Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ



жүктеу 1,44 Mb.
бет2/8
Дата14.11.2017
өлшемі1,44 Mb.
#416
1   2   3   4   5   6   7   8

Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде ересектердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы баланың түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Бес жастағы кезеңде өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-ін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды. Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Ересектер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.

Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің жобасы пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небәрі көрнекі-бейнелі ойлау ғана. Көрнекі-бейнелі ойлау — ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған.

Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі — ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші зат арқылы елестете білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі — елестету арқылы іске асырады.

5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.

Ең бастысы, 5-6 жас кезеңінде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.
КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ
Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған


Күн тәртібінің элементтері

Уақыты

(сағ., мин)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Балаларды қабылдау, ойындар, ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Топтық жиын, өзіндік іс-әрекет.



7.30 – 9.10

«Ойнайық та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

9.10 – 10.40

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.



10.10 – 12.50

«Ас дәмді болсын!»

Түскі ас


12.50 – 13.20

«Тәтті ұйқы»

Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Күндізгі ұйқыға жатқызу.



13.20 – 15.10

«Ұйқымызды ашайық»

Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары.

Бесін ас.


15.10 – 16.00

«Алақай, ойын!»

Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.



16.00 – 17.40

«Ас дәмді болсын!»

Кешкі ас


17.40 — 18.00

«Ертеңге дейін...»

Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың үйге қайтуы.



18.00 – 19.00


«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, қозғалыс белсенділігін дамыту және дене сапаларын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ересек жастағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері:

- дене шынықтыру;

- валеология;

- дербес қимыл белсенділігі, шынықтыру және сауықтыру шаралары, мәдени-гигиеналық дағдылар арқылы балалардың тіршілік әрекеті мен тәрбиесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Дене шынықтыру

Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдау біліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындау, оларды үлгімен салыстыра талдау жасауға үйрету.

Міндеттері:

1. Денсаулығын нығайту, балалардың денесінің жалпы дайындығын жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл күй ортасын жасау.

2. Күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру.

3. Дене күшінің сапасын: ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту, шыдамдылығын шыңдау.

4. Балаларды спорттық ойындар және жаттығулармен, еліміздің спорттық өміріндегі жаңалықтармен таныстыру, дұрыс спорттық техниканың негізін қалау.

5. Балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау.

6. Жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау.

7. Белсенді қимыл іс-әрекеттеріне және оған қажеттілікке қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.



Мазмұны:

Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары

Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың біліктері мен дағдыларын жетілдіру және бекіту.



Негізгі қимыл жаттығулары

Жүру:

- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;

- бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып;

- заттарды аттап, заттар арасымен;

- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);

- тәрбиешінің белгісімен тоқтап;

- қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен;

- шашырап, заттар арасымен;

- жүгіруді алмастыра;

- адымдап алға қарай жүру;

- «жыланша» ирелеңдеп;

- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа қолға ауыстырып қысқа және кең адымдап;

- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып.

Жүгіру:

- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;

- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі жақта бұрылыс жасап;

- заттарды аттап, тізені жоғары көтеріп жиі және кең адымдап заттар арасымен;

- заттар арасымен шашырап;

- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен;

- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып, сапқа қайта тұрып;

- кедергілерден өтіп;

- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен - баяу, жылдам, орташа қарқынмен тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;

- қағып алу және жалтара отырып;

- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;

- 320 м дейін қиылысқан жермен баяу;

- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (қашықтығы 20 м) жүгіру;

- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен алмастыру;

- барынша тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20 метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);

- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;

- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып;

- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).



Секіру:

- бір орында тұрып, алға қарай;

- тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап;

- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттың үстімен (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;

- жіптің үстінен;

- түзу бағытта (ара қашықтығы 6 м);

- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м);

- оң және сол аяғын кезектестіріп;

- 30 см биіктіктен белгіленген жерге секіріп түсу;

- 20 см биіктіктегі зат үстіне;

- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);

- бір орыннан ұзындыққа (80 см кем емес);

- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см кем емес);

- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см кем емес);

- шахмат тәрізді қойылған ағаш кірпіштерден (арақашықтығы 50 см), толтырылған доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;

- алаңның ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа алға жылжып;

- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ыршып-ыршып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіру;

- бір орында жатқан, айналып және теңселіп тұрған секіртпеден;

- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;

- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап;

- қос аяқтап, аяқтың оң бүйірімен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып сол бүйірімен секіруді жалғастыру.

Лақтыру, қағып алу, домалату:

- қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (10 реттен кем емес) допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу;

- допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату;

- 3-4 м арақашықтықтағы нысанаға допты, қапшықты, тасты, асықты дәлдеп лақтыру;

- 3-4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру;

- қапшықтарды себетке, алысқа көздеп тастау, бір қолымен қапшықты төменнен құрсауға, екі қолмен допты алысқа лақтыру;

- допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра лақтыру;

- тізбектеліп және тізерлеп тұрып допты бір-біріне қос қолымен басынан асыра лақтыру;

- 3 м арақашықтықта тізбектеліп допты төменнен қос қолдап, кеудеден және төменнен лақтырып, қағып аларда қолды шапалақтау;

- допты қос қолдап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м) алып жүру, алға қарай (арақашықтығы 5-6 м) жүру;

- алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4-5 м);

- сақинаны лақтырып таяққа кигізу;

- допты қос қолмен себетке лақтыру;

- кішкентай допты бір қолымен лақтырып, екі қолмен қағып алу;

- допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен қағып алу.

Еңбектеу және өрмелеу:

- биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен еңбектеу;

- гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу;

- көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу;

- қатарынан қойылған биіктігі 50 см 3-4 доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу;

- қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен топталып шеңбердің ішінен өту (биіктігі 50 см);

- кеглилер арасымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеу;

- арқаға қапшық қойып төрттағандап еңбектеу;

- гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу;

- доғаның астымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеу;

- кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу;

- құрсауларды айналдырып, олардың ішінен өту;

- орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру;

- қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту.



Тепе-теңдікті сақтау:

- заттардан аттап жүру;

- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;

- орындық үстімен текшелерден, толтырылған доптардан аттап, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан қолға ауыстыра отырып, басына қапшық қойып жүру;

- арқан бойымен бір жақ жанымен қырындап (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге) жүру;

- кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;

- көлбеу тақтай үстінен арқаны түзу ұстап жүру және жүгіру;

- көлбеу тақтай үстіне жүгіріп шығып, төмен қарай адымдап түсу;

- көлбеу тақтай үстімен бір жақ жанымен қырындап жүру;

- арқан, жіп бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап адымдап жүру;

- гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам алыс қойылған толтырылған доптардан аттап жүру;

- көтеріңкі заттың үстімен жүру;

- көлденең және көлбеу бөрене бойымен жүру және жүгіру;

- бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу;

- «Қарлығаш» жаттығуын орындау.



Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:

- сапқа бір қатармен тұру;

- сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру;

- бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу;

- қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру;

- секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу;

- қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен және үш қатарға тұру;

- шаңғымен сапқа тізбектеліп тұру, қырындап жүру, бұрылу;

- жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру;

- педагогтің тапсырмаларын орындай отырып, жүру және жүгіру кезінде сапта тұрып бір қатардан үш қатар құру;

- қимыл процесінде жұптасу және қайтадан бір қатарға тұру;

- саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.



Музыкалық-ырғақты жаттығулар

Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар ойластырып, шығармашылық таныту.


Жалпы дамыту жаттығулары

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Қолды кеудеге қою, жан-жаққа созу, қолды желкеге қою, жоғары көтеру, жан-жаққа созу. Қол саусақтарын айқастыру - «құлып», жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алда шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.

Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және басты иіп жүрелеп жүру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа жіберіп отыру. Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру.

Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып белінің тұсынан рейканы ұстап алға еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған қолдарын жоғары көтеру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап жоғары көтеру.

Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолдарын орындыққа тіреп, аяқтарын артқа созып, қолды шынтақтан бүгіп жазу (5-10 рет); 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5-10 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5-10 рет).

Арқаға арналған жаттығулар: топтасып отырған күйі алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.
Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. Төмен сырғанауда шананы тежеу. Бір-бірін сырғанату.

Сырғанау. Мұз жолымен жүгіріп келіп сырғанау. Сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.

Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі кезектескен адыммен алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 1-2 км жерге шаңғымен жүріп өту. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау. Шырша, жартылай шырша адымдармен төбешікке шығу. Еңкейіп төмен түсу. Шаңғыны өз беттерімен алу, орнына қою, кию, шешу, қолтығының астында алып жүру.

Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары, төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы көлденеңінен созылған). Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу.

Судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып судағы қимылдар, ернеуде тұрып, басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Спорттық ойын элементтері

Городки. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3-4 пішінді білу. Городкиді 2-3 м және 5-6 м аралықтан таяқ лақтырып құлату.

Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру. Допты кеуде тұсынан екі қолмен лақтыру. Ойынды топ болып үйрену.

Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі бағытқа қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.

Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу. Жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне домалату, аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу.

Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны сырғанату. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату.

Жыл соңында дене шынықтыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- денсаулықты күшейтуді және физикалық дайындықтың жоғарылатуын дене жаттығуларымен шұғылдану арасындағы байланысы туралы; дене шынықтыру сабақтарында техникалық қауiпсiздiк ережесін сақтау туралы түсінігі болуын;

- дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін орындауды;

- ертеңгілік және тыныс алу жаттығулар кешенін орындауды;

- қимылды ойындар ойнауды;

- түрлі тәсілдермен жүруді;

- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып өтуді;

- 1,5-2 мин аралығында баяу қарқынмен тоқтамай жүгіруді;

- 80-120 м арақашықтыққа жүгіруді орташа жылдамдықтағы жүрумен кезектестіруді;

- шамамен 5,5-6 секунд ішінде 20 м жылдамдыққа жүгіруді;

- 5-6 заттардың үстінен тура және жанымен секіруді;

- түрлі тәсілдермен: бір аяқта, қос аяқтап, бір орында, 3-6 м арақашықтыққа алға жылжи отырып секіруді;

- бір орыннан 80 см кем емес ұзындыққа, 100 см кем емес ұзындыққа жүгіріп келіп, `(30-40 см кем емес) биіктікке жүгіріп келіп секіруді;

- 20 см дейін биіктіктегі зат үстіне секіруді, 30 см биіктіктен белгіленген жерге секіріп түсуді;

- допты жоғары лақтырып және қағып алуды, допты жерге 10 рет соғуды;

- заттарды (5-9 м кем емес) қашықтыққа; 3-4 м арақашықтықтан тік және көлденеңінен нысанаға лақтыруды;

- қарқынды өзгерте отырып (биіктігі 2,5 м) гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеуді;

- төрттағандап заттар арасымен еңбектеуді;

- тепе-теңдік қалпын сақтай отырып түрлі тәсілдермен шектелген жазықтық бойымен жүруді;

- бір қатар саптізбектен, үш және төрт қатар саптізбекке қайта тұруды;

- музыка әуенімен таныс дене шынықтыру жаттығуларын орындауды;

- жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында бастапқы қалыпты, орындалу бірізділігін сақтауды;

- төбешіктен шанамен өздігінен сырғанауды, бұрылуды орындауды, шанамен бірін бірі сүйретуді;

- 2 км арақашықтыққа шаңғымен ауыспалы сырғанай отырып жүруді, төбешекке шығып және одан түсуді;

- қос дөңгелекті велосипедпен және самокатпен жүруді;

- еркін жүзуді;

- городки, бадминтон, футбол, хоккей, баскетбол сияқты спорт элементтерімен ойналатын ойындарға белсенді қатысуды;

- таныс қимылды ойындарды өздігінен ұйымдастыруды, тәрбиешінің көмегімен сюжетпен берілген ойындарды ойлап табуды;

- дене дайындығының деңгейін көрсете білуі тиіс.
Валеология

Мақсаты: денсаулықты нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау, балаларды салауатты өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, валеология ғылымын дене және эмоционалдық денсаулық ғылымы ретінде түсінігін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларды денсаулық туралы ғылым - валеология негіздерімен таныстыру.

2. Өзінің денесі, оны сезіну туралы түсініктерін қалыптастыру.

3.Өзіне, өзінің ағзасы мен денсаулығына құндылықпен қарауға тәрбиелеу.

4. Салауатты өмір салты: өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын-алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

5. Қиын жағдайда көмек көрсету тәсілдерін үйрету.

6. Тұрмыста, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Өзіңді таны. Адамдардың сезім мүшелері мен дене мүшелері бар екенінін білу. Олардың көмегімен қимылдай алады, айналадағы қоршаған ортаны таниды. Адамдардың әр дене мүшесі белгілі тәртіпте жұмыс істейді. Олардың қызметі үйлесімде болғанда ғана адам өзінің сау екенін сезінеді. Біздің денеміздің ішкі ағзалары бар. Олардың әрқайсысы өз қызметін атқарады. Біз оларға күтім жасауымыз қажет.

Жүрек, асқазан, тіл, өкпе, бүйрек адамның маңызды мүшелері болып табылады.

Сезім мүшелері. Олардың жұмысы. Сезім мүшелерінің жұмысы мен оларға күтім жасау.

Түрлі дене мүшелеріне көңіл қоя білу. Не сезінеді? Қандай ықылас пайда болады? Әр уақытта біз әр түрлі жағдайда боламыз: мейірімді, ашулы, көңілді, мұңлы. Көңілді, мейірімді болған кезде, біз өзімізді жақсы сезінеміз.

Тамақтану. Ашығудың белгісі. Ашығу сезімін, шөлді қалай жеңуге болады? Тәттіні көп жеуге болмайды, денсаулыққа зиян.

Тамақтану мәдениеті мен ережесі. Азық-түлік сапасын түсіне, иісіне, пішініне қарай ажырата білу. Дәрумендер - табиғи қорғаушылар. Су. Суды пайдалану қауіпсіздігі.

Тамақ түрлері. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет, балық. Олардың пайдасы мен зияны. Азық-түліктерді қолдануға дайындау ережелері: жуып-тазалау, қайнату. Тамақтан уланудың алдын алу.



Аурудың алдын алу. Денсаулықты нығайтудағы шынығу және оның маңызын түсіндіру. Күн, ауа және су — біздің нағыз досымыз. Табиғи факторлар көмегімен шынығудың маңызы мен ережесі. Күн тәртібі.

Сымбат. Әдемі сымбат денсаулықты сақтайды.

Ұйқы және оның адам өміріндегі маңызы.

Пайдалы және зиянды әдеттер. Темекі мен арақтың зияны.



Өзіңе және басқаға көмектес. Өзінің және құрдасының түріне, көзіне, қолына, денесіне қарап оның жағдайын анықтай алу. Науқастанып, ауырған кезде дереу ересектерге хабарлау. Науқас адамға мүмкіндігінше көмектесу. Азын-аулақ жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету ережесін білу.

Дененің ауырғанын жеңілдететін тәсілдер. Дененің ауырғанын жеңілдете білу: ауыртып алған жерін сипау (уқалау), салқын затты басу (су орамал), зейінін басқа жаққа аудару, жұбату, қорқынышын сейілту.



Дене шынықтыру жаттығулары арқылы әлсіреу кезінде 1-2 тыныштандыратын кешенді меңгеру.

Дауларды шеше білу. Басқаларды ренжітпеу. Қол көтеру — жанжалды шешудің тиімді тәсілі емес екендігін есте сақтаған жөн. Бірлесіп жұмыс істеу – қарсыласудан жақсы. Дөрекілер мен бұзақылардан алыс жүру қажет.

Өзінен кішілерге, әлсіздерге қамқорлық көрсету. Басқа біреудің көмектесуін күтпей-ақ, көмек керек сәтте басқаларға көмектесу.

Табиғат

Үй жануарлары. Жанауарларды күтіп-баққанда қауіпсіздік шараларын білу (мысық, ит, атжалман, құстар және т.б.).

Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын білу (шыбын, маса, тарақандар). Олардан қалай сақтанатынын білу. Көшеде және бөтен үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Саңырауқұлақтар. Шикі саңырауқұлақтарды аузына салмау керек. Оларды жинамау керек. Саңырауқұлақ тергеннен кейін қолды тазалап жуу.

Ауа райы. Ауа райы өзгерген жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білу (қар жауғанда, жаңбыр жауғанда, күн ысығанда, суығанда).

Қурап қалған ағаштар мен бұталардың қаупі. Оларға өрмелеп шығуға, айналасында ойнауға болмайды. Дәрілік шөптер. Улы өсімдіктер.

Дәрілік шөптер. Улы өсімдіктер.

Әлеуметтік өмір. Қиын жағдайда өзін-өзі ұстау тәртібі. Шұғыл жағдайда өзін-өзі ұстау ережесін білу:

- егер адасып қалсаң немесе бейтаныс жерге тап болсаң, полиция қызметкерлерінен, кассирден, сатушыдан және басқа да қызметкерлерден көмек сұра;

- үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қара; егер есіктің кішкене тесігі сыртынан жабық болса, тіпті ашпа; пәтерден танымайтын адамға шықпа; есікті тек құлыппен жауып қана қоймай, ысырмамен, шынжырмен жап;

- бейтаныс адамның көлігіне отырма; егер, көшеде немесе есік алдында бейтаныс адам сені алып кетпекші болса, «Мен сені танымаймын» деп дауыстап, қашып шығудың амалын жаса; жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірме.

Үйдегі қауіпсіздік ережесі. Үйде балалар немен ойнамау керек? Бәлеге ұшырамас үшін қандай заттарды ұстамау керек? Біздің үйде не қауіпті? Электр аспабын, газды, суды қалай дұрыс қолдану керек? Үйде қандай қауіп төнуі мүмкін? Шұғыл қызмет телефондары.

Балабақша ауласы. Сенің үйіңнің ауласынан айырмашылығы қандай? Әр түрлі құрал-саймандарды қолдана білу ережелерімен таныстыру.

Ауладағы қауіпті жерлер: өсіп кеткен бұталар, қурап кеткен ағаштар, көлік жүретін жолдар, қоқыс тастайтын жәшік. Ұқыпты және абай болу керек. Аулада өзін-өзі ұстау ережесі: ластамау, шуламау, терезеге және балкон жанына жақын ойнамау, шыны сындырмау.

Жақын жердегі айналаны, балабақша орналасқан шағын ауданды, өзі тұратын үйді бағдарлай білу. Ненің қай жерде орналасқанын білу. Үйге және балабақшаға баратын мейлінше қауіпсіз жолды білу. Нақты жол бағытын білу.

Жол белгілерімен таныстыру: «Балалар», «Жаяу кісі өтетін өткел». Жаяу кісілер тек белгі қойылған жерден ғана өтеді. Екі жақты қозғалыста алдымен сол жаққа, жолдың ортасына жеткенде - оң жаққа қарау. Көше және жол белгілері. Өз ауданындағы көліктермен танысу. Жүріп бара жатқан кез-келген көлік адамға қауіп төндіруі мүмкін.

Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, телефон-автоматтар).

Жыл соңында валеология бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- адамның дене құрылысын, маңызды мүшелердің қызметін;

- негізгі азық-түліктерді білуді және атауды, олардың сапалылығын анықтауды;

- жеке бас заттарын қолдануды;

- жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы;

- аурудың алдын алудың негізі шаралары және денсаулықты нығайту (шынығу, күн тәртібін сақтау, дене сымбатын сақтау) туралы;

- жануарлармен, жәндіктермен қатынас жасау қауіпсіздік тәсілдерін, сақтық шараларын сақтауды;

- улы және дәрілік өсімдіктер туралы түсінікті;

- үйде, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қауіпсіздігін және ережесін;

- өзінде және басқаларда байқалған аурудың алғашқы белгілерін ересектерге өз уақытында айтып көмек сұрауды;

- өз уақытында полиция, кассир, сатушы және басқа да қызмет ететін адамдардан көмек сұрауды;

- дененің ауырған жерін жеңілдетуді;

- жедел жәрдем қызметін шақыруды;

- жақын жердегі айналаны, балабақша орналасқан шағын ауданды, өзі тұратын үйді бағдарлауды;

- жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдануды (жеделсатылар, телефон-автоматтар);



- қоғамдық орындарда өзін өзі ұстау қауіпсіздігі мен мәдени ережелерді сақтай білуі тиіс.
жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау