Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122

 
Қағаз  екіге  бөлініп,  біреуіне  сұрақ  немесе  реакцияға  түскен  заттар, 
екіншісіне  басқа  жауабы  немесе  реакция  өнімдері    жазылады.  Оқушылар 
сұрақтарға жауап тауып құрастыру керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, 
қағаздың  екінші  жағында  белгілі  бір  сурет  немесе  химиялық  мақал-  мәтел 
шығады. 
 
«Ойланудың алты қалпағы»  (Эдуард де Боне)  
Ойынның бұл әдісі- қандайда бір құбылысқы жан- жақты талдау жасау үшін  
және  талдап  қорыту  тәжірибесі  бойынша  оқуды  өткізу  үшін  (іс-  шараларға 
қатысу,  экскурсиялар,  қандайда  бір  курсты  оқыту,  көлемді  тақырыптарды 
өткенде) қолданылады. Оқушылардан құрылған топтар 6- топқа бөлінеді. Әр 
топқа алты қалпақтың бірі сеніп тапсырылады. Әр топқа қалпақтың түсінен 
өз  ойымен  әсерін,  өз  тәжірибесін  көрсете  отырып  қорытынды  жасау 
тапсырылады.  Ақ  қалпақ:  әсерсіз,  субьективті  бағалаусыз  тек  сандардан, 
фактілерден, ойлардан тұралды. Тек фактілер. Сары қалпақ: позитивті ойлау. 
Қарастырылып  отырылған  құбылыстан  позитивті  жағын  бөліп  алып  және 
неліктен позитивті екенін  дәлелдеу  керек.  Нақты не нәрсе  жақсы,  пайдалы, 
конструкторлық    екенін  айтып  қана  қоймай  түсіндіру  керек.  Қара  қалпақ  
сары  қалпаққа  қарама-  қайшы.  Ненің  қиын  түсініксіз,  мәселе  тудыратын 
негативті  екенін  анықтап,  себебін  түсіндіру  керек.  Қызыл  қалпақ: 
сезімталдық  қалпағы.  Өзінің  өзгеріс  көңіл-  күйін  өткен  немесе  өзге 
құбылыстармен  байланыстырады.  Осындай  немесе  өзге  көңіл-  күй  қандай 
сәттермен байланысқан  Жасыл  қалпақ:  бұл  шығармашылық  ойлау  қалпағы. 
Жаңа  тақырыпты  өткен  кезде  келесі  сұрақтар:  «Жаңа  жағдайда  жаңа  әдіс, 
факт немесе басқа әдіс- тәсілдерді қалай қолдануға болады?», «Өзгеше болу 
үшін не істеу керек?» Көк қалпақ: бұл философиялық пысықтау қалпағы. Көк 
арнадағылар  өзге  қалпақтардың  айтқандарын  тыңдап,  пысықтап  қорытыны 
шығарады. Көк қалпақтағылар міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр 
түрлі  екі    бөлікке  бөлулері  керек.:  біріншіден    басқа  топтарды  аралап, 
олардың  көзқарастарын  қабылдап,  екіншіден  өз  топтарына  қайта  оралып, 
жиналған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады. 
«Шытырман реакция» ойыны 
Бұл ойын кез- келген сөзді  құпиялап жазуға негізделген. Ол үшін тек сөздік 
қоры  болуы  тиіс  сонда,  еш  қиындықсыз  тауып  аласың.  Бұл  тапсырманы 
сабақты  бекіту  кезінде  қолдануға  болады.  Бұл  ойын  оқушыларды 
шапшаңдыққа,  сөздерді  дұрыс  жаза  білуге,  формуланы  дұрыс  жазуға 
баулиды. 
«Сандар сөйлейді» ойыны 
Берілген  сандарға  байланысты  түсінік  беріледі.  Белгілі  бір  тақырыпқа, 
тарауға байланысты алуға болады. 
 
«Аң аулау» ойыны 
Тақтаға әртүрлі сөздерді  жазылған  ілінеді, тақтаға екі оқушы шығып кезек- 
кезегіне доп лақтырады, қай  сөзге  тисе оқушы сол сөзбен сөз тіркесін құрап, 
сол  туралы айтады. 
« Хан талапай» ойыны 
 
79 
 


Бірнеше  асықты  жерге  шашасың,  тақтадағы  оқушының  қайсысы  көп  асық 
жинаса сол оқушы аз жинаған оқушыға сұрақтар береді. 
«Кім бұрын» ойыны 
Тақтаға  екі-  үш  оқушы  шығады.  Мысалы  «К»  деген  әріпке  кім  бұрын  сөз 
және  де    заттардың,  суреттердің  аттарын  тауып  тақтаға  жазса  сол  оқушы 
жеңеді. 
«Картаны жина» ойыны 
Әртүрлі  сөздерді    қағазға  жазамызда  сол  қағазды  бірнеше  бөлшектерге 
бөлеміз,  араластырамыз    жазылған  қағаз  бөлшектерін  кім  тез  арада  жинап, 
дұрыс формула шығарса сол оқушы жеңімпаз болады. 
«Адасқандар» ойыны 
Сөз  немесе сөз тіркесі  жазыладыда оның қасына басқа зат атауы жазылады. 
Әрбір заттың атауын өз суреттерінің  жанына апарамыз. Орыс сыныптарында 
қазақ тілі 
 
сабақтарында  күнделікті  болмасада  тақырып  мазмұнына  орай  оқушы 
белсенділігін артыратын көңілді, жеңіл ойындарды пайдаланудың тиімділігі 
жоғары. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Қазақстан мектебі. - №2. - 2010.  
2. 
Жаубаева  Ж.,  Ерназарова  А.    Оқушылардың  танымдық  қабілеттерін 
дамытудағы дидактикалық тапсырмалардың маңызы. – Алматы, 2010. 
 
 
CАБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТУРАЛЫ ОЙЛАР 
 
Мыржикова А.Б. 
Алматы облысы, Қаратал ауданы, 
С.И.Морозов  атындағы №51 орта мектеп - гимназиясы, 
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 
 
         
Бәрімізді  бүгінгі  таңда  алаңдататын  мәселе  –  жас  ұрпақтың  сапалы 
білімді  игеруi.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Бiлімді,  сауатты  адамдар  -  бұл 
ХХІ  ғасырда  адамзат  дамуының  негізгі  қозғаушы  күші»  деуінің  өзі-  үлкен 
көрегендіктің белгісі.  
Бүгінгі  таңдағы  оқыту  үрдісі  жаңа  әдіс-тәсілдердi,  жаңаша  идеяларды 
қолдануды  талап  етеді.  Әр  мұғалім  өз  іс-тәжірибесінде  көптеген 
қиындықтармен,  кедергілермен  кездеседі.  Бұл    заман  көшіне  ілесу  үшін  өз 
білімін жетілдіріп отыруы қажет.  
Мен  де  оқыту  тәжірибемде  жетістіктерге  жету  жолдарын 
қарастырудамын.  Оқушылар  өз  пікірлерін,  көзқарастарын  еркін  және  ерікті 
түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатын, 
сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра 
алатын  тұлға  болып  қалыптаса  алса,  онда  мұғалімнің  биік  мақсатқа  қол 
жеткізгені болмақ.  
80 
 


«Мұғалімге  арналған  нұсқаулықтaн»  білім  берудегі  Кембридждік 
әдісінің  теориялық  негізін  оқып,  таныса  отырып,  оқытудың  жаңаша  әдіс-
тәсілдері  –  7  модульді  практикалық  түрде  қолдану  арқылы  оның 
артықшылықтарына  көз  жеткіздім.  Осы  орайда  7  модульге  қатысты 
туындаған пікірлерімді білдіргім келеді.Сoнымен қатар, «Сабақты зерттеу» -
тәсілін  қолдануды  үйретуді  ұйғардым.Ең  алдымен  жаныма  жақын,  өз  іс-
тәжірибеме  ертерек  еніп  кеткен  әдіс  –  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту 
технологиясына  тоқталғым  келеді.  Білім  берудің  сапасын  жақсарту 
мақсатында  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  өз  сабақтарымда 
қолданып  жүрмін.  Cын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  мені 
қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Oл бұрын тек тыңдаушы болса, 
енді  ізденуші,  ойланушы,  өз  ойын  дәлелдеуші,  ал  мұғалім  осы  әрекетке 
бағыттаушы, ұйымдастырушы. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір 
таластыруына,  достарының  ойын  тыңдауға,  проблеманы  шешу  жолдарын 
іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сын тұрғысынан 
ойлау дегеніміз-сaбaқта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз 
ойыңды  еркін  және  зерттей  талпындырып,  тұжырым  жасау.«Оқу  мен  жазу 
арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясымен  жұмыс  жасау 
кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше 
білім  aлyғa,  шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Сабақта  сын 
тұрғысынан  оқыту  технологиясының  стратегияларын  пайдалана  отырып, 
балалардың  ұсыныс-пікірлерін  еркін  айтқызып,  ойларын  ұштауға  және 
өздеріне  деген  сенімін  арттыруға  мүмкіндік  туғызып  отырдым.  Әрбір  әдіс 
оқушылардың  ойлауына  және  қиялына  негізделіп  келеді.  Баланың  тереңде 
жатқан  ойын  дамытып,  оларды  сөйлеуге,  дәлелдеуге  үйретеді.  Сыни 
тұрғыдан  ойлау  әдісі  бойынша  жоспарланған  сабаққа  қалған  модульдерді 
еркін  енгізуге  болады  деп  есептеймін.  Oқушылар  сабаққта  қалай  оқу 
керектігін  меңгереді  және  дағдыланады.  Өздері  ой  қорытады,  нәтижеге 
жетуге  ұмтылады.  Мұғалім  оқушыға  қалай  оқу  керектігін  үйретеді.  Жаңа 
білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып 
табылады. Менің әр сабағым диалог оқытудағы ашық сұрақтарға  құрылды. 
Топтық  жұмыс  арқылы  оқушы  мен  оқушы  арасында,  оқушы  мен  мұғалім 
арасындағы  диалогты  тиімді  ұйымдастыру  арқылы  мақсатқа  қол  жеткізе 
алдым.  
Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. 
Өз  ойларын  жарыса  айтып,  қызу  пікірталас  тудыра  алды.  Жаңа  сабақты  өз 
беттерімен  тез  меңгере  алды.  Сабақта  «үнсіз»  оқушылар  «сөйлеуге 
тырысты».  
Әрбір  сабаққа  жоспар  құрар  алдында  алдымен  ойланып  аламын:  « 
Менің оқушыларым не істей алады?»-деп. Сабақ жоспарын оқушылардың өз 
беттерімен  меңгеруіне  ыңғайлы  етіп  және  олардың  жас  ерекшеліктерін 
ескере отырып құрамын. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен 
қатар,  өзін-өзі  бағалаулары  үшін  де  тиімді  болмақ.  Оқушыларымыз 
мұғалімнің бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі де 
81 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау