Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет72/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122

тілі мен  әдебиеті  бірінен соң  бірі  өтетін  10     «Б» сыныбында  «Көршінің 
суреті» тренингін  пайдалану  арқылы салынған суреттерін бір-біріне қарама- 
қарсы    отырып,    дәптерлерді  төбесіне  қойып,  өзінің  жұптасына  қарап 
отырып, оның суретін салған  оқушы  суретті салып бітіріп, сурет салынған 
парақтарды қолын қойып, бір-біріне тарту ету арқылы жалықтырып  алмауды 
да  көздедім.    
       
11  «А»  сыныбындағы    Т.Ахтановтың  «Шырағың  сөнбесін» 
тақырыбындағы    сабақты      топқа    бөле    отырып    өткіздім,  осы    сабақты  
қорытындылауда  «Еркін  микрофон»  әдісімен  әр  топтан  бір  тыңдаушы 
қорытындылап  шығып, сабақ жақсы  талқыланады.Мұнда тақырып- 
тың мазмұнына орай «ия, жоқ» әдісімен  бекіттім. 
         
Осындай    оңтайлы    әдістердің    бірі  -  «Галерея»  әдісі.  Көлемі    қысқа  
лирикалық    шығармаларды    оқытып    алып,    түсінгендері    бойынша    сурет  
салдырып,  салған    суреттерін    келесі    топ    оқушылары  бағалағанда,  
оқушының   тақырыпты  қаншалықты  меңгергендігі  анықталып  шығады. 
Алайда,  оқушы    бағалауды    жүзеге  асырмас  бұрын  топпен  бағалау  
критерийін    құрып  алғаны  жөн,  сонда  жұмысты    қалай  және  қандай 
ерекшеліктеріне қарай бағалайтындығы нақтыланады.  
       
   «Дебат технологиясын»  қолданудағы мақсатым әдебиет сабақтарында 
оқушының  сөздікпен, тақырыпқа сай  басқа  материалдармен, ғаламтормен, 
баспасөз материалдарымен еркін жұмыс істеуге баулитындығында. Ал ол өз 
бетінше  ізденіп,  оқушының  өзіндік  ой  түйіндеуіне    әкелері  сөзсіз.  10  «Б» 
сыныбындағы  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеевтің  «Гүлшат-Шеризат»  дастаны 
бойынша  1-спикер  топпен  тақырып  бойынша  құрылған  кейсті  жүйелі 
таныстырды,  яғни  мәтін  мазмұнына  шолу  жасай  отырып,  кейіпкерлер 
әркетіне    мінездеме  берді,  2-спикер  қарсыластарын    зейін  қоя  тыңдай 
отырып, олардың ұсынған  ұстанымдарына  қарсылық көрсетті, яғни Көркін 
патшаның  аманатына  қиянат  жасаған  Парахзат  уәзірдің  іс-әрекетін  сынай 
отырып,  қарсылық    критерий  мен  аргумент  арасындағы    логикалық 
байланысқа, аргумент пен  дәлелдің  арасындағы  бірізділікке негізделген өз 
ұстанымдарын  бекітті,  3-спикер  ойын  барысында  екі  жақтың    ұсынған  
ұстанымдарын  саралап,  өзінің  ұтымды    жақтарын  нақтылап  өту  әрі 
қарсыластырының    ойындағы  жіберген  негізгі  кемшіліктеріне  жан-жақты 
талдау  жасады.Бұл әр оқушының  өз пікірін  анық  қорғай  білуіне  жол  ашты. 
ЖИГСО 
әдісін 
пайдаланып 
9-сыныпта 
«Мағжан 
Жұмабаев 
шығармашылығын»      меңгертуде  4  топқа  «Мағжан-ұлтжанды  ақын», 
«Мағжан-лирик  ақын»,  «Мағжан-эпик  ақын»,  «Мағжан  және  махаббат» 
тақырыптарына  қарай  топ  өздеріне  тиісті  бөлігін  оқыды,  жұпта,  топта 
талдады,  көрші  топтарға  түсіндірді.  Яғни,  оқушылар  сол  тақырыпты  өздері 
түсініп  оқыды.  Тақырыптың  мазмұнын  талдау  үшін  топтар  өзара  сұрақ 
қойды, онда тақырыпқа қатысты мәселелер талқыланды. Одан әрі оқушылар 
«Екі  жақты  күнделік»  толтыру  кезінде  Мағжан  поэзиясындағы  көтерілген 
мәселелерді  өз  пікірлерімен  салыстыра  отырып  талдады.  Бұл  әдістің 
тиімділігі оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін одан әрі шыңдайды.          
158 
 


     
Сабақтарымның  қорытынды  бөлімдерінде  әрдайым  шағын  ой-  толғау 
жазуды  ұсынып  отырдым.  Жазба  тапсырманың  бұл  түрі  әдетте  сабақтың 
соңында оқылған тақырып бойынша өз білімдерін қорытуға көмектесу үшін 
қолданылады. Мұғалім үшін – бұл кері байланыс алу мүмкіндігі деп білемін. 
Оқушылар    Мағжанның  «Сен  сұлу»  әнін  тыңдай  отырып,  «Мағжанды 
сүйем...», «Мен Мағжанмын», «Туған жер», «Ертеңім», «Сезім», «Кіршіксіз» 
тақырыптарында эссе жазды, Бір оқушы Мағжанға хат жазса, тағы бір оқушы 
«Мен  –  Мағжан»  атты  өлең  жазды.  Сондай-ақ,  осы  сыныпта  Махамбет 
шығармашылығымен танысқанда «Ел болашағы-жастар» тақырыбына да ой 
толғау  жазды,  мұнда  оқушылардың  сөзі  бір  жерден  шықты,  яғни  елдің 
болашағы  өздері  екенін  жақсы  түсінді,  негізгі  мектепті  бітіргелі  отырған 
оқушылар  мамандыққа  байланысты    ел  келешегіне  тигізер  пайдасы  туралы 
ой толғады. Оқушылар өз ойларын еркін көсіліп жазды. Ал ой толғауларын 
өзгелермен  бөлісу  үшін  оқушыларды  «автор  орындығына»  отырып  оқуға 
шақырдым.  Бұл  ретте  дарынды  және  талантты  оқушылардың  жазу 
шеберліктерін,  ой  еркіндігін  аңғаруға  мүмкіндік  туды.  Яғни,  бұл  әдістің 
оқушылардың бойына өзін еркін ұстау, топ алдында ұялмау, сонымен қатар, 
көшбасшылық  секілді  қабілеттерін  шыңдауға  тиімді  екенін  басып  айта 
аламын. 
        
Жалпы  оқушы  атаулы  жаңаны  көріп-білмекке  құштар  келеді. Осы  
тұрғыда  сабақты    түрлендіру-олардың    пәнге    деген    қызыушылығын  
туғызып,  нәтижеге    жетуге    себепкер    болады.  Сондықтан    қазіргі  таңда  
технологияларды түрлендіру  үшін және ең ыңғайлысын, пайдалысын үйрету 
үшін  білім  беру  жүйесінде  сан  алуан  жұмыстар  жүргізілуде.  Біздің  
мектебіміз де бұл тұрғыда ұстаздар қауымына көп көмек көрсетіп отыр.  
      
Жаңа 
технолгияларды 
пайдалану 
 
барысында 
 
байқап 
жүргендеріңіздей,  оқытудың  жаңа  әдістерін  іс-тәжірибеге  енгізу  нәтижесі 
оқушылар  бойында  мынадай  қасиеттерді  қалыптастыруға  болатынын 
байқатып жүр:  

әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге  деген  көзқарасымен   және  ойлау 
қабілетімен  ерекшеленеді;  

бір-бірінің  пікірлерін   қабылдауға  үйренеді;  
-
ойын    жаңа    ақпараттар    арқылы    білдіреді,  өзіне    белгіліні    пайдалана 
алады;  

өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі; 

білімді  өз  бетімен  алуға  деген  ынтасы,  шығармашылық    жұмыстарға 
қабілеті, танымдық белсенділігі артады.  
-
білім  дәрежесі  деңгейін  саралау,  өзіндік    талдау,  бағалауының  деңгейі 
қалыптасады; 
-
бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуге дағдыланады.  
         
Ендеше,  ХХІ  ғасырда  алынған  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде 
еркін  бағдарлай  білетін  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз 
бетінше  дұрыс  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдерді  қабылдауға 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  бүгінгі  мұғалімнің  басты  мақсаты 
десек,  сол  мақсатқа  жету    жолында    аянбай    еңбек  етіп  іздену 
159 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау