ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА
________________________________________________________
АСТАНА
2015
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген
Пікір жазғандар:
Ж. О. Есінбаева, ҚР БҒМ Жоғары білім және халықаралық ынтымақтастық
департаментінің бас сарапшысы, ф.ғ.к.
Р. И. Әбдрахманова, Астана қ. «Арман» балабақшасының меңгерушісі
Б. С. Есмағанбетова, Астана қ. №37 балабақшаның әдіскері
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша бағдарлама.
− Астана, 2015. − 23 б.
Бағдарлама мектепке дейінгі жастағы дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастыруға
және олардың қабілеттерін жетілдіруге арналған.
Аталған бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты негізінде, мектепке дейінгі жас ерекшеліктері психологиясы мен
педагогикасының негізгі ережелеріне сәйкес әзірленді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»
Республикалық орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінде (2015 ж. 10 маусым №3 хаттама)
ұсынылды.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2015
3
МАЗМҰНЫ
Түсіндірме жазба……………………………………………………..........
4
Балалар дарындылығының ғылыми-теориялық негіздемесі ...................
6
Дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастыру және әдістері..............
12
Қорытынды………………………………………………………………...
17
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………….
18
Қосымша…………………………………………………………………...
19
4
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Әр сәби – өзінше тамаша және
қайталанбайды, психологтар,
әрқайсысының дарындылығына
сенеді.
Т. Галковская
Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында
дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып
табылады.
Дарынды балаларға бүгінгі қамқорлық − бұл Қазақстан Республикасы
ғылымының, мәдениетінің және әлеуметтік өмірінің болашақ дамуына деген
қамқорлық. Жоғары деңгейдегі жеке жетістіктер әдетте тұлғаны өзін-өзі қолға
алуға ықпал ететін және қоғамды алға жылжытатын қозғаушы күш.
Бала дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы
дараланып және оны жүзеге асыру қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс.
Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық
шақ болып табылады. Заманауи білім беру тәжірибесі көрсеткендей балалар
арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Құрбыларына қарағанда
шығармашылық қабілеттерімен, жіктей білетін, жалпылай білетін, өзара
байланысын таба білетін біліктіліктерімен неғұрлым дамыған зайырлы балалар
айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша
ізденіс үстінде болады, зеректік, дербестік, белсенділік танытады.
Тұлғаның шығармашылық әлеуетін іске асыру мәселелері ажырамас
бөлшегі болып табылатын дарынды балалармен жұмыс мектепке дейінгі ұйым
жұмыстарындағы басым бағыттардың бірі.
Мектеп жасына дейінгі балаға жоғары танымдық белсенділік, көтеріңкі
әсершілдік, ақыл-ой жүктемесіне деген сұраныстар тән. Оларда сезімталдық,
жарқындық, үлгілерді нақты ұсыну және оларды жеңіл қолдана білу жақсы
дамыған.
Мектепке дейінгі жастың ерешеліктері қиялдау, шығармашылықпен
елестету, стандарттан тыс ойлай білу болса, мұнан басқа айырықша
сезімталдығы, айналасына сергектікпен қарайтындығы анық байқалады.
Бұдан шығатын қорытынды, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін
дарындылықтың алғышарттары байқалған балаларды уақытында анықтау,
олардың қабілеттерін сақтау және одан әрі дамыту үшін, балалардың жеке
белсенділіктеріне сүйене отырып, педагог-психологтардың, тәрбиешілердің,
арнайы мамандардың, ата-аналардың күшін біріктіретін арнайы жұмыстар
жүргізілуі қажет.
Тұлғаның даралық құқығы жүзеге асырылатын нақты нұсқалардың бірі
дарынды балалармен жұмыс.
5
Бұл «Мектеп жасына дейінгі дарынды балалармен жұмыстарды
ұйымдастыру» бағдарламасының көкейтестілігі жоғарыда айтылғандардан
анық көрінеді.
Мақсаты: Зияткерлік, шығармашылық дамытуға бағытталған мектеп
жасына дейінгі дарынды балалармен жұмыстар жүргізуге жағдай туғызу.
Міндеттері:
1. Дарынды балаларды жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамытуға
ықпал ететін жағымды заттық - кеңістіктік дамытушы орта құру.
2. Дарынды
балалалармен жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу
ерекшеліктерін оқып үйрену.
3. Мектеп жасына дейінгі балалар дарындылығын диагностикалауды
жүргізу.
4. Дарынды балалаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасауға
ұсыныстар.
5. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері мен ата-
аналардың бірлескен қызметтерін үйлестіру.
6
БАЛАЛАР ДАРЫНДЫЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон
зерттеген болатын. Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек
сіңірді. Ф. Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі
екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның «Таланттың тұқым қуалауы −
оның заңдары мен нәтижелері» атты кітабы ХХ ғасырдың екінші
жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды.
Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред
Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық әрекетіне сынақ жүргізген.
Сонымен қатар, өте ұзақ зерттеу жүргізген АҚШ ғалымы Льюис Тердің
еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды.
Заманауи психологияда ең кең таралғаны американдық ғалым Джозеф
Рензуллидің адамның зияткерлік қабілеті, креативтілікті туралы зерттеуге
арналған көптеген сынақтамаларынан тұратын тұжырымдамасы.
Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері
туралы тәжірибелері қазіргі кезеңге дейін қолданылуда.
Дарынды баланы табу оңай емес, осы күнге дейін «дарындылар» санатына
жататын балаларды анықтайтын бірыңғай диагностикалау тетігі әзірленген жоқ.
«Дарындылық» ұғымы − бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі
бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету
мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының сапасы.
«Дарынды бала» − белгілі бір әрекет түрлерінде табыстарымен жарқырап
көрінетін, өресі биік бала.
Дарындылық − орта деңгейден жоғары зияткерлік қабілеттер,
креативтілік және қайсарлылық тоғысқан үш мінездеме.
Дарындылықтың жас ерекшеліктері
Баланың дарындылығы өте ерте байқалады. Оның дамуының өте
қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жасқа дейін. Осы жаста тұлғалық негізі
қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Әртүрлі салалардағы әрекеттерде
ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз қабілеттері пайда болады.
Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең (2-3 жас) бұл кезеңде бала алғашқы сенсорлық әсер алады.
Екінші кезең (3-4 жас) әрекеттерге еніп кетеді, табиғи материалдардың
бастапқы белгілері туралы түсінігі пайда болады, өте белсенді, оған кең
ауқымдағы әртүрлі әрекеттерге мүмкіндігі бар.
Үшінші кезең (4-5 жас) баланың шығармашылық ізденіс кезеңі, қосымша
әрекеттер үшін қабілетті балаларды біріктіруге болады.
Төртінші кезең (5-6 жас) бала оң нәтижелерге жетуге ұмтылады.
Бесінші кезең (6-7 жас) дарындылық өздігінен таныла бастайды.
Дарындылық танылудың келесі кезеңі (11-14 жас) мәселелер болжамдық
(гипотезалық) құрылымға ие болады, зерттеушілік сипат алады.
Дарындылықты танудың қорытынды кезеңі (15-20 жас).
7
Дарындылықтың белгілері – дарынды балалардың ерекшеліктері оның
шынайы әрекеттерінде көрінеді және оның әрекеттер сипатын бақылаған кезде
бағалануы мүмкін.
Дарынды
балалар тәртібінің уәждемелік аспектілері төмендегі
белгілермен сипатталуы мүмкін:
көтеріңкі, заттық шынайылықтың белгілі бір тұсын немесе өз
белсенділігінің белгілі бір түрін таңдайтын сезімталдық, әдетте
қанағаттанған сезімде болады;
белгілі бір әрекетке деген аса қызығушылығы айқын көрінеді, қандай да
бір затқа төтенше жоғары ынталылық танытады. Еңбексүйгіштігі мен
табандылығын көрсету арқылы белгілі бір қызмет түріне аса икемі бар;
жоғары танымдық қажеттілік, барлығын білуге құштарлығы, сондай-ақ
өзінің бастамасының қажетті шеңберден шығып кететін дайындығы бар ;
стандартты,
кадімгі тапсырмаларды және дайын жауаптарды
қабылдамайды;
өз еңбегінің нәтижесіне сынмен қарайды, аса күрделі мақсаттар қоюға
бейім, соған жетуге талпынды.
«Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері» критериі бойынша
дарындылық түрлері
Дарынды бала ұғымына, ондай балаларды табуға, олармен жұмыстың
ерекшеліктеріне, олардың психологиялық мәселелеріне (Л.А. Венгер,
Ю.З. Гильбух, Н.С. Лейтес, Г.В. Бурменская) көптеген еңбектер арналды.
Соңғы жылдары балалар арасындағы дарындылық мәселесі «көлеңкеден
шықты» және бұл үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл мәселелердің күмәнсіз
шынайылығы мен маңыздылығынан болып отыр.
Көкейтесті дарындылық −психикалық даму көрсеткіштері бойынша жас
ерекшелігі және әлеуметтік нормамен салыстырғанда нақты пәндік сала
бойынша ең жоғары деңгейде орындалған қызметтерден байқалатын баланың
психологиялық мінездемесі.
Әлеуетті дарындылық − қандай да бір әрекеттерде жоғары жетістіктерге
жететін, белгілі бір психикалық мүмкіндіктері (қабілет) болады, бірақ
функционалдық жетіспеушіліктерінен өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға
шамасы келмейтін баланың психологиялық мінездемесі.
«Айқындалу формасы» критериі бойынша дарындылық түрлері
Айқын дарындылық бала әрекеттерінде анық және нақты көрінеді (өзінен өзі
сияқты), оның ішінде қолайсыздық жағдайларда байқалады. Бала жетістігі өте
айқын оның дарындылығы күмән келтірмейді.
Жасырын дарындылық бала әрекеттерінде шамалы байқалып, жасырын
формада білінеді.
Ғалым педагог Л. В. Поповтың ойынша, өз жасынан жылдам жетілген
балаларда, жасының және жеке өзіндік белгілері өте айқын, тіпті драмалық
жағдайда байқалады. Жасына сай дамитын ақыл ойының ерекше артуынан үміт
8
етіп, ерте табысқа жетумен келісу оңайға соқпайды. Жас ерекшеліктеріне сай
өзіне лайықты назар аудартудың ұзақ мерзімді мағынасы болмайды.
«Дарынды балалар» ұғымы кең ауқымда қолданылады. Егер бала өзінің
қатарының арасында шығармашылық жаттығулар да ерекше табысты болса
оны дарынды бала деп атауға болады. «Дарынды бала − әртүрлі әрекет
түрлерінде ішкі бастамалары бар, өзінің жарқын, кейде айырықша
жетістіктерімен ерекшеленетін» бала ұғымының анықтамасы болады.
Дарындылықтың
типтері:
зияткерлік,
академиялық
(жоғары
зайырлылық), көркемдік, креативтілік, көшбасшылық, спорттық.
Балалардың дарындылығы саласындағы арнайы маман Н. Лейтес
балаларды үш санатқа бөліп, әртүрлі педагогикалық тәсілдермен жіктейді,
олардың ішінде кейбір қабылданған дарындылық атаулары: IQ зор балалар;
қандайда бір әрекет түрлерінде жетістікке жеткен балалар; жоғары креативті
балалар.
Әртүрлі саладағы дарындылықты тану анықталған жас ерекшелігі арқылы
жүзеге асырылады. Әсіресе, музыкаға, содан соң суретке деген дарындылықты
ерте байқауға болады; жалпы ғылымға деген дарындылықтан гөрі өнерге деген
дарындылық ерте байқалады; ал ғылымда математикаға деген дарындылық ерте
байқалады. Жалпылама зияткерлік дарындылық жоғары деңгейдегі зияткерлік
даму мен ақыл әрекетінің сапалы ерекшелігінен байқалуы мүмкін.
Кейде дарынды балалардың өз құрбыларынан ешқандай айырмашылығы
болмайды. Дегенмен, дарындылықты кең ауқымды жеке-психологиялық
қабілеттерінен аңғаруға болады. Көбінесе дарынды балаларды құрбыларынан
ерекше келбетінен де айыруға болады.
Әдеттегідей, дарынды балаларда зерттеу белсенділігі мен білуге
құмарлығы ерекше байқалады. Психофизиологиялық зерттеу мұндай
балалардың миында биохимиялық және электр белсенділігі жоғары
болатындығын көрсетті.
Дарынды
балалар
игерген
және
өңделген
ақпараттардың
жетіспеушілігінен күйзеле қабылдауы мүмкін.
Сондықтан олардың белсенділігі шектелуі, неврологиялық сипатымен көрінуі
ықтимал.
Дарынды балалар өте жақсы жадының арқасында абстрактілі ойлау мен
сөйлеуді ерте игереді. Сондай-ақ, дарынды балалар сұрақ қоюды, күрделі
синтаксистік құрылымды біледі. Көптеген дарынды балалар қызығушылықпен
энциклопедиялар мен сөздіктерді оқиды, сөздер шығарады, олардың ойы
бойынша өздерінің түсініктері мен оқиғаны елестету арқылы сана сезім
қабілетінің белсенділігін талап ететін ойындарын ойнауды жөн санайды.
ең алдымен, жалпы ақыл-ой қабілеті байқалады және қандай да бір
мамандану болмайды;
қандай да бір арнайы білім саласында жоғары қабілеттілігі көрінеді
Бұл тип тармақтарының басты айырмашылықтары уақыт еншісіндегі
мәселе – басында жоғары қабілеттілік “барлық спектр” бойынша көрінеді, ал
уақыт келе қабілеттердің мамандандануы және қызығушылығы айқындалады.
9
Акселераттар ретінде танылатын дарындылықтың осы ақылдырақ типтерін,
тіпті «вундеркинд» деп атау қабылданған.
“Академиялық” деп аталатын типтің дарындылықтың интеллектуалдық
типінен біраз айырмашылығы бар. Осы дарындылық типіндегі аса жоғары
интеллектіліктің орны ерекше, үйренуге деген айырықша қабілеттілік алдыңғы
орынға шығады. Дарындылықтың бұл типіндегі балалар, ең алдымен
материалды тамаша игереді, яғни оқиды. Олардың танымдық саласының
ерекшеліктері (ойлауы, жады, назары), кейбір ынталарының мынадай
ерекшеліктері бар, оларға оқу өте жеңіл, әрі жағымды.
Көркемдік тип – дарындылықтың бұл түрі жоғары табыстарға жеткен
көркем өнер қызметтерінде − музыкада, биде, көркем сурет өнерінде,
мүсіндеуде, сахналық әрекеттерде айқындалады.
Жоғарыда көрсетілген дарындылықтың үш белгісін педагогтардың өздері
салыстыра отырып оңай анықтай алады. Көптеген жағдайларда оларды
диагностикалау да психологтардың арнайы көмегін қажет етпейді.
Дарындылығы дау тудырмайтын және дарыны айқын көрініп тұрған
дарындылықтың екі түрі бар, алайда баланы педагогтар осал, болашағы жоқ деп
санаған кезде бұл түрлерге қатысты жағдай біршама күрделене түседі.Әдетте,
көп жағдайда бұл креативтілікпен немесе шығармашылық дарындылықпен
байланысты болып жатады.
Креативті тип. Бұл типтің негізгі ерекшелігі өзгеше ойлауынан, өзгелерге
ұқсайматын әлемге айырықша көзқарасынан байқалады. Дарындылықтың осы
типін практикада анықтау үлкен күшті қажет етеді. Себебі, стандартты
бағдарламалар осындай балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Негізінен
барлық шығармашылық қабілетке ие балалар мінезінде айқын көрінетін
кемшіліктер кездейсоқ болып табылмайды. Бұл дәйек олардың өздерін жайсыз
сезінуінен, яғни өзге құрбыларымен бірге «аяқ» басуға құлықсыздығынан, тіпті
икемсіздігінен, олардың дарындылық тұлғасының негізі, сондай-ақ, әлемді
стандартты емес жағдайда басқаша қабылдауынан болатын жағдай.
Шығармашылық дарындылықтың көптеген әртүрлі нұсқалары бар: кез келген
қызметті, қай істі қолға алса да алапат шығармашылық мүмкіндіктерді
көрсететін балалар және бір ғана салада дарындылығымен ерекшеленетін
балалар кездеседі. Салыстырмалы түрде жеңіл көруге болатын, алайда нақты
дарындылықтың түрі ретінде қабылдауға қиын дарындылықтың бір типі −
көшбасшылық немесе әлеуметтік дарындылық деп аталады. Мұндай
дарындылық өзге адамдарды түсіне білу, олармен конструктивті қарым-
қатынастарды құру, сол адамдарды басқара білу қабілеттерімен сипатталады.
Көшбасшылық дарындылық көптеген зерттеушілердің пікірінше, интеллектінің
жоғарғы деңгейін қажет етеді. Бірақ, бұған қоса жақсы дамыған түйсік, өзге
адамдардың сезімдерін және қажеттіліктерін түсіне білу, жаңашыр бола алу
қабілеттері де керек. Көп жағдайларда бұл қабілеттер шешуші рөл атқарады.
Әрекеттедің көшбасшылары болады. Олар көп адамдарға маңызды шешімдерді
қабылдай алады, қозғалыстың мақсаттары мен бағыттарын белгілейді, өздерінің
соңынан адамдарды ерте алады. Сондай-ақ, дарынды балалар жіті назар
10
салуымен, өздерін қызықтыратын салада нәтижеге жету үшін табандылық
танытуымен
ерекшеленеді.
Алайда,
олардың
көбіне
тән
әралуан
қызығушылықтар кейде дарындыларды бірнеше істі қатар атқаруға, өте күрделі
мәселелерді шешуге талпынуға әкеледі.
Дарынды балалар құрдастарының алдында біршама басымдықтарға ие.
Олар өз ерекшелігі бар қиындықтарға да ұрынып жатады. Біріншіден, бұл
балаларының дарындылығына деген ата-аналардың көзқарасымен байланысты.
Кейбіреулер өз баласының бойынан ерте көрінген дарындылықты байқағанда,
тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін өз түсініктеріне сәйкестендіріп, барлық күшін
сол баланың қабілеттерінің дамуына салады. Осы жерде мынаны айтып өткен
жөн: академик А.В. Петровский өз баласын вундеркинд санап, бұл сөздің
алғашқы бөліміне ғана назар аударып, баланың әлі де шалалығын ұмытып,
баланың ерекшелігіне назар аударады. Егер дарындылық белгілі-бір арнаулы
салада көрініс тапса, онда ата-аналар баланың осы саламен дендеп
айналысуына мүдделі болып, баланың өзге қабілеттері мен икемділігінің
толыққанды дамуына кедергі келтіреді. Көптеген белгілі ғалымдар,
музыканттар, суретшілер мен жазушылар өздерінің алапат қабілеттерін ерте
жастан көрсеткен. Кішкентай А. Моцарттың, К. Гаусстың, Н. Винердің,
Г. Лейбництің, В. Гюгоның, Ф. Шуберттің, И.А. Римский-Корсаковтың,
М. Мусоргскийдің жарқын шығармашылық жетістіктері көпшілікке аян.
Жоғарыда айтылғандай, дарынды балалар өскенде атақты адамдарға жиі
айналатыны жасырын емес. Алайда, үнемі да бұлай бола бермейді.
Бұған керісінше, балалық шағында ешқандай ерекшеленбеген адамдардың
ер жеткенде жоғарғы жетістіктерге жету жағдайлары да өмірде аз кездеспейді.
Көптеген атақты адамдардың өмірбаяндарына қарасақ, олардың алапат ойлау
қабілеті айналадағы кісілердің назарына ілікпеген жағдайларға жиі жолығамыз.
Мәселен, Н.Коперник дарынды балалар санатында болмауымен қатар, ресми
түрде астроном-ғалымдардың қатарына да енгізілмеген. Дарындылықтың
сапалы мінездемелерін талдау, адамның психикалық мүмкіндіктері мен оларда
белгілі бір түрде көрінетін дарындылықтың өзіндік сапалы түрлерін
айқындауды қарастырады.
Дарындылықтың
әрбір
түрі
барлық
деңгейдегі
психикалық
ұйымдастырулардың нақты берілген әрекет түріне маңыз беретін деңгейдің
басымдығымен бір мезгілде іске қосылуын қарастырады. Мысалы, музыкалық
дарындылық алдыңғы орынға сенсорлық-моторлық қасиеттер немесе
эмоционалдық-экспрессивтік қасиеттер шығатын психикалық ұйымдастырудың
барлық түрімен қамтамасыз етіледі.
Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері
Дарынды балаларға тән оза дамудың мынадай ерекшеліктері бар:
- қабылдауының ауқымдылығымен ерекшеленетін балалар;
- есте сақтауы жоғары деңгейдегі балалар;
- тілі ерте дамыған, бай сөздік қорға ие балалар;
- зейін қоюы жоғары деңгейдегі балалар;
11
Дарынды балалардың мінез-құлқында шыншылдық сезімдері жоғары, жақсы
әзілқой сезімдерге ие, сонымен қатар тез өзгеретін, шыдамсыз,үнемі назарда
болғанды ұнататын қасиеттерін байқатады, оларға қорқыныш, жоғары
сезімталдық тән. Бала тұлғасы мен дарындылығының дамуына ықпал ететін
табиғи факторлар мен мақсатқа бағытталған тәрбие және оқытудың ролі мен
үлесін қаншама қарастырсақ та, отбасының маңызы, соның ішінде ата-ананың
жоғары деңгейде көңіл бөлуі шешуші роль атқарады.
Осындай балалардың дарындылығын дамыту ата-аналардың өзініңде
жоғары танымдық қызығушылықтарын тудыруға ықпал етеді.
Ата-аналардың бала тәрбиесінде әрқашанда тұрмыстық мәселелер аясынан
тысқары, олардың қарым-қатынасы – ортақ ойындар, компьютердегі бірлескен
жұмыстар, күрделі міндеттер мен мәселелерді талқылаулар түріндегі бірлескен
танымдық әрекеттер болуы қажет.
Жалпы жасы мен ақылының шапшаң қарқынмен дамуы байқалатын жалпы
танымдық қызығушылығы негізінде ата-аналар мен балалар бірігуі тиіс.
Дарынды балалар даралап оқытуды қажет ететін балалар тобының ерекше
бөлігін құрайды. Педагогикалық үдерістің субъектісі бала болып табылатын
ұжымдық оқытуды ұйымдастыру мектепке дейінгі дарынды балаларға арналған
оқытудың неғұрлым тиімді түрі болып табылады. Қатал түрде емес, еркін
жүйеде ұйымдастырылған әрекеттер әр балаға өз бетімен ізденуге және
бағытты дербес таңдауда жетістікке жетуге мүмкіндік береді.
Шығармашылықты,
кәсіби
құзіреттілікті
меңгерген
педагогтың
тәрбиелеу мен оқытудағы ролі ерекше. Дарындылық дегеніміз – «даралықты
қажет етеді» және әр балаға жеке қарым-қатынас жасайтын дербес тәсіл табу
екенін есте сақтау маңызды. Қазіргі кезеңде балалар дарындылығы, оларды
анықтау мүмкіндіктері және дарынды балаларға арналған ерекше білім беру
бағдарламаларын құру мәселелеріне көптеген психологтар мен педагогтар
назар аударып отыр.
Сондықтан, дарындылықты диагностикалау және дарынды балалармен
жұмыс − арнайы жүргізілген зерттеу мәліметтеріне сүйенеді. Екіншіден,
баланың неғұрлым қолайлы өмір сүру жағдайын айғақтайтын жақсы үйренген
балалардан дарынды балаларды ажырату үнемі мүмкін бола бермейді.
Қабілеттері бірдей, бірақ жоғары әлеуметтік – экономикалық мәртебедегі
отбасы балаларының белгілі бір әрекеттердегі жетістіктері жағдайы жасалмаған
балаларға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болатыны айтпаса да
түсінікті. Нақты баланың дарындылығы белгілі бір шамадағы шартты
сипаттама. Баланың ең тамаша қабілеттерінің өзі оның болашақта жететін
табыстарының тура және жеткілікті көрсеткіштері бола алмайды. Балалық
шақта айқындалған дарындылық белгілерінің біртіндеп дамуы да немесе
шапшаң жоғалуы да мүмкін екендігін естен шығармау қажет. Осы мүмкіндікті
дарынды балалармен практикалық жұмыс барысында ескерген дұрыс.
Дарындылық – өзінің сипатына қарай сан қырлы құбылыс.Тәжірибе үшін –
бұл мүмкіндіктер және сонымен қатар нақты бала дарындылығына тән
неғұрлым жан-жақты көзқарастардың қажеттілігі болып табылады.
12
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру жолдары:
1. Дарынды балаларды анықтау: баланың табыстары мен жетістіктеріне
талдау. Балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін диагностикалау. Бақылау,
сараптамалық бағалау әдістерін қолдану. Психологиялық тестілер (ата-аналар
мен педагогтарға арналған А. И. Савенковтың «Дарындылық картасы»
әдістері; В. Шебеко, А. Булахтың ата-аналарға арналған сауалнамалары;
Торренс және басқалардың креативтілік тестілері) қолдану.
2. Мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдау:
- баланы дербес дамыту жоспарын құру;
- дарынды балалардың жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамуына
көмектесетін қолайлы заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру;
- мектепке дейінгі жастағы дарынды балалардың шығармашылық
бағыттарын: дербес шығармашылық тапсырмаларды іске асыруына көмек беру;
- зияткерлік ойындарға, конкурстарға қатысу;
- дарынды балаларды ынталандыру: әртүрлі конкурстарға қатысқаны үшін
дипломдармен, грамоталармен марапаттау.
3. Дарынды балалардың ата-аналарымен жұмыс: дарынды баламен, ата-
анамен және тәрбиешімен бірлескен практикалық әрекеттер. Әңгімелер,
тренингтер, мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарымен жеке кеңестер.
Талантты балалардың ата-аналарына қолдау жасау және ынталандыру (ата-
аналар жиналыстарында грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру). Ата-аналарға
дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.
4. Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша
педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен
жұмыс мәселелері бойынша «Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар:
теориясы, мәселелері және оларды ертерек анықтау» тақырыбында оқыту
семинары, «Дарындылық бала тұлғасының даму факторы ретінде»,
«Кіріктірілген оқыту әдістерін қолданудың вариативтілігі» тақырыптарында
кеңестер. Кітапхана қорына өз білімін көтеруге қажетті әдебиеттер жинақтау
және іріктеу, жаңадан түскен әдебиеттерге жүйелі шолу, Ғаламтор
мүмкіндіктерін пайдалану. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде алғашқы
бейімділіктері айқындалғаннан бастап бала қабілеттерінің жарқырап
гүлденуіне, дарындылыққа дейінгі аралықта дарынды бала тәрбиеленетін
балабақшада және отбасында қолайлы жағдай құрылып, бірлескен жұмыстар
үйлесімінде мүмкін болады.
Мектеп жасына дейінгі шығармашыл баланы тәрбиелеу үшін
тәрбиешіге инновациялық тәсілдер қажет болады:
- стандарттан тыс , креативті жұмыс істеуге ынтасы;
- ізденіс белсенділігі, ізденімпаздық;
- мектеп жасына дейінгі бала психологиясы мен дарынды балалар
психологиясынан білімі.
13
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы бойынша
тәрбиелеу үдерісі заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылады және
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту
міндеттерінің бірлігі қамтамасыз етіледі.
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша Бағдарлама
мазмұны: «Таным», «Шығармашылық» білім беру салаларына негізделеді,
балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты
дамуына бағдарланған. Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды тәрбиелеу-
оқыту жұмыстарын ұйымдастыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:
• дарынды балалармен жұмыс істейтін арнайы дайындалған жоғары
біліктілігі бар тәрбиешілер мен педагогтардың болуы;
• бай заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның болуы;
• балаға қамқор және мейірімді қарым-қатынастағы ахуал құру;
• жұмыс жоспарының болуы.
Біз өз жұмысымызда мына ұстанымдарды басшылыққа аламыз:
• тәрбиешілердің, педагогтардың және ата-аналардың ынтымақтастық
үдерісі жүзеге асырылатын, сабақтастық;
• әр балаға жеке қарым-қатынас жасау;
• таңдау мүмкіндігі;
• кешенді қарым-қатынас;
• баланың жеке және ұжымдық әрекеттерінің, арнайы ҰОІӘ көлемі мен
жалпы дамыту ҰОІӘ көлемінің тиімді ара қатынасын сақтау;
• балабақшаның қосымша білім беру, мәдениет ұйымдарымен өзара
байланысы және ынтымақтастығы.
Мектепке
дейінгі
ұйымдарда
ұйымдастырылған
секциялардың,
студиялардың, үйірмелердің дарындылық белгілері бар балалардың
қабілеттерін ашатын және жүзеге асыратын мүмкіндіктері бар.
Соңғы уақытта дарындылықты ерте айқындау және дамыту мәселелерінің
өзектілігі мен маңыздылығы арта түсуде.
Мектепке дейінгі балалық шақ дарындылықты дамытудың маңызды және
қолайлы кезеңі болып табылады.
Әдеттегі балабақша жағдайында балалар дарындылығын дамыту барлық
педагогикалық ұжымнан осы бағыттағы педагогикалық басқарудың біртұтас
жүйесін әзірлеуді және енгізуді талап етеді. Балабақшадағы педагогикалық
ұжымның балалар дарындылығын дамыту бойынша әрекеттері жүйелілік,
тұлғаға-бағдарлану, тұлғалық-әрекет тәсілдеріне негізеліп құрылады. Мектепке
дейінгі ұйымдар көлемінде балалар дарындылығын дамыту бойынша жұмыстар
мазмұны мынадай блоктарды қамтиды:
- педагогтармен жұмыс;
- балалармен жұмыс;
- балалардың ата-аналарымен жұмыс;
- психологтармен жұмыс.
14
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу - оқыту үдерісінде
тәрбиелеудің заманауи технологиялары мен балалар дарындылығын
дамытудың ерекше әдістері қолданылады.
Дарынды балалармен әлеуметтік - психологиялық тренингтер
ұйымдастыру
Жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындау: Бағдарламада орындау
барысында жиі сәтсіздіктер мен таңданулар туғызатын қиындықтары бар
тапсырмалар жиынтығы қамтылған. Жүргізуші топқа қажетті көмекті бере
отырып, соңғы нәтижесінде тапсырманың толық орындалуына қол жеткізеді.
Қатысудың толық еріктілігі: Бала әрбір жаттығуға, талқылауларға
өзінің қатысу дәрежесі туралы шешімді өзі қабылдайды. Бұл ішкі бақылауды
дамытуға, дербес шешім қабылдауға және ол үшін жауапкершілік алуға
мүмкіндік береді.
Тренингтің қауіпсіз ортасы: Жетекшілері де және топ та тұтасымен
тренингтің әрбір қатысушысына үнемі эмоциялық қолдау көрсетеді. Жарыс
сәттері атымен болмайды, жалпы ұстынымы: «Жеңіске бірге жетеміз немесе
жеңілсек бірге жеңілеміз».
Топта алған тәжірибенің күнделікті өмірмен байланысы: Бұл байланыс
талқылаулармен, пікірталастар ұйымдастырумен, қызықты аңыз әңгімелер
енгізумен, жетекші ұсынатын қысқа әңгімелермен қамтамасыз етіледі.
Топ жетекшілерінің айырықша ұстанымы: Жетекшілер топты
бағыттайды, бірақ оның қатысушыларына кедергі жасамайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің (ҰОІӘ) типтік құрылымы
ҰОІӘ негізгі бөлігіндегі жұмыстарға одан әрі ынталандыратын және көңіл-
күйді қуанышқа бөлейтін, қысқа эмоциялық ойын-тапсырмаларға толы
жаттығулармен басталады. Мысалы:
«Шапшаң қимыл». Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады, қарама-қарсы
тұрғандар көзқарастарымен кездеседі және бір-бірімен орын алмастыруға
«келіседі».
«Сәйкес келу». Қатысушылар жұптарға бөлінеді және бұйрық бойынша
қолының саусақ сандарын ерікті түрде шошайтады. Саусақ сандары сәйкес
келген қатысушы жұп қатты қуанады: қол ұстасып, секіреді және «Алақай!»
деп айқай салады. Осылайша төртеуден, сегізден барлық топ біріккенше және
бір сәтте саусақ саны бірдей болғанша қайталайды.
«Өз орныңды тап». Барлық қатысушылардың көздері байланып, көп алыс
емес әр тұсқа бытырайды. Бойымен бір қатарға сап түзеу ұсынылады.
ҰОІӘ негізгі бөлігі топың біріккен күш жігері мен нәтижелерді және
қатысушылардың жағдайын талдауды талап ететін ұзақтау бірнеше
тапсырмалардан
тұрады.
Топтық
өзара
әрекеттерді
ұйымдастыру
қиындықтарды жеңуге және туындаған даулы жағдаяттарды шешуге
бағытталады. Бұл сенімді қарым-қатынасты бекіту, мінез-құлықтың неғұрлым
тиімді нұсқаларын қалыптастыруға және өз тілегінің орындалуына деген
жауапкершілігі негізінде болады. Талқылау кезінде ішкі және психологиялық
15
қиындықтарды жеңу тақырыбына басымдық беріледі. Бірнеше мысалдар
келтіруге болады.
«Байланыс». Қатысушылар «кеменің апатынан» кейін шағын «салда»
сиысуы қажет. Салдың кеңістігі барлық топ мүшелерінің еркін тұруына
мүмкіндік бермейді, сондықтан тығыз байланыс және топтық шешім қажет.
«Шырмауық». Қатысушылар басында шеңбер бойында оң қолымен
өзімен қатар тұрмайтын серіктесінің оң қолынан, соңынан сол қолымен −
көрші емес басқа серіктесінен ұстайды. Міндет − пайда болған шырмауықты
қолын жіберместен шешу және шеңберге тұру.
«Электр сымы». Еденнен шамамен бір метр қашықтықта мықты жіп
керіледі. Барлық топ жіптің біржағына тұрады. Міндет −барлық қатысушылар
жіптің үсті арқылы, «электр тогы жүріп тұрғандай» денесіне тигізбей екінші
жағына шығуы қажет. Егерде ең болмағанда бір қатысушы (кез келген сәтте −
өтерде немесе өткен соң) жіпке тиіп кетсе, барлық топ бастапқы кезеңге келіп,
қайтадан басынан бастайды. Қатысушыларға қауіпсіздік және сақтану
ережелері түсіндіріледі (бір-бірінің иығына қалай дұрыс тұруға болатындығы
және т.б. көрсетіледі). Жүргізуші бұл ережелердің мұқият орындалуын
қадағалайды.
ҰОІӘ қорытынды кезеңі тағыда топтың біртұтастығын сезінуге және тізе
қосып топтасуына бағытталған, тапсырмалар мен қысқа эмоцияға толы
ойындарды қамтиды. Мысалы:
«Алғыс». Қатысушылар кездейсоқ ретпен қозғалады, жұптасып кездеседі,
бір-бірінің көзіне қарайды және қандай да бір тілек, ықылас немесе алғыс
айтады.
«Құрт». Қатысушылар алдында тұрғандардың белінен ұстап және артында
тұрғандардың тізесіне жеңіл отырып, бір-бірінің артынан тұрады. Пайда
болған «құрт» белгілі бір қашықтықты жүріп өтуі қажет.
«Логикалар әлемі» зияткерлік үйірмесі мынадай міндеттерді шешеді:
1. Балаларды заттар туралы, олардың байланысы және қатынасы, ол
заттардың қасиеттері туралы білімдерін анықтауға үйрету; қоршаған әлемнің
әрекеттері мен құбылыстарының арасындағы себеп-салдар қатынасын, тірі
табиғат пен өлі табиғаттың, адам мен табиғаттың байланысын, олардың екі
жақты маңызын, табиғаттағы адамның ролін көре білуге үйретеді. Шартты
белгілерді тануды, дайын үлгілерді пайдалануды үйретеді.
2. В. В. Воскобовичтің «Ойынның ертегі лабиринттері» технологиясын
қолдану арқылы шығармашылық белсенділікті және ойлану икемділігін
дамытуға болады:
• математикалық қабілеттер мен бейімділікті дамыту;
• көру-моторлық үйлестіруді және ұсақ моторикасын дамыту;
• тұлғалық қасиеттерді, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын
дамыту;
• мектепке даярлық.
16
Үйірмеге даярлық топтарындағы математикаға бейімділігі бар және ақыл
ой қабілеттері жоғары дамыған дарынды балалар қатысады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы дарынды балалармен жұмыстарға
психологиялық-педагогикалық қолдау жасау үдерісін басқару үлгісі мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың кезек күттірмейтін міндеттерін шешуде,
сондай-ақ, педагогтардың өзін-өзі кәсіби жетілдіру бойынша белсенді
әрекеттерге ынталандыру тұрғысынан да тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар,
мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен жұмысында оңтайлы өзгерістер,
педагогтардың өз жұмысының сапасына жауапкершілігінің артуы байқалады.
Дарынды балалармен жеке жұмыс бағдарламасының үлгісі
Тақырып,
негізгі
бағдарлама,
тарау
Оқылған
тақырыпқа
сай
сұрақтар,
тапсырма-
лар
Осы
сұрақтар
туралы
әдебиет-
тер
Бала өз
бетімен
меңгере
алатын
сұрақтар
Қайдан табуға
болатын қайнар
көздері көрсетілген,
болашақта оқылатын
тақырыптар
Әңгімелесу
жоспарлары
(ҰОІӘ)
Дарынды балалардың жеке даму картасының үлгісі
Баланың
психология-
лық
мінездемесі
Әртүрлі
деңгейдегі
тапсырма-
ларды
орындауы
Баланың
шығарма
шылық
қабілетте
рін
зерттеу
картасы
Ұйымдасты
рылған оқу
іс-
әрекеттеріне
қатысуы
Педагогтар мен
психологтарға
ұсыныстар
Дарынды
балалардың
ата-аналарына
ұсыныстар
Әрбір бала қолайлы жағдайлар болғанда тиімді дами алатын және өз
дамуында үлкен биіктерді алуға мүмкіндік беретін туғаннан орасан зор
әлеуетке ие болатындығы дәлелденген.
17
ҚОРЫТЫНДЫ
Дарындылық ғасырлар бойы әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеден өз
алдына бөлек дербес қарастырылып келді. Білім беру жүйесінде дарынды
балалармен жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі болмады. Қазіргі кезеңде
дарынды балаларды ертерек анықтау мен дамытуға ерекше назар аударылуда.
Зияткерлік және шығармашылық дарындылық дарындылықтың негізгі
түрлері ретінде қарастырыла бастады. Дарынды балаларға оза даму тән.
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар мәселелерін анықтау олардың
құрдастары, ересектер мен ата-аналарымен байланыс жасау арқылы жүзеге
асады. Бағдарламада бірқатар ғалым-педагогтардың зерттеулері келтірілген.
Дарынды балалар санынан орташа даму деңгейіндегі балалар саны басым
болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр. Яғни дарынды балалар саны өте аз.
Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалалардың дамуына
көмек жасау және қолдау қажет. Бұл дарынды балалармен жұмыс
бағдарламасын мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары
педагогтарының жұмысына қолдануға болады.
18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бағдарламаның нормативтік-құқықтық базасы:
1. БҰҰ бас Ассамблеясы 1948 ж.10 желтоқсанда қабылдаған «Адам
құқығы Декларациясының» негізгі ережелері;
2. БҰҰ бас Ассамблеясы 1989 ж.20 қарашада қабылдаған «Бала құқығы
Конвенциясының» негізгі ережелері;
3. Қазақстан Республикасындағы «Бала құқығы туралы» Заңы 2002 ж.
4. ҚР «Білім туралы» Заңы (2007 ж. және 24.10.2011ж.13.01.2015ж.
өзгертулерімен және қосымшаларымен);
5. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы, 7.12.2010;
6. «Балапан» бағдарламасы 2010 - 2020жж. 28.05.2010ж. (20.12.2013ж)
№1377
7. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 ж. №1080
8. Е.С.Белова Одаренность малыша : раскрыть, понять, поддержать/
М.: Академия, 1998.-251 б.
9. Д.Б. Богоявленская Рабочая концепция одаренности/Педагогика,1998.-
257б.
10.
Л.И.Божович Избранные психологические труды. Проблемы
формирования личности, 1995.- 212 б.
11. Большая Советская энциклопедия / А.М.Прохорова-М.: 1974 - 634б.
12. Л.С.Выготский Воображение и творчество в детском возрасте/ СОЮЗ,
1997.-96 с.
13. А.И.Доровской Сто советов пот развитию одоренности детей.
Родителям, воспитателям, учителям/ 1997. - 312 б.
13. Қазақстан Республикасында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
жалпы білім беретін Типтік бағдарламасы
19
ҚОСЫМШАЛАР
Дарынды балалардың ата-аналарына бірнеше кеңес
- Балаға ойлануға және рефлексияға уақыт беріңіз.
- Заманауи ақпараттардан хабардар болу үшін дарындылық бойынша
мамандармен және дарынды балалардың ата-аналарымен жиі хабарласып
тұрыңыз.
- Барлық сала бойынша бала қабілеттерін дамытуға тырысыңыз. Мысалы,
зияткер дарынды баланың шығармашылығын, икемділігін, дене және көркем
қабілеттерін дамытуға бағытталған шаралар өте пайдалы.
- Балаларды бір-бірімен салыстырудан аулақ болыңыз.
- Балаға қателесуден қорықпай шешімін табуға мүмкіндік беріңіз.
Қателіктен қорытынды шығаруға және ең алдымен өзінің тың ойларын
бағалауға көмектесіңіз.
- Жақсы ұйымдастырылған жұмыстарды және уақытты ұтымды
пайдалануды ынталандырыңыз.
- Бастамашылдықты ынталандырыңыз. Сіздің балаңыз өзінде бар
материалдардан өз ойыншықтарын , ойындарын, үлгілерін жасасын.
- Сұрақтар беруге бейімдеңіз. Өз сұрақтарына жауап алу үшін балаңызға
кітаптар немесе басқа да ақпарат көздерін табуға көмектесіңіз.
- Балаңызға өмірлік тәжірибелерді көбірек алуға мүмкіндік беріңіз. Ең
алуан
салалар
бойынша
қызығушылықтары
мен
алған
әсерлерін
ынталандырыңыз.
- Бала үнемі және барлық салада өз дарындылығын танытады (қажет) деп
күтпеңіз.
- Баланы түзетіп отырыңыз, сақ болғайсыз. Артық сынау шығармашылық
қуатын және өзін қадірлеу сезімдерін аяқ асты етуі мүмкін.
- Барлық отбасымен қарым-қатынас жасауға уақыт табыңыз. Балаға өз
ойын білдіруге көмектесіңіз.
- Дарынды балалар болған оқиғалар мен құбылыстарды тым терең
қабылдайды, көбірек ұғады және түсінеді. Айналасындағылардың тәртіп
үлгілері, қимылдары, интонациясы олардың назарынан тыс қалмайды.
Сондықтанда, олардың жаны тез жараланады және сезімтал келеді. Үнемі
барлығын тікелей өзіне қабылдайды. Айтылған барлық комментариилер мен
ескертулердің балаға қатысы жоқтығын түсінуге балаға көмектесіңіз. Адамдар
кейде ренжіткісі келмеседе, ойланбай сөйлейді және әрекет етеді.
- Өз балаңыздың бағалауына мұқият болыңыз.Балаңыздың талантына
шамадан тыс таңқалудың қажеті шамалы, өйткені балаңыз өз қабілетін ең
маңызды, сондықтан оны жақсы көреді және бағалайды деп ойлап қалуы
мүмкін.
- Баланың дамуы мен өзіндегі және басқа адамдардағы қасиеттерді бағалай
білу біліктілігіне: жанының жомарттығына, жауапкершілігіне, адалдығына,
қайырымдылығына ата - ана жауапкершілігі болатынын еске сақтаңыз.
20
Біздің балаларымыз − бұл біздің ақылымыздың және әрекеттеріміздің,
ойымыздың және сезімдеріміздің айнасы іспеттес.
- Өз қызығушылығыңызды және орындалмаған өз армандарыңызды
балаңызға таңуға тырыспаңыз. Әр адамның өз несібесі, өзіндік өмір жолы
бар.Сіздің міндетіңіз − осы жолды табуға көмектесу немесе кедергі жасамай,
арқасынан итермей, қиын сәттерде қолдау жасау үшін жай ғана қасында
болу.Бала дана, себебі өзіне не қажет екенін біледі.
- Кешегі күнмен, өткен апта, аймен салыстырғанда бүгінгі тамаша
табысын , жеткен жетістіктерін қайталаудан жалықпаңыз, мақтау жасаңыз. Ол
сізге сенеді, өзіне сенеді және сіздің сеніміңізді ақтайды.
21
Дарындылықты анықтау сауалнамасы
№ 1сауалнама
Арнайы қабілеттердің көрінуі (А.И. Савенков бойынша).
А.И.Савенков балалар дарындылығын анықтауда мына тұлғалық
қасиеттер мен мінездемелерді қарастыруды ұсынады(сұрақтарға «ия»,
«жоқ» деп жауап береді):
1. Көркем-бейнелеу саласындағы дарындылық:
-
суреттерде
ұқсастық
болмайды.
Мазмұн
таңдауда
бала
қайталамайды.Суреттерінде әртүрлі заттар, адамдар және жағдаяттар көп;
- жақсы суреттерді көргенде, жақсы музыканы естігенде, тамаша
орындалған мүсіндер мен заттарды көргенде өте салмақты және ойланып
қалады;
- суреттерден, тастардан, маркалардан, ашық хаттардан, гүлдерден
қайталанбас композиция құрастыруға қабілетті;
- жаңа материалдарды ойыншықтар, коллаж, суреттер, ойын алаңындағы
балалар үйінің құрылысына пайдаланғанды жақсы көреді;
- ынтасымен сурет салады, мүсіндейді, көркемдік мақсатта (үйді, киімді
безендіру үшін) композиция құрады;
- өз сеімі мен көңіл- күйін білдіру үшін сурет салады немесе мүсіндеуге
отырады;
- көлемді бейнелер құруды, сазбен, ермексазбен, қағазбен және желіммен
жұмыс жасағанды жақсы көреді;
- өнер шығармаларына өз бағасын бере алады, өз суретінде немесе өзі
құрастырған ойыншықта, мүсінде ұнағанын жасауға тырысады.
2. Музыкалық дарындылық саласында:
- музыкалық әрекеттерге, ән айтуға жоғары қызығушылық танытады;
- музыканың сипатына және көңіл-күйіне өте сезімтал;
- әнді жақсы айтады;
- аспапта ойнауға, әнге немесе биге барынша сезімдері мен күш - жігерін
салады;
- музыкалық жазбаларды жақсы көреді;
- концертке немесе музыка тыңдауға болатын жерлерге баруға тырысады;
- қандай да бір аспапта жақсы ойнайды;
- ән айтқанда және музыка ойнағанда өз сезімі мен көңіл-күйін бейнелеуге
тырысады;
- өзінің қайталанбас әуенін құрастырады.
3. Әбеби дарындылық саласында:
- әңгімелер мен өлеңдер жазады;
- мазмұны шиеленісіп басталған және қандай да бір жанжал шешімін
тапқанға дейінгі мазмұны бар әңгімені жеңіл құрастырады;
- негізгі ойды жоғатпай, таңдаған мазмұнды сақтай отырып әңгімелей
алады;
22
- оқиға туралы әңгімелегенде қажетті бөлшектерді ғана ұстануға
тырысады; Ең маңыздыларын қалдырады;
- өз әңгімелерінде оқиғаны ұғынуға қажетті ең маңызды бөлшектерін
таңдап алады (ол әдетте құрдастарының қолынан келмейді), және сонымен
қатар әңгімелеп отырған оқиғаның негізгі шебін назарда ұстайды;
- қиялдауға шебер, барлығына таныс және белгілі оқиғаларды айтқанда
жаңадан, ерекше нәрселерді қосуға тырысады;
- өз кейіпкерлерін сипаттағанда тірілтіп, мінезін, сезімін, көңіл - күйін
жеткізе біледі.
4. Әртістік дарындылық саласында:
- қандай да бір кейіпкер: адамның, жануардың және басқалардың бейнесіне
жеңіл енеді;
- актерлік ойындарға қызығады;
- басқа адамдарды ойнағанда, дауысын және ырғағын өзгертеді;
- драмалық сахналауды ойнай отырып, жанжалдарды түсінеді және
бейнелей алады;
- қимылдармен, ыммен, ишарамен сезімдерді бере білуге бейім;
- бар ынтасымен әңгімелегенде басқа адамдардың эмоциясын тудыруға
тырысады;
- сезімдер мен эмоциялық аяушылықты бере біледі, үлкен жеңілдікпен
драмалайды;
- драмалық ойындарды сүйеді.
5. Техникалық дарындылық саласында:
- механизмдер мен машиналарға қызығады;
- шамалы бүлінген құралдарды жөндей алады, жаңа жабдық, машина,
механизмдер құрастырғанда ескі бөлшектерді қолданады;
- механизмдерді бөлшектегенді жақсы көреді, жұмбақ сынықтарды және
«ізденіс» сұрақтарын жақсы көреді;
- сызбалар мен механизм сұлбаларын сызуды, түсінгеді жақсы көреді;
- жаңа жабдықтар, машина, механизм құрастыру туралы мақалалар мен
журналдар оқығанды (өзіне оқып бергенді сүйеді) ұнатады;
- пайдалы оқиғаларды, құрастыруларды талқылағанды сүйеді, ол туралы
көп ойланады;
- құрастыру және өз «жобаларын» (ұшу аппараттары, автомобиль, кеме
үлгілері) жүзеге асыруға көп уақыт жұмсайды;
- компьютерді шапшаң және жеңіл меңгереді.
6. Көшбасшылық дарындылық саласында:
- құрдастарымен қарам-қатынаста бастамашы;
- бөтен адамдар арасында өзіне сенімді;
- балалармен және ересектермен жеңіл тілдесе алады;
- басқа адамдардың мінез-құлқы мен ниеттерінің себептерін ұғады.
Айтылмаған ойларды түсінеді;
- басқа балалардың әректтерін және ойындарын жиі басқарады;
- өз жасына сәйкес келмейтін, жауапкершіліктерді мойнына алуға бейім;
23
- ойындар мен әрекеттер кезінде басқа балалар онымен серіктес болуды
қалайды;
- өз ойын басқаларға мойындатуға қабілетті, сендіре алады.
7. Зияткерлік дарындылық саласында (А.да Хаан және Г. Каф
бойынша):
- жақсы пікір айтады, анық ойлайды,айтылмағанды түсінеді, басқа адамдар
әрекеттерінің себептері мен салдарын ұғады;
- есте жақсы сақтайды;
- жаңа «оқу» материалын жеңіл және шапшаң түсінеді;
- ойластырылған және ақталған жағдаяттар бойынша өте көп сұрақтар
қояды;
- өзінің жеке «бағдарламасы» бойынша кітаптар оқығанды жақсы көреді;
- «озат» болу міндетті болмаса да өз құрдастарынан озады, ресми
әрекеттерден жалығып кетеді;
- өзіне қатысы жоқ оқиғалар мен мәселелер (әлемдік саясат, экономика,
ғылым және т.б. туралы) туралы құрбыларына қарағанда көбірек біледі;
- өз қадірі туралы және салауатты ойлау сезімдеріне ие, есепке мығым;
- өте сезімтал, байқағыш, шапшаң бірақ оған өмірдің кездейсоқ және
барлық жаңа жағдайларын өткір қабылдау міндетті емес.
Достарыңызбен бөлісу: |