зерттеулер этностың жеке мәселелері емес, оның тұтас бейнесін, барша
болмысын анықтайды, ал осы этнос туралы толық мағлұмат оның тіл
қазынасында сақталады деген ойды тілге тиек етеді. "Этнос болмысы" –
этностың сонау балаң кезінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген өмір
тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып,
ұрпақтан нәсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани – мәдени
қазынасы" Этнос тарихында археологиялық қазба деректері, көне
ескерткіштер өте маңызды, бірақ олар этнос өмірінің бір бөлігі, бір елесі,
"Этностың шынайы бейнесі, болмысы оның тілінде ғана, тілі арқылы ұрпақ
жадында ғана сақталады екен", – деп, тілдің этнос өмір-тіршілігін
бейнелеудегі ролін ерекше көрсетеді, этностың әр қырын танытатын
деректердің басын біріктіріп этнос бітімі, табиғаты туралы тұтас бейне
жасау, "тіл" атты құбылыстың үлесіне тиген құдірет, тіл – этностың өзі, өз
суреті, сондықтан Ә.Қайдар "тіл әлемі" дегеніміз – этнос болмысына
қатысты мыңдаған, тіпті, миллиондаған мағыналық бірліктердің жиынтығы,
синтезі" [4,11-б.], – дейді.
Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыт тілдегі қозғалыс пен өзгеріс
нәтижесін тең, қатар ұстайды, тілдің қалыптасып, ұлттың байлығына,
құндылығына айналған дүниелерін тіл иесінің өзінің игілігіне жаратады,
яғни оны нақты қарым-қатынастағы күйі, қызметі, қолданысы т.б.тұрғыдан
жан-жақты зерделейді. Адам – әлемнің тілдік бейнесін жасаушы, әр
кезеңдегі тілдегі өзгерістердің көзі. Өмірдегі жаңаның бәрі тілге жеке
индивид арқылы келіп, қоғамдық сананың қабылдауынан өтеді.
ХХ ғасырдың басында осы кезге дейінгі ғылыми ойлар толымды
тұжырымдалып, тұтас идеяға айналды: оның бірі – тілдің құрылымын, ішкі
жүйесін, яғни субстанционалды қасиетін зерттеу; екіншісі – оны тіл иесінің
өмір сүріп отырған ортасымен байланыстыра зерттеу, тілдік туындыларды
тіл иесінің ақыл, ой-санасының жемісі деп қарау идеясы еді. Осы екі идея тіл
ғылымындағы жетекші бағыт - структурализмнің іргесін берік қалады,
антропоцентризмнің негізін салды. Тіл ғылымы осы ежелгі мәселеге ХХ
ғасырда қайта оралды [5,с.66-67].
Тіл ғылымы тарихында тілді зерттеудің бағытын жаңа арнаға бұрып,
адамзат тіліне қатысты көптеген мәселелердің сырын ашқан В. фон
Гумбольдт еді. В. Гумбольдтың тіл философиясында, алдымен: адам - өзін
қоршаған әлемнің бөлшегі, осыған орай, адам өзінің мінез-құлық
ерекшелігін айқындап, адамшылық табиғатын ізгілендіру үшін өзінің адами
табиғатына терең үңіліп, жете зерттеуі қажет, «...физическая и моральная
природа человека составляют одно великое целое и подчиняются одним и тем
же законам» [6,с.144]. Өз ойы мен іс-әрекетінің бірізділігі сақталуын
қажетсінетін Адам өз әрекетін құрайтын заттарды анықтау мен оның
құралдарын таңдауда олардың ауқымы, өлшем мөлшері, қасиеті жайындағы
үстірт келетін шартты түсінікті қанағат тұта алмайды, өйткені ол заттар –
әуел бастан-ақ, өзге заттарға қатысты алғанда, құндылыққа ие. Ал Адам
өзінің ішкі табиғатына сай, тікелей жақын туыстық байланыста болатын
біртұтас және абсолютті түпкі мақсатты көздеуі қажет. Алайда Адам мұны
101
тек өзінен ғана таба алады, бүкіл заттың ішкі қасиеті тек оның өзіне қатысты.
Адамға тән ұлықтың бәрінің таңбасы болады, ол таңба – нағыз ұлы
адамшылық таңбасы; осы таңбаны тауып, оның қасиетін танып үйрену
зерттеушінің басты мақсат санайды. В. Гумбольдт, шынымен, бұған жетудің
екі жолын көрсетеді: тәжірибе жолы және ақыл-парасат жолы. Нағыз
адам – аса зор қуат және шексіз кең ауқымда адамшылық идеясын бойына
сіңірген, адамшылық шыңына көтерілген және өзгені бағалай білу қабілетіне
жеткен Адам. В.Гумбольдтың пайымдауынша, адамшылық идеясы – адам
бойындағы рухтың жасампаз күші. В. Гумбольдт қолданысындағы
метафораланған «рух»(дух) термині тіл ғылымына адамшылық идеясы,
адам бойындағы жасмапаз күш мағынасын білдіретін термин ретінде енген
[6.
с.337-343].
В. Гумбольдтың бастапқыда эстетикалық еңбектерінде сөз болған
«халық та жеке адам-индивид тәрізді «организм» делінетін ойлары кейіннен
тарих философиясында жалғастығын тауып, көне және жаңа тілдерді
салыстыра зерттеуге арналған еңбегінде тіл тек халықты түсіну құралы ғана
емес, өзге мәдениетті таныту құралы деп түйінделеді. «Язык – это не просто,
как принято говорить, отпечаток идей народа, так как множество его знаков
не позволяет обнаружить никаких существующих отдельно от него идей;
язык – это объединенная духовная энергия народа, чудесным образом
запечатленная в определенных звуках, в этом облике и через взаимосвязь
своих звуков понятная всем говорящим и возбуждающая в них одинаковую
энергию», сол себепті де адам өз тілінің шеңберіне сыймайды, адам
«энергиясы» оның сөз арқылы жеткізілетін мазмұннан асып кетеді [6,с.348-
349
]
. В.Гумбольдтың пайымдауынша, тілді туғызған да осы адамның ішкі
әлемінің қажетін қанағаттандыру болатын, тіл тек қоғамдағы адамдар
арасындағы байланысты сақтап тұратын қатынас құралы ғана емес, тіл
рухы – адамның өз табиғатына тән, тіл адам рухы күшінің дамуы мен
дүниетанымын қалыптастыру үшін өте қажет, ал адам бұған өз ойын қоғамдық
санамен байланыстыра алғанда жетеді [6,с.50-53]. В. Гумбольдтың
тұжырымдарында, тілдің көптүрлілігі арқылы адамзат алдында әлем байлығы,
оның көптүрлі қырлары ашылады; адамның болмысы мен тұрмысы кеңейеді,
себебі тілдер ойлау мен қабылдаудың анық та тиімді тәсілдерін көрсетеді.
Тіл қашан да тұтас халықтың ерекшелігін нақты таныта алатын құрал болып
табылады. В.Гумбольдт өз дәуіріндегі ойшылдардың алғашқысы болып, тілдің
ішкі құрылымын, оның тіл иесінің рухани өмірімен, ой-санасы және
мәдениетімен, тарихымен байланысы дәрежесін анықтап, жан-жақты талдау
жасады. В.Гумбольдтың пайымдауынша, тіл – үздіксіз даму үстіндегі
құбылыс, даму – тілдің өмір сүру формасы. Тіл сөйлеу арқылы өмір сүреді,
дамиды. Тіл – ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, ойлау әрекетінің
құралы. Тіл – әрекет. В.Гумбольдтың "тіл – адам мен қоршаған ортаны
жалғастырушы буын, тілге "халықтық рух" пен мәдениеттің белгісі – ішкі
форма тән" деген қағидасы оның философиялық лингвистикалық
бағдарламасының негізін құрайды.
102
Достарыңызбен бөлісу: |