаша  айтылуында  ілгерінді-кейінді  дыбыстардың  ықпалы 
мол болады. Мысалы: дүйсембі (жазылуы дүйсенбі), ала гелді (жазылуы ала 
келді), Құрамыспек (жазылуы Құрамысбек) т.с.с. 
      
Тіл    коммуникативтік    қызметін    ауызша    да,    жазбаша    да    атқара  
алады. Тіл  дыбыстары  әріп  арқылы  таңбаланады. Нәтижеде  оның  қатынас  
құралы  ретінде  пайдалану  өрісі  кеңейеді. Жазу- адамзаттың, материяның  
өмір    сүру    формасы    болып    табылатын    кеңістік    пен    уақытқа    тәуелді  
болмай  қарым- қатынас  жасауына  мүмкіндік  туғызатын  аса  бағалы  құрал.  
Жазу мәдениеті орфографиялық нормаман тікелей байланысты. Себебі 
орфография  тілдегі  сөздердің,  олардың  грамматикалық  формаларынан  бір 
келкі  жазылу  нормасын  белгілейді.  Әдеби  тілдің  лексикалық,  орфоэпиялық 
грамматикалық  нормасы  әрбір  сауатты  адамға  қандай  міндетті  болса, 
сөздердің жазылу нормасы да сондай міндетті.  
     
Тілді өз орнымен, рет-ретімен, шашыратпай еркін қолдану, әрбір сөзді 
көркемдік  тілмен  орнықты  жеткізіп,  дәл  айта  білу  -  жатық  сөйлеуге,  сөз 
шеберлігіне  алып  келеді.  Сөз  жатықтығы  болмаса,  жүрек  сезімі  арқылы 
88 
 


шығатын  әрбір  сөз,  оралымда  ой  мағынасыз,  шұбарлау  болған  болар  еді. 
Әдеби  тілді  еркін  қолданып,  жатық  сөйлеуге  дағдылану  үшін,  стильдік 
ерекшелігімізді  ұштау  үшін  көркем  әдебиет  тіліне  мән  беріп,  автор  тіліне 
ілесе білуіміз керек. Тіл жатықтығын жүзеге асыру үшін тілдік норманы үш 
түрлі принципте қолданамыз: 
1)  Тілдік  норма  қоғам  мүшелерінің  барлығына  түсінікті,  ортақ  сипатқа 
негізделеді. 
2) Тілдік нормаға тән екінші принцип - тұрақтылық. 
3)  Тілдік  материалдарды  қалай  болса  солай  ала  салмай,  іріктеп  екшеп 
қолдану. Сөйтіп, тілдің сымбаттылығын көрсетіп сөз өнерінің қадір-қасиетін 
үздіксіз  жетілдіріп,  тілдік  ортаны,  сөйлеу  мәдениетін  дамытып,  олардың 
жауапкершілігін, ұқыптылығын арттырып отыруға түрткі болуымыз керек. 
       
Қазақ  тілі  мәдениетінде  сөйлеуші  өз  сөзін  дәл  тауып,  тыңдаушыға 
әсерлі жеткізе білсе, оны «дәл айтты, тауып айтты» деп түсінеміз. Бұл – сөз 
дәлдігі  жөнінде  әдеттегі  түсінігіміз.  Мұнда  нақтылықтан  гөрі  жалпылық 
басым.  Ал  сөз  дәлдігі  деген  лингвистикалық  терминнің  бұл  түсінікпен  дәл 
келетін  тұстары  да,  одан  өзгешелеу  ұғынылатын  жерлері  де  бар.  Солардың 
бірі  -  әрбір  сөзді  тілдегі  мағынасына  лайық  қолдану.  Әсіресе,  ауызға  жиі 
алынып,  жаза  басқан  қаламның  көп  сыналатын  да  жері  осы.  Қарапайым 
тілмен  сөйлесек  те,  жүрек  сезімі  арқылы  шығатын  ішкі  ойымызды  өзге 
біреулерге дәл жеткізе білудің өзі – мәдениеттіліктің белгісі. 
       
Сөздік қоры мол, әдеби тілі жатық, өз ойын анық та көркем түрде жеткізе 
білетін  адамды  -  сөз  байлығы  мол,  тілі  оралымды,  жан-жақты  жетіліп, 
дамыған  деп  айтуымызға  болады.  Сөзді  орынсыз  қайталау  тілдің 
коммуникациялық  қызметін  күрт  темендетеді,  ойды  дәлме-дәл,  мазмұнды 
жеткізуге  кедергі  болады.  Аз  сөзбен  көп  мағына  беру  принципі  бұзылады. 
Кейде белгілі бір мәтінде, не бір әдеби шығарманы оқып отырған кезде сол 
автордың  сөздік  қоры  қаншалықты  мол  немесе  қаншалықты  кедей  екенін 
түсініп  отырамыз.  Сөзді  орынды  қолдана  білу  жөнінде  профессор  Қ. 
Жұбанов  былай  дейді:  «Қиюын  тауып  қаламасаң,  байлауын  тауып 
ұстатпасаң, сөз бөлшектері де сөгіліп кетеді. Ондай сөгіліп кеткен сөз - сөз 
болмай  шығады  немесе  адамға  арнап  салған  үйің  құстың  күркесі  болып 
шыққандай керекті сөз болмай, басқа бір сөз болып шығады». 
          
Егер  де  сөйлеуші  адамның  сөзі  көпшілік  қауымды  ұйытып, 
тыңдаушының  айызын  қандырса,  сөзі  әсерлі,  қызықты,  тартымды  болды 
дейміз. Солай бола тұрса да әр сөзді сазына келтіріп, жігерлендіріп айта білу 
де  әрбір  тыңдаушыға  жақсы  әсер  етіп,  сол  сөзге  назар  аударып  мән  беруге 
жетелейді. Ой мен сезімге бірдей әсер етіп жатқан мұндай сөздерді тыңдай 
беруден  ешкім  де  жалықпайды.  Сондықтан  орфоэпиялық  норманы  қатаң 
сақтап,  сол  негізде  сөйлесе,  сөз  мәнеріне,  табиғатына  көңіл  бөлсе,  даусы 
ашық,  түсінікті,  жігерлі  болса  –  сөз  әсерсіз,  ойсыз  болмайды.  Әсерлі 
сөйлеудің  тілге  тікелей  байланысты  шарттарының  бірі  –  сөзді  сазына, 
нақышына, мақыныма сай айта білу. Әрбір сөзге, әрбір тілге тән дыбыстық 
заңдылық  болады,  тыңдаушының  құлағына  түрпідей  тиіп  жалықтырып 
жіберетіндері де бар. Яғни, қазақ тіліндегі үндестік заңын қатаң сақтап, сол 
89 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау